Кеңес милициясының қалыптасуы!

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2013 в 18:31, реферат

Краткое описание

Милиция (лат. mіlіtіa – жасақ) – КСРО кезеңінде қызмет атқарған қоғамдық тәртіпті, меншікті, азаматтардың, ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердіңқұқықтары мен заңды мүдделерін қылмыстан және өзге де құқықбұзушылықтан қорғайтын әкімші-атқарушы мемлекеттік орган.

Прикрепленные файлы: 1 файл

кеңес миллициясы.docx

— 28.90 Кб (Скачать документ)

     Кеңес милициясының қалыптасуы!

 

    Милиция (лат. mіlіtіa – жасақ) – КСРО кезеңінде қызмет атқарған қоғамдық тәртіпті, меншікті, азаматтардың, ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердіңқұқықтары мен заңды мүдделерін қылмыстан және өзге де құқықбұзушылықтан қорғайтын әкімші-атқарушы мемлекеттік орган. Қылмыстың алдын алу шараларын жүргізу, алдын ала тергеу, анықтама, жедел іздестіру міндеттерін атқарды. Милиция алғаш рет 1917 жылы 28 қазанда жергілікті кеңестер қарамағында құрылып, 1931 жылы Ішкі істер халық комиссариатының (1946 жылдан министрлік) қол астына өтті. КСРО тарағаннан кейін кейбір елдерде (Ресей, Беларусь, т.б.) Милиция атауы өзгеріссіз қалды. Қазақстандағы құқықтық реформалардан кейін бұл органның атауы полиция болып өзгертілді.  

    Кеңес халық милициясы — 1917 ж. желтоқсанның 5-13 күндері Орынборда өткен 2-жалпықазақ съезінің шешіміне сәйкес құрылған  қарулы жасақтары. Съездің күн тәртібіндегі 10 мәселенің төртіншісі “милиция туралы” болды. Осы мәселе бойынша Алаш қозғалысының белгілі өкілі  жасады. Негізінен атты әскер түрінде жасақталатын халықтық милиция қатарына әскери қызметті атқаруға жарамды 20 мен 35 жастың арасындағы ер азаматтар алынатын болды. Бөкей, Орал, Торғай, Ақмола, Семей  және  Жетісу облыстарындағы милиция қызметкерлерінің жалпы саны 13500 болсын делініп, әр облыс бойынша әскер қатарына шақырылғандар саны мына мөлшерде белгіленді:

  • Бөкейде — 1000
  • Оралда — 2000
  • Торғайда — 3000
  • Ақмолада — 4000
  • Семейде — 1500

     Милиционерлерді әскери тәртіп пен өнерге үйрету үшін офицерлер мен нұсқаушыларды: 100 милиционерге 1офицер, 50 милиционерге бір нұсқаушы шақырылатын болды. Қазақ офицерлерін даярлау үшін Орынбор қазақ әскерінің тәжірибесі мен көмегін пайдалану қажеттігі съезд шешімдерінде баса көрсетілді.

      Алаш әскерін құру идеясы 1917 жылғы І-ші жалпы қазақ съезінде көтерілген, бірақ ондағы «...анархия  болу  қаупі  бар,  сол себепті осы күнгі  әскер  орнына  халық  милициясы құрылсын» деген сөздер сол күйінде қалды. Одан кейінгі ІІ-ші жалпы қазақ  съезінде «мемлекет  халі  тайғақ  кешуде,  тар  жолға  душар  болып  тұрғанда жан-жақты  қоршаған  қалың  бәледен  сақтану  үшін  халық  әскерін  жасау  керектігі қайта жаңғырып, милиция құрудың мақсаты анықталды, қазақ  милициясын құру  жоспары жасалып, бекітілді» [1].

Алаш немесе Алашорда әскері бастапқыда «халық милициясы», «халық әскері», «алаш әскері», «қазақ полкі» сияқты әртүрлі атаулармен аталды. Бастапқы қолданыстағы «милиция» сөзінің  астарында елдің тыныштығы мен  қауіпсіздігін қорғайтын әскер  ұғымы жатқаны анық. Сондықтан, Алаш әскерінің іс-қимылдарын 1917-1919 жылдар аралығында жарияланған материалдар мен солардың негізінде жазылған зерттеулер бойынша талдап көрелік.

    Алаш әскерін құру  үшін  алдымен  милицияға  алынатын  адам  шығынын  анықтау,  оларды  қару-жарақ,  ат-көлікпен  қамтамасыз  ету,  әскери  мамандар (офицерлер мен инструкторлар)  даярлау  жұмысын  айқындап, оған қажетті қаражатты 6  облыстың  қазақтары  есебінен  жинайтын  болды.

   1918 жылдың  8 маусымында Ә.Бөкейхановтың  басшылығымен өткен Кеңес қаулысында көрсетілгендей, біріншіден, милиция керек; екіншіден милиция атты болады; үшіншіден милицияға  жігіт беру  міндетті  емес,  ұлт  үшін  тіленіп жазылғандар  кім болса  міндетті  қылып  алу  Алашордада болсын; төртіншіден милицияға  керек  ат,  ақша  жұрттан  салықпен  алынсын,  байдан  байша,  кедейден  кедейше; бесіншіден қанша  ат,  қанша ақша  жинау  еркі  Облыстық  Комитетке берілетін болды» [17]. 

Ең алдымен «...милицияға  бөлінетін  адамдар  мен қаржы  дайын болғанша,  офицер, инструкторларды  дайындау керек-тін. Екіншіден милицияға қажет қару - жарақ атты казактардан  сұралды... үшіншіден  соңғы кезде  юго-восточный  союз  деп  мойын созғанша,  Орал, Орынбор, Сібір, Жетісу атты казактары Алашордасына  қараған  қырғыз-қазақтармен  бірігіп, дербес Шығыс Одағын (Восточный  Союз)  жасау  қолайлы» делінді. Бұл ұсынысты Орынбор  атты  казактары да қолдады. Сонда Алаш  автономиясына  қараған жердің аламайы дөңгеленіп, қазіргісінен гөрі ыңғайлырақ  болады және Күнбатыс, Солтүстік, Шығыс – үш жағымыздан атты казактар бізге қорғаныш болмақ»

        1918 жыл. Қазан айының 5-інде ІІХК қылмысты іздестіру бөлімін құру жөніндегі арнайы

Ережесі жарық көрді.

1919 жыл. Қаңтар айының 22-сі күні Орынбор қаласында  Кеңес милициясы құрылды.

Орынборда құрылған Кеңес  милициясының жасақтары алғашқы  күннен бастап қызу іске

кірісті.

1919 жыл. Қыркүйекте Қазақ  Ревкомының жанынан ішкі істер  бөлімі құрылып,

қызметке кірісті.

1920 жыл. Тамыз айында  Қазақ АССР-інің милиция Бас  басқармасы құрылды.

1921 жыл. 6 маусымда Гурьев  уездік милиция қызметкерлерінің 1-ші сьезі болып өтті.

Съезде ІІО қызметіне  байланысты көптеген түйінді мәселелер  қаралды. Кеңестік милиция

қызметін нығайтудың алдағы бағыттары белгіленді.

1921 жыл. Милиция кадрларын  даярлайтын мектептер Семейде,  Ақмолада, Қостанайда

қызмет жасады.

1922 жыл. Милиция қызметінің  ауқымы өсе түсті. Әртүрлі салалық  милиция бөлімдері

қалыптасып, құрыла бастады.

1923 жыл. Милиция қызметкерлерінің  білімін көтеру мәселесіне Қазақстанда  ерекше

көңіл бөлінді. Милиция кадрларының  орта командалық кұрамын дайындайтын  арнайы

мектеп іске кірісті.

1924 жыл. 6 ақпанда Халық  Комиссарларының Кеңесі салалық  милиция құру жөнінде

арнайы қаулы қабылдады. Салалық милиция қызметкерлері  тек қана қарулы күзетпен

айналысып қойған жоқ, олар сол маңдағы қоғамдық тәртіптің  сақталуын, мемлекет

ішіндегі қауіпсіздікті  де қамтамасыз етті.

1925 жыл. Уақыт талабына  сәйкес салалық қылмысты іздестіру  бөлімдері қалыптаса

бастады. Бұл қызметтің  басты мақсаты — мемлекет мекемелеріндегі  ұрлықтың алдын алу,

қылмысты ашу, мемлекет мүлкіне  қол сұғушыларға тыйым салу, лауазымды

бастықтардың қызмет бабын  пайдаланып, заң бұзуларына жол бермеу.

1927 жыл. ІІХК шешіміне  сәйкес орталық әкімшілік басқарма  жойы жойылып, милиция және қылмысты іздестіру бөлімдері өз алдына дербес мекеме болды.

      Қазақстан милициясының тарихына келсек, оның құрылуы, дамуы Ұлы Октябрь революциясының жеңіске жетуімен тікелей байланысты. Бұл жеңістің арқасында социолистік қоғам ережесі мен жаңа қоғамдық тәртіп, құқық нормаларын реттейтін қоғамдық жүйе қалыптасты.

1917 жылдың 28 қазанында Кеңес үкіметінің  өкілеттігімен Ішкі істер халық  комиссариаты «Жұмысшы милиция  туралы» Қаулы шығарды. Онда:

1. Жұмысшы милициясын барлық  жұмысшылар мен сарбаздар депутаттарының  Кеңесі бекітеді.

2. Жұмысшы милициясы толықтай  және тек жұмысшылар мен сарбаздар  депутаттарының құзырында болады.

3. Әскери және азаматтық биліктер  жұмысшы милициясына жеке пайдаланудағы  қаруларын беруге шейін қаруландыруда  көмектесуге жіне оны техникалық  құралдармен қамтамасыз етуге  міндетті.

4. Осы заң күшіне телеграф  бойынша енетіні айтылды.

Бұл қаулы Кеңес милициясының ұйымдастыру  және заңдастырудың алғашқы актісі болып табылады.

Қазақстанда милиция аппаратын  құру процесі РСФСР-ге қарағанда  кешеуілдеу жүрді. Оның себебі, Қазақстанда  қазақтар тұратын аумақтар толық  бір ортаға бағынатын үкіметтің  аппараттың болмауына байланысты болды.

1920 жылы ҚазАССР-ның құрылуына  байланысты, ішкі істер халық  комиссариаты құрылды.

Әулиеата уездік-қалалық милиция  бөлімі өзінің бастауын 1918 жылдың наурыз айынан бастайды. Әулиеата уезіндегі  милиция органдары Түркістан  Республикасының халық депутаттары  Кеңесінің Комиссариатына бағынды.

1928 жылы Әулиеата уезі Әулиеата  ауданына ауыстырылып, Оңтүстік  Қазақстан облысына бағынды. 1939 жылы  ССР Жоғары кеңесі Президиумының  Жарлығымен Жамбыл облысы құрылды.  Осыған байланысты ССР НКВД  Жарлығымен Жамбыл облыстық Ішкі  істер басқармасы жарияланды.

      Әулиеата уездік-қалалық милиция бөлімдері бастапқы кезде бес милициялық бөлімшелерден тұрды:

1. Қалалық милиция, орталығы - Әулиеата  қаласы.

2. Меркелік милиция бөлімі, орталығы – Мерке селосы.

3. Шу аудандық милиция бөлімшесі, орталығы – Гуляевка селосы (кейінгі Новотроици).

4. Таулы (Горный) аудандық милиция бөлімшесі, орталығы – Дмитриевка селосы (бүгінде бұл аудан Қырғызстан Республикасына өткен, қазіргі Талас облысы).

5. Асса аудандық милиция бөлімшесі, орталығы – Асса селосы.

Әулиеата уездік милиция бөлімдерін құрылғаннан бастап, негізгі кадрлары (жасақтары) жергілікті жұмысшылар, шаруалар, солдаттар тұрған.

Архивтік деректер бойынша, 1920-21 жылдары Әулиеата уездік-қалалық милиция бастығы болып Әбубәкіров тағайындалған. Ол кісі жайында толық мәлімет жоқ.

    1921-1922 жылдары милиция бастығы болып Қарымбай Қошмамбетов тағайындалды. Ол кісі 1916 жылы Россияға қарсы болған ұлт-азаттық көтеріліске қатысқан. Республика шеңберінде басшылық қызмет атқарды. Қоғам қайраткері. Қазіргі таңда Абай көшесі, орталық стадионның алаңнда ол кісіге арнап бюст қойылған.

Әулиеата уездік милиция қызметіне еңбегі сіңген деп Дәуіт Әбдуәлиевті айтуға болады. Дүнген халқынан шыққан қоғам қайраткері Әулиеата уезінде Кеңес үкіметін орнатуға белсене қатысқан. Ол 1920-21 жылы Меркі аудандық милиция бөлімшесін басқарды. Әулиеата уездік-қалалық милиция басқармасының бастығы болды. Республика шеңберінде басшылқ қызмет атқарған. 1937 жылы Сталиндік репрессияның құрбанына айналды. 1962 жылы толық ақталып шықты. Дунгановка селосының құрметті азаматы, сол селода бір көшенің аты берілген.

Әулиеата уездік милицияның құрылуына және оның жан-жақты жетілуіне еңбек сіңірген азаматтың бірі – Мақсұт Жылысбаев. Бұл кісі бастапқы кезде ВІК-ны басқарған, кейін Әулиеата уездік-қалалық милиция бастығы болып, республика көлемінде басшылық қызмет атқарған. Қоғам қайраткері 1937 жылы Сталиндік репрессияның құрбаны болды. Уақыт өте толық ақталған. Тараз қаласында бір көше осы кісінің есімімен аталады.

Кененбай Бармақов Әулиеата уездік милиция құрылғаннан бастап, қарапайым қызметкерден басшылық қызметке дейін көтерілген. Республика және Қырғызстан Республикасы шеңберінде басшылық қызмет атқарған. Қоғам қайраткері. Ол кісі де 1937 жылы Сталиндік репрессияға ұшырады. 1960 жылы толық ақталып, туған жері Шу ауданы, Төле би ауылында бір көшенің аты берілген.

Жамбыл милициясының нығаюы республика көлемінде өзіндік ерекше орын алуы Жамбыл облысының құрлуымен байланысты. Облыстық милицияны басқаруға, оның кәсіби мамандығын жетілдіруге орталықтан беделді басшылар келді. Олардың ішінде айтарлықтай орын алған милиция комиссарлары Т.Өтегенов пен Н.Лунев, милиция генералы Қ.Қалменов және т.б.

     Ұлы Отан соғысы аяқталған соң, милиция қатарына соғыста болған жауынгерлер көптеп келді. Солардың ішінде жай қатардағы қызметкерлерден Облыс ішкі істер бастығы деңгейіне Ф.Қыпшақбаев пен милиция генералы Т.Дүйсебаевты атап өткен жөн.

Соғыс ардагерлері: милиция полковниктері - Н.Егербердиев, Б.Дүйсембаев, Н.Латинов, П.Вербицский, милиция подполковниктері - А.Тұмабеков, Р.Жақашев, Ш.Пазылбаев, Т.Сәрсембеков және тағы басқалар өзінің қажырлы еңбегімен тәртіп қорғау саласында үлкен табысқа жетіп, Отан және халық алдында еңбектері бағаланды.

Ш.Пазылбеков Жамбыл қаласының құрметті азаматы, Р.Жақашев ІІМ құрметті қызметкері. Біздің жерлестеріміз: Б.Омаров, С.Юсупов, Е.Демесинов, В.Шумов өздерінің қажырлы, адал еңбектерімен үлкен лауазымды шенге дейін көтерілді.

Милиция генералы Б.Омаров қатардағы  милиция қызметкерінен Қазақстан  Ішкі істер министрлігінің бірінші орынбасарына дейін көтерілді. Милиция генералы С.Юсупов болса, Қазақстан Ішкі істер министрінің орынбасары болып қызмет етті. Милиция генералы Е.Демесинов жай қатардағы инспектордан Облыстық ішкі істер басқармасының бастығына дейін көтерілді. Милиция генерал-лейтенанты В.Шумов өзінің қажырлы, адал ебектерінің арқасында жай өрт сөндіру инспекторынан Қазақстан Ішкі істер министріне дейін шенін көтерді. Бұлардан басқа да қатардағы Ішкі істер органында адал қызмет етіп, үлкен табысқа, атаққа жеткен азаматтарды атаған жөн.

Милиция майоры Қ.Түрегелдиев 30 жылдан астам «Қылмысты іздестіру» қызметінде жұмыс істеді. Адал, қажырлы, батыл еңбегі үшін «Ленин орденімен» марапатталды, «Ең үздік қылмысты іздестіру қызметкері» атақ берілді.

      Милиция полковнигі Н.Қарасартов өзінің адал, қажырлы еңбегі үшін «ССР ІІМ-не еңбегі сіңген» деген атаққа ие болды. Милиция подполковнигі Л.Хашев 30 жылдан астам учаскелік инспектор болып қызмет атқарды. Адал еңбегі арқасында Қазақстан ІІО-ның «Ең үздік учаскелік инспекторы» деген атақты иемденді. Сонымен қатар, ІІМ Құрмет кітабына енгізілді.

Милиция полковнигі А.Өтегенов жөнінде ерекше айтқан жөн. Бұл кісі 20 жылдан астам Облыстық ІІБ тергеу бөлімін басқарды. Тергеу жұмысын жандандырып, жас кадрларды жетілдіруге көп күш салды. Оның тәрбиесін алған көптеген қызметкерлер жұмыс бабында үлкен табысқа жетті. Бұл істе милиция полковниктері – С.Тұрысов, Б.Төлемісов, Н.Жігітенов, милиция подполковниктері – У.Ибрагимов, С.Жолдасов сынды азаматтардың еңбегі ерен.

 

 

    


Информация о работе Кеңес милициясының қалыптасуы!