Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2012 в 19:59, лабораторная работа
Құжаттар - мөлшері, пішіні, материалдардын түрлері, қорғау әдістері, мәтіні, қолтаңбасы, мөртаңбалары бойынша және бұрыштамалардың болуымен сипатталады.Кәсіпорындар мен мекемелер атынан берілетін көптеген ресми құжаттардың міндетті элементтері белгілі бір мемлекеттік стандарттарға және нұсқауларға сәйкес болуы керек. Ресми емес құжаттардың элементтері олардың қолдануына байланысты анықталады. Кейбір жағдайда қылмыстық процеске түсетін құжаттар, бір элемент - «мәтіннен» ғана тұрады.
Қолжазбаны орындаушының қозғалыс координациясының бұзылуы идентифи кациялауға кедергі келтірмейді,себебіиденти фикацияға қажетті белгілер сақталынады. Дегенімен кей жағдайларда (адамның жарақат алуы, психикалық-жұйке ауруына шалдығуы және т.б.) қолжазбаның түпкілікті өзгеріске үшырауы салдарынан идентификация жасауға мүмкіндік бермейді.
Әріп белгілерінің жүйелі түрде өзгеріп отыруы қолжазбаның әртүрлі вариантта орындалуын көрсетеді. Мысалы: ресми құжат толтырудағы қолжазу, күнделікті дәріс жазғандағы немесе басқа да жазулар. Жазу варианттылығын ескеру салыстырмалы зертгеуді дұрыс жұргізуде ерекше орын алады.
Салыстырмалы тұрақтылық белгісімен қатар қолжазбаны идентификациялау үшін өте маңызды белгілерінің біріне оның жекелігі жатады.
Қолжазу дағдысының қалыптасуына әртүрлі факторлар өз әсерін тигізеді.Бұл оның психикасы, анатомиялық құрылысы, физиологиясы, мектепте және үйде жазуды үйрету шарттары мен әдістемесінің әртүрлі болуы, кейінгі жағдайлар, әсіресе мамандығы, кәсібі. Қолжазудың кейіннен жекеленіп дағдылануына келесідей факторлар әсер етеді: қолжазу кезінде жұмыс істеу мен оку барысындағы қалыпты жағдайдың болуы, орындалатын құжаттардың сипатына және тағы басқа жағдайларға байланысты.
Сонымен, ғалым-қолжазбатанушылар өз зерттеулерінде қолжазбаға тән зандылыкгарды анықтады:
1.әрбір адамның қолжазбасы жекеленген;
2.ол салыстырмалы тұрақта;
3.әрбір қолжазбаның вариациялығы болады.
Бұл адамның қолжазуының қалыптасуындағы өзіндік, қайталанбайтын ерекше жеке белгілер жиынтығынан тұрады.
3. Қолжазба белгілерінің түсінігі
Әрбір адамның жазба тіл дағдысын сипаттайтын белгілер жиынтығын екі топқа бөлеміз:
1.жазба тілінің белгілері;
2.жазба белгілері.
Жазба тіл белгілері жазудың мағыналық жағын сипаттайтын тілдің бір түрі.
Ал, жазба белгілері жазба тілінің қозғалып сызылу жағынан қарастырады.
Жазба тілі - грамматикалық, лексикалық және стильдік жағынан сипаттайдьі. Егер де мәтін компьютер, жазу машинкасымен емес колмен орындалған болса, бұл белгілер қолжазба белгілерін толыктырады. Мәтін компьютер, жазу машинкасымен орындалса, оның авторы немесе орындаушысы анықталады. Грамматикалық белгілерге: сөздердің әріптік құрылым ерекшелігі, сөйлем құрастыру мен сөйлешбелгілерін қою жатады.
Лексикалық белгілер адамның тіл байлығындағы сөз қорына байланысты хаттар, конспетілер т.б. түрінде айыпкердің (сезіктінің) орындалуымен жүзеге асырылады. Олар қылмыстық іс қозғалғанға дейін пайда болады және қылмыстық іске ешқандай қатысы жоқ. Еркін үлгілерді тергеуші тергеу әрекеттерін жүргізу барысында (тінту, алу) немесе мекемелер мен жеке адамдардан алады. Бұл үлгілер әдеттегі жазумен орындалады және қасақана бұрмаланбайды. Қолжазбаның эксперименталды үлгілерінің еркін үлгілерден айырмашылығы – олар сараптама жүргізу үшін арнайы алынады.
Эксперименталды үлгілердің алынуының қажеттілігі әртүрлі себептерге байланысты болуы мүмкін. Мысалы: тергеуші зерттеуге қажетті көлемде еркін үлгілерді жинай алмауы. Кей жагдайларда қажетті еркін үлгілер саны жагынан жеткілікті, бірақ олар зерттелінетін объектіден өзгеше (зерттелінетін құжат мәтіні қарындашпен, ал ерікті үлгілер сиямен жазылған).
Эксперименталды үлгілерді алудың ерекшелігі – олар арнайы дайындалған жағдайларда алынады және жасандылық элементтерін жою үшін, кездейсоқ жағдайлардың әсерін жою үлгі алуда сан жағынан шек қойылмайды. Эксперименталды үлгілерді тергеушінің жеке өзі немесе маманның қатысуымен алады. Тергеуші қолжазбатану зерттеулері үшін үлгілер алу туралы қаулы мен қолхат ала отырып, сезіктіні, айыпталушыны, жәбірленушіні, куәні таныстырады, тергеу әрекетіне қатысушы өзге адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді. Қолжазбаның эксперименталдық үлгілерін жасау процесі кезінде зерттелінетін құжатты үлгі аланып отырған адамға көрсетуге не көшіруге беруге болмайды. Бұл зерттелінетін құжатқа ұқсастырып немесе керіснше, зерттелінетін құжаттың орындаушысы жазуын өзгертуіне әкелуі мүмкін. Ал бұл өз алдына қолжазбатану зерттеулерін қиындатады. Эксперименталды үлгілер мәжбүрлеу арқылы алынуы мүмкін. ҚІЖК-де сараптамалық зерттеу ушін үлгілер алудың хаттамасын дайындауы туралы көрсетілген. Улгілерді орындаушысына көрсетіп, оның өз қолымен жазғанын растайтын қолы қойылады. Сараптамаға жіберілетін зерттеу объектілері мен үлгілері тиісінше буып-түйіп, мөрмен бекітіліп, хаттамаға қоса тіркеледі.
Шартты-еркін үлгілер – қылмыстық іс қозғалып, оның пайда болғаннан кейінгі жазылған қолжазбалар. Көбінесе олар іспен байланысты (түсініктемелері, арыз, шағым т.б.), бірақ арнайы сараптама үшін орындалмаған. Бұл үлгілер ерекше түрдегі үлгілер болып есептелінеді. Өйткені оларды не ерікті, не эксперименталды үлгілер қатарына жатқыза алмаймыз.
Енді қолжазбаның еркін үлгілеріне қойылатын талаптар туралы айтып кетейік. Ерікті үлгілер ретінде алынатын мәтіндер мен қолжазбалардың белгілі сапалы қасиеттері болуы керек. Салыстырмалы материалдың сапасы жөнінде айтқанда, терең және жан-жақты зерттеу жүргізуге мүмкіндік беретін қасиеттері қарастырылады. Бұл үлгілердің зерттелетін құжатпен салыстыруға болатын жағдайда ғана мүмкін. Үлгілер зерттелетін құжатқа сәйкес келуі тиіс:
Жоғарыда көрсетілген шарттар орындалмаса, сарапшы өз міндетін орындай алмауы мүмкін. Маңызды мәселелердің қатарына берілген үлгілердің сандық көлемі де жатады. Еркін үлгілер саны 10-15 болуы керек.
Қолжазба мен қолтаңбаның
Эксперименталды үлгілер еркін үлгілер сияқты зерттелетін объектіге жазылуы жағынан, тіліне, мазмұны, хат матералдары, жасалу амалына, мүмкіндік болса құжатты жасау жағдайына және жазудың шапшаңдығына қатысты салыстыруға келетіндей болуы қажет. Бірақ эксперименталды үлгілерді алудың өз екершелігі бар. Эксперименталды үлгілерді алу кезінде жазатын адамға әдеттегі жағдай жасалынуы тиіс (көзілдірік киетін болса). Эксперименталды үлгілер тергеушінің айтуы бойынша (диктовка) жазылады немесе тергеушінің ұсынған тақырыбына шығарма жазу нәтижесінде алынады. Алдын-ала айту шапшаңдығы белгіленеді. Мүмкіндік болса, зерттелетін құжат мәтінін 3-4 рет жазғызу керек. Ал, егер мәтіннің мазмұнын жазатын адамның білуі қажет емес деп тапса, онда кездесетін сөздерді басқа байланыста келтіріп, жазғыздыртады. Арасына уақыт салып қолтаңба үлгілерін бірнеше рет алу қажет. Эксперименталды үлгілерді алу кезінде зерттелінетін объектілердің жасалу жағдайының бәрін ескеру керек. Қолтаңбаның үлгісін алу барысында жазатын адамның қолтаңбасының барлық варианттарын жазуды сұрайды. Ал біреудің атынан қол қойғанын тексеру кезінде, сол кісінің фамилиясын бірнеше қатар жазғыздыру қажет.