Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 16:23, реферат
ТМД елдерiнiң азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша өзара ынтымақтастығы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1994 жылғы 19 мамырда күшiне енген Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету және құқықтық қатынастар туралы конвенцияға (Минск, 1993 жылғы 22 қаңтар), 1994 жылғы 28 наурыздағы өзгерiстерiмен (бұдан ерi –Минск конвенциясы), Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңымен ратификацияланған, 2004 жылғы 27 сәуiрде күшiне
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
ТАҚЫРЫБЫ: «Қылмыстық, азаматтық істерге қатысты құқықтық және құқықтық көмек туралы «Конвенция»
Өскемен, 2012
ТМД елдерiнiң азаматтық,
отбасылық және қылмыстық iстер бойынша
өзара ынтымақтастығы Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы
31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған,
1994 жылғы 19 мамырда күшiне енген Азаматтық,
отбасылық және қылмыстық iстер бойынша
құқықтық көмек көрсету және құқықтық
қатынастар туралы конвенцияға (Минск,
1993 жылғы 22 қаңтар), 1994 жылғы 28 наурыздағы
өзгерiстерiмен (бұдан ерi –Минск конвенциясы),
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10
наурыздағы Заңымен ратификацияланған,
2004 жылғы 27 сәуiрде күшiне енген (Кишинев,
2002 жылғы 7 қазан) Азаматтық, отбасылық
және қылмыстық iстер бойынша құқықтық
көмек көрсету және құқықтық қатынастар
туралы конвенцияға (бұдан әрi – Кишинев
конвенциясы), азаматтық iс жүргiзу (АIЖК
5-бөлiм) және қылмыстық iс жүргiзу (ҚIКК
55-тарау) және басқа да нормативтiк құқықтық
актiлерге, халықаралық шарттарға сәйкес
жүзеге асырылады.
Кишинев конвенциясының 120-бабының 3-тармағына
сәйкес, қатысушы - мемлекеттер арасында
Минск конвенциясы мен оның 1997 жылғы 28
наурыздағы Хаттамасының күшi жойылған.
Солай бола тұра, Кишинев конвенциясының
120-бабының 4-тармағына сәйкес, Кишинев
конвенциясына қатысушы-мемлекеттер мен
ол үшiн Кишинев конвенциясы күшiне енбеген:
Кишинев конвенциясына қатысушы мемлекет
арасындағы қатынастарға Минск конвенциясының
күшi жүредi. Минск , Кишинев конвенцияларының
ережелерiн орындауға уәкiлеттi Қазақстан
Республикасының орталық және өзге де
мемлекеттiк органдарының тiзiмi "Азаматтық,
отбасылық және қылмыстық iстер бойынша
құқықтық көмек көрсету және құқықтық
қатынастар туралы" 1993 жылғы 22 қаңтардағы
конвенцияны және "Азаматтық, отбасылық
және қылмыстық iстер бойынша құқықтық
көмек көрсету және құқықтық қатынастар
туралы 2002 жылғы 7 қазандағы конвенцияны
орындау бойынша шаралар туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 31 желтоқсандағы
қаулысымен (2007 жылғы 28 тамыздағы өзгерiстерiмен)
белгiленген.
Халықаралық шарттардың нормаларын
тікелей пайдалану қажеттілігі
туралы көптеген елдердің мамандары
мәлімдейді. 2002 жылы 18-20 тамызда қоршаған
орта бойынша БҰҰ Бағдарламасы (ЮНЕП) аясында
Йоханнесбургте (Оңтүстік Африка) құқықты
тұрақты дамыту және рөлі бойынша жаһандық
Симпозиумы өтті, оның жұмысына әлемнің
60-тан астам мемлекетінің сот билігі жүйесі
өкілдері, сонымен қатар Қазақстаннан
да өкілдер қатысты. Симпозиум қатысушылары
құқықтың рөлі мен тұрақты дамуы туралы
Йоханнесбург қағидалары деп аталатын
Судьялардың Бүкіләлемдік Симпозиумының
қорытынды құжатын қабылдады. Бұл құжат
заңдарды қолдану және орындау арқылы
құқықтың тұрақты дамуы мақсатына жетуге
бағытталған. Құжатта «... ұлттық, аймақтық
және жаһандық деңгейде сот процесіне
үлесін қосатын сот органдарының мүшелері
мен тұлғалар халықаралық және ұлттық
құқықтың сақталуын, жүзеге асырылуын
және қолданылуын қамтамасыз етуге көмектесетін
басты әріптес болып табылады. ...судьялар
ұлттық заңнамадан басымдыққа ие халықаралық
шарттардың тікелей қоданылуының міндеттілігін
және олардың барлық жерде орындалуын
назарға алуы тиіс» .
Халықаралық құқық нормаларын
қолдануын өткір және анық түрде ұлттық соттардың қызметінен
көруге болады және бұл қазіргі құқықтың
дамуының оңды жағымен байланысты, себебі,
адамдар сотқа қорғау органы ретінде жүгіне
бастады.
Сот қызметінде белсенділіктің осыған
ұқсас арту процесі нарықтық экономиканың
негізін құрған ТМД барлық мемлекеттерінде
байқалады. Сол үшін оларда ұлттық соттардың
халықаралық құқықтық нормаларын қолдану
мәселесі кең ауқымда талқылануда. Бірақ
бұл мәселе дамыған демократиялық елдерде
де өзекті. Американдық ғалым Дж.Гинзбург
бүгінгі күні демократияға бет бұрған
көп елдерге үлгі болып отырған американдық
конституциялық жүйедегі билікті бөлу
және оның үш тармағының теңдігі доктринасы
биліктің үш тармағының бір біріне еркін
таңу мүмкіндігінен айырады деп айтады.
Бірақ олардың арасындағы халықаралық
аспектідегі келіспеушілік болған жағдайда
судьялар Конституция елдің сыртқы саясатын
жүзеге асыру бойынша басты жауапкершілікті
атқарушы билікке артып отырғандығын
сезіне отырып, «бұл салада президент
және оның аппаратының керемет білімі
және тәжірибесі бар, ол әрине, халықаралық
құқықтың практиканы да қамтиды» деп мойындайды
/44, 86б/. Ары қарай Дж.Гинзбург мынадай қорытындыға
келді: барлық жағдайларды шешуде өздерінің
жеке қорытынды шығару құқықтары барына
қарамастан соттар атқарушы билікке жүгінеді.
Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде соттардың
халықаралық құқық нормаларын қолдануын
сөз еткенде Ресей Федерациясының тәжірибесі
қызық көрінеді. Сот төрелігін жүзеге
асыру кезінде соттардың халықаралық
құқықты дұрыс және біртекті қолдануын
қамтамасыз ету мақсатында 2003 жылы 10 қазанда
Жоғары Сот Пленумының «Халықаралық құқықтың
жалпыға танымал қағидалары мен нормаларын
және Ресей Федерациясының халықаралық
шарттарын жалпы юрисдикция соттарының
қолдануы туралы» Қаулысы қабылданды.
Қаулыда Ресей Федерациясының халықаралық
шарттары халықаралық құқықтың жалпыға
танымал қағидалары мен нормалары бірге
мемлекеттің құқықтық жүйесінің құрамдас
бөлігі болады деп жазылған. Сонымен қатар,
Ресей Федерациясы құқықтық жүйесінің
құрамдас бөлігіне Ресей бұрынғы КСРО-ның
мұрагері ретінде мойнына халықаралық
құқықтар мен міндеттемелер алған КСРО
халықаралық шарттары жатады.
Қазақстан Республикасы Конституциялық
Кеңесінің мүшесі С.Ф.Бычкова «халықаралық
құқықтық норма ұлттық заңнама нормасы
сияқты халықаралық құқық субъектісінің
міндетті тәртібінің үлгісі болып табылады
және іске асыу тетігінсіз оны жүзеге
асыру халықаралық құқықтық актінің мәтініндегі
жай сөз болып қалады. Халықаралық гуманитарлық
құқық нормаларын іске асырудың шынайы
тәжірибесіне адам құқықтары мен бостандықтарын
бұзуды шектейтін тұлғалық одақтастықтың
мүмкіншіліктері байланысты болады»,
- деді.
Беларусь зерттеушісі Л.В.Павлованың ойынша,
халықаралық жария құқық саласындағы
көптеген шарттар ұлттық құқықтық салада
тікелей қолдануға жарамайды. Егер мұндай
қасиет дәлдігіне, нақтылығына және мемлекетішілік
реттеуге бағытталуына байланысты халықаралық
жеке құқық нормаларына тән болса, ал халықаралық
жария құқығының нормаларына көп жағдайда
жалпылық, абстрактілі нысан тән, бұл оларды
халықаралық ынтамақтастықта ғана қолдануға
мүмкіндік береді. Сондықтан, егер халықаралық
құқықты ұлттық құқық жүйесінің құрамдас
бөлігі ретінде немесе оның ережелерінің
ұлттық заң нормаларымен қайшылығы кезінде
басымдығын жариялап, ұлттық имплементациялық
тетік халықаралық шартқа сілтеме жасаса,
бұл соттың оған нақты жағдайда жүгінуі
тиіс дегенді білдірмейді. Шарт ережесінің
мазмұндық жарамсыздығы оны қолдануға
жатпайтындай етеді.
Бұл жерде зерттеушінің айтқаны дұрыс
екенін мойындаған жөн. Өкінішке орай,
бүгінде халықаралық құқық нормаларына
жүгіну – сот тәжірибесінде соншалықты
кең таралған емес.
Мұның объективті себептерімен қоса субъективті
себептері де бар. Объективті себептерге
бұрынғы антикалық «заңда көрсетілгеннен
басқа қылмыс жоқ» қағидасын ұстанған
Қазақстан Республикасының қылмыстық
заңнамасы мен Қазақстан Республикасының
әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодекстерін
жатқызуға болады. Сондықтан тиісті нормативтік
құқықтық актілерде көрсетілгендей ҚР
қылмыстық заңнамасы мен ҚР әкімшілік
құқықбұзушылықтар туралы заңнамасы Қазақстан
Республикасының тиісті Кодекстерінен
тұрады. Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті
қарастыратын басқа заңдар Кодекске енгізілгеннен
кейін ғана қолданылуға жатады. Бұл талап
халықаралық құқық нормаларына да қатысты.
Қылмыстық сот өндірісі мен қылмыстық
құқықтың материалды нормаларына қатысты
халықаралық құқық нормаларын тікелей
қолдануға болмайды. Тек тиісті нормалар
іс жүзінде ұлттық құқыққа имплементацияланғаннан
кейін ғана қолданылуға жатады.
Сондықтан халықаралық құқықтың нормаларын
кәсіби судьялармен қатар алқа билері
де білуі қажет. Халықаралық құқықтың
жалпы танымал қағидалары мен нормаларын
тікелей қолдануға келмесе де, сот істі
қараған кезде олар маңызды рөл атқарады.
Мысалы, 1997 жылы 13 желтоқсанда қабылданған
Қазақстан Республикасының Қылмыстық
іс жүргізу Кодексінің 25 бабында былай
делінген: сот, прокурор, тергеуші, анықтаушы
дәлелдемелерді іс бойынша жинақталған
дәлелдерге негізделген өздерінің ішкі
сенімдеріне сүйеніп, заң мен арын басшылыққа
ала отырып бағалауы тиіс. Сот пен құқық
қорғау органдарының қызметкерлерінің
ішкі сезімі оның білімі мен мәдениетіне,
және әділеттілікке ұмтылысын қалыптастырады.
Қазақстанда Жоғары сот органының халықаралық-құқықтық
құжаттарға жүгінуі практикасын көрсетуге
болады. Сотқа дейінгі істі жүргізу кезінде
адам құқықтары мен бостандықтарының
орындалуын қамтамасыз етуде маңызды
орынды «Азаматтық, қылмыстық, отбасы
істері бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы»
1993 жылғы Минск Конвенциясы (ТМД-ның 12
мемлекеті қатысушысы) мен және қылмыстық
істер бойынша құқықтық көмек мәселелерін
реттейтін екіжақты халықаралық шарттар
алады.
Ресейде де Минск конвенциясының нормаларын
соттар қолданады, оған 1999 жылы 29 сәуірде
Ресей Федерациясы Жоғарғы Сотының сот
алқасының анықтамасы мысал бола алады.
Бұл анықтама Ресей азаматы Сайдовпен
бірге Қазақстан аумағында қылмыс жасап,
кейін Ресейдің Иркутск облысы аумағында
қолға түскен Қазақстан азаматы Жагупаровтың
ісіне қатысты шығарылған. Ресей Федерациясы
Жоғары Соты Жагупаров пен Сайдовтың ісін
1999 жылы 5 наурызда Иркутск облыстық сотының
судьясы қайта тергеу жүргізу үшін Иркутск
облысының прокуратурасына жібергенін
анықтады. Судья қаулыда былай деп көрсетті:
«Минскде ТМД мемлекет басшыларының Кеңесі
бекіткен «Азаматтық, қылмыстық, отбасы
істері бойынша құқықтық көмек және құқықтық
қатынастар туралы» Конвенцияға сәйкес,
Қазақстан аумағында жасаған қылмысы
үшін Қазақстан Республикасының азаматы
Ресей сотымен сотталмауы тиіс». Иркутск
облыстық прокуратурасының орынбасары
жеке наразылығымен судьяның шығарған
үкімінің жойып, істі жаңа сот қарауына
жіберу туралы мәселе қойды. Оның пайымдауынша,
1998 жылы 17 шілдедегі Иркутск облыстық
сотының анықтамасындағы барлық талаптар
орындалды, істі қайта қарауға негіз жоқ.
1999 жылы 29 сәуірде Ресей Федерациясы Жоғары
Сотының қылмыстық істер бойынша алқасы
шағымды қанағаттандырып, 1999 жылы 5 наурыздағы
Иркутск облыстық соты судьясының қаулысының
күшін жойды. Істі қайта сотта қарауға
жіберді. Мұны былай деп негіздеді: «Қазақстан азаматы
Жагупаров Ресей Федерациясының азаматы
Саидовпен бірге Қазақстан аумағында
қылмыс жасап, екеуі Ресей аумағында ұсталған
және Иркутск қаласының тергеу изоляторында
отырды. Қолданыстағы заңға сәйкес Саидов
(«Азаматтық, қылмыстық, отбасы істері
бойынша құқықтық көмек және құқықтық
қатынастар туралы» Минск Конвенциясы
57 бабының 1-тармағы «а»тармақшасы бойынша)
Қазақстанға берілуі мүмкін емес, Қазақстан
Республикасының Бас Прокуратурасы Ресей
Федерациясының Бас прокуратурасына Жагупаров
пен Саидовты қылмыстық қудалау туралы
тапсырма берді. Сол себепті Иркутск облыстық
прокуратурасы тергеу жүргізді.
Минск Конвенциясының 77-бабына сәйкес
« егер бірнеше қылмыстарды жасағаны үшін
бір немесе адамдар тобы айыпталса және
іс екі немесе одан да көп келіскен тараптардың
соттарында қаралуға жатса, оны соңғы
тергеу әрекеттері жүргізген тараптың
соты қарауға құзіретті. Бұл кезде іс келіскен
тараптың сот өндірісі туралы заңнамасына
сәйкес қаралады». Сондықтан іс Иркутск
облыстық сотында қаралуы тиіс».
Қазақстан Республикасында халықаралық
құқықты қолданған тағы бір сот прецедентіне
төмендегі істі мысалға алуға болады.
2003 жылы 22-23 сәуірде Қазақстан Республикасы
Жоғары Сотының қылмыстық істер бойынша
алқасы ШҚО сотының 2002 жылы 13 желтоқсандағы
үкіміне апелляциялық шағым түсіруіне
байланысты ашық сот отырысында қылмыстық
істі қарады. Бұл үкім бойынша Ресей Федерациясының
азаматы, бұрын 3 рет сотталған Н.А.Трудоношин
2002 жылы 31 қаңтарда қылмыстық топтың мүшесі
ретінде ШҚО Бородулихин ауданы Романовка
селосының жанындағы «Семей-Жаңаалтай»
трассасында қару қолдану арқылы Қазақстан
азаматтарын, дәлірек айтсақ, валюта айырбастаумен
айналысатын М.М.Оразғұловты, Е.К.Молтабаевты,
Г.С.Мурзинаны, Ж.М.Қантаеваны қасақана
өлтіргені үшін және Д.У.Сабденбековты
қасақана өлтірмекші болғаны үшін, сондай-ақ
олардың 5160000 теңге көлемінде ақша соммасын
иеленіп алғаны үшін кінәлі деп табылып,
22 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.
2003 жылы 23 сәуірде Қазақстан Республикасы
Жоғары Сотының қылмыстық істер бойынша
алқасы шығарған №2а-80-03 қаулысымен Шығыс
Қазақстан облыстық сотының 2002 жылы 13
желтоқсандағы үкімінің күші жойылып,
істі қайта қарауға жіберді. Себебі сотталушы
Ресей аумағында ұсталған және Қазақстан
құқық қорғау органдары азаматын ұстап
берген мемлекеттің келісімінсіз оны
қылмыстық жауапкершілікке тартқан. Бұл
Минск конвенциясына (1993 жылы 22 қаңтардағы
(«Азаматтық, қылмыстық, отбасы істері
бойынша құқықтық көмек және құқықтық
қатынастар туралы» Минск Конвенциясы
(28.03.97ж. өзгертілген) (қайшы келді. Тергеу
барысында Ресейлік те, Қазақстандық та
тарап аса ауыр қылмыс жасағанын дәлелдейтін
көптеген дәлелдер жинағанымен, олар жарамсыз
болып танылды, ал бұл өз кезегінде Н.А.Трудоношин
қатысқан істің барлық сот өндірісін жарамсыз
деп тануға әкелетін еді. Дегенмен, қылмыстық
іс материалдарында жақта көптеген қарсы
дәлелдемелер жиналып, барлығы ісіне байланысты
жарамсыз болып танылды. Тек бір жағдайды
ескере отырып, қылмыстық іс материалдарында
Н.А.Трудоношинге тағылған айыпты дәлелдейтін
басқа да дәлелдемелер болуына байланысты,
және оларды жарамсыз еуге негіз жоқ болғандықтан,
алқа қылмыстық істі тоқтату мүмкін емес
деп санады.
Минск Конвенциясының 6, 72, 80 баптары бойынша
Қазақстан мен Ресей қылмыстық іс жүргізу
әрекеттерін жүзеге асыру жолымен, соның
ішінде екінші мемлекеттің аумағында
қылмыс жасады дегенге күдікті өз азаматтарына
қатысты қылмыстық қудалауды жүзеге асыру
жолымен бір-біріне құқықтық көмек көрсетуі
тиіс екенін ескере отырып, сондай-ақ,
Минск Конвенциясының 57 бабын ескере отырып,
Жоғары Сот алқасы істі Қазақстан Республикасының
Бас Прокуратурасына қосымша тергеуді
ұйымдастыру үшін жіберуді жөн көрді,
қосымша тергеу кезінде ҚР ҚІЖК 527-бабының,
Минск Конвенциясының 73 бабының талаптары
орындалсын деп шешті.
Қазақстан Республикасы Жоғары Соты алқасының
бұл қаулысы сот тәжірибесінде халықаралық-құқықтық
нормалар қолданылатындығын куәландырады,
ал бұл - құқықтық мемлекет құрудың маңызды
шарттарының бірі.
Бірақ Жоғары Соттың пайымдауынша, бұл
қатысушылары болып Қазақстан мен Өзбекстан
Республикалары табылатын 1993 жылы 22 қаңтардағы
«Азаматтық, қылмыстық, отбасы істері
бойынша құқықтық көмек және құқықтық
қатынастар туралы» Минск Конвенциясының
54 бабына қайшы келеді. Осы бапқа сәйкес
мойындау туралы өтінішті қарайтын сот
тек конвенция талаптарының сақталғанын
ғана анықтауы тиіс, егер ол сақталған
болса, онда басқа мемлекетке тиесілі
сот актісін мойындау және мәжбүрлі орындау
туралы шешім шығаруы тиіс.
Шешімді мойындап, орындаудан бас тартудың
негіздері Конвенцияның 55 бабында қарастырылған.
Жауапкердің тұрғылықты мекенжайы анықтамау
бұл негіздер қатарында көрсетілмеген.
Осылай облыстық сот халықаралық құқық
нормаларына қарамастан, өтінішті қанағаттандырудан
бас тартқан деп Жоғары Сот анықтайды.
ТМД мемлекет басшылары қол қойған «Азаматтық,
қылмыстық, отбасы істері бойынша құқықтық
көмек туралы» Конвенцияның жаңа редакциясы
(Кишинев Конвенциясы, 2002 жылы 7 қазан)
ратификацияланған соң, ТМД елдері азаматтарының
құқықтарын қорғау бұдан былай бұрынғыдан
да тиімді болады. Бұл Конвенция 1993 жылы
22 қаңтардағы «Азаматтық, қылмыстық, отбасы
істері бойынша құқықтық көмек және құқықтық
қатынастар туралы» Минск Конвенциясы
қарағанда кең мәселелерді реттейді.
Құқықтық көмек көрсету тек халықаралық
шарттармен ғана емес, сонымен қатар Қазақстан
Республикасының заңдық актілерімен,
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
1998 жылғы 8 қаңтарда №13 бұйрығымен бекіткен
«Қазақстан Республикасының соттары мен
Әділет органдары құқықтық көмек көрсету
тәртібі туралы және шет мемлекеттердің
осындай органдарына құқықтық көмек көрсету
туралы өтініш жасау тәртібі туралы» Нұсқаулығымен,
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының
1997 жылы 17 маусымдағы «Прокуратураның
халықаралық шарттардың орындалуын және
шетел азаматтары мен заңды тұлғаларының
құқықтарының қамтамасыз етілуін қадағалау
бойынша өкілеттігі туралы» №20 бұйрығымен
реттеледі.
Сонымен халықаралық шарттардың нормалары
мен ұлттық заңнамаларды дұрыс қолдануды
істі дұрыс шешуге әкеледі.
Әлемдік деңгейде халықаралық құқықтың
жасалуы мен қолданылуы ісінде неғұрлым
тиімді ұйымдастырушы, бақылаушы функцияны
Біріккен Ұлттар Ұйымы атқарады. БҰҰ Жарғысында
осы ұйымның функциялары толықтай бекітілгенімен,
ол туралы халықаралық құқық бойынша көптеген
еңбектерде жан жақты жазылғанымен, оның
кейбір органдары мен олардың негізгі,
соның ішінде бақылау функцияларына тоқталған
жөн. Жарғысына сәйкес БҰҰ қызметінің
негізгі мақсаттарына мыналар жатады:
халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті
қамтамасыз ету; теңдік және халықтардың
өз тағдырларын өздері анықтау қағидасын
сыйлау негізінде ұлттар арасындағы достық
қатынастарды дамыту; бүкіләлемдік бейбітшілікті
нығайту үшін басқа да тиісті шараларды
қабылдау; экономикалық, әлеуметтік, мәдени
және гуманитарлық сипаттағы халықаралық
мәселелерді шешу бойынша және адам құқықтары
мен нәсіліне, жынысына, тілі мен дініне
қарамастан барлығының негізгі бостандықтарын
сыйлауды көтермелеу мен дамыту бойынша
халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
осы ортақ мақсаттарға жетуде ұлттардың
әрекетін үйлестіретін орталық болу;
Бұның бәрі республика мойындаған халықаралық
құқықтық нормалар мен қағидалардың сақталуын
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және
сол арқылы Конституциямыздағы Қазақстан
Республикасы құқықтық және демократиялық
мемлекет деген ереже іске асырылады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі