Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2013 в 20:14, доклад
Қылмыс субъектісінің нышандары ҚК-тің 14 бабында айтылған. ҚК-тің 14 бабының бірінші бөлігінде былай делінген: «Есі дұрыс, осы Кодексте белгіленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс» КҚ-тің 14 бабының екінші бөлігінде қылмыстық занңың аса маңызды принщттерінің бірі — азаматтардың заң алдыңда тең екеңдігі заң жүзінде бекемін тапқан: «Қылмыс жасаған адамдар шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтьша, тіліне, дінге көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығьша, тұрғылықты жеріне немесе өзге де кез келген мән-жайларға қарамастан заң алдыңда бірдей».
Қылмыс субъектісі ұғымы
Есі дұрыс, қылмыс жасаған
кезде қылмыстық заңда
Қылмыс субъектісінің нышандары ҚК-тің 14 бабында айтылған. ҚК-тің 14 бабының бірінші бөлігінде былай делінген: «Есі дұрыс, осы Кодексте белгіленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс» КҚ-тің 14 бабының екінші бөлігінде қылмыстық занңың аса маңызды принщттерінің бірі — азаматтардың заң алдыңда тең екеңдігі заң жүзінде бекемін тапқан: «Қылмыс жасаған адамдар шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтьша, тіліне, дінге көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығьша, тұрғылықты жеріне немесе өзге де кез келген мән-жайларға қарамастан заң алдыңда бірдей». Бұл принцип сонымен қатар конституциялық та больш табылады, себебі ҚР Конституциясьшьщ 14 бабына негізделген.
Тек жеке адам ғана қылмыс субъектісі бола алады.
ҚК-тің 14 бабының бірінші бөлігінде айтылған жеке адамдар дегеніміз — Қазақстан Республикасының азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және шетел азаматтары, бұл ҚК-тің 6 жөне 7 баптарының мазмұнынан туындайды.
Қылмыс субъектісі ретінде тек жеке тұлғаларды тану - заңды тұлғалар, яғни мекемелер, кәсіпорындар, ұйымдар, партиялар, қоғамдық бірлестіктер қылмыс субъектісі бола алмайды деген мағына білдіреді.
Қылмыс субъектісінің қажетті нышандарының бірі — қылмыс жасаған адамның есінің дұрыстығы.
Есі дұрыстық — қылмыстық
заңда көзделген қоғамға
Есі дұрыстық — адамды қылмыстық жауапқа тартудың және оны жазалаудың қажетті шарты болып табылады.
Қылмыстық заңның нормалары, өрқашанда, төңірегіндегі жағдайды дұрыс пайымдап, өз әрекетінің маңызын түсіне алатын, оған ие болу қабілеті бар, психикасы қалыптан ауытқымаған адамдарға бағытталады.
Мұндай қабілеті жоқ адамдар психикасы.
Заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығы АҚШ, Англия, Франция және басқа бірқатар мемлекеттердің қылмыстық заңында кезделген бұзылғандықтан өз іс-әрекетінщ (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипатын және қоғамға қауіптілігін ұғына алмайды, әрекетіне ие бола алмайды, сондықтан олар есі дұрыс емес деп танылады, қылмыстық жауапқа тартылмайды (ҚК-тің 16 бабы).
Қылмыс субъектісінің есі дұрыстықтан басқа міндетті нышаңдарының бір — қылмыс жасаған кезде адамның заңда белгіленген жасқа толуы.
Өз іс-өрекетін дұрыс
бағалау, жасаған әрекетінің
Есінің дұрыстығы жөне адамның қылмыстық заңда белгіленген жасқа толуы қылмыс субъектісінің жалпы заңдық нышандары болып табылады, олар қылмыстардың барлық құрамдары үшін міндетті, бұлардың біреуінің болмауы әрекетте қылмыс құрамының жоқ екендігін көрсетеді.
Қылмыс субъектісін сипаттағанда оның жауапкершілігін анықгау және жаза тағайындау үшін қылмыскердің жеке басының нышандары маңызды рөл атқарады. «Қылмыс субъектісі» және «қылмыскердің жеке басы» ұғымдары бірдей емес. Қылмыскердің жеке басы қылмыс субъектісіне қарағанда кең ұғым береді. Қылмыскердің жеке басы дегеніміз — қылмыскерді жалпы адам ретінде сипаттайтын барлық өлеуметтік қасиеттердің, байланыстардың және қатынастардың жиынтығы: оның өлеуметтік (саяси, еңбек, тұрмыстық, отбасындағы, т.б.) байланыстары; оның өнегелік-саяси қасиеттері (дүниетанымы, сенімі, құштарлығы); оның психологиялық қасиеттері мен ерекшеліктері (интеллекті, еріктік қасиеттері, сезімдік ерекшеліктері, қызбалығы); оның демографиялық және дене жаратылыс ерекшеліктері (жынысы, жасы, денсаулық ахуалы); оның өмірбаяны, өмір тәжірибесі, білімі, қоғам алдында сіңірген еңбегі және жазығы.
Қылмыскердің жеке басының
барлық қасиеттерінің ішінде «қылмыс
субъектісі» ұғымы өзіне
Қылмыскердің жеке басының
ерекшеліктері жаза тағайындағанда,
оны жеке даралағанда (ҚК-тің 52, 53,
54 баптары), шартты түрде соттау туралы
(ҚК-тің 63 бабы), қылмыстық жауаптылықтан
және жазадан босату туралы (ҚК-тің
65, 66, 67, 68, 69 баптары), жазадан шартты
түрде мерзімінен бұрын босату немесе
жазаның өтелмеген бөлігін жеңілірек
жазамен ауыстыру туралы (ҚК-тің 70, 71
баптары) мәселелерді шешу үшін және
басқа жағдайларда маңызды
Қылмыстың субъективтік жағы ұғымы және оның маңызы
Қылмыстың субъективтік жағы
дегеніміз — адамның өзі
Сыртқы көріністі білдіретін қылмыстың объективтік жағына қарағанда субъективтік жақ қылмыстың ішкі мәнін білдіреді. Сонымен қатар қылмыстың объективтік және субъективтік жақтары өзара тығыз байланыста, олар қандай да бір тұтастық құрайды. Сондықтан да қылмыстың субъективтік жағын зерттеу қылмыстың тиісті құрамының объективтік жағына талдау жасау арқылы жүргізіледі.
Субъективтік жағына мыналар жатады: кіне, қылмыс жасаудағы себеп және мақсат.
Бұл нышандардың барлығы өз жиынтығында қылмыс жасаған адамның психикасында пайда болатын ішкі процесті сипаттайды, адамның санасы мен еркінің жасалған әрекетпен байланысын бейнелейді.
Бұл нышандардың әрқайсысының маңызы әртүрлі.
Кінә — қылмыстың кез келген құрамының субъективтік жағының міндетті нышаны. Кінәсіз қьшмыстың құрамы да болмайды, яғни қылмыстық жауаптылық жоқ.
Қылмыс жасаудағы себеп
пен мақсаттың кінәдан
Қылмыстың субъективтік жақтарын — кінәнің, қылмыс жасаудағы себеп пен мақсат нысандарын дұрыс анықтаудың маңызы зор; ол қылмыстық іс-өрекетті қылмыстық еместен айырып алуға, қылмысты дәл саралауға, объективтік жағынан өте ұқсас құрамдарды бірінен-бірін ажыратуға, қылмыстық әрекет жасаған адамның қауіптілік дәрежесін анықтауға, жазаны жеке даралауға мүмкіндік береді.
Қылмыстың субъективтік жағының
нышандары қылмыстық занда
Бұл нышандар, кей жағдайларда,
заң мәтінінде тікелей
Бірақ көп жағдайларда қылмыстың субъективтік жағын сипаттайтын нышандар заңда тікелей көрсетілмеген. Мұндай жағдайларда тиісті нышандарға заңда әртүрлі түсініктеме беріліп, объективтік нышандарға талдау жасау арқылы анықталады. Мысалы, ұрлықтың құрамын анықтағанда (ҚК-тің 175 бабы) заң бөтеннің мүлкін жасырын ұрлауды сөз қылады. Бұл әрекеттің сипатынан туындайтын тұжырым - ұрлық қасақана және бас пайда үшін жасалынады.
Қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын мұқият зерттеу қажеттігі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумынъщ 1993 жылғы 24 маусымдағы «Жаза тағайындағанда соттардың заңдылықты сақтауы туралы» қаулысында көрсетілген: «Жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілік деңгейін анықтағанда сол нақты қылмыстық іс-әрекет жасалған барлық мән-жайлардың (кінәнің нысаны, қылмыс жасау себебі, әдісі, мән-жайы, кезеңі, келген зардаптың ауырлығы, әрбір қатысушының қылмысқа қатысу дәрежесі және сипаты, т.б. жиынтығына сүйену қажет».
Кінә ұғымы және кінәнің нысандары.
Қылмыстық заңның ең маңызды принципі - кінә болған жағдайда ғана жауаптылық белгілеу болып табылды.
Бұл принцип ҚК-тің 19 бабында анық тұжырымдалған. ҚК-тің 19 бабының бірінші бөлігіне сәйкес адам тек қоғамға қауіпті сол әрекеті (өрекетсіздігі) және содан келген қоғамға қауіпті зардап үшін ғана қылмыстық жауаптылық көтереді.
Адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келгенмен кінө дәлелденбесе, қылмыстық заң қылмыстық жауаптылықты болдырмайды.
ҚК-тің 19 бабының екінші бөлігінде объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді делінген.
Кінә - адамның саналы немесе абайсызда өзі жасаған қоғамға қауіпті әрекетіне және оның қоғамға қауіпті зардабына психикалық қатынасы.
Кінә әрқашанда саналы немесе абайсызда жасалған іс-әрекеттен туындайды.
ҚК-тің 19 бабының екінші бөлігіне сөйкес қасақана немесе абайсызда қылмыстық әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі болып танылады делінген.
Қылмыс жасаудағы кінә
— объективтік шындықтың
Егер қылмыстық занда
көзделген қоғамға қауіпті іс-
Кінәнің психологиялық мазмұны сонда — адам өзі жасаған әрекеттің іс жүзінде болғандығын және оның зардабын ұғынады немесе ұғынуға мүмкіндік алады.
Кінәнің әлеуметтік-саяси мағынасы сонда — өз әрекетінің және оның зардабының әлеуметтік маңыздылығын, яғни олардың қоғамға қауіптілік сипатын ұғынады немесе ұғынуға мүмкіндік алады.
Қылмыс жасаған адамның саналы-ерікті психикалық жағдайы дегеніміз адамның санасы мен еркінің өзі жасаған, қылмыстық заңца көзделген, әрекетке және оның зардаптарына қатынасы. Сана (интеллектуалдық жағдай) мен еріктің (еріктік жағдай) өзара жиынтығы кінәнің мазмұнын құрайды. Сонымен кінә екі жағдаймен — интеллектуалдық және еріктік жағдайлармен сипатталады. Интеллектуалдық жөне еріктік жағдайлардың әртүрлі ара қатынасы кінәні нысандарға, ал нысанның ішінде түрлерге бөлуге негіз болады.
Қылмыстық заңда кінәнің екі негізгі нысаны көзделген — ниетпен және абайсызда жасау (ҚК-тің 20 және 21 баптары). Өз кезегінде қасақана ниет тікелей және жанама болып, ал абайсыздық менмендікке және немкұрайдылыққа бөлінеді. Занда кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыс та қарастырылған (ҚК-тің 22 бабы).