Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар мен іске қатысушы тұлғалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2014 в 20:07, дипломная работа

Краткое описание

Төртінші-мамандандырылған соттар жүйесін-бірінші кезекте экономикалық және әкімшілік соттарды кезең-кезеңмен құру жұмысы жалғастырылсын.
Бесінші-дауларды шешудің баламалы әдістерін, мәселен, төрелік соттарды ендіру мүмкіндігін зерттеу кажет.

Содержание

КІРІСПЕ. ___________________________________________________5-7
1 СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СУДЬЯНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ.
1.1 Судьяның тәуелсіздігі принципінін түсінігі және
оның маңызы _______________________________________________8-15
1.2 Судьяның тәуелсіздігі принципінін сот билігінің
басқа принциптерімен ара қатынасы ____________________________16-34
2 СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СОТ ТӨРЕЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУШЫ ТҰЛҒАЛАР МЕН СОТТАҒЫ ӨКІЛДЕР.
2.1 Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар мен іске
қатысушы тұлғалар________________________________________35-48
2.2 Сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал ететін
көмектесуші тұлғалар_____________________________________48-59
2.3 Соттағы өкілдер__________________________________________59-62
ҚОРЫТЫНДЫ ______________________________________________63-66
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ _____________________67-68

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-СОТ-ЖҮЙЕСІНДЕГІ-СОТ-ТӨРЕЛЕР.doc

— 455.00 Кб (Скачать документ)

2.3 Соттағы өкілдер

 

Сотта өкілдік етудің және соттағы өкілдің түсінігі, мақсаты.

АІЖҚ-ң 58-бабы бойынша азаматтық істерді сотта әрбір азамат өзі немесе өкілі арқылы жүргізуі мүмкін.

Істі азаматтың тікелей өзі жүргізуі оны осы іс бойынша өкіл алуқұқығынан айырмайды. Ұйымдардың істерін өз құзіреті шегінде заңмен, нормативті құқықтық актімен немесе құрылтай құжатымен бекітілген органдары немесе өкілдері жүргізеді.

    Азаматтық істі өкіл  арқылы жүргізу немесе сотта  өкілдік ету 3 түрлі себеппен айқындалады:

  1. Мүдделі тұлғаның істі өзі жүргізуі қолайсыз болса.
  2. Мүдделі тұлғаға біліктілік заң көмегі қажет болса (адвокаттың көмегі)
  3. Істі өзі жүргізу мүмкіндігі жоқ болса (әрекет қабілеттілігі жоқ болса, кәмелет жасқа толмаса т.б.)

Сотта өкілдік ету-азаматтық істерді қарау және шешу кезінде туындайтын сот пен өкілдің және өкіл мен өкіл тағайындаушының арасындағы қатынастарды реттейтін азаматтық іс жүргізу құқығының жеке институты.

  1. сот пен өкіл арасында
  2. өкіл мен өкіл тағайындаушы мыс: (талапкер мен адвокат арасында)

Аталған қатынастар азаматтық іс жүргізу құқығының тиісті нормаларының негізінде туындайды. АІЖК-58,62,63-баптары.

   Сотта өкілдік етудің  мақсаты:

- Өкілдік беруші тұлғаның мүддесін  сотта қорғау.

- Өкілдік берушінің іс жүргізу  құқығының жүзеге асуына және  міндеттерінің орындалуына көмектесу.

- Соттың азаматтық істі дұрыс  шешуіне ықпал ету.

     Соттағы өкіл-азаматтық  іс жүргізу құқыққатынасының  жеке дербес субъектісі болып табылады. Дегенмен, соттағы өкілдер АІЖК-44-бабы бойынша іске қатысушы тұлғалардың құрамына кірмейді. Себебі ол іске қатысушы тұлғаға тән белгілерді иеленбейді. Атап айтқанда:

  • Өкілдің іс барысында заңды қызығушылығы болмайды.
  • Өкіл өз атынан емес мүдделі тұлғаның атынан қатысады.

       Сонымен соттағы  өкілдер дегеніміз –заңмен, жарғымен, ережелермен немесе құрылтай  құжаттарымен белгіленген өкілеттілік  шегінде сенім білдірушінің атынан  істі жүргізуші жеке тұлға.

     Сотағы өкілдердің белгілері.

-  Өкілдің іс жүргізу құқықтары  мен міндеттерінің көлемі сенім  білдірушінің немесе өкіл тағайындаушының  еркіне байланысты. Бұған заңды  өкілдер мен жарғы бойынша  өкілдердің өкілеттігі кірмейді.

  -  Сотта олар өз құқықтарын  емес сенім білдірген тұлғаның  құқықтырын қорғайды.

- Іс жүргізуі нәтижесінде өкіл  тағайындаушының процесуалдық құқықтары  мен міндеттері туындайды немесе  қысқарады.

     Соттағы өкілге заңды  күшіне енген сот шешімінің  материалдық –құқығының салдары  болмайды және олар құқық жөніндегі даудың субъектісі болмағандықтан сот шығындарын өтемейді.

     Сенімхатқа, заңдарға, сот  шешімдеріне, немесе әкімшілік актісіне  негізделген істі сотта жүргізуге  тиісінше рәсімделген өкілеттігі  бар әрекетке қабілетті кез  келген адам сотта өкіл бола алады.

    Азаматтық іс жүргізу  кодексінің 59 және 63 баптарына сәйкес  мына тұлғалар сотта  өкіл бола  алады.

- адвокаттар

- заңды тұлғаның қызметкерлері  осы ұйымның істері бойынша

- кәсіптік одақтың уәкілетті  адамдары.

- заңмен жарығымен немесе ережемен осы ұйым мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымның уәкілетті адамдары.

- тең қатысушының тапсырмасы  бойынша тең қатысушылардың біреуі.

- іске қатысушының рұқсатымен  басқа да адамдар.

- әрекет қабілеттілігі жоқ және  шектеулі азаматтың ата-аналары, асырап алушылары қамқоршылары, қорғаушылары.

-хабар- ошарсыз   кеткендердің   мүлкіне қатысты істер бойынша  мүлкіне қамқорлықты жүзеге асыратын  адам.

- қайтыс болған адамдардың мүлкіне  қатысты іс бойынша сақтаушы  немесе қамқоршы.

Сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар.

АІЖК-ң 60-бабы бойынша сотта өкіл бола алмайтын тұлғаларға  мыналар кіреді.

1.Судьялар,тергеушілер, прокурорлар  мен өкілді органның депутаттары, олардың процеске тиісті ұйымның  уәкілеттік берілген адамдары  немесе заңды өкілдер ретінде қатысу  жағдайынан басқа жағдайда сотта өкіл бола алмайды.

2. Адвокатура туралы заңдармен  белгіленген ережелерді бұза  отырып, заң көмегін көрсету туралы  тапсырма алған адвокаттар  сотта  өкіл бола алмайды.

3. Адам егер мүдделері өзі  өкіл болып отырған адамның мүдделеріне  қайшы келетін адамадарға осы іс бойынша заң көмегін көрсетсе немесе бұрын көрсеткен болса.

4. Бұрын осы  іс бойынша судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, куә  ретінде қатысса.

5. Істі қарауға қатысушы лауазымды  адаммен туыстық қатынастарда болса өкіл бола алмайды.

Өкілдің түрлері мен негіздері. (тапсырма бойынша және заңды өкілдік). Тапсырма бойынша өкілдіктің әр түрлері.

Сот пен өкілдердің арасында құқықтық қатынастар белгілі заңды фактілерге байланысты туындайды. Ол фактілерге:

  • Сотқа өкілеттігін куәландыратын құжаттарды табыстау немесе өкіл берушінің өкіл тағайындау жөніндегі ауызша өтінішін хаттамаға тіркеу. АІЖК 59-бабы 6, 7 тармағы.
  • Өкілді іске қатыстыру жөніндегі соттың ұйғарымы жатады.

Азаматтық іс жүргізу заңдары бойынша сотта өкілдік етудің 2 түрі бар.

а) Тапсырма бойынша өкілдік ету.

б) Заңды өкілдер.

        Тапсырма бойынша  өкілдік етудің өзі бірнеше  түрлерге бөлінеді.

- Шарттық өкілдер-тапсырма шарты  бойынша немесе еңбек шарты  бойынша пайда болады. Оған адвокаттың қызметі немесе азаматтардың өтініші бойынша кез-келген тұлғанаң өкіл ретінде қатысуы және тең қатысушылардың біреуінің басқа қатысушылар атынан өкіл ретінде іске қатысуы жатады. АІЖК 59-бабы 1, 6, 7 –тармағы.

- Қоғамдық өкілдер- азаматтық қоғамдық  бірлестіктерге мүше болуы негізінде пайда болады.

- Заң көмегін заңмен немесе  жарғымен басқа адамдардың мүдделерін  қорғау құқығы берілген ұйымдардың  уәкілетті адамдары жүргізеді. АІЖК 59-бабы 3,4 –тармақтары.

- Жарғы бойынша өкілдік ету  –ұйымдардың ісін сотта заңмен, құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттік шегінде олардың органдары немесе өкілдері жүргізеді. Заңды тұлғалардың басшылары сотқа олардың қызметтік жағдайын немесе өкілеттіктерін куәландыратын құжаттар береді. АІЖК 58-бабы 2 -тармағы, 59-бабы 2, 5-тармағы.

Заңды өкілдер АІЖК 63,304- баптарында көзделгендей әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттігі шектеулі адамдарға тағайындалады. Олардың өкілдері ретінде ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары , қорғаншылары қатысады. Заңды өкілдер заңда көзделген шектеулермен өкілдік етушінің атынан жасау құқығы өкілдік берушіге тиесілі барлық іс жүргізу әрекеттерін жасайды.

     Өкіл ретінде адвокаттың іске қатысу ерекшелігі.

Азаматтық сот өндірісінде адвокаттың іске қатысуы арнайы заңмен реттеледі. 

      Адвокаттық алқаларда мүше болатын және мамандық негізінде заң көмегін көрсете алатын  жоғарғы заң білімі бар, 2 жылдан жоғары жұмыс стажы бар, адвокаттың әрекетті жүзеге асыруға лицения алған ҚР азаматы адвокат бола алады./22/

      Қасақана қылмысы  үшін сотталған немесе әрекет қабілеттілігі жоқ немесе шектелген азаматтар, адвокаттық алқалардын шығарылғандар –адвокат бола алмайды.

Лицензия беру тәртібі ҚР Әділет Министрлігі 1998 ж 21 қаңтар қабылданған «Адвокаттық қызметпен шұғылдану үшін лицензия беру тәртібі туралы.» бұйрығымен реттеледі.

    Лицензия біліктілік  емтиханы тапсырылғаннан кейін  беріледі және оның күші ҚР-ң  бүкіл территориясына қатысты  болады.

     Заң көмегін көрсету  жөніндегі төлемақылар адвокат  пен клиент арасындағы келісімдермен  реттеледі.

     Адвокат заң көмегін  көрсету негізінде белгілі болған  мәліметтерді құпия түрінде сақтауға  міндетті. Құпияны сақтамаған жағдайда  жауапкершілікке тартылады.  Адвокаттық  қызмет туралы заңның 3, 18 –баптары.

Соттағы өкілдің өкілеттіктері.

Соттағы өкілдердің өкілеттігі жалпы және арнайы болып бөлінеді.

       Жалпы өкілеттілікке  сот шешімі мен ұйғарымына  шағындану құқығынан басқа АІЖК-ң 47-бабында көзделген барлық әрекеттер  кіреді.

    Арнайы өкілеттілікке  АІЖК-ң 61-бабында аталған әрекеттер  кіреді. Аталған іс-әрекеттерді әрқайсысын жасауға өкілеттігі өкілдік беруші берген сенімхатта арнайы көзделуі тиіс.

     Әрбір өкіл өзінің  өкілеттігін куаландыратын  құжатын  және жеке басын куаландыратын  құжатын сотқа табыс етуі тиіс.

     Адвокаттың нақты  іс жүргізуге арналған төкілеттігі немесе адвокаттың кеңсе берген ордермен, ал ол кызметін дербес жүргізген жағдайда адвокат клиентпен жасасқан шартпен куәландырылады.

Кәсіптік одақтар мен басқа ұйымдық уәкілеттік берілген адамдар сотқа осы іс бойынша өкілдікті жүзеге асыруға арналған тапсырманы куәландыратын құжаттарды беруге тиіс. 159 бап, 3,4,5-тармақ.

Заңды тұлғаның басшылары заңды тұлға атынан тиісті сенімхаттар береді.

59-баптың 6,7-тармағы бойынша ауызша  сенім бірдіру сот хаттамасына  енгізілуі тиіс.

Ата-аналар заңды өкіл ретінде сотқа АХАЖ органдар берген баланың тууы туралы куәлігін беруі тиіс.

Асырап алушылар-сот шешімдерін және жаңадан алған тууы туралы куәлікті көрсетуі тиіс.

Қамқоршылар мен қорғаушылар сол органдардан берілген актілерді көрсетуі тиіс.

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Сот билігінің мемлекеттік биліктің бір тармағы ретіндегі маңызы мен мәнін ашу, өуелі оның түсінігін және оның маңызын зерттеумен ұштастырынды.

Жалпы, билік феноменін, оның белінуі теориясын ежелгі уақыттан зерттеумен бұл меселелерге байланысты Аристотельдің, Ш.Л.Монтескьенің көзқарастары мен еңбектерінде айтылған ғұлама сөздері келтірілді.

Ежелден келе жатқан "бөлісіп ал да билей бер" -деген ереже мен еңбектің бөлінуінен шыққан теорияның мемлекет құрылысындағы басты мақсаты биліктер тармақтарының функциялары мен өкілеттіктерін жіктеуінде, осы арқылы әрқайсысы өз билігінің шеңберінде қызмет істеуін анықтауында. Мұндай қызмет барысында заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері бір-бірімен тежемелік өрі тепе-тендік жүйесі арқылы іс-қимыл жасау принципін басшылыққа алады.

Биліктердің белінуі теориясы көпшілік мемлекеттерде көрінісін тауып, олардың конституцияларында құқықтық бекітілгендігі көрсетілді.

Осылайша, атақты ағартушы ғалым Ш.Л.Монтескъе негізін қалаған, адамның құқықтары мен бостандықтарын неғұрлым толық қамтамасыз етуді көздейтін биліктердің бөлінуі концепциясы классикалық теорияның түбірі болып танылғаны айқындалды.

Биліктердің белінуі теориясының егеменділігін алған біздің мемлекеттілігімізге тиімділігін "Қазақ ССР-нің тәуелсіздігі туралы" 1990 жылғы 25 қазаңдағы Декларациясы баянды еткені, оған дейін ССРО дәуірінде мемлекеттік биліктің біртұтас, бөлінбейтіндіп және оның жалпыхалықтық екендігі туралы теориялық концепцияның мызғымастығы, сол кездерде, биліктердің бөлінуі теориясына мойынсұнбауға басты негіз болғаны жөнінде айтылды.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің мәртебесі айқындалды. Мұнда мемлекеттік бштіктің тармағы сот билігіне берілген түсініктер қарастырылып, оларға байланысты пікір-көзқарасымыз айқындалып, өзіміздің анықтауымыз берілді.

Сот билігінің түсінігі, оған төн атқарылатын басты нысаны сот әділдігі арқылы бұл биліктің басқа да белгілері мен функцияларын айқындау тәсілімен көрсетілді.

Әсіресе, сот билігін мемлекет билігінің дербес, тәуелсіз тармағы ретінде қарастыру, оған жүктелген азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғауға, республика Конституциясының, зақдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет ететін мақсаттарымен түсіндірілді.

Сот саясатын заң шығарушы биліктің орнықтыратыны, өз кезегінде сот билігін мемлекеттің арнаулы органы соқтың ғана жүзеге асыратыны және бұл билік мемлекеттік қызметтің ерекше, әрі сапалы нысанына ие болатыны т.б. айқындалды.

Сот билігінің функциялары ретінде сот әділдігі, конституциялық бақылау, тәрбиелеу және заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерді түсіңдіру қарастырылды.

Бұл мәселеге байланысты ғалымдар арасындағы пікір таласулар көрсетілді және өз позициямыз анықталды. Әсіресе, сот әділдігі функциясын құқық қорғау функциясымен сабақтастыру туралы И.Л.Петрухиннің, В.А.Ржевскийдің және Н.М.Чепурнованың пікірінің дұрыс еместігін, сот әділдігінің ерекше, тек қана сотқа тиесілі екендігімен тұжырымдадық.

Аталған функциялардың ішіндегі конституциялық бақылау функциясын жетілдіру жөнінде пікір айтылды. Мұндай бақылау жүргізудің ССРО кезіндегі 1923 - 1933 жылдары аралығында болғаны көрсетілді.

Конституцияның 78-бабына талдау жасалынды.

Информация о работе Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар мен іске қатысушы тұлғалар