Саяси бостандықтар мен құқықтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2015 в 19:37, реферат

Краткое описание

Конституцияның 12-ші бабына сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Респулика азаматтарының құқықтары мен бостандықтары Қазақстан мемлекеті мойындайтын әрі кепілдік беретін өз азаматтарының белгілі мінез-құлқының заңдық мүмкіндіктерін білдіреді. Осының нәтижесінде өркениетті мемлекеттердегі адам мен азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтары толық көлемде Республика Конституциясынында бекітілген. Конституция бойынша оларды жеке, саяси, экономикалық және әлуметтік топтарға бөлуге болады.

Содержание

1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Саяси бостандықтар мен құқықтар.
2.2. Мемлекет ісін басқаруға қатысу құқығы.
2.3. Экономикалық құқықтар мен бостандықтар.
2.4. Конституциялық құқықтар мен бостандықтардың өздеріне тән құқықтық қасиеттері.
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4.ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

права.docx

— 32.29 Кб (Скачать документ)

в) азаматтардың негізгі міндеттері: Әр адамның басқа адамдардың алдында, қоғамның алдында, мемлекеттің алдында белгілі бір міндеттері бар. Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтау; басқа адамдардың құқықтарын; бостандықтарын; абыройы мен ар-намысын құрметтеу; Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеу, заңда белгіленген салықтарды, адамдарды, өзге де міндетті төлемдерді төлеу; Қазақстан Республикасын қорғау, әскери қызмет атқару, табиғат байлықтарына ұқыпты қарау, т.с.с.

г) отбасы құқығы – Ол қоғамның ең басты ұясы. Сондықтан мемлекет оған ерекше қамқорлықпен қарайды, мүмкіндігіне қарай көмектеседі, кім кімнің болсын сырттан заңсыз араласуын қорғайды. Әрине, некеге отырған, отау тіккен адамдарға мемлекет те белгілі бір талаптар қояды.

Қорытынды

          Қазіргі кезде Қазақстанда экономикалық және саяси жағдай тұрақтанған кезде, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беру және олардың жүзеге асырылуы маңызды болып отыр. Құқықтар мен бостандықтар мәселесін қараған кезде құқықтар мен бостандықтардың барлығының толық көлемде жүзеге асуы нақты демократиялық құқықтық мемлекет болған жағдайда орын алатындығын атап өткен жөн.

       Осы Конститутцияда азаматтардың барлық құқықтары мен бостандықтарына кепілдік берілетіндігі бекітілген. Оларға экономикалық, саяси, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, құқықтық, педагогикалық, тәрбиелік және сыртқы экономикалық кепілдіктер жатады. Әдетте, ғылыми әдебиетте адам құқығының экономикалық, саяси және идеологикалық кепілдіктері аталады. Кейде жалпы кепілдіктердің басқа да түрлерін, атап айтқанда қоғамдық, әлеуметтік және рухани түрлерге бөледі.

      Қазақ тіліне адам құқықтары жөніндегі негізгі әдебиеттің, халықаралық шарттардың мәтіндерінің, адам құқықтары бойынша басқа конвенциялар мен құжаттардың аударылуын қамтамасыз ету қоғамда бұл салада сауаттылықтың күрт көтерілуіне алып келер еді.

       Біздің республикамызда азаматтың азаматтық (жеке) құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылу мәселесі ғылыми әзірлік тұрғысынан алғашқы сатысында болып отыр және осы салада кең ауқымда қызмет етуге болады. Бұл саладағы жұмыс құқықтық демократиялық демократиялық әлеуметтік мемлекеттің қалыптасыуына, Қазақстан халқының игілігіне қызмет етіп, ал түбінде жалпы адамзат құндылықтары болып табылатын жеке адамның абыройының нығайуына қызмет етер еді.

        Қорыта  келгенде Қазақстан Республикасының Конститутциясы адамның құқықтық мәртебесіне қатысты халықаралық-құқықтық актілердің барлық ережелерін бекітетінін атап өткен жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Баққұлов С. /Құқық негіздері/ Оқулық, 2-ші басылым. Алматы, 2004 жыл.

2. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы: 2-басылымы – Алматы: Жеті жарғы, 2004 жыл.

3. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы

4. Жайлин Г.А Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы Жалпы бөлім: Алматы Жеті Жарғы 2001 ж.

5. Журсимбаев С. «Права человека в международно-правовых актах и Конституции РК»; Астана, 1998г.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтары

 

 

 

Орындаған: Жақанова Н.М.

Тобы: АГ-313

Тексерген: Башаева Н.Д.

 

 

 

 

 

Семей,2015ж


Информация о работе Саяси бостандықтар мен құқықтар