Меншікке карсы кылмыстар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2013 в 17:19, реферат

Краткое описание

Тонау пен карақшылык қоғамға өте қауіпті қылмыстар болып саналады, өйткені олар жәбірленушілерге материалдық зиян келтіріп қана коймай, олардың өмірі мен денсаулығына қастандық әрекет жасаумен байланысты болады. Сондай-ақ, қарақшылық, шабуыл мен тонауды, олардың негізінде баскесерлік шабуылдар, қорқытып алушылык және т.б. қылмыс жасайтын қылмыстық құрылымдар қалыптасатын топтар жиі жасайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ТОНАУ МЕН ҚАРАҚШЫЛЫҚ ТЕРГЕУДЩ ӘДІСТЕМЕСІ.docx

— 41.48 Кб (Скачать документ)

Егер жәбірленушіні  куәландыру нәтижесінде күш керсету  іздері табылса, лезде сот-медициналық  сараптама тағайындалады. Оның барысында  денсаулығына келген зиянның сипаты мен деңгейі туралы мәселелер  жиі шешіледі.

Қылмыскерді ұстау кезінде батыл, сонымен  қатар сақтанып әрекет ету қажет, себебі сезіктілер көбінесе қарулы болады. Ұстағаннан соң, лезде сезіктіні  тінту жүргізіледі. Тінтудің максаты  — қаруды, жәбірленушіден ұрлап  алынған заттарды, сонымен қатар  ұсталынған тұлғаға тиесілі емес және басқа тонау және қарақшылык кезінде ұрлануы мүмкін бұйымдарды тауып алу болып табылады. Айта кететін жайт, тонау мен карақшылық шабуыл жасаушы қылмыскерлер жәбірленушіден тартып алған құнды емес және бірден кезге түспейтін жеке белгілері  жоқ (тарақ, автоқалам т.с.с.) ұсақ бұйымдарды өзінің жеке басына пайдалану үшін қалдырады. Бірақ жәбірленушілер оларды онша байқала қоймайтын белгілері  бойынша таниды. Сондықтан тергеу барысында ұсталған тұлғадан табылған әрбір заттың кімге тиесілігін мұқият тексеру қажет.

Осы категориядағы  іс бойынша түрғын үйде тінту жүргізудін мақсаты — ұрланған және қару, киім ретінде пайдаланылуы мүмкін және сезікті  мен оның отбасына тиесілі емес заттарды табу. Сондай-ақ, тінту барысында  қару (мылтық, пышак, кастет) дайындау үшін қолданылатын материалдар мен жартылай дайын өнімдер, сонымен катар  қылмыскерлердің жасырыну кұралдары (маска ретінде пайдаланылатын кезге  лайықталған тесігі бар шұлықтар, париктер), қылмыс жасау кезінде  сезіктінің үстінде болған киім мен  аяқкиімдер жиі табылады.

Қаракшылық  шабуыл туралы іс бойынша ұсталған тұлғаны куәландыру мен киімін ұсталғанның киімін қараудың дәлел-демелік маңызы зор, атап айтқанда, куәландыру мен киімді қарау арқылы күресу іздерін және куәлер немесе жәбірленушілер хабарлаған сезіктінің денесіндегі татуировкалар мен басқа да ерекше белгілерді табуға болады.

Окиғаны көзімен  көрген тұлғалардан, куәлардан (егер олар бар болса) жауап алу ізін суытпай  жүргізілуі қажет, өйткені оларға қылмыскер, оның достары немесе туыстары жағынан  жағымсыз әсер етілуі мүмкін. Егер мұндай әсер жауап алғаннан кейін жасалса, олар мақсатына жете қоймайды. Жауап  алу кезінде, әдетте, жәбірленушіден де жауап алу кезіндегі мән-жайлар аныкталады.

Қылмыс жасады деген сезікті тұлға ұсталмаған жағдайда, тергеу әрекеттерімен қатар, белсенді түрде сезіктіні айқындап, окиғаның барлық мән-жайын анықтауға  бағытталған жедел іздестіру  шаралары жүргізілуі тиіс.

 

4. Келесі тергеу әрекеттері

 

Тонау және қарақшылық жайлы іс бойынша тергеудің  келесі кезеңінде куә ретінде  жауап алуға болатындар: мекеме, кәсіпорын және ұйым жетекшілері, ведомстволык, емес қорғау күзетшілері және жеке күзетшілер; сезіктінің туыстары мен  таныстары; жасалған қылмыска байланысты қандай болса да бір жайды білетін  басқа да адамдар. Анықталатын сұрақтар шеңбері жалпы сезіктіге қойылатын сұрақтармен сәйкес келеді. Сезікті мен жәбірленушінің туыстарынан, таныстарынан қосымша түрде олардың өмірбаянының деректері және тұрғылықты жері мен жұмыс орнынан қалай сипатгалатыны анықталады.

Қарастырылып  жаткан категориядағы іс бойынша  тергеудің келесі кезенінде әр түрлі  сараптамалар тағайындалады: сот-медициналык (тірі тұлғалар мен заттай дәлелдемелер), криминалистік (трасологиялық және қарутанушылык), сонымен қатар топырақтану, материалтану және басқа да сараптамалар.

Затгай дәлелдемелердің  сот-медициналық сараптамасы оқиға  болған жерде, сезікті немесе жәбірленушінің киімінде, не болмаса басқа заттарда: темекі тұқымы, қан іздері, шаш және т.б. табылғанда тағайындалады. Сараптамашыларға тергеу әрекеттері барысында табылып  алынған қаннын, басқа да денеден  бөлінген заттардың, сонымен бірге  шаштардың сезіктіден немесе жәбірленушіден алынған тиісті үлгілермен сәйкестігін  немесе айырмашылыған анықтау міндеті  қойылады. Кейде мұндай жағдайларда  оқиғаның анық-қанығын (мысалы, жәбірленуші  өзін жәбірлеген кезде кандай қалыпта  болғанын) анықтау үшін диагностикалық сараптама тағайындалады.

Трасологиялық сараптама барысында қолдың, аяккиімнің және т.б. іздерін нақты тұлға, сонымен  бірге доңғалақ іздерін нақты  көлік қалдыруы мүмкіндігі анықталады; қарутану сараптамасы заттың атыс каруына  немесе суық қаруға тиістілігін, қарудың  жасалу тәсілін (зауытта немесе колдан жасалуын), оқ немесе гильза накты қарудан атылған-атылмағанын аныктайды.

Сот-топырақтану  сараптамасы сезікті аяккиімінен  немесе көлік табанынан табылған топырақ бөлшектері окиға болған жердегі топырақпен бірдей немесе бірдей еместігін айкындайды.

Жауап алу  барысында айыпкерге қойылатын  сұрактар тергеудің бастапқы кезеңінде  жүргізілетін сезіктіден жауап алу  барысында анықталған сұрақтарға үқсас  болады. Әдетте тонау және қарақшылық жайлы іс бойынша айыпкерлер жалған жауап беретінін естен шығармаған жөн. Сондықтан жауап алу кезінде  дәлелдемені ұсыну тәжірибесі кең  қолданылады, сонымен қатар айыпкердін еркіне қарамастан оның кінәлігін дәлелдейтін мағлұматтарға, не екендігін анықтауға бағытталған тәсілдер, тергеушінің мағлұматтылығы туралы жауап алынушыда ұлғайтылған түсініктің тууы қолданылады.

Тонау және қарақшылық шабуылдарды тергеудің  келесі кезеңінде тануға ұсыну, айғақты оқиға орнында тексеру және басқа да тергеу әрекеттері жүргізіледі.

 

 

5.Тонау мен қаракшылық шабуылдарды табысты ашу және тергеудің негізгі шарттары

 

Қылмыстық оймен  азаматтардың тұрғын үйлеріне кіру арқылы жасалған қарақшылықтың аса әдепсіздігі, қатыгездігі және айқын пайдакүнемдік  — тойымсыздық бағыты, көп жағдайда, оларды тергеудін белгілі бір  күрделілігін туғызып, тергеушіден  біркатар шарттарды есепке алуды  талап етеді.

Қайта құру барысында құқық қорғау органдары  алдына қойылған қылмыстылықпен, әсіресе  онын, ұйымдаскан түрлерімен күресті  күшейту міндеттері талдау, сонымен  қатар ішкі істер органдарында жинақталған  озык тәжірибені зерделеу қарақшылық шабуылдарды ойдағыдай ашып, тергеудің  накты мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін келесі негізгі шарттарды атауға мүмкіндік береді:

-  азаматтардың  тұрғын үйлеріне кіру арқылы  жасалған қарақшылық туралы әрбір  хабарды аса жауаптылықпен және  жедел ілтипат алу;

—  алғашқы  тергеу әрекеттері мен жедел іздестіру  шараларын кешіктірмей және біліктілікпен  жүргізу;

—  тергеу барысында тергеушінің   ІІМ-нің  қызметтерімен, ҮҚК-мен өзара тығыз  әрекеттесуі, жұртшылық көмегі мен  бұқаралық ақпарат кұралдарын белсене  пайдалану;

-  қазіргі  таңдағы жедел, криминалистік  техника мен тергеудің ғылыми  әдістерін жан-жақты қолдану.

Жұртшылықтың  қылмысқа қарсы күреске қатысуы  құкық қорғау органдарының күшін  анағұрлым артгырады, осы міндетті тікелей атқаратын, сонымен қатар  еңбекші бұқаранын, мемлекеттік  аппарат қызметімен байланысының маңызды  түрі болып табылады, оларға құқықтық заңның қолданысын бақылау мүмкіндігін  туғызады, занды құрметтеуді және құқық бұзушылыққа жол бермеу сезімдерін тәрбиелейді. Бүл саладағы жүмыста бұқаралық ақпарат құралдары (теледидар, радио, бас-па) маңызды рәл  атқарады, өйткені олардан көмек  сұрау тергеуден жасырынып жүрген қылмыскерлер мен ұрланған мүліктерді іздестіруді табысты жүзеге асыруға, азаматтарға қарақшылык шабуыл жасауға  мүмкіндік туғызатын мән-жайлар мен жағымсыз істердің себебін жою  мақсатында алдын алу жұмыстарын белсенді жүргізуге мүмкіндік береді.

 

                            ҰРЛЫҚТЫ ТЕРГЕУ ӘДІСТЕМЕСІ

1. Ұрлықтың криминологиялық сипаттамасы. Анықтауға жататын мән-жайлар

2.Қылмыстық іс қозғау ерекшеліктері. Тергеудің бастапқы кезеңіндегі әдеттегі     жағдайлар және тергеушінің іс-әрекеттері

3. Бастапқы тергеу әрекеттері тактикасынын ерекшеліктері

  1. Кейінгі тергеу әрекеттері

 

1. Ұрлықтың криминологиялық сипаттамасы. Анықтауға жататын мән-жайлар

 

Ұрлықтар, немесе біреудің мүлкін жасырын ұрлау (алу), ең кең тараған қылмыстарға жатады. Ұрлықтың жиі жасалатын түрлері азаматтардың пәтерлерден, саяжайлардан гараждарынан ұрлық жасау, жеке заттарды вокзалдар мен поездардан ұрлау, базарларда, дүкендерде, кала көліктерінде, сонымен ақша, аудио- бейнетехника, алтын заттар, киім, автокөлік, мотоцикл, велосипед, сирегірек — ыдыс-аяқ, тағам заттары (сая-жайларды тонағанда) қылмыстық әрекеттің тікелей заты болып табылады.

Соңғы уақытта  астық ұрлау кең етек жайып  келеді, сонымен қатар дүкендерден, қоймалардан және материалдық құндылықтарды сақтап, өткізетін басқа да орындардан да ұрлық жасалады.

Ұрлық жасау тәсілдері әр түрлі. Оларды мынадай тәртіпте жүйеленеді:

1. Түрғын  жайлардан ұрлық жасау. Олар бұзу, аркылы есікті, терезені т.б.) және бұзусыз (сәйкес құлыпқа сөйкес кілт табу арқылы) жасалады.

2. Тұрғын-жайға кірмей азаматтардың мүлігін ұрлау. Оларға қалта тонау сөмкелерінен зат ұрлау, олардын, ішінде сөмкені, қалтаны кесіп ұрлау; мас адамдарды тонау; чемодандарды, сөмкелерді, басқа да заттарды ұрлау жатады.

3.  Сенімге  кіру арқылы ұрлық жасау. Олардың ішінде тұрғын-жайға кіріп, яғни жәбірленуші мүлік тұрғын жайға немесе пәтеріне ұрлықшыны кіргізгенде және жайға кірмей (мәселен, жолаушы өзінің мүлігін күзетуді өзіне таныс емес тұлғаға тапсырғанда) жасалған ұрлықты атауға болады.

4. Көлік ұрлығы.

6. Авткөліктен  ұрлау.

Бүл жерде  жиі кездесетін ұрлык тәсілдері келтірілген. Қылмыскерлер әдеттен тыс тәсілдерді де жиі қолданады.

Пәтерді иелері үйде болмағанда, яғни күндіз тонайды, ал тұрғын жайға кірмей ұрлык жасау таңертеңгі, кешкі уақытта және күндіз де жасалады. Қалта тонаушылар өз істерін адамдар көп жиналатын жерлерде (қала көлігінде, дүкендер) жасайды.

Ұрлық жасау  барысында қалдырған қылмыскерлердің  іздері әр түрлі болады және олар ұрлықтың түрі мен оларды жасау тәсілдеріне  байланысты болады. Мәселен, жайлар мен  автокөліктерден ұрлык жасағанда  көбінесе ұрлықтың материалда іздері қалады (бұзу, құралдарының, қолдың, аяқкиімнің іздері). Сенімге кіру арқылы жасалған ұрлықтарда, керісінше, иделды іздер  қалады (жәбірленушілер, кейде куәгерлер  де қылмыскердің түр-әлпетінің толық  сипаттамасын беріп, әдетте оны таниды). Ал жайға кірмей жеке мүлікті ұрлаған  кезде (қалта тонау) із калмайды.

Оларды кейде  жедел-іздестіру тәсілдері арқылы ғана ашады. Ұрлықтың кебін кәмелетке  толмағандар және арақ ішетін, есірткі  пайдаланатын адамдар қаражат табу үшін жасайды.

Сенімге кіріп  ұрлық жасайтьш кылмыскерлер, әсіресе  қалта тонаушылар, әдетте мұқият әзірленген тәсілдерді колданады, сондықтан осы  тәсілдер жазасыз қалып ондаған  қылмыстарды жасауға мүмкіндік  береді. Сонымен бірге, бас бостандығынан  айыру орындарынан босағаннан кейін  қылмыскерлер ұрлықты сол тәсілдермен  қайтадан жасайды.

Ұрлықшылардың жартысынан көбінің білімі ортадан  төмен болып келеді. Көбі ұрлық  үшін ғана емес, басқа да қылмыстар  үшін сотталған болады.

Ұрлық, қылмысын тергеу барысында анықтауға жататын  мән-жайлар ұрлықтың болған-болмағаны; ұрлық жасау уақыты, орны және жағдайлары; ұрлық заты (қылмыскер не ұрлады), оның құны, белгілері; ұрланған зат  кімдікі; ұрлық жасау тәсілі; ұрлық  субъектісі (кім жасады); ұрлықты  қылмыстық топ жасады ма, егер солай  болса — топтың әр мүшесінің кінәлік  деңгейі, ұрланған затты өткізу орны уақыты және тәсілі, кінәлілердің жазасын  жеңілдететін немесе ауырлататын мөн-жайлар; ұрлықтың жасалуына мүмкіншілік  берген себептер мен жағдайлар.

 

2.Қылмыстық іс қозғау ерекшеліктері. Тергеудің бастапқы кезеңіндегі әдеттегі жағдайлар және тергеушінің іс-әрекеттері

 

Ұрлық туралы қылмыстық істі қозғау сылтаулары: жәбірленушілердің арыздары; мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдардың лауазымды түлғаларынын, сондай-ақ жеке мекемелер мен кәсіпорындары қызметкерлерініңосы құрылымдарға тиесілі мүліктің ұрланғаны туралытың белгісі бар фактілер туралы арыздары; тергеушінің өзінің немесе анықтау органының қылмыс белгілерін табуы. Әдетте ұрлық белгілері бар оқиға туралы хабар алғаннан кейін алдымен мәлімдеушіден қысқаша жауап алу керек. Лезде сезіктілерді іздестіруді ұйымдастыру үшін жауап алуды неғүрлым аз уақыт алу керек. Егер жәбірленушінің мәлімдемесінде қайшылықтар болса немесе басқа себептермен күмән тудырса, қылмыстық істі қозғау туралы мәселені шешу үшін оқиға орны қарайды.

Ұрлық қылмысын тергеудің бастапқы кезеңіне үш әдетті тергеу жағдайлары тән:

1) қылмыс  жасағанда сезікті тұлға ұсталды;

2)  қылмыс жасағанға сезікті тұлға ұсталған жоқ, бірақ ол туралы белгілі мәліметтер бар;

3)  қылмыс жасаған тұлға туралы мәліметте құкық қорғау органдарында жоқ.

Аталған жағдайлардың тергеушінің немесе анықтау жүргізетін адамның іс-әрекетінің арнайы бағдарламаса бар.

Бірінші тергеу жағдаятының мақсаты ұсталған адамның  жасалған қылмысқа қатыстылығы туралы жалпы дәлелдемелерді жинау (окиғаның нақты мән-жайларын аныктау, ұрланған заттың жатқан орнын табу, т.б.). Бұл жағдайда тергеуші әрекеттерінің келесі бағдарламасы тиімді болады: ұстау, жеке тінту, қажетті жағдайда — сезіктіні куәландыру; оқиға орнын қарау; жәбірленушілерден (немесе материалды жауапты тұлғалардан) және куәгерлерден жауап алу; сезіктіден жауап алу; сезіктінің тұрғын орнын тінту.

Екінші тергеу жағдаятында тергеудің негізгі  бағыты — қылмыстың материалдық шығынын зерттеу, сезікті түлғалар туралы, ұрланған мүлік пен құндылықтар туралы, қылмыстың басқа мән-жайлары туралы дәлелдемелерді жинап, бекіту. Бұл жағдайды бастапқы тергеу әрекеттерінің келесі жүйесі тиімдірек болады: жәбірленушілерден немесе материалды жауаптылығы бар тұлғалардан жауап алу; оқиға орнын қарау; куәгерлерден жауап алу; сот сараптамасын тағайындау. Сонымен бірге тиісті жедел-іздестіру шаралары жүргізіледі.

Информация о работе Меншікке карсы кылмыстар