Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 14:40, курс лекций
Мемлекеттік қызметкер - мемлекеттік органда белгіленген тәртіппен ақы төленетін қызметті иеленген және мемлекеттің міндеттері мен қызметін іске асыру мақсатында қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.
Мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы – мемлекеттік қызметшінің құқық бұзушылық жасаған үшін жекелік, мүліктік және ұйымдық сипаты бар белгілі бір қиындық кешу міндеті.
Мемлекеттік қызметшілер жауаптылығының түрлері және оның пайда болуының нақты негіздері:
1) Тәртіптік – тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін;
2) Әкімшілік – әкімшілік-құқық бұзушылық жасағаны үшін;
3) Қылмыстық – қылмыс жасағаны үшін;
4) Материалдық – мүліктік зиян келтіргені үшін.