Қазақстан Республикасындағы жетім балалардың құқықтық жағдайлары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2014 в 18:18, реферат

Краткое описание

Жетім - ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала болып табылады. Сондай - ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған бала.

Содержание

І. КІРІСПЕ
І. 1. Жетімдік. Жетімдіктің негізгі себептері.
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ІІ.1. Ата-ана қамқорлығынан айырылған балалардың қоғамдағы рөлі
ІІ. 2. Қазақстандағы ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларды қорғау ұйымдары мен шаралары
II. 3. Қазақстандағы ата-ана қамқорлығынан айырылған балалардың статитикалық көрсеткіші
II. 4. Шетелге асқан ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар
II. 5. Ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларды асырап алудағы құқықтары мен міндеттері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

ҚР жетімдер құқығы.docx

— 39.92 Кб (Скачать документ)

Айталық, бүгінде жетім балалар паналайтын мекемелерде 16 мыңнан астам бала тәрбие көреді. Оның 3 мыңнан астамы тұлдыр жетімдер, 1922 баланы бағудан жақындары бас тартқан, 1019-ы тастанды сәбилер. Сол сияқты, панасыз қалған – 6 мың бала, 1146 түрмеде мерзімін өткеріп жатқандардың, 3 мың іздеуде жүрген қашқындардың, 1 мың медициналық мекемелерде емделіп жатқандардың баласына осы мекеменің дәм-тұзы бұйырып отыр. Олардың әрқайсысын бағып-қағып, тәрбиелеуге мемлекет жылына АҚШ ақшасымен есептегенде 3600 доллар шығындайтын көрінеді. Баласының бар жүгін мемлекетке арқалатып қойып, ардан да, адамдықтан да безіп жүрген азғындардың әрекетіне не шара?

Дегенмен, Алла әлемнің тепе-теңдігін сақтаған ғой, “жетім көрсең, жебей жүр” дейтін қағиданы ұстанған қайырымды жандардың жүрегі қашан да қараусыз қалған сәбилерге елжіреп тұратын болса керек. 2004 жылы құрылған “Бала үміті” атты қоғамдық қайырымдылық қоры қазір Қазақстан Республикасы Конституциясының негізінде жұмыс істеуде.

Бүгінде қор балалар мекемелерінің тапсырысы, Білім және ғылым министрлігі балалар құқығын қорғау жөніндегі комитетінің ұсынысы бойынша ізгілікті жобаларды жүзеге асыруда. Ол сонымен бірге Қазақстан Республикасындағы БҰҰ-ның ЮНИСЕФ балалар қорымен, “Шығармашыл, бастамашыл әйелдер лигасы” қоғамдық бірлестігімен, «Қазақстандағы дағдарыс орталықтары» одағымен, “Адам құқығы және заңдылықтарды сақтау жөніндегі Қазақстандағы халықаралық бюромен” және басқа да үкіметтік емес ұйымдармен тығыз араласып, мына дүрбелеңі мол өмірдегі кедергілерді аттап, бала жүрегінің қуанышы, сәби күлкісі үшін уақыт ұттыратын сәттері жетерлік.


Сондай-ақ, мемлекетімізде Сара Назарбаеваның бастамасымен жетім балаларды қамқорға алатын «Бөбек» қоры 1994 жылдан бастап жұмыс атқарып келеді.

«Үміт» балалар үйлеріне  жас аналар бас тартқан балаларды қабылдайды. Ол келісімшарт бойынша 7 жылға жасалады, егер анасы мүлдем бас тартқан болса, отбасы үлгісіндегі балалар үйіне жіберіледі.

Жүзеге асырылған жобалар 2004 жылы 2298430 теңгені құраса, 2005 жылы 4067367 теңге, ал биылғы тоғыз айда 5238370 теңге болды. Қаржы айтарлықтай көп болмаса да, атқарылған жұмыс ауқымын, адамға деген қамқорлықты ештеңемен өлшеуге болмас.

Бұл жетім балалар мәселесі біздің еліміздегі, расында, шешілмей келе жатқан, жүректі ауыртатын ең үлкен мәселе. Оның шешілмей жүрген себебі, жетімдер тағдырына немқұрайлы қарайтын Үкімет бұл мәселені мықтап қолға алған емес. Мысалы, Мәжіліс депутаты Тито Сыздықов былай деп айтады: «Біз қаншама рет мәселе көтеріп, депутаттық сауал жолдадық, Үкімет оны құлағына да ілген жоқ. Бір айта кетерлік жайт, бізде жетімдер мәселесі олардың шетелдіктерге берілуі тұрғысынан ғана туындап отырған жоқ. Мен, мысалы, еліміздегі жалпы жетім балалар мәселесін көтеріп, бірнеше рет депутаттық сауал жолдадым. Себебі бізде мемлекет тарапынан жетім балаларға толыққанды көмек көрсетіліп жатқан жоқ. Сөзімізді таратып айтар болсақ,  қазіргі  заңымыз бойынша   мектепті  бітіргеннен кейін жетім балалар далада қалып жатыр.

 

II. 3. Қазақстандағы  ата-ана қамқорлығынан айырылған  балалардың статитикалық көрсеткіші

 

Ресми ақпараттарға сүйенсек Республикамызда 75000 жетім бала ар екен, олардың 660 интернат ұйымдарында тәрбиеленуде, олардың ішінде: жалпы және санаторий түріндегі мектеп-интернаттарда - 37 541 бала, мектеп жанындағы интернаттарда - 15 096 бала, балалар үйлері мен жетім балаларға және ата анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп–интернаттарда - 12 574 бала, кемтар балаларға арналған түзеу мекемелерінде - 12 599 бала, ерекше тәрбиелену жағдайларына мұқтаж балалар мен жасөспірімдерге, мінез құлқы девиантты балаларға арналған мектеп-интернаттарда - 884 бала, отбасы үлгісіндегі балалар ауылдарында – 281 бала, отбасы үлгісіндегі балалар үйлерде тәрбиеленуде. Жетім қалған балалардың негізгі бөлігі білім беру және әлеуметтік қорғау органдарының интернат мекемелерінде тәрбиеленуде. Мұндай мекемелерде бала, бірінші кезекте, ата-анасының қамқорлығына зәру, бұл оның табиғи дамуына кері әсер етіп, нәтижесінде ауыр психологиялық салдарларға әкелуі мүмкін. Балалар еркін қоғамдағы жауапты өмірге дайын болуға тиіс. Ал жетім бала балалар үйінен түлек болып шыққаннан кейін күн сайын ересектердің көмегінсіз бастан кешіруіне тура келетін түрлі проблемаларды шешуге қауқары жоқ. Балалар үйлері түлектерінің ішінде олардың қатарластарына қарағанда, қылмысқа қатысушылар немесе қылмыс құрбандары неғұрлым жиі ұшырасады, жұмысынан немесе тұрғын үйінен неғұрлым жиі айрылады, ал өз отбасын әрең құрса, оның нашақорлық немесе маскүнемдік жолға түсуі тіпті оңай, сонымен қатар олардың арасында суицид құрбандары да жиі кездеседі. Бұл - олардың жеке-дара өмірге енуінің үлкен қиындықтармен ұштасып, әр уақытта табысты жүрмейтінінің белгісі.

II. 4. Шетелге  асқан  ата-ана қамқорлығынан  айырылған балалар

 

1999 жылдан бері шетелдік азаматтар 8169 қазақстандық баланы бауырына  басыпты. Бұл – асырап алынған (37 450 бала) балалардың жалпы санының 21,7 пайызы. Ал соңғы он жылда 28 829 (77,1 пайыз) баланы қазақстандықтар және 452 (1,2 пайыз) баланы олардың шетелдердегі туыстары асырап алыпты. «Өткен жылы 3 мыңнан астам жетімдер өзінің жаңа отбасын тапса, тағы да 1 мыңнан астам адам бала асырап алғысы келетіндердің кезегінде тұр», – деді Жансейіт Қансейітұлы. Айғақ болатын тағы бірер сандарды келтірелік. Он жыл ішінде жәудіркөз жетімдер әлемнің 30 еліне әкетілген. Біздің жетімдерімізді асырап алудан бірінші орында – АҚШ (6406 бала), екінші орында – Испания (600), үшінші орында Бельгия (343) тұр. Одан әріде немістер – 173, канадалықтар – 167, ирландықтар – 140, француздар 131 жетімімізді асырап алған. Енді мынадай бір қызық дерекке назар аударалық. Шетел асқан 8169 тұл жетімдердің 3752-сі – қазақтар (45,9 пайыз), 4057-сі – орыстар (49,7 пайыз) және 360-ы басқа ұлттар (4,4 пайыз) екен. Онда да басқа ұлттардың арасында өзбек, тәжік, түрiкмен, қырғыз ұлтының бірде-бір баласы жоқ. Неміс, украин, белорус, татар, поляк, молдован, грек, кәріс, грузин, шешен, армян және ұйғыр ұлтының өкілдері ғана бар.

 

II. 5. Ата-ана  қамқорлығынан айырылған балаларды  асырап алудағы құқықтары мен  міндеттері

 

1. Баланы  асырап алушы баланы тәрбиелеуге, оның денсаулығы, дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан  дамуы жөнінде қамқорлық етуге  міндетті.

2. Бала асырап  алушы баланың пікірін және  уәкілетті қорғаншы және қамқоршы  органдардың нұсқамасын ескере  отырып, өз бетінше тәрбие беруге  құқылы әрине заңға қайшы боласа.

3. Бала асырап  алушы баланың пікірін ескере  отырып, оның міндетті орта білім  алғанға дейін білім беру мекемесін  және баланы оқыту нысанын  таңдауға құқығы бар және баланың міндетті түрде орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.

4. Шетелдік  бала асырап алушылар Қазақстан  Республикасының дипломатиялық  өкілдіктеріне және консулдық  мекемелеріне асырап алған баланың  денсаулық жағдайы туралы есеп  береді. Баланы асырап алу тәртібі. 5. Шетелдік азаматтардың, соның ішінде балалардың туысқандары болып табылатын адамдардың, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының балаларды асырап алуы туралы істері аудандық (қалалық) соттарда қаралады. Бала асырап алушының және асырап алынған баланың құқықтары мен міндеттері баланы асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап туындайды. Сот баланы асырап алу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде осы шешімнің көшірмесін шешім шығарған орны бойынша азаматтық хал актілерін жазатын орган мен қорғаншы және қамқоршы органға жіберуге міндетті. Бала асырап алу азаматтық хал актілерінің мемлекеттік тіркеуі үшін белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге тиіс.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келе балалар үйі жағдайында болу тәрбиеленушілердің психикалық дамуындағы ерекшеліктердің пайда болуына алып келетіні белгілі. Негізінде бұл психикалық даму мен негативті тұлға құрылымдарының қалыптасуындағы кедергілер.

Балалар үйінде тәрбиеленуші жетім балаларда маңызды әлеуметтік институт – отбасының әсері болмайды. Тәрбиеленушілер үшін балалар үйі – уақытша орын және оқуды бітіргеннен кейін балалар ашық социумға өз еркінше  өмірге жіберіледі.

Тәрбиеленушілерді әлеуметтік бейімдеу бойынша жұмыстардың тиімділігінің негізгі өлшемдері балалар үйінен шыққаннан кейін олардың қоғамда өз бетімен еркін өмірге бейімделуінің жоғары деңгейі болып табылады. Тәрбиеленушілердің  бейімділігінің негізгі көрсеткіштері ретінде келесі белгілерді көрсетуге болады: біріншіден, тәрбиеленуші қаншалықты өзінің білімін жалғастыра алды, мамандық бойынша қаншалықты дайындала  алды; екіншіден, тәрбиеленуші қаншалықты жұмысқа орналаса алды; үшіншіден, ол қаншалықты өз отбасын кұрып, балаларын тәрбиелей алды.

Балалар үйі тәрбиеленушілерінің әлеуметтік жұмыстардың түзету-дамыту бағыттылығын жүзеге асыру кезінде тәрбиеленушілер тұлғасы дамуындағы кедергілер мен негативті ауытқушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі және мақсатты жұмыстар жүргізу қажет, қалыптасып кеткен негативтік тұлғалық құрылымдарды түзету және сәтті өзіндік өмірге талап етілетін тұлға сапалары мен қасиеттерін дамыту қажет.

Тәрбиеленуші тұлғаның дамуына балалар үйінде болудың әсер етуін жеткіліксіз есепке алу және бұл әсерді түзету бойынша жүйелі және  мақсатты жұмыстың  жоқтығы тәрбиеленушілерде әртүрлі тұлғалық қарама-қарсы құрылымдарды, психикалық дамудың ауытқушылығын дамытады, яғни бұл      балалар үйінен шыққан түлектердің әлеуметтік бейімсіздігіне әкеп соқтырады. Сондықтан біздің ұсынымыз, жетім балаларды қоғамға бейімдеуде балалар үйінде және мектеп-интернаттарда оқыту-тәрбиелеу процесінде әлеуметтік бейімдеу бойынша нұсқаулықтарды кеңінен қолдану керек.

Балаларды қоғамға бейімдеу түзету-дамыту жұмыстары бағытында жүргізілу керек.

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1. Болдырев Н. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. -Алматы, 1987. 

2. Қазақстанда  жетім балалармен әлеуметтік  жұмыс жүргізу мәселесінің құқықтық  негіздері. – Алматы: Ұлт тағлымы, 2005. – № 4. – Б.314-318.

3. Жетім балалармен  әлеуметтік жұмыс – өзекті  мәселе. – Алматы: Қазақстан жоғары  мектебі, 2005. – № 4. – Б.233-235.

4. Жетім балалардың  әлеуметтенуінің кейбір ерекшеліктері //Мектепке дейінгі және бастауыш  білім: қазіргі жағдайы, даму тенденциялары  және мәселелері халықаралық  ғылыми-практикалық конференция  материалдары. – Алматы, 2007. – Б.118-123.

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасындағы жетім балалардың құқықтық жағдайлары