Азаматтық іс жүргізу ұғымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2014 в 22:19, доклад

Краткое описание

Азаматтық іс жүргізу бұл сот және басқа субьектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процессуалдық әрекеттер жиынтығы. Іс жүргізудің басты мақсаты – бұзылған құқықты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау болып табылады. Азаматтық іс жүргізу соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б.) процессуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды

Прикрепленные файлы: 1 файл

Азаматтық іс жүргізу ұғымы.docx

— 12.63 Кб (Скачать документ)

Азаматтық іс жүргізу ұғымы

Азаматтық іс жүргізу бұл  сот және басқа субьектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі  құрылатын азаматтық іс жүргізу  құқығының нормаларымен реттелген  азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процессуалдық әрекеттер жиынтығы. Іс жүргізудің басты мақсаты –  бұзылған құқықты қалпына келтіру  немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау болып табылады. Азаматтық іс жүргізу  соттың, тараптардың (талап қоюшы  мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот  хатшысы және т.б.) процессуалдық  әрекеттерін, олардың іс жүргізу  құқықтары мен міндеттерін жинақтайды. Сотқа басқа да қатысушыларға  процеске қатысу мақсатына жету үшін заңмен белгіленген іс жүргізу құқықтары  беріліп, соған сәйкес іс жүргізу  міндеттері жүктеледі. Іс жүргізу құқықтар мен іс жүргізу міндеттер процесі  барысында жүзеге асырылады.

Азаматтық іс жүргізудің нысанына тән белгілері

а) сот істерін қарау  мен шешу тәртібі алдын ала  азаматтық іс жүргізу құқықтық нормаларымен белгіленген;

б) істің аяқталуына мүдделі  тұлғалардың сот мәжілісінде  іс қарауына қатысуға құқығы бар және өз құқықтары мен мүдделерін қорғай алады;

в) сот шешімі іс бойынша  сот отырысында дәлелдемелер арқылы анықталған деректерге сүйенуі қажет  және ол заңға сәйкес болуы керек

«ҚЫЛМЫС» ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БЕЛГІЕРІ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК  ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАМЫ.  
 
«Қылмыс» ұғымы және оның белгілері.  
Қылмыс – бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. «Қылмыс» ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 – бабында берілген: «Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет – қылмыс деп танылады».  
Қылмыстың төмендегідей белгілерін атап өтейік.  
1. Қылмыс әрқашан іс – қимыл болып табылады, яғни, ол әрекетпен де, әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін.  
Әрекет – бұл қылмыс жасаудың белсенді нысаны. Әрекетсіздікте кінәлі адам өзі жасай алатын әрекетті және жасалуы тиіс әрекетті жасамайды. Адамның ойлау қызметі жазаланбайды, өйткені ол қоғамға қауіпті теріс қылық жасауға алып келмейді.  
2. Қылмыс – бұл қоғамға қауіпті әрекет, яғни ол қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіруге нақты қауіп төндіреді.  
3. Қылмыс - әрқашан құқыққа қайшы болады. Құқыққа қайшылық – бұл қылмыстық заңның әрекетке тыйым салуы. Құқыққа қайшылық деп қылмыстық кдексте бекітілген тыйымды қылмыс жасаған адамның бұзуын айтады.  
4. Қылмыстың міндетті белгісінің бірі адамның кінәсінің болуы. Қасақана немесе абайсызда жасалған әрекет қылмыс болуы мүмкін.  
5. Жазалану. Егер әрекет жазаланбайтын болса, онда ол қылмыс ретінде қарастырылмайды. Әрбір қылмыс үшін қылмыстық кодексте жаза қарастырылған. 


Информация о работе Азаматтық іс жүргізу ұғымы