Оқытушы берген нұсқа бойынша мәліметтер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2014 в 18:42, реферат

Краткое описание

Цифрлы технология казырғы кезде бүкіл әлемде жақсы дамып жатыр. Цифрлық байланыстың сапасы аналогтыға қарағанда анағұрлым жоғары. Оларға бөгеуілдер көп әсер етпейді. Цифрлық телфондар бізге нешетүрлі жаңа қызметтерді ұсынады. Қазырғы кездегі телекоммуникациялық саланың дамуының негізгі бағыты байланыс жүйелерін цифрлық түрге көшіру болып табылады. Ақпаратты цифрлық түрде көрсету оның байланыс жолдарымен таралу кезінде регенрерацияны ( қайта қалпына келтіру ) жүзеге асырады. Сол себепті, ақпаратқа әсер ететін бөгеуілдер мен бұрмаланулардың әсері азаяды. Бұл жағдайда ақпаратты беру сапасы аналогты жүйелерге қарағанда өте жоғары болады

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1. ЦИФРЛЫҚ АБОНЕНТТІК ЖЕЛІЛЕР...................................................................5
1.1 Абоненттік желілер және оларды ұйымдастыру................................................7
1.1.1 Желі, оның құрылымы мен сипаттамасы...............................................7 1.1.2 Абоненттік желіні ұйымдастыру тәсілдері.....................................8 1.2 Цифрлық абоненттік желілерге жалпы түсінік..................................................9
1.2.1 Абоненттік желіні цифрландырдың негізгі принциптері...................11
1.2.2 Цифрлық абоненттік желілер мүмкіндіктері мен ерекшекліктері….12
1.2.3 Цифрлық абоненттік желілерге қатынау тәсілдері.............................12
1.2.4 Цифрлық абоненттік желілер технологиялары...................................13
1.2.5 Цифрлық абоненттік желілердің қазіргі кездегі қолданысы.............14
2. ЕКІНШІ РЕТТІ КОММУТАЦИЯЛАНБАҒАН ЖЕЛІНІ ҚҰРУ......................20
2.1 Оқытушы берген нұсқа бойынша мәліметтер..................................................20
2.2 Байланыс матрицасын құру................................................................................20
2.3 Түйіндер үшін бұтақ құру...................................................................................21
2.4 Жолдар жиынын табу..........................................................................................23
2.5 Жолдар кестесін құру..........................................................................................23
2.6 Қысқа жолды анықтау.........................................................................................23
2.7 Торап құрылымның сенімділігін анықтау........................................................25
2.8 Әр жолдың сыйымдылығын есептеу.................................................................26
2.9 Әр жолдың сыйымдылығы есептеу...................................................................27
2.10 Ағымдағы ақпаратты үлестіру.........................................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАНӘДЕБИЕТТЕР……………………………………..…………...30

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЦИФРЛЫЌ АБОНЕНТТІК ЖЕЛІЛЕР.doc

— 3.19 Мб (Скачать документ)

Мазмұны

 

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1. ЦИФРЛЫҚ АБОНЕНТТІК ЖЕЛІЛЕР...................................................................5

1.1 Абоненттік желілер және оларды ұйымдастыру................................................7

1.1.1 Желі, оның құрылымы мен сипаттамасы...............................................7 1.1.2 Абоненттік желіні ұйымдастыру тәсілдері.....................................8           1.2 Цифрлық абоненттік желілерге жалпы түсінік..................................................9

1.2.1 Абоненттік желіні цифрландырдың  негізгі принциптері...................11

1.2.2 Цифрлық абоненттік желілер  мүмкіндіктері мен ерекшекліктері….12

1.2.3 Цифрлық абоненттік желілерге қатынау тәсілдері.............................12

1.2.4 Цифрлық абоненттік желілер  технологиялары...................................13

1.2.5 Цифрлық абоненттік желілердің  қазіргі кездегі қолданысы.............14         

2. ЕКІНШІ РЕТТІ КОММУТАЦИЯЛАНБАҒАН ЖЕЛІНІ ҚҰРУ......................20

2.1 Оқытушы берген нұсқа бойынша  мәліметтер..................................................20

2.2 Байланыс матрицасын құру................................................................................20

2.3 Түйіндер үшін бұтақ құру...................................................................................21

2.4 Жолдар жиынын табу..........................................................................................23

2.5 Жолдар кестесін құру..........................................................................................23

2.6 Қысқа жолды анықтау.........................................................................................23

2.7 Торап құрылымның сенімділігін анықтау........................................................25

2.8 Әр жолдың сыйымдылығын есептеу.................................................................26

2.9 Әр жолдың сыйымдылығы есептеу...................................................................27

2.10 Ағымдағы ақпаратты үлестіру.........................................................................27

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................29

ҚОЛДАНЫЛҒАНӘДЕБИЕТТЕР……………………………………..…………...30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Цифрлы технология казырғы кезде бүкіл әлемде жақсы дамып жатыр. Цифрлық байланыстың сапасы аналогтыға қарағанда анағұрлым жоғары. Оларға бөгеуілдер көп әсер етпейді. Цифрлық телфондар бізге нешетүрлі жаңа қызметтерді ұсынады. Қазырғы кездегі телекоммуникациялық саланың дамуының негізгі бағыты байланыс жүйелерін цифрлық түрге көшіру болып табылады. Ақпаратты цифрлық түрде көрсету оның байланыс жолдарымен таралу кезінде регенрерацияны  ( қайта қалпына келтіру ) жүзеге асырады. Сол себепті, ақпаратқа әсер ететін бөгеуілдер мен бұрмаланулардың әсері азаяды. Бұл жағдайда ақпаратты беру сапасы аналогты жүйелерге қарағанда өте жоғары болады. Сигналды тарату қашықтығы ұлғайғанда, регерациялау қашықтығы өте аз шамаға кішірейеді. Мысалы, байланыс жолын 100 есе ұзартсақ , ақпаратты тарату сапасы нашарламау үшін регенерациялау қашықтығын бірнеше процентке азайту жеткілікті. Дискретті сигналдың топтық трактыға біріктіргенде, ЦТЖ таралу жылдамдығы топтық сигалдың жылдамдығына жақындайды.

Сиглалды цифрлық түрде тарату және комутациялау бір ғана платформаның ішінде жүзеге асады. Ол дегеніміз апаратты жасау қыйындығын, бағасын, қоладанатын энергиясын, габариттерін ( көлемін ) азайтады. Осымен қатар жүйелерді эксплуатациялауды жеңілдетеді, сенімділігін арттырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Цифрлық  абоненттік желінің мүмкіндіктері

         Қазіргі  уақытта дүние жүзінде цифрлық  телефония жүйесі тез дамып  келеді. Цифрлық телефондық байланыстың  сапасы қазіргі аналогтыға қарағанда едәуір жоғары, өйткені цифрлық желідегі сигналдар көптеген кедергілерден қорықпай өте береді. Цифрлық абоненттік желілер көптеген қосымша қызметтер түрін көрсетуге мүмкіндік береді. Яғни, сол бір телефондық желіге әр түрлі құрылғыларды: телефондық аппарат пен компьтерді қосуға мүмкіндік береді.

        Цифрлық желі  дегеніміз – абоненттік аппараттар  арасында ақпарат тек цифрлық формада берілетін торап. Сонымен, цифрлық сигнал деп импульстардың тізбегін айтамыз. Егер импульстың барын 1, ал жоқтығын 0 деп алатын болсақ, онда импульстық тізбекті екі цифрдың 0 және 1 кезектесіп келу жүйесі деуге болады. Осыдан «цифрлық сигнал» деген ұғым пайда болды. Бұл сигнал «екілік жүйе» деп аталатын екі мағынаны 0 және 1 қабылдайды. Цифрлық сигналда бір позиция бір бит болатын болса, онда ол 0 және 1 болуы мүмкін. Цифрлық абоненттік желіде сандық сигналды таратуда – беріліс жылдамдығы ұғымы енгізіледі. Ол бірлік уақытта, яғни бір секундта берілетін бит санын білдіреді.

        Цифрлық желі  құрылымы аналогты екіншілік желі құрылымынан әлдеқайда қарапайым, оның себебі:

1) Коммутациялық цифрлық жүйелердің  максималды сыйымдылығын шектеу (мұндай аналогты шеткі станциялар  мен түйіндер  үшін бар) жоқ  болып табылады. Сондықтан берілген  сыйымдылықта цифрлық желі құру үшін станциялардың аналогты желі құруға қарағанда аз саны талап етіледі.

2) ИКМ-мен беріліс жүйесін қолданудың  арқасында станциялар мен түйіндер  арасындағы ара қашықтыққа шектеудің  жоқтығы.

        Мұндай желі  станциялары бір-бірімен «әрқайсысы-әрқайсысымен» тәсілі бойынша ИКМ желісімен байланысуы мүмкін және шеткі немесе транзитті түрде де қолданыла береді. Осындай қасиеттерге ие желі көптеген қызмет түрлерін қолдай алады: телефондық, деректер мен көріністерді беру, және оны  интегралды қызмет көрсетудің цифрлық желісі деп атау қабылданған. Цифрлық желі станциялары шеткі және транзитті функциялары жүзеге асырып, алпыс мыңға дейін және одан да көп порттарды қамти алады.

         Цифрлық  абонеттік желіде бір жерге  шоғырланған шеткі станциялар  жабдықтары қолданылады. Бұл абоненттік желі шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

 

Цифрлық абоненттік желінің жұмыс істеу принципі

 

    Үзіліссіз токты кодалық  комбинацияланған импульстарға  ауыстыруды импульсты – кодалық  модуляция (ИКМ) деп атацды. Кейде  бұл жүйені ИКМ жүйесімен цифрлық тарату жүйесі деп те атайды.

    Қалалық телефондық кабелдер  цифрлық ақпаратты 2 Мбит/с жылдамдықта  тарату үшін арналған. Сондықтан  цифрлық таратуды ИКМ-30 жүйесі  арқылы қолдану керек болады. Бұл жүйе мәліметті тарату  ағынының жылдамдығы 2,048 Мбит/с болатын 30 каналдан тұрады. Осыдан қалалық кабелдердің қолдану мүмкіндігі артқан болатын.

      Суретте көрсетілгендей  телефондық аппараттардың шығыстары  мультиплексордың кірісіне жалғанған  делік. Мультиплексорға жол ашылған  уақытта, кезекпен үзіліссіз дыбыс толқындары, яғни үзіліссіз микрофондық ток кіре бастайды. Енді мультиплексордын кейін аналогты – цифрлық түрлендіргішті (АЦТ) орналастырайық, ол үзіліссіз сигналды екілік цифрдың, яғни 0 және 1 тізбегіне түрлендіреді. Бірінші есік ашылып, желіге кодалық комбинацияланған дыбыс сигналы жіберіледі. Бірінші канал коды берілгенне кейін, екінші, үшінші және т.б. канал кодтары кезекпен беріледі.

      Сонымен, бір аналогты  – цифрлық түрлендіргіш кезек-кезекпен  барлық каналға қызмет етеді. Желінің соңында қабылдап тұратын жалпы цифрлық – аналогты түрлендіргіш (ЦАТ) орналасады да қалпына келген кодтарды өз каналдары бойынша үлестіреді. Яғни, бұл жерде аналогты – цифрлық түрлендіргіш пен цифрлық – аналогты түрлендіргішті әр каналда орналастырудың қажеті жоқ және дыбыс зорайтқыштың да керегі жоқ. Енді тарату жүйесі қарапайым болып қалды.

 

 Абоненттік желілер  және оларды ұйымдастыру

 

    1. Желі, оның құрылымы мен сипаттамасы

 

          Байланыс желісін құру үшін бір пайдаланушыдан келесісіне ақпаратты тасымалдауды қамтамасыз ететін  тарату және коммутация құралдары қолданылады. Тарату және коммутация функциялары ақпараттық және программалық басқару құралдарымен қамтамасыз етіледі. Олар екі пайдаланушы арасында байланыс орнату процесін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Нақты байланыс желісіндегі тарату, коммутация және басқару құралдары әдетте кеңістікке үлестірілген.

Желі екі пайдаланушыға арналған делік. Олай болса, ақпарат бір пайдаланушыдан екіншісіне үнсіз жеткізіледі және керісінше(1-сурет).Бұл үшін тек тарату функциясы ғана керек, ал коммутацияның керегі жоқ. Мұндай жағдайда тарату құралы ақпаратты тікелей біріншісінің соңынан келесісіне тасымалдау үшін қызмет етеді. Бағыттағыш орта ретінде мыс немесе оптикалық, және де әуе ортасы қолданылады.

                                                                                                                                                                                                                            

      А                                             Тарату ортасы                              В  

            


 

            

                1-сурет. Екі пайдаланушы арасындағы  байланыс желісі

 

          Желіде  үшінші пайдаланушы пайда болған  кезде, мынадай сұрақ туады –  кім, қашан және кіммен байланыс  орнатылуы қажет. Берілген пайдаланушыға  ақпаратты тасымалдау үшін коммутация қажет болады.

Мысалы:  А пайдаланушысы алдымен В пайдаланушымен, кейін С пайдаланушысымен байланысуы мүмкін. Басқаша айтқанда, желідегі бір абонент кез келген басқа абонентпен байланыса алады, яғни мұндағы коммутация функциясы абоненттердің қалауы бойынша байланысуды өзгертуге мүмкіндік береді.. 

.       

    

 С

 

                                                                                            

                                                                                                                                     

           А                                                                                                                                         В


         

В

     

                              Сурет 2. Желідегі үш пайдаланушы

          Желіге  коммутация құралын орналастыру  әдісі  талап етілген тарату  желісіне едәуір әсер етеді.  3,а-суретте кез келген  N қолданушы қатарына территориялық түрде үлестірілген және орналастырылған коммутация құралының желісі көрсетілген. Мұндағы абоненттер бір-бірімен толықбайланысты схема («әрқайсысы-әрқайсысымен» принципі) бойынша қосылған және олардың арасындағы байланыс тікелей болып табылады. Коммутация абоненттік терминалда байланыс орнату үшін талап етілген тарату желісін таңдаған кезде жүзеге асырылады. N пайдаланушылары көбейіп кеткен жағдайда және қажетті байланыс каналы санының өсуі салдарынан тарату құралына кететін шығындар да едәуір өсіп кетеді. 3,б-суретте көрсетілгендей әр пайдаланушыға басқа абоненттік желімен байланыса алатын тек бір ғана абоненттік желі берілген. Ал коммутация бір ортада орналасқан коммутациялық құралдар арқылы жүзеге асырылады. Бұл жағдайда тарату желісіне кететін шығындар едәуір азаяды, сондай-ақ абоненттерге барлық қалған абоненттермен бір уақытта байланысуының қажеті де жоқ.       

    

                              

                                                                                                    

 

 

    

           

а                                                                                                 б

 

3-сурет. а - абоненттердің толықбайланысты схемасы,  б - коммутациялық құралдың біріңғай орталықта орналасу схемасы

                                           

Тәжірибеде желі, ереже бойынша бір-бірімен станция аралық тарату желісімен және территорияға бөлінген көптеген коммутациялық станциядан тұрады.

          Байланыс  желісі деп хабарды таратуды  және үлестіруді қамтамасыз ететін техникалық жабдықтар жиынтығын айтамыз. Байлалыс желісінің түріне байланысты телефондық, телеграфтық, мәліметтерді тарату, газеттерді тарату, телевизиялық хабар тарату және радиохабар тарату қызметтеріне бөлінеді. Хабарды тарату сипатына байланысты байланыс желісін екі түрге бөлуімізге болады: 1) жеке хабар тарату желісі (телефондық,телеграфтық, факсимильдік және деректер тарату) 2) бұқаралық  хабар тарату желісі (телевизиялық және газет тарату желісі)

          Жеке-дара  хабар тарату желісінің негізгі міндеті болып әр абоненттің кез келген уақытта басқа бір абонентпен байланысуын қамтамасыз етуі болып табылады. Бұл талапты орындау үшін байланыс желісі белгілі бір принцип бойынша құрылады. Яғни, байланыс желісі түйіндік, шеткі пунктерімен (станцияларымен) және де олардың байланысу сипатымен ерекшеліктері болуы мүмкін.

          Байланыс  желісін үйымдастырудың бірнеше  түрлері бар: толықбайланысты («әрқайсысы-әрқайсысымен»  принципі), радиалды (тармақталған), радиалды-түйіндік, сақиналы және комбинациялық.

          Толықбайланысты  әдіс кезінде түіндер арасында  тікелей байланыс орнатылады. Мұндай  жағдайда зақымдалу немесе жүктеме  болған кезде арнайы учасклерде  транзиттік байланысу арқылы  айналып өту ұйымдастырылуы мүмкін. Бірақ желіні бұлай құру тәсілі қымбатқа түседі.

Радиалды желіні құру тәсілі кезінде түйін арасындағы байланыс ортаңғы бір түйін арқылы жүзеге асырылады. Мұндай желі байланыстыру шоғырының жалпы санын бірден азайтады, бірақ мұнда айналып өту жолын салу мүмкіндігі болмайды. Желіні осылый ұйымдастыру тәсілі салыстырмалы түрде аз тарриторияларда орнатылуы мүмкін

 

               2-сурет. Байланыс желісінің құрылу тәсілдері

Информация о работе Оқытушы берген нұсқа бойынша мәліметтер