Коммуникация

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 21:59, реферат

Краткое описание

Коммуникация (communication) — қатысушының екеуіне де ақпараттың түсініктілік шарты орындалған кезде бір қатысушыдан екінші қатысушыға ақпаратты жеткізудің екі жақты процесі; екі немесе одан да көп адамдардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекет ету процесі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Коммуникация.docx

— 16.10 Кб (Скачать документ)

Коммуникация

Коммуникация (communication) — қатысушының екеуіне де ақпараттың түсініктілік шарты орындалған кезде бір қатысушыдан екінші қатысушыға ақпаратты жеткізудің екі жақты процесі; екі немесе одан да көп адамдардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекет ету процесі.[1]

Коммуникация (лат. communication байланысамын, катынасамын) (катысым) — адамдардын танымдык-енбек процесінде катынас жасау, пікір алысу, ой бөлісу — олардың бір-бірімен әрекет жасауынын айрыкша формасы болып табылады. Адамзаттык Коммуникациянын хайуанаттар Коммуникациянан басты ерекшелігі — онын тіл аркылы жүзеге асатындығында.

Коммуникация коммуникативтік актілерден кұралады, пікір айтушылар, оны түсіндірушілер коммуниканттар деп аталады. Коммуникация үшін тілдік катысымнан басқа , бет-қол кимылы, семиотика жүйесіне жататын музыка ноталары, ойын ережелері, Морзе әліппесі, ЭЕМ багдарламалары, математика, техника саласына катысты кибернетика, компьютер жүйесі пайдаланылады.

Сөйлеу аркылы адамдар өзара еркін түсінісе алады. Коммуникациялық кызметте тіл танымдық-белгілік мәнге ие болып, адамды әлеуметтік тұлға дәрежесіне көтерудін манызды тірегіне айналады. Тек жеке тұлғалардын емес, қоғам мен қоғам мүшелерінін арасын байланыстыратын қызметінін арқасында Коммуникация қоғамнын калыптасуына айрыкша ықпал етеді.

Коммутация — тілдін екі танбасынын — тілдік танбанын көрінісі мен мазмүнынын сәйкестігінен туатын катынас. "Коммуникация" үғымын глоссематикада тіл танбалары арасындағы парадигматикалык катынасты аныктау үшін, 1935 ж. Л. Ельмслев (Дания) енгізген. Ол шағын тіл элементтерін көрінісі мен мазмүны жағынан ерекшелеп көрсету үшін Коммуникациялык тест жасаған. Мысалы: заттын сандык мөлшерін білдіретін моль-ноль, ноль-нуль сөздері көрінісі жағынан роль-руль сиякты бір-бірінен ерекше. Бірак олар мазмүны жағынан эр түрлі катынаста: моль-ноль, роль-руль жұп сөздері көрінісі мен мазмүн сәйкестігі жағынан бір-бірімен Коммуникациялык катынаста, ал ноль-нуль жұбы—тек бір танбанын варианттары ғана, онда Коммуникациялық катынас Ж°К. Коммуникациялык тест тілдік танбалардын көрінісі мен мазмұнын аныктау мақсатында тілдік талдаудын барлык деңгейіндеде (мыс. синкретизм (к.) құбылыстарында) қолданылады.

 

Коммуникация — "Мен"-нің өзін басқадан табуына көмектесетін, қарым-қатынасты білдіретін философияның категориясы. К.Ясперстің экзистенциализмінде, сондай-ақ казіргі француз персонализмінде мейлінше толық көрініс тапты. Тарихи жағынан коммуникация туралы ілім ағартушылыққа қарай өрлейтін қоғамдық шарт доктринасына қарама-қарсы қалыптасты. Коммуникация теориясын жақтаушылар (К.Ясперс, Б.Больнов, Э.Мунье) негізінен алғанда қоғамдық шарт дегеніміз контракт, мәміле деп атап көрсетеді, бұл мәмілеге қатынасушылар екі жақка бірдей міндеттемелермен шектелген: олар бір-бірін осы міндеттемелерге сай, яғни абстрактілі, бейнесіз түрде ұғынады. Шарт дегеніміз — адамдардың іс жүзіндегі бытыраңқылығында жатқан байланыс. Ал коммуникация шартқа қарама-қарсы, саналы түрде орнатылатын өзара тәуелділік ретінде қарастырылады. "Контрактының орнына жанасым" (Ф.Кауфман). Коммуникация орнатудың құралы пікір-сайыс деп жария етті.


Информация о работе Коммуникация