Кезектен тыс 20 сессия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 14:31, доклад

Краткое описание

Сыр өңірінің экономикалық- әлеуметтік жағдайы жақсарып келеді. Қазіргі таңда халықтың көзі ашық, көкірегі ояу сондықтан да жасалып жатқан игі істерге өз бағаларын беріп жатыр. Облыстық мәслихат депутаттары аймағымыздағы кезек күттірмейтін өзекті мәселелерді сессия барысында орынды көтеріп, оларды облыс әкімімен, басқарма басшыларымен, құқық қоғау органдарымен бірлесе отырып тиімді шешім қабылдауда.

Прикрепленные файлы: 1 файл

макала 20 сессия.doc

— 43.00 Кб (Скачать документ)

Кезектен  тыс 20 сессия

Сыр өңірінің  экономикалық- әлеуметтік жағдайы жақсарып келеді. Қазіргі таңда халықтың көзі ашық, көкірегі ояу сондықтан да жасалып жатқан игі істерге өз бағаларын беріп жатыр. Облыстық мәслихат депутаттары  аймағымыздағы кезек күттірмейтін өзекті мәселелерді сессия барысында орынды көтеріп, оларды облыс әкімімен, басқарма басшыларымен, құқық қоғау органдарымен бірлесе отырып тиімді шешім қабылдауда.  № 23 сайлау округінен сайланған депутат Асылбек Тоғызбаевтың төрағалық етуімен Қызылорда облыстық мәслихатының кезектен тыс 20 сессиясы болды. Сессияға Облыс әкімі және оның орынбасарлары, жергілікті атқарушы органдарының басшылары,  орталық атқарушы мемлекеттік органдардың облыстық бөлімшелері мен кәсіпорындардың басшылары, құқық қорғау және сот органдарының басшылары қатысты. Кезектен тыс 20 сессияның күн тәртібіне шығарылған 10 мәселе қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

 

Тағайындау

Күн тәртібіндегі Қызылорда облысының тексеру комиссиясының мүшелері ретінде Мейрамбек Сатлабаев, Айгүл Садуақасова және Роллан Мұсабаев ұсынылды. Олар осы жауапты қызметке салтанатты түрде тағайындалып, көпшілік алдында ант беру рәсімі өтті.

 

Бюджеттегі  өзгерістер

 «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы №61 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар жайлы мәселе сөз болды.

Қызылорда облысының  экономика және бюджеттік жоспарлау  басқармасының басшысы С. Құлымбетованың айтуынша, 2013 жылдың  білім беру объектілерін ұстауға,  елді мекендерді абаттандыруға, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға, ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау жүйесін дамытуға, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға, жайластыруға және сатып алуға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталын ұлғайтуға, ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау жүйесін дамытуға бөлінген қаржы есебіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу керектігі ұсынылып, шешім қабылданды.

 

Қызылорда қаласының  шекарасы ұлғаюда

Қызылорда қаласының шекарасын ұлғайту, ол әлеуметтік, экономикалық және аумақтық-функционалдық салаларын  кешенді дамыту барысында халықтың өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін жасалып жатқан жұмыс. Қызылорда қаласының шекарасын өзгерту барысында әкімшілік аумағы жерлерінен алаңы 6955 гектар жерлер қосу жалпы алаңы 13599,5 гектарға өзгерту туралы ұсыныс енгізілді. Қосылатын жерлердің экспликациясы бойынша орман қоры жерінен 3051,0 га, босалқы жер қорынан 3390,2 га, су қоры жерлері 458,6 гектарға ұлғайтылды, сонымен қатар 55,2 гектар жер телімін өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған

өзге мемлекет қажеттіліктері үшін қосу жоспарланып отыр.

Жаңартылған энергия

Депутаттар Қызылорда облысында баламалы және жаңартылатын энергетиканы дамыту жөніндегі 2013 -2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын қызу талқылады. Жаңартылған  энергия көздерін пайдалануды қолдауға бағытталған шараларды қабылдау үшін жобаларды іске асыру үшін бюджеттен тыс инвестицияларды тарту жөніндегі шараларды әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз етілмек және қазіргі уақытқа дейін құрылыс жұмыстары жүргізілмеген ЖЭК объектілерін салу үшін берілген учаскелерге тексеру жүргізу, электр желілеріне ЖЭК объектілерін қосуға техникалық талаптар мен өлшемдер әзірлеу жұмыстары жасалмақ. Зерттеулер мен энергетика саласына білікті де тәжірибелі мамандарды дамыту, ақпараттық дамыту,  жобаларды іске асыру жұмыстары жайлы  мәселе қаралып, талқыланды және шешім қабылданды.

 

Мәслихат  жұмысына есеп берілмек

Өз кезегінде  облыстық маслихат хатшысы Б.Еламанов Қызылорда облыстық мәслихатының Регламентіндегі  толықтырулармен таныстырып шықты. Аса мән беріп тоқталып өткен өзгерістердің бірі облыстық мәслихат жылына кемінде бір рет халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есеп береді. Облыстық мәслихат депутаттары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес халық алдында жауапты болуы. Облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының жұмысы, атқарған істері, сессияға жіберілмей тұрып барлық  мәселеге аса жауапкершілікпен, ұқыптылықпен қарап, алдын-ала қаралуын бақылауы, тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысының қабылдаған қаулылары, жалпы  депутаттардың жасап жатқан жұмысына кемінде жылына бір рет халық алдында есеп беруі қажет.

 

Өңірлік даму

 Сессия соңында   аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлы  сөз сөйлеп  жасалып жатқан  жұмысқа өз бағасын беріп, ел  дамуына  әлі бірқатар жұмыстар  жасалатындығын жеткізді:  «Өздеріңіз білетіндей елбасы іссапарымен келіп кетті. Атқарылып жатқан жұмысқа өзінің оң бағасын беріп, қолдауын көрсетті. Әсіресе, облысымыздың оңтүстік аймағында металлургия өндіруге байланысты нақты тапсырмалар берді. Жаңадан ашылып келе жатқан өндірістік орындарға байланысты қолдау алдық. 11 қазанда Үкіметтің кеңейтілген мәжілісі болып  өтті. Онда 9 айдың қорытындысы қаралды. Өнім өңдеу саласы 16%-ға, ауылшарушылық өнімі 3,5%-ға өсті. Әр гектардан 48,8 центнерден астық жинап қамбаға 365 мың тонна күріш құйылды. Бұл рекордтық көрсеткіш. Инвестиция көлемі 80%-ға өсті, құрылыс қарқыны 50%-ға өсті, қарқынды дамуда.  «А» корпусындағы қызметкерлерге Елбасының шешімімен келесі жылдан бастап жалақысына 50% үстемелі аванс ретінде қосылатын болады. Бұл мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа бармай, елдің алдында абыройлы қызмет етуі үшін жасалып отырған материалдық-техникалық бір әдіс деп айтсам қате емес. Президентіміз Н. Назарбаев «Нұр Отан» ХДП-ның 15 съезінде сөз сөйлеген Жаңақорған ауданы Сунақата ауылының әкімі Азия Қыстаубаеваның жақсы идеолог болып қалыптасып келе жатқандығын және елдің дамуына үздіксіз үлесін тигізетіндігіне мол сенімін білдірді.

Сондай-ақ, облыстың Астана қаласында ауылшаруашылық жәрмеңкесі табысты өтті.. Елордаға 67 жүк көлігімен 33 түрлі 590 тонна ауылшарушалық өнімі жеткізіліп,  30-35% арзандатып сатылды. Бұл  облыс халқының әлеуметтік жағдайына байланысты жасалып отырған өте тиімді әрі оңтайлы іс болды.  Жылдың аяғына дейін бюджеттегі қаралған қаржыны тиімді игеруге барлығымыз біріге жұмыс жасайтынымызға сенімім мол.»-деп сөзін қорытындылады.

 

 

Өңірімізде  қазіргі таңда өндіріс саласын дамыту, инвестициялық қолайлы ахуал құру, ынтымақтастықты  нығайту және  дамыту, қаржы  салу  үшін  жағдай жасау, мектепте білім беру қызметінің сапасын жоғарылату, мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсету, өндіріс көлемін одан әрі дамыту және ұлғайту үшін жағдай жасау, шағын және орта кәсіпкерліктің тиімді қызметін қамтамасыз ететін нарықтық инфрақұрылымды дамыту мәселелері экономикалық-әлеуметтік маңызы бар мәселелер. Мәслихат депутаттары депутаттық, партиялық жауапкершілігін жоғары сезініп, халықтың үніне құлақ түріп, мемлекеттік мүддені ескере отырып, мәселенің жүзеге асырудың шараларын одан әрі де жүргізуге бағыт алды.


Информация о работе Кезектен тыс 20 сессия