Ауру - өзіндік психотравма ретінде. Ауру концепциясы. Ауру жағымсыз сезімі. Ойдың ауруға әсер етуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2014 в 23:03, реферат

Краткое описание

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері тән саулығының 50 % -адамның күнделікті ұстанатын образына, 20%- тұқымдағы генетикалық ерекшеліктерге, 20% ы - экологияға, 10% ы- медициналық көмекке тәуелді екенін айғақтайды . Ал тікелей психика мен аурудың арасындағы байланысты арнайы зерттеген мамандар индустриалдық дамыған мемлекеттердегі бүкіл органикалық аурулардың 50 %- психосоматикалық патологиялардың үлесіне тиетінін алға тартады .

Содержание

І. Кіріспе:
"Дүниежүзіндегі ауру адамдардың нақты ауру көрсеткіші."
ІІ. Негізгі бөлімі:
"Адамды психологиялық тұрғыдан қарастыру"
"Психосоматикалық ауру негізі."
"Ой вирусы"
ІІІ. Қорытынды:
"Психологиялық патология"
Қолданылған әдебиеттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

кдреферат.docx

— 28.59 Кб (Скачать документ)

Біле білсек, ағзада рак жасушаларына қарсы иммундік жүйенің арнайыланған жасушалары жұмыс істейді. Қылмыскерлерді ұстап, жазалайтын полиция секілді. Ал стресс кезінде олардың өздері әлсіреп, қатерлі жаумен күресуге шамасы жетпей қалады. Ісік жеңеді.

Қорыта келер айтар болсақ, біз әркез өз бойымыздағы асыл қасиеттерді қаперге ала бермейміз. Көп жағдайда біз өзге біреудің сауатсыз да зұлым күшінің еркіне тапсырамыз.  Кейінен оның нәтижесіне өкінеміз не өмірді осындай зұлымдық тұрғыдан көруге мәжбүрленеміз. 

Адамның өзінің ішкі негізінен алшақтауы саналылық пен санадан тысқарылықтың рух пен табиғаттың, білім мен сенімнің арасына сызат түсіреді. Нәтижесінде адам рухы төмен, ішіп жеуді, сайраңдап көңіл көтеруді ғана мақсат тұтатын мақұлыққа айналады. Табиғатта төлемсіз ештеңе болмайды. Әркім өзінің ұмтылыс әрекетіне қарай жемісін көріп жатады. Табиғат- мейірімді. Ол адамның басқаға ғана емес, тіпті, өзіне, өзінің жаны мен тәніне қарсы мейрімсіз, махаббатсыз жасаған олқылықтарын кешіреді белгілі деңгейге дейін. Бірақ, шыдамы оның шексіз емес. Бір жақсысы, бұл да табиғаттың бір даналығы болса керек, адамның аса былықтырып, күрделілендіріп алған жағдайларын шипагерлікпен, психотерапиямен қалпына келтіру мүмкіндігін  шектемейді.Психиаторлардың ең басты назары-дені сау мен ауру адамдар арасындағы тұлғалық айырмашылықтарын белгіледі. Ауру адамдардың тұлғалық ерекшеліктері қалпынан тыс ұлғаюда, дені сау адамдарда ол біркелкі көріністе болды. Экстраверсия, интроверсия, қозу мен тежелу, мазасыздықтар  адамға қатысты. Дәрігер- психиаторлардың тұлға туралы берген анықтамалары дені сау паталогиялық, акценттелген (норманың ең соңғы шегіне сай) тұлғалардың келбеті жөнінде термин берумен шектеледі. Мүндай анықтамалар психотерапиялық мақсаттарды шешу үшін дұрыс болып табылады. Мұндай терминдер психологиялық мақсаттарды шешуге тым қысаң келеді.

  Жеке адам оның мұқтаждықтары туралы теориялар өте ертеден белгілі. Алғашқы теориялардың  бірі  греция философы Аристрах Эпикурдің адам әрекеттері, қылықтары оның сезімдерге туралы, өз тұрмысында жағымды сезімдерді тудыруға ұмтылып, жағымсыз сезімдерді жоюға талпынуы жөнінде айтады. ХVІІІ ғ француз материалист ағартушылар бұл теорияны  жақтады.  Олар жағымсыз  сезімдерге қарсы шығып, дүниені ең қызығы алаңсыз өмір сүру дүниенің барлық қызық тамашасын көріп қалу, сондықтан жағымды сезімге көбірек ұмтылу керек деп есептеді. Сөйтіп, француздар мұқтаждық туралы физиологиялық теорияға негіз салды. Бұл теорияда, тәнде болатын биологиялық, физиологиялық ағымды мұқтаждықпен байланыстырады. Мұқтаждық адам тәнінде болатын биологиялық жағдайларды санадан өткізіп таниды деп есептеді.

Психиаторлардың ең басты назары-дені сау мен ауру адамдар арасындағы тұлғалық айырмашылықтарын белгіледі. Ауру адамдардың тұлғалық ерекшеліктері қалпынан тыс ұлғаюда, дені сау адамдарда ол біркелкі көріністе болды. Экстраверсия, интроверсия, қозу мен тежелу, мазасыздықтар  адамға қатысты. Дәрігер- психиаторлардың тұлға туралы берген анықтамалары дені сау паталогиялық, акценттелген (норманың ең соңғы шегіне сай) тұлғалардың келбеті жөнінде термин берумен шектеледі. Мүндай анықтамалар психотерапиялық мақсаттарды шешу үшін дұрыс болып табылады. Мұндай терминдер психологиялық мақсаттарды шешуге тым қысаң келеді.

 

Қорытынды:

Патологиялық психология - ауырған адамның психикалық қызметі мен қасиетінің, мінез-құлықтың ауытку заңдылықтарын зерттейтін психология (медициналық психология) ғылымының саласы. Патологиялық психология психологиялық теорияға сүйеніп, аурудың қозуы мен қайтуын дені сау адамның психикалық үрдістерінің қалыптасуы мен өту сипатын салыстыру арқылы анықтайды. Патологиялық психологияның психопатологиядан айырмашылығы — клиникада байқалған психикалық ауыр күйдің құрылымдық ерекшелігі мен түрлену сипатын психикалық әдісті қолдану арқылы түсіндіреді. Патопсихологиялық зерттеулердің теориялық және қолданбалы ғылым аумағында маңызы зор. Соңғы кездерде патопсихологияның клиникалық практикада психотерапевтикалық жұмысқа да қатысуы дамып келеді. Патопсихологиялық эксперименттің балалық шақтың психиатриалық клиникасында да орны ерекше. Патопсихологияның тарихы психиатрия, неврология және эксперименталды психология салаларының дамуымен байланысты. Негізгі патопсихологиялық экспериментті (Б.В.Зейгарник), кез келген диагностикалық процедураны танымдық үрдістердің тұтастық жүйесін және (В.Н.Мясищев) мотивтерді "тұлғааралық қатынасты" модельдеу үшін пайдаланылады. Патологиялық психология— әртүрлі аурулар нәтижесінде адамдардың психикасы мен қылығында пайда болатын ауытқуларды зерттейтін және солар туралы білімдерді қарастыратын психология саласы.

Қолданылған әдебиеттер:

  • Жарықбаев Қ. Жалпы психология. А., 2001.
  • Крысько В.Г. Социальная психология. М., 2001.
  • Немов Р.С. Общая психология М.: «Владос», 2001
  • Петровский А.В.,Ярошевский М.Г. Психология (словарь). М.,1990
  • Сабет-Бап-Баба. Жалпы психология. А., 2004.

Информация о работе Ауру - өзіндік психотравма ретінде. Ауру концепциясы. Ауру жағымсыз сезімі. Ойдың ауруға әсер етуі