Жыраулар поэзиясындағы публицистикалық сарын

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 17:53, курсовая работа

Краткое описание

Адамзаттың асыл қасиеттерінің бірі – сөз өнері. Сонау көне замандардан бастап қазірге дейінгі адам ақыл-ойының маржандары сөз арқылы бізге жетті. Өмірде болған небір оқиғалар мен құбылыстарды, тіршіліктің алуан түсті бояулары мен айшықтарын келер ұрпаққа жеткізетін де сол өлмейтін сөз. «Бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яғни қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады. Ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіптеп қисынын, қырын, кестесін келістіріп сөз арқылы тысқа шығару – сөз шығару болады. Шығарма дегеніміз - осылай шығарған сөз...» [1,147-148 б.б.] - деп жазыпты Ахмет Байтұрсынов. Публицистика да - сөз өнерінің үлкен бір саласы. Ол - көркем әдебиетпен бірге туып, қалыптасып, өсіп, өркендеп келе жатқан шығармашылықтың ерекше бір тармағы. Қазақтың публицистикасы қазақ халқының өсіп-өркендеу жолындағы жолбасшысы, ойсерігі, бағдаршамы іспеттес.

Содержание

I. Кіріспе..............................................................................................1-3
II. Негізгі бөлім
Көне жазба ескерткіштері — публицистика бастаулары........4
1.1. Күлтегін ескерткіші.............................................................5-6
1.2. Тоныкөк ескерткіші.............................................................6-7
Батырлар жыры — ауызекі публицистика үлгісі........................7-9
2.1. Батырлар жырындағы публицистикалық сарын....................9-11 2.2. Қобыланды батыр жыры...........................................................11-14
3. Жыраулар поэзиясындағы публицистикалық сарын......14-17
3.1. Асан қайғы.......................................................................17-19
3.2. Қазтуған Сүйінішұлы...........................................................20
3.3. Доспамбет жырау............................................................20-22
3.4. Шалкиіз Тіленішұлы.......................................................22-23
III. Қорытынды.............................................................................24-26
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі..................................................27

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовая.docx

— 65.24 Кб (Скачать документ)

Үшінші  топтағы жыраулар поэзиясындағы публицистикалық сарын туралы сөз еткенде, мынадай қорытындыға келуге болады: біріншіден, жыраулар дөуір үнін, замана шындығын жеткізеді. (XV-XIX ғ.ғ. тарихи шындық); екіншіден, өмірде болған тарихи нақты окиғалардың, сол кездегі саясаттың, коғамдык маңызы зор оқиғалардың көрінісі бола білді. (Қазақ хандығының қүрылуы, қазақ-қалмак шапкыншылықтары, орыс отаршылдығы, үш жүздің ынтымағы, Абылай түсындағы казак хандығының нығаюы, сүлтан, төрелер озбырлығына халық наразылығы, үлт-азаттык көтерілістері; т.б.); үшіншіден, жыраулар поэзиясының - мемлекетті басқару қүралы, мемлекет идеологиясы деңгейіне көтерілуі; төртіншіден, тарихта болған хан, би, сүлтан, төрелердің атқарған ісінің, жетістік, кемшіліктерінің жырлануы (Жәнібек хан, Есім хан, Би Темір, Баймағамбет сүлтан, Жөңгір хан, Абылай хан, Рүстем төре, т.б.); бесіншіден, қазақ елінің түтастығын корғаған батырлар ерлігіне арналған мадақ, арнау жырлары, жоктаулардың жазылуы (Орақ, Мамай, Ер Шобан, Қабанбай, Бөгембай, Ер Барақ, Исатай, т.б.); алтыншыдан, жыраулар поэзиясында қазақ даласында қазір де бар тарихи жер, су атаулары келтіріледі (Еділ, Жайық, Сарыарка, Ойыл, Жем, Сағыз, Өзен, Арал, Шаған, Қара Ертіс, Алтай, Алатау, Шыңғыс-тау, Баянаула, Абралы, Маңрақ, Сырдария, Балқаш, Нарын, т.б.); 
жетіншіден, өмірде болған көптеген адамдар жайынан деректер келтіріледі (Сүйініш, Бозтуған, Бәке, Бекболат, Жаукашар, Өтеміс, Жақия, Махмут, Қаныкей, т.б.); сегізіншіден, жыраулар хан шешімін, жүрт тілегін жеткізіп қана қоймайды, белгілі бір іс-әрекетке жұмылдырады, белгілі бір мәселенін шешімін табуға тырысады (Ынтымақ, бірлікке үндеу, ел корғауға шакыру, орыс отаршылдығынан сақтандыру, азаттық кетерілісіне шақыру, халық мүктажын өтеу т.б.); тоғызыншыдан, жыраулар поэзиясында қазіргі публицистиканың дәстүрлі өзегіне айналған сөз қайталау арқылы айтар ойды күшейтіп жеткізу, публицистиканың баяндау төсілі, оқиғаны көзбен көріп бақылау аркылы суретгеу әдісі, өмір фактілерін контрасты түрде салыстыра отырып мәселе мәнісін ашу, үгіттеу, насихат айту, сатиралық публицистиканың алғашқы үлгілері, памфлет, репортаж, сүхбат, хат, суреттеме сияқты жанрлардың бастау алар белгілері көрініс табады.

Сонымен, публицистика – белгілі бір уақыт пен кеңістікті камтитын заман шежіресі, дәуір үні. Өткен кезеңдерде қандай коғамдық-саяси ахуал болғандығын, халык жағдайын, әлеуметтік өзгерістер мен шаруашылық бағыттарын сол уақытган қалған ауызекі мұралар арқылы және баспасөз бетінде жазылып, жарияланған публицистика арқылы бүгін біле аламыз. Ал бүгінгі болып жатқан қым-куыт оқиғалар публицистиканың алтын арқауы арқылы келер ұрпак жадына жол тартады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

  1. Байтұрсынов А. Шығармалары.- Алматы: Жазушы, 1989.
  2. Назарбаев Н. Туған елім - тірегім. - Алматы: Рауан, 2001.
  3. Көне    жазба    ескерткіштер    және    қазақ    публицистикасы //Акиқат. - 2003.
  4. Қазақстан тарихы (көне замандардан бүгінге дейін). Бес томдық. ІІ том. Алматы, Атамұра, 1998.
  5. Айдаров Ғ. Күлтегін ескерткіші. – Алматы, Ана тілі, 1995.
  6. Күлтегін, Тоныкөк,ежелгі түркі рун жазбалары.-Алматы, Өлке, 2001
  7. Қазак   публицистикасының   бастаулары/   Ғылым   көкжиегінде. Ғылыми-көпшілік жинак..- Алматы: Білім, 1998.
  8. Қазақ халқының ауыз өдебиеті 
  9. Рыбаков Б.А. Доевняя Русь. Сказания, былины, летописи. -М.: Изд. АН СССР, 1963.
  10. Батырлар жыры — ауызекі публицистика үлгісі // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2003.
  11. Жыраулар   поэзиясындағы   публицистикалық   сарын  //ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. — 1998. — №4.
  12. Қазақ     публицистикасының     қалыптасу,     даму     жолдары. Монография. - Алматы: Білім,  2004.
  13. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы, ана тілі, 1991.
  14. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. 1-кітап.-Алматы, ҚМКӘБ, 1960

Информация о работе Жыраулар поэзиясындағы публицистикалық сарын