Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2014 в 18:27, реферат
Әрбір кәсіптің өз мамандығы болатыны секілді, журналистік мамандық та өз саласы бойынша пайда болған. Журналист басқаға ұқсамайтын, өзгелерден айырмашылығы бар мамандық. Ол өз, творчествосы арқылы қоғамға, адамға қызмет етеді. Жалпы журналист қандай дәрежеде жұмыс істесе де, қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері болып есептеледі.Алаш көсемсөздері айтып кеткен газет — мерзімді басылым.
ЖУРНАЛИСТ ПЕН ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ
Әрбір кәсіптің өз мамандығы
болатыны секілді, журналистік мамандық
та өз саласы бойынша пайда болған. Журналист
басқаға ұқсамайтын, өзгелерден айырмашылығы
бар мамандық. Ол өз, творчествосы арқылы
қоғамға, адамға қызмет етеді. Жалпы журналист
қандай дәрежеде жұмыс істесе де, қоғамдық
ақпараттық саланың қызметкері болып
есептеледі.Алаш көсемсөздері айтып кеткен
газет — мерзімді басылым. Көнеде Юлий
Цезарь «Сенат оқиғаларын» жарияласа,
римдік газеттер болса оқиғалар хроникасын
қыш тақталарға басып шығарған. Осыдан
1103 жыл бұрын Қытайда «Астаналық жаршы»
жарық көріпті. Газет атауының шығу төркіні
де қызық. Күнделікті қоғамдық ақпарат
парақшасын итальяндықтар gazzetta аталатын
ұсақ монетаға сатып алып отырған. Міне,
газет деген сөздің шығу тарихы сонау
ежелден басталған екен.Ол әркез жаңаны
жақтаушы, бар жақсылықты қолдаушы болып
табылады. Сөйтіп газет-журнал немесе
радио мен телевидениенің жұмысын атқарып,
творчестволық қызмет жасайды. «Журналистика – бұл миссия»
дейді журналистика мен мультимедианың
бүгінгі үрдістерін бағалаған жазушы,
журналист Дебора Кемпбелл. Журналистика
әрі кәсіп, әрі міндет. Қоғам алдындағы
үлкен жауапкершілік. Осы жауапкершілікке
студент кезінен баулу, тәрбиелеу – осы
салада мамандар даярлайтын оқу орындарының
міндеті.Ақпарат заманының талабы мен
тартуы көп. Десек те болашақ журналист
үшін ақпараттардың тізгінін еркін меңгеру
үшін де ақпараттық технология мен мультимедиалық
құралдармен тіл табыса білуі тиіс. Ол
редакция жүмысында бірінші — ұйымдастырушылық,
екінші -әдеби өңдеу, үшінші шығармашылықпен
айналысады. Бұл үшін оған білім мен қабілет
керек.
Оған қоса өмірдегі құбылыстардың мәнін
түсіне білу де үлкен қасиет болып саналады.
Қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді
түрде, көз жеткізіп жазатын болуы керек.
Жұртқа өмір жайлы толғап айта білу де
үлкен өнер. Ол үшін тіл, сөз байлығын қолдану
қажет. Тағы бір айтарлық жайт, журналист
қоғамдық қайраткер бола алса тіпті жақсы.
Ол уақыт, заман ағымын жақсы түсінуі тиіс.
Ол идеяға толы материалдар жазып, жұрттың
назарын аудара білгені жөн.
Журналистің тағы бір қасиеті — оның саяси-әлеуметтік
қызметіне, дүниеге деген көзқарасына,
позициясына байланысты. Бұл жан-жақты
білімділік пен саяси-азаматтық тұрғыдан
өсу, кемшіліктерге төзбеу, өз өмірін халық
ісі үшін арнауға келіп тіреледі. Әрбір
журналист өз елінің шын патриоты болумен
бірге, сол мемлекеттегі және жер жүзіндегі
оқиға-құбылыстарға сергектікпен қарап,
жедел жариялап отыруы міндет. Журналист
өз ісіне адал берілген маман болуы тиіс.
Журналистің өз қызметін жемісті атқаруы
үшін интеллектуалдық, психологиялық,
творчестволық қабілетін толық пайдаланып,
сонымен бірге табанды, әділ, батыл қасиетімен
де танылуы тиіс. Ал ақыл-ой, эрудиция бірінші
орында тұруы керек. Сондай-ақ журналистің
жеке бас мәдениеті көп нәрсені аңғартады.
Әсіресе, журналистің мәселені терең білушілігі
аса қажет. Онсыз журналистің табысты
жұмыс істеуі екіталай. Өмірде журналист
әртүрлі жағдайға кездесуі мүмкін. Соның
бәрінде жан-жақты хабардарлық, білімділік
болмаса кей нәрсенің анық-қанығына жету,
ақ-қарасын айыру оңай емес. Оқиға, фактіге
жеңіл-желпі қарамай, оның түпкі мәніне,
себеп-салдарына назар аудару керек. Ол
үшін сол саладағы арнайы мамандармен
кеңесу артық емес. Жаңа мәліметтерді
салыстырып қарау жөн. Бәрі анық болғанда
ғана журналист мақала жазу керек. Бұл
орайда жақсы дайындық, жаңа мәселелерді
тез аңғару, проблеманы байқай білу шарт.
Сөйтіп ашық түрде өз көзқарасыңды білдірген
жөн. Сондықтан журналист әрқашан өз білімін
теориялық тұрғыдан толықтырып, практикалық
тұрғыдан ізденіп еңбек ете білгені дүрыс.
Журналист болу үшін рухани және өмірлік
дайындықтар болуы керек. Өзіңді журналистік
мамандыққа арнап, таңдағаннан кейін,
сол жолда аянбай қызмет ету лазым. Ол
принципті түрде, қайсарлықпен бұқаралық
ақпарат құралдары алдындағы өзінің міндетін,
борышын бар күш-қайратын салып орындайтын
маман. Бұл ретте журналист өзінің ұстамды
мінезімен, қиындыққа қарсы тұратын күрескерлігімен,
инициатива танытқыштығымен, тез арада
шешімдер жасай білуімен ерекшеленеді.
Ол қай істе болсын нәтижеге жетуге тырысуы
керек.
Бұған қоса журналист кең пейілді, жаны
жомарт, жақсылыққа құштар, мейірімді,
жақсы дос, қиналғанда қол ұшын беретін
жан болуы да үлкен қасиет. Ол менмендіктен
аулақ болуы керек, өзін-өзі ұстауы мен
іс-әрекеті арқылы өзгелерге үлгі-өнеге
бола білгені ғанибет. Журналист жұртпен
тіл табысқыш болса тіпті жақсы. Ол қашанда
жинақы, қиын жағдайдың өзінде жұмыс істей
алатын, аңғарымпаз және сезгіш болуы
керек. Оған есте сақтағыш қабілет те өте
қажет. Тез ойлап, тез жазу да жақсы нышан.
Журналистің өз жүмыс істеу тәсілі, өз
ерекшелігі болуы заңды. Әркімнің сондай-ақ
өзі қалайтын тақырыбы да болуы мүмкін.
Журналистің стиль қалыптастыруы да үлкен
жетістік. Ал жалпы кәсіби және творчестволық
қасиет пен ерекшелік бір-бірімен ұштасканда
нағыз журналист қалыптаспақ. Журналист
өз қызметінде тек қана шындықты жазып,
барлық мәселені объективті түрде қарау
керек. Нағыз журналист өмірде осылай
еңбек етуге, осылай өмір сүруге тиіс.
Бұл журналистің алдында тұратын үлкен
борыштардың бірі. Журналистиканың маңызы
жариялылық болса, халықты тек қана объективті
түрде, жан-жақты әрі дәл де, анық ақпараттық
хабарлармен, материалдармен қамтамасыз
ету керек. Сондықтан ең алдымен өмірдегі
жайларды деректі фактілерге сүйене отырып
жазу керек. Бұл шыншылдыққа бастайтын
негізгі жолдың бірі. Еш нәрсені тексеріп
алмай тұрып жазуға болмайды. Мәселенің
әбден анық-қанығына көз жеткізу қажет.
Ал кездейсоқ, бірен-сараң ғана фактіге
сүйену кемшілікке апарып соқтырады. Сондықтан
мәселенің зандылығына назар аударып,
шындықты көре білу, өмірде жақсылықты
таңдай білу және құбылысты дұрыс бағалай
білудің жөні бөлек. Оқиғаны бұрмаламай,
сол болған күйінше құрғақ сөзге салынбай
жазу керек. Әр нәрсені дұрыс түсініп,
талдау қажет. Яғни, әрқашан ақиқаттан
айнымау — журналистің басты парызы.
Болған жайдың дұрысы қайсы, бұрысы қайсы
соны айыра отырып, терең де сенімді қорытынды
жасау керек. Әсіресе, актуальды мәселелерді
сенімді дәлелдеп керсету қажет. Ал, мәселені
жұмсартып айту, шешімін таппаған нәрсені
жасырып, айналып өту жараспайды. Кемшіліктер
мен қиыншылықтар туралы айтпай кетуге,
өткір сұрақтардан қашу жөнсіз болмақ.
Бәрін де жақсы деу, бәрін де салтанатты
түрде жазу да көкейге қонбайды. Яғни,
барды бардай, жоқты жоқтай ХАЛЫҚТЫ көрсетіп
жазу, айту жөн.
Журналист еш уақытта қателеспеу керек,
бұл да басты принциптердің бірі. Өйткені,
журналист қателессе, ол бір адамның қателесуі
емес — мыңдаған, миллиондаған адамға
сол қателіктің зияны тиюі мүмкін. Жұрт
нағыз журналист жазған материалға сеніммен
қарайтынын ұмытпау керек. Журналист қателессе,
оқырмандар мен көрермендердің, яғни,
халықтың өзіне деген сенімінен айырылады.
Алайда журналист қателесе қалған жағдайда,
өз қатесін өзі мойындап, оқырмандардан
кешірім сұрауы тиіс. Жалған намысқа тырысып,
кешірім сұрауға арсынбау керек. Және
қателігіңді дер кезінде түзете білу де
мәдениеттілік. Журналистің қателігі
оның өзіне ғана емес, ол жұмыс істейтін
газет-журналға, радио мен телевидение
атына кір келтіретінін ойлау керек. Сондықтан
фактіні өзгертіп қолдану, өтірік жазу
журналисті жарға жығады. Әр нәрсені өз
атымен атап, айқын көрсетіп отыру қажет.
Бұл орайда жауапкершілік пен адалдықты
есте ұстаған жөн . Журналистің ары бәрінен
қымбат болуға тиіс. Әйтпесе, ол халықтың
сөзін сөйлеп, халықтың сенімін ақтай
алмайтыны түсінікті. Ал, тоқмейілсу, өзіне-өзі
риза болушылық және мақтаншақтық журналисті
тоқырауға ұшырататын қылық болып табылады.
Әрі бұл адамгершілікке жатпайтын, азаматтыққа
көлеңке түсіретін жөйт.
Объективтілік дегеніміз — шындықтың
нағыз өзі деген сөз. Журналистің тағы
бір ұстанатын принципі жазған материалдарының
нанымды болуы. Бұған жетудің жолы да оңай
емес. Әртүрлі жанрда жазатын журналистің
өз дүниесінің әркез нанымды шығуына күш
салуы бұлжымас талап. Кейде тәжірибе
немесе білімнің жетіспеуі салдарынан
кейбір жазған дүниенің нанымдылығы аз
болып шығатын кездері бар. Кейбір құбылыстарды
жазғанда журналист сол өзі айтқан ойларын
оқырманға дүрыс жеткізе алды ма, жоқ па
соны байқау керек.
Журналист ой-пікірді қағазға түсіргенде,
оның өзгелерге, яғни, жұртшылыққа түсінікті
болуын алдын-ала ойластыруы қажет. Екіұшты
ұғым беретін жайлар болмауы керек. Айтқалы
отырған идеяңмен оқырман келісе ме, жоқ
па, соған көз жіберген жөн. Қоғамда әртүрлі
көзқарастар, ой қайшылықтары кездесуі
мүмкін. Соның бәрінде ең ортақ ой-пікірлер
арқылы жол таба білу керек. Жазған нәрсеңді
ғалымдар оқыса да, инженер мен дәрігер
оқыса да жатсынбайтын болуы жөн. Бәрінің
де ойынан шығып, бәрінің де көкейіндегісін
қозғайтындай мақала болса, журналистің
табысқа жеткені. Сондықтан да журналист
барлық саладан хабары бар, эрудициясы
жоғары маман болуға тиіс. Ол әркез өмірде
бейнелегенде ылғи жоғарыда айтылғандай
объективті әрі шыншыл болғаны ғанибет.
Мүндай жағдай оған абырой мен бедел әкелмек.
Журналистика мен журналистің құқығы
жөнінде әртүрлі мемлекеттік заңдарда
айтылып жатады. Журналист — өз саласындағы
толық құқы бар кәсіби маман. Оның құқына
ешкім қол сұғуға хақысы жоқ. Ол журналистикада
білім алып, соған орай қызмет ететін тұлға.
Журналист өз елінің басқа да азаматтары
немесе мамандары секілді, мемлекеттік
тәртіп бойынша, заң шарттарына сәйкес
өмір сүрмек. Ол өзінің кәсіптік жұмысы,
творчестволық еңбегі арқасында қызмет
жасап, іс-әрекет етеді. Ол еркін еңбек
етуге, демалуға, қоғамдық өмірге қатысуға
құқылы. Журналистің заңға, адамгершілікке
қайшы келмейтін жұмыс жасауына ешқандай
кедергі болмауы тиіс. Ол өзінің арына
сеніп және өзі жұмыс істейтін бұқаралық
ақпарат құралдарының жарғысына, бағдарламасына
сай еңбек етеді. Сондай-ақ журналистік
мамандық — басқа да кейбір мамандықтар
секілді қадірлі мамандықтардың бірі
екеніне сөз жоқ. Журналистпен заң орындары,
үкімет және басқа ұйымдар тығыз байланысты
жұмыс істеп, есептесіп отырады. Бұл журналистиканың
қоғам, мемлекет алдындағы үлкен рөліне,
қажеттігіне өте байланысты. Журналист
өзі еңбек ететін редакцияның мүшесі болады,
ұжыммен жұмыс істейді. Ол үнемі білімін
көтеріп отырады. Журналист өз жеке мүддесі
үшін жұмыс істемей, халық пен елдің қамы
үшін жұмыс істейтіндіктен, оны заң орындары
да, үкімет те қорғауға, қолдауға міндетті.
Журналистің еңбегі халықтың көз алдында
болады. Ол не айтса да, жазса да халыққа
жариялы түрде белгілі болып отырады.
Журналист өз правосын пайдаланып, басқалар
бара алмайтын жерлерге, мекемелерге барып,
жолығып, сөйлесіп, деректер алуға ерікті.
Келесі бір айтатын нәрсе журналистік
этика туралы. Этика адамгершілік пен
мораль туралы теориялық заңдар мен практикалық
талап-тілектерді зерттеп, қалыптастыратын
ғылым саласы. Яғни, адамдардың қоғамдағы
өмір сүру нормалары мен бір-бірімен қарым-қатынасы
жайлы ұғымды танытады. Еңбексүйгіштік,
адалдық, достық, сыйластық, сыпайылық,
өзіңді-өзің дұрыс ұстай білу, жақсы мінез
осының бәрі этика критерийлерін анықтайды.
Сөйтіп, этика жалпы алғанда адамгершілік
принципіне бағынады. Этика саналы азамат
болуды қалайды. Демек, журналист те осындай
қасиеттерге ие болу керек екені түсінікті.
Өйткені журналистің кәсіби мамандығы
мұндай қасиеттерсіз табысқа жетуі қиын.
Этикалық нормалардың заңда жасалмаған
тұстарын журналист өзі ақылымен, сана-сезімімен
ұғып-білуге тиіс. Ол адамгершілік идеал
мен азаматтық парыздан туындайды. Журналистің
де өз борышы болады, соны адал атқару
борыш. Әрбір маманның правосы болумен
бірге, міндеттері болатынын ұмытпау лазым.
Этика әсіресе, адамдық арға қатысты болып
келеді. Ар болған жерде, ұят та ұмытылмайды.
Ал этикалық нормаларды бұзу адамға абырой
әпермейді. Сондықтан журналистке де басқалар
секілді этикалық нормаларды сақтау негізгі
міндет. Журналистің көптеген праволарымен
бірге, кей жағдайда оған да араласуға
болмайтын мәселелер кездесуі. мүмкін.
Ондайда кеуде қағып, өзімшілдікке салынбау
керек. Ал журналист қателік жасап немесе
кемшілік жіберсе, кешірім сұрауы тиіс.
Ол қалың жұртшылықпен жұмыс істейтіндіктен,
оларды өзі де сыйлай білуі керек. Мінезі
шыдамды, төзімді болуы қажет. Журналист
парасатты жан болғаны жөн. Өз жұмысында
қателік жібермеуге тырысатын маман болса
жақсы. Әсіресе, материал жинағанда және
жазғанда кемшілік жібермеуі керек. Осыдан
келіп, журналистің жауапкершілігі пайда
болады. Ол арға тимеуі керек. Сол секілді
өзі де журналист деген атқа кір келтірмей
жүруі тиіс. Ол халықты құрметтеп, езі
де жұрттың алғысын алуы жөн. Журналист
творчестволық тұлға ретінде басқалардан
ерекше қасиеті бар жан. Ол өзгелерге өнеге
болуы тиіс. Журналистің жұмысы халықтың
сынына түседі, оған халық төрелік етеді.
Сондықтан журналист өз мамандығының,
қызметінің халыққа керек екенін терең
сезініп, жауапкершілігін, борышын адал
атқаруы міндет.
Ал журналистика болса маңызды әлеуметтік
құбылыстардың бірі болып табылады. Онсыз
қоғам өмірін көзге елестету мүмкін емес.
Өз тарихында журналистика бұқаралық
ақпарат құралдары жүйесі ретінде ұзақ
жолдан өткені белгілі. ХҮІ-шы ғасырда
адамдардың бір-бірімен хабар алмасу құралы
ретінде пайда болғанымен, оның негізі
ерте кезді мегзейді. Сол уақыттардан
бері журналистика даму, қалыптасу жолдарынан
өтті. Әртүрлі қоғамдық формация дөуірлерін
бастан кешірді. Сөйтіп өзінің тарихи
рөлін толық ашып берді. Бұлай дейтін себебіміз,
ешқандай басқа құрал дәл осы журналистика
секілді халықты әлеуметтік-саяси тұрғыда
жылдам әрі жан-жақты, белсенді түрде әртүрлі
хабарлармен қамтамасыз етіп көрген емес.
Бұл ретте адамның сана-сезіміне, іс-әрекетіне
әсер етіп, олардың көзқарастары мен мақсаттарының
қалыптасуына ықпалы тиген. Сөйтіп ол
барлық уақытта қоғам өміріне араласа
отырып, пайымдаулармен, баға берумен,
қорытындылар жасаумен, ұсыныстар айтумен
зор қозғау салады. Әсіресе, саясат, экономика,
экология, қоғамдық-әлеуметтік қатынастар
т.б. көптеген салаларда шешім жасап жүзеге
асыруға ықпалы болады. Сөйтіп, журналистика
қоғамның әлеуметтік институттарының
бірі болып саналады. Сондай-ақ, ол адамдарды
идеялық тәрбиелеу құралы. Журналистика
адам санасын көтеруге, рухани әлемді
байытуға себепкер болады.
Яғни, баспасөз, радио, телевидениенің
негізгі міндеті — жалпы информацияны
жинап, өңдеп, халыққа ұсыну. Ал жалпы «Бұқаралық
ақпарат құралдары» деген атаудың өзі
мына жайларды білдіреді.
Журналистика тек қана хабарларды берумен
шектелмейтінін ескеру керек. Ол сонымен
бірге насихаттық рөл атқаратынын да ұмытпау
керек. Баспасөз бен радио және телевизия
арқылы берілетін материалдарда тақырыптың
көптігі, ішкі және сыртқы өмір жайларын
беруде кең көлемде әрекет етіп, географиялық
тұрғыдан шектеліп қалмауды қарастыру
абзал. Әрбір БАҚ берген материалдарда
хабарлардың толық әрі жеткілікті болуы
өте кажет. Бұл ретте мына жүйе бойынша
жұмыс жүргізілмек. «Журналист — ақпарат
— аудитория». Журналист творчестволық
тұлға — ол айтады, жазады, ал оны халық
тыңдайды, көреді, оқиды. Міне, бұл байланыс
үзілмей жүріп отырмақ. Сонда ғана бұқаралық
ақпарат құралдарының ісі ойдағыдай жүзеге
асады. Демек, жұртшылық газет оқып, радио
тыңдап, телевизор көрген кезде әлемдегі
жаңалықтар мен езгерістерді біліп қана
қоймай, сонымен бірге сол жайларға өзінің
де қаншалықты қатысы бар екенін сезініп,
сол құбылыстардың неге, қалай, не үшін
болғанына анық көзі жетуі тиіс. Сол оқиғалардың
болу процесін аңғарып, даму тенденциясына
ой жіберіп, қандай заңдылығы барын пайымдап,
өзі де іштей дайындықта болуына, қажет
жағдайда нақты іс-әрекетке араласуына
әсері болуы керек.
Журналистика ең алдымен өмір көрінісін
беретінін есте сақтаған жөн. Журналистика
өмірді сипаттап қана қоймай, онда болып
жатқан іс-әрекеттерге адамның өзінің
де бағыт-идеалға жетуіне ой тастайды.
Мақсатына жол сілтейтін бағыт-бағдар
алуына көмек етеді.
Осылайша журналистиканың ақпараттық
қызметі -маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып,
жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып,
шындықты ашып береді. Ақпараттық қызмет
халықтың керегіне жауап беріп, әлеуметтік
дамудың жолдарын жариялап отырады. Сондықтан
журналист бұл салада қоғамдық-саяси қызмет
жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік
процестерге өз еңбегімен белсене араласуы
күн тәртібінен түспейтін мәселе. Жалпы
журналистика халықтық болып саналады.
Өйткені журналистика халықтың қамын
ойлайтын, соның қажетін қарастыратын
сала. Сондықтан халықтың жағдайын ойластыруды
журналистика әркез назардан тыс қалдырған
емес. Қандай мәселені көтермесін журналистика
соның бәрін халықтық тұрғыда қозғауға,
халықтың сөзін сөйлеуге күш салады. Әрқашан
халықтың жағында болып, халықтык позиция
ұстайды. Ол дұрыс та. Себебі, жеке біреулерге
қызмет етпей, немесе азын-аулақ топтың
мүддесін көздемей, осылайша БҮКІЛ жұртшылықтың,
жалпы адамдардың мүддесін көздейтін
мақсат анағұрлым ақылға сиымды, адамгершілікке
жататын іс болса керек. Тар көлемде белгілі
біреулердің ғана идеясын жақтамай, нағыз
адамзатқа қызмет ету — биік моральдық-этикалық
қасиет екені ақиқат.
Журналистиканың халыққа қызмет етуі
сол халықтың реалды қажеттерін өтеу үшін,
оны прогреске бастайтын, жақсылыққа жеткізетін
жолды таңдау деген сөз. Дүниеде бірер
адамның бақытты болғанынан ештеңе бітпейді,
ал бүкіл халық бақытты болса онан асқан
арман — мақсат жоқ шығар. Міне, журналистика
да осы жағдайды ескеріп, осы бағытта жұмыс
істемек. Халық өмірінде қандай жаңалықтар,
өзгерістер, бастамалар болып жатыр, осының
бәрі журналистикада айнадағыдай көрініп
отыруы керек. Сондай-ақ халықтың пікірі,
ойы, мақсаты журналистиканың ең бір мұқият
назар аударып отыратын тұсы. Ал өмірде
жақсылықтар болып жатса, соны журналистика
ең бірінші көре біліп, ізін суытпай жариялап
отыруы тиіс. Оны кең насихаттап, қолдап,
таратып отыруы жөн. Ал егер, қажет болған
жағдайда, оны тіпті, тез өмірге енгізуге
күресіп отырудың да артықтығы жоқ. Өмірдегі
нағыз заңдылықтардың өзі халықтың шынайы
керегін қанағаттандыратын болуы керек.
Сол үшін де халықты біріктіріп, оның жетімсіз
нәрсесін жеткізуге ұмтылу үлкен жауапкершілік.
Ал журналистер жан-тәнін аямай, қате идеяларды
немесе астарында жалған мақсат жатқан
істерді халық алдында әшкерелеп, кемшілігін
ашып айтып, оны толықтыруға, түзетуге
тырысу керек. Мүмкін жалған идеяға халық
алданып қалған шығар, осы жағын ойластыру
жөн. Халық өміріне кедергі келтіретін
нәрсенің бәрін журналистика дер кезінде
көріп-біліп, ескертіп отыруы, қоғамдық
пікір туғызуы қажет екені айтпаса да
түсінікті. Сондықтан өмірде сенімсіз
нәрсеге жол бермеу керек. Мүндай жайларды
айтқанда, жазғанда өрине, оның қарапайым
халыққа түсінікті болуын ойластыру керек.
Бұл ретте ауыл адамы үшін де, қала адамы
үшін де, сондай-ақ интелигентке де қозғалып
отырған мәселе ортақ әрі екі жаққа бірдей
түсінікті, ұғынықты болуы өте маңызды.
Жалпы журналистикада екіұшты ойдан, бір-біріне
қайшы пікірден сақтану керек. Ондай жағдайда
оқырманды не тындаушыны шатастыру оңай.
Ал бұл журналистиканың беделін түсіретіні
белгілі. Журналист үшін түсінікті тіл,
анық ой қажет. Сөзді, сөйлемді ауырлатпауға
тырысу керек. Халық әрбір мақаланы оқығанда,
не тыңдағанда қиналмай ұғатындай дәрежеде
болуы тиіс. Әртүрлі терминдер мен шетелдің
сөздерін және түсініксіз ұғымдарды журналистикаға
тықпалай бермей, тиімді тәсілдерді қолдану
қажет.
Келесі бір білуге тиіс нәрсе журналистиканың
демократиялылығы. Яғни, журналистика
шынайы демократия үшін еңбек етеді, күреседі.
Халықтың демократиялық құқықтарын кеңейту
үшін күш жұмсайды. Халықтың еркіндігі,
өз ісін атқаруы мен мемлекет ісіне араласуы
баспасөз, радио, телевидениенің үздіксіз
жүргізіп отыратын мәселесіне айналуы
қажет. Демократия саяси құрылыстың формасы
ретінде азаматтардың теңдігі мен бостандығын,
өкіметті басқаруға араласуын, әртүрлі
орындарға сайлануға қатысуын, Конституцияда
адам праволарын қамтамасыз етуді көздейтін
бағыт. Ол қоғамдық ұйымдар қызметін, өкіметті,
мемлекеттік мәселелерді бүкілхалықтық
етіп талқылауды жүргізуге пайдалы. Демократия
жағдайында барлық адам заң алдында бірдей
құқыққа ие болады, олардың әділ өмір сүруіне
кепілдік береді. Біреуге біреу қысым
жасау демократияға жатпайды. Сондықтан
қоғам жан-жақты демократияға көшкенде
ғана шынайы өмір қатынастары орнығады.
Демократияның тағы бір пайдасы жариялылықты
күшейтіп, әділетсіздікке қарсы сынды
дамытуға жағдай жасайды. Демократия мен
журналистика тығыз байланысты болуы
тиіс. Демократия кезінде журналистиканың
рөлі онан сайын артып, қоғамдық пікірдің
үйымдастырушысы мен жариялаушысы ретінде
көрінеді. Қоғамдық пікірді туғызатын
да, жасайтын да халық, әлеуметтік топтар.
Қоғамдық пікір — өз кезегіндегі әлеуметтік
өмірдің маңызды мәселелеріне байланысты
туады. Өткен мен бүгінге байланысты процестер
мен фактілерге байла-нысты өріс алады.
Актуальді оқиғалар мен құбылыстар, іс-әрекеттер
мен идеялар бағаланып, нақты мақсаттар
мен міндеттер және оған жету жолдары
жөнінде қоғамдық пікір пайда болады.
Ол көзқарастар мен тарихи санаға қатысты
болып келеді. Жалпы қоғамдық пікір —
өмірдің нақты жағдайдарын байқай отырып,
оны қалай өзгертудің жолдарын қарастыратын
жүйе болып табылады. Қоғамдық пікір тарихи
жағдайларга байланысты өзгеріп отырады.
Ол ғылым, саясат, экономика, мәдениет,
яғни барлық саланы қамти береді. Демек,
журналистика болса, сол қоғамдық пікірдің
туып, дамуына, жариялануына қызу араласып
отырады. Егер демократия болмаса, қоғамдық
пікір де еркін дами алмайтыны белгілі.
Қоғамдық пікір — қоғамдық санадан туып,
әртүрлі пікірлер арқылы қалыптасады.
Журналистиканың халықтығы мен демократиялылығы
оның қалың көпшілікпен байланысында.
Сол арқылы журналистика өз жұмысы туралы
халықтың қатысын әрі пікірін біліп отырады
және халық арасында демократиялық құбылыстардың
ашық, екпінді жүруіне мүмкіндік туғызады.
Қазір Қазақстан журналистикасы тек өз
республикамызбен ғана шектеліп калмайды.
Бүгінгі заманда олай болуы мүмкін де
емес. Әрине, уақыт талабы да басқа екені
белгілі. Өйткені, бүрынғыдай емес, әр
ел өз тәуелсіздігін алғанмен жер шарының
бүкіл елдерге, халықтарға ортақ мәселесі
аз емес. Мысалы, бейбітшілік, табиғат
апатына тосқауыл, экология, экономика,
саясат, мәдениет, ғылым, халықтар достығы
еш уақытта тар шеңберде қалып қоймайды,
оған қоса, ондай мәселелерді тек бір елдің,
бір республиканың шешуіне де мүмкіндік
бола бермейтіні белгілі. Сондықтан бүкіл
адамзаттық мәселелер бәрібір ортақ тіл
табысуға, бірлесуге, өзара келісімдер
жасауға әкелетіні белгілі. Осы ретте
Қазақстан журналистикасы да жер жүзі
журналистикасы секілді даму, қалыптасуды
бастан өткеріп отыр. Кейде өзара байланыстар
да болып, бір-біріне әсер ету арқылы жаңа
жетістіктерге жол ашылуда. Баспасөз,
радио, телевидение коллективтерімен
бірге, жекелеген журналистер де шетелдерге
шығып, тәжірибелер алмасып тұрады. Ал
енді нақты мысалдарға келетін болсақ,
Қазақстанда алдымен көпұлтты халықтар
тұратыны белгілі. Соған орай әрбір ұлттың,
мысалы, орыс, неміс, ұйғыр, корей т.б. халықтардың
өз тілдерінде газеттері шығып, радио,
телевидение арқылы арнаулы программалар
беріліп тұрады. Сондай-ақ, театрлар мен
ұлттық орталықтар жұмыс істейді.
Енді қазақ журналистикасындағы шетел
тақырыбына тоқталсақ, мына жайларды айтуға
болады. Мәселен баспасөздің «қара шаңырағы»
саналатын «Егемен Қазақстан» газеті
күнделікті нөмірінде шетел жаңалықтарын
міндетті түрде беріп отырады. Бұл ең басты
қоғамдық-саяси газет болғандықтан, әлемде
болып жатқан оқиғаларды назардан тыс
қалдырмайды. Идеология, саясат саласында
және мемлекет басшылары жайлы материалдарға
мол орын беріледі. Ондай материалдар
мүмкіндігінше бірінші бетке орналастырылады.
Мұнда, әсіресе, дипломатиялық қарым-қатынастар
туралы жиі айтылады. Президент пен Парламент
төрағасы, Премьер-министр кабинеті төрағасының
шетелдерге ресми сапарлары туралы тілшілер
репортаждары, есептер және фотосуреттер
басылады. «Егемен Қазақстан» тиражы жағынан
ең көп тарайтын газет. Тіпті, оны шетелдегілер
де алдырып түрады.
Келесі бір газет «Алматы ақшамы» деп
аталады. Бұл республикада таралатын газет.
Негізінде әкімшіліктің органы, жаңалықтары
туралы жазады. Сонымен бірге бұл газет
те шетел хабарларын үзбей береді. Ал «Жас
Алаш» газеті жастарға арналған. Яғни,
жастар өмірі туралы қызғылықты материалдар
берумен бірге, шетел өмірінен де назар
аударарлық материалдарды жариялайды.
Бұлармен бірге Қазақстанда «Қазақстан-Заман»
деген халықаралық газет шығады. Ол Түркиямен
бірлесіп шығарылады. Осы екі елдің және
басқа да елдердің өмірінен материалдар
береді.
Енді телевидениеге келсек, «Қазақстан»
телекомпаниясы бар. Сондай-ақ «Хабар»,
«Ел арна» ірі телеарналар саналады. «Қазақстан»
телеарнасы негізінен республика өмірін
камтитын хабарлар береді. Саясат пен
соңғы жедел жаңалықтарды беріп отырады.
Президент пен үкімет, парламент жұмыстарын
қамтиды. Сондай-ақ шетел жаңалықтарын
спутник арқылы қабылдайды. Ал коммерциялық
каналдар: КТК, Таң, 31-ші канал, НТК көбіне
шетелдердің кинофильмдерін берумен айналысады.
Сондай-ақ жарнамалар туралы айтып, бизнес
туралы әңгімелейді.
Қазақ радиосы болса көптеген радиобағдарламалар
береді. Республика өмірінен ақпарат хабарлар,
музыкалық, әдеби және шетел хабарлары
беріледі. Өнер туралы танымдық материалдар,
шаруашылық мәселелері айтылады.
Міне, осылайша Қазақстан журналистикасы
да әлем журналистикасы секілді онан әрі
даму үстінде. Бұл орайда сол әлемдік тәжірибеден
бөлініп қалмақ емес, қайта көптеген ізденістер
жасамақ.
Журналист маманын даярлаудағы дәстүр мен жаңашылдық
Елімізде журналистика мамандығына даярлайтын жоғары мектептер бар. Және бұл мамандану ҚР Білім беру және ғылым министрлігі бекіткен 5B050400– журналистика бакалавры, 6М050400 – журналистика магистрі, 6D050400 – PhD докторантура бойынша жүзеге асады.
Баспасөз және электронды БАҚ, ақпараттық агенттіктер мен жаңа медиа саласына мамандар даярлау ақпараттық технологиялар заманында талаптар қоятыны рас. Журналистика және бұқаралық коммуникация саласында мамандарды факультеттер мен кафедралар Алматы, Астана, Қарағанды, Түркістан, Павлодар т.б. қалаларындағы жоғары оқу орындарында дайындайды.
Солардың қатарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы базасында М.Барманқұлов атындағы телерадиокешені қолдауымен университеттік желіде тарайтын «Әл-Фараби» студенттік арнасы, «Әл-Фараби» радиосы, «Фотожурналист» студенттік фотозертханасы жұмыс істейді. БАҚ нарығына білікті мамандарды дайындау тәжірибемен, үздіксіз зертханалық білім берумен тікелей қатысты. Осы орайда университеттік кампусқа тарайтын «Әл-Фараби» радиосы мен «Әл-Фараби» арнасының студенттердің болашақ кәсібін іс жүзінде игеруге мүмкіндік беретіні ерекше атаған дұрыс.
Мәселен, журналист болам деп
талапкерге мына ақпарат елең еткізері
сөзсіз. Күнделікті таңертең университеттік
кампустың жергілікті торабына, сондай-ақ http://www.kaznu.kz,
Сондай-ақ, жасыратыны жоқ. Журналистика факультеті табалдырығын аттаған әрбір студенттің көңіл түкпірінде «тележұлдыз» болсам деген арманмен келеді. Сіз «Қазақстан», «Хабар», «Алматы» арналарына эфирге шығып, жаңалықтар не авторлық шоу жүргізгіңіз келеді. Дегенмен тележурналистиканың теориялық курстарымен қатар тәжірибе, дағды қажет. Осындайда шығармашылық қиялға ерік беріп қоймастан Барманқұлов атындағы телерадиокешеніне келіп: «Әл-Фараби» арнасында Сіздермен болған…»- деп студенттік телестудияда жаңалықтар жүргізуге мүмкіндік аласың.
Ең алдымен, журналистикадағы элеткронды жаңалықтар легі сандық камераның объективі арқылы жасалады. Студенттік өмірдің қас-қағым сәтін сандық форматта саяхаттауға болатыны рас. Фотобъективке тұтас әлем сияды. Ал елордасы Астанадағы ерке Есілге жағалай қонған Еуразия университетінің оқу ғимараттарын, әсем Алматыдағы Алатау бауырына орналасқан жастықтың қаласы КазҰУ кампусы жайлы фотоколлаж дайындауға мүмкіндік арта түсетіні рас. Осылайша журналистика саласында білім беру қалыптасқан дәстүрмен қатар, заманы озық технологияларды игерумен, соларды қолдана отырып, жаңа жобалар жасаумен ерекшеленеді.
Журналистика ғылыми мектебінің қалыптасуы, дамуы
Елімізде журналистика ғылыми мектебінің 80 жылға жуық тарихы бар. Қазақстандық журналистика ғылыми мектебінің негізін қалаған, қалыптасуына, дамуына ықпал еткен Т. Амандосов, Қ. Бекхожин, Т.Қожакеев, М.К. Барманқұлов, Н.Омашев, С.Қ.Қозыбаев сияқты профессор-ұстаздардың ғылыми еңбектері ерекше. Ф.ғ.д., профессор Т.Амандосов қазақ баспасөзі жанрларының теориясының негізін салған, жанрлар типологиясын зерттеген. Ф.ғ.д., профессор Қ. Бекхожин қазақ журналистикасы тарихының очерктер циклын жазған ғалым журналисткиа тарихын зерттеудің теориялық және практикалық негізін қалады. Ф.ғ.д., профессор Т.Қожакеев қазақ сатирасының теориясының негізін қалаған, қазақ журналистикасы тарихында елеулі еңбектер қалдырған көрнеті ғалым. Ф.ғ.д., профессор М.Барманқұлов қазақ тележурналистикасының теориялық және практикалық мәселелері бойынша тұңғыш зерттеу жүргізген, қазақ теле және Интернет журналистикасы саласын зерттеудің негізін қалаған ғалым. Ф.ғ.д., профессор Н.Омашев қазақ радиожурналистикасының теориялық және практикалық мәселелерін зерттеудің негізін қалаған. Ф.ғ.д., профессор С.Қозыбаев қазақ журналистикасының қазіргі заманғы тарихын зерттеудің негізін қалаған көрнекті ғалым. Бүгінде аталмыш ғылыми мектеп ғалымдары еліміздің белді оқу орындарында ғылыми-зерттеулер жүргізуде.
Болон үдерісі форматында журналистер дайындау мәселесі
Коммуникация желілерінің жылдам өріс алуы: әлеуметтік желілер, блогосфера, видеоарналар, веб-радиолар, мультимедиалық гаджеттер, подкасттар т.б. – журналистиканың жаңа моделін дүниеге әкелді. БАҚ, сондай-ақ журналистика қоғам дамуында, қоғамды басқаруда айтарлықтай жаңа рөлге ие болды.
Журналистика енді кәсіп, қызмет, мамандық болудан гөрі үлкен міндеттер арқалаған миссияға айналды. Бұл өзгерістер бізге инновациялық журналистика деген атауды лексиконымызға енгізді. Инновациялық журналистика бір оқиға аясындағы жаңалықтар мен хабарларды тарату концепциясынан бас тартып, бұқараға сол оқиғаны түрлі көзқарас тұрғысынан талдауға мүмкіндік берді. Журналистика азаматтардың назарын аударуға, қоғамдық пікірсайыстар туғызуға, жаңа ізденістердің бастамашысы ретінде, медиатор ретінде қызмет атқаруда.
Міне, сондықтан журналистерді даярлаудағы инновациялық модель бүгінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің басты стратегиялық мақсаты саналды. Бұл мақсат зерттеу университетіне трансформациялану кезеңінде жоғары мектеп өміріндегі реформалардың орындалуы, шешімі табылар тұсы факультеттен бастау алады. Сондықтан білім, ғылым және өндіріске негізделген үдерістердің орындалатын, үйлесетін орны да алдымен кафедра, сосын факультет. Осыған орай журналистика, қоғаммен байланыс, баспа ісі және дизайн мамандықтары бойынша білім берудің стратегиялық дамуы 3 бағытта жүзеге асуы тиіс:
Қазақстандық БАҚ нарығының бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы – білікті де кәсіби медиаменеджерлер жүйесі қалыптасуы керек.
Сондықтан бұл салада журналист мамандарын дайындауда үлкен міндеттер, жауапкершілік жүктеледі. Білім беру үдерсінде журналистика саласында мамандар даярлауда негізгі оқу жоспарлары ақпараттық сектор мен жаһандық коммуникативтік үрдістер талаптарына сәйкес әзірленді. Әрине, оқу жоспарларының басты концепциясы ретінде ақпараттық сегменттегі бұқаралық коммуникацияның ерекшеліктері мен талаптары алдыңғы орында тұрді.
Студенттердің журналистика негіздерінен бастап БАҚ жанрлары, бұқаралық ақпарат технологияларын, БАҚ-тың тілі және стилін меңгеру құзіреттіліктері жан-жақты қамтылды.
Сондай-ақ журналист мамандығын таңдаған студент жеке білім алу траекториясы бойынша телевизия, радиожуранлистика, он-лайн журналистика, халықаралық журналистикамен қатар медиа-рилейшнз салаларын толық қамтиды.
Магистратурада білімін жалғастыратын магистранттардың оқу жоспарында міндетті мамандандыру модулі бойынша «Журналистика ғылым тақырыбын зерттеудің жаңа әдістері», «Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау», «Конвергенттік журналистика» курстарын оқиды.
«Журналистикадағы зерттеу әдістері», «Бұқаралық коммуникация модельдері», «Электронды журналистика» сияқты модельдік тұрғыда бір бағытқа жинақталған үш білім беру бағдарламасы ұсынылды. Яғни магистранттардың журналистикадағы зерттеу методологиялары мен технологиялары саласында құзіреттілігін арттыру осы жоспардың басты акедемиялық саясаты саналды.
PhD докторларын даярлауда бұқаралық коммуникацияны зерттеу әдістері мен методологиясын терең иегруге, зерттеулер жүргізуге құзіреттілігін арттыру әдістері қарастырылды. PhD докторант «Қазіргі методология және бұқаралық коммуникацияны зерттеудің өзекті тәсілдері» курсын міндетті пән ретінде оқиды.
PhD докторант дербес білім
беру траекториясын таңдауға
мүмкіндік алады. Бұл бағыттағы
оқу жоспары концепциясы
«Бұқаралық коммуникация» білім беру бағдарламасы аясында PhD докторант «Медиакомпаниялардың коммуникациялық стратегиялары», «Желілік коммуникацияның модельдері», «БАҚ-тағы онлайн және оффлайн коммуникация», «Сандық дәуірдегі бұқаралық коммуникация құралдары», «Инновация және журналистика» атты модульдарды таңдай алады.
Яғни журналистика саласында білім алатын бакалавр, магистрант және PhD докторанттың өз саласындағы базалық терең білімге құрылған ең озық технологияларды, тиімді методологиялық зерттеу құзіреттілігін игеру – негізгі оқу жоспарының басты академиялық концепциясы. Іс жүзінде оқу үдерсінде қолданыстағы жоспарлар алдағы уақытта еліміздің ақпараттық сегментіне жоғары білікті мамандар, бәсекеге қабілетті журналистер толқынын дайындайды деуге толық негіз бар.
Сондықтан соңғы онжылдықта жаңа технологияны меңгерген әмбебап мамандарға сұраныс артуда. Бұл ақпараттық, визуальдық материалдарды жинап, өңдей алатын бірнеше қызметті қатар атқаратын журналистиканың жаңа моделі.
Информация о работе Журналист және журналистиканың қоғамдағы рөлі