Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2013 в 13:17, реферат
Диктор және тележүргізуші. Бұл екеуі екі басқа ұғым ба, әлде, бір түсініктің аясындағы екі түрлі нысан ба, немесе қосарланған (гибрид) тұрпаттағы мамандықтың атауы ма? - дегеннің басын ашып алайықшы, ең алдымен.
Бағдарламаны эфирде жүргізетін, мәтінді оқып телекөрерменге ұсынатын телевизия маманы. Егер осылай деп анықтасақ, анықтама екеуіне де ортақ. Сол сияқты екеуіне қойылатын талап, жүктелетін жауапкершілік, артылатын міндет те бірдей болып шығады. Дегенмен ішінара болсадағы әйтеуір, айырмашылықтың болуы дау тудырмаса керек.
Кейбір ұйым, мекемелер мерейтойларын немесе маңызды мәдени іс шараларын басқаруға танымал тележүргізушілерді арнайы шақыратыны бар. Бұл соншалықты тиімді тәсіл емес. Негізі шешендік өнерге жуық, ұжымын бес қолдың саласындай жақсы білетін өз адамдары болғаны тиімді. Сондай «ұжымдық жүргізушлердің» өзінде жүргізушілік өнердің алғашқы мағлұматы бар, өзіндік мәдениеті қалыптасқан тұлға болғаны абзал. Жалпы топтың назарын аударып, мәдени шараны басқару оңай іс болмағанымен оған үйренуге, жүргізушілік қабілеттілікті игеруге болады. Сондықтан, мәдени іс шаралар жүргізу, шешендік өнер жайында білім беруге бағытталған оқыту семинарларын БАҚ қана емес өзге ұйымдар да өткізуге мүдделі болуға тиіс. Себебі, осының өзі мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге, оның бай қайнар көздерін ашуға, мүмкіндігін кеңейтуге елеулі үлес қосар еді.
Өнер - шынайы өмірдің әдебиет, театр, музыка, кино, сурет арқылы айқындалған бейнесі. Өнер атаулының барлық түрлерін жинақтап, бәрін жаңаша жаңғыртқан нысан - радио, телевизия өнері болып отыр. Телевизия, радио - халықтың санасына ықпал етіп, ақпараттары арқылы танымға жетелеп, ой-өрісін жетілдіріп, тәлім-тәрбие беретін БАҚ қана емес, сонымен қатар ол көруге, тыңдауға арналған айырықша өнер. Біз радионы, телевизияны және сахнаны өнер ретінде мойындаймыз. Олай болса, олардың нақты айқындамасы болып табылатын бағдарлама жүргізуді де өнер ретінде тануға тиіспіз.
Өнерге сезім арқылы бойлағанда ғана біз оны түсінеміз және игереміз. Сондықтан да, белгілі дәрежеде табиғи түйсіктің, дарын қабілеттің болғаны абзал. «Бір пайыздық дарын мен 99 пайыздық еңбектің арқасында табысқа жетуге болады» деген тәмсілдің жүргізушілік өнерге де қатысы бар.
Атақты шешен, саясаткер Роберт Пеел ерекше дарын иесі болмаған. Соған қарамастан бала кезінен қалыптастырған жаттығу, дайындықтың арқасында биік атақ абыройға жеткен көрінеді. Бала кезінде әкесі оны үстелдің жанына тұрғызып қойып жатқа сөйлетеді екен. Пеел өзі де діни уағызды қайталап оқып, жаттауға тырысты. Алғашқы кезде соншалықты нәтиже бола қойған жоқ. Жаттығуларын жалғастырған сайын назар аудару, зейін қою қабілеті арта берген. Осылайша, уағызды бір сөз, бір әріп қалдырмай жатқа соғатын жағдайға жеткен. Кейін ол теңдессіз шешендігімен саяси бәсекелестерін шаң қаптыратын қабілетті игерген. Оның оқыған нәрсесін жадында айна қатесіз сақтау қабілеті бала кезінде әкесінен үйренген жаттығудың арқасы еді. Мұндай қабілет тележүргізушілер үшін өте маңызды. Бір оқығанын есінде сақтай алатын алғырлық жүргізушіге қажет ең басты қасиет деуге болады.
Әлемде
жүргізуші өнері ғажайып
Хабар жүргізушілер
арасында әлемнің елеулі оқиғаларына
арқау болғандары да баршылық. Мысалы,
Доминикан республикасының «
Радио, телевизия бағдарламаларын, түрлі іс қызметтерін ұйымдастыруда автордың идеясын өз іскерлігімен байыта отырып, көрермен, тыңдаушыларға жеткізетін ерекше міндетті атқаратын, туындыны аудиторияға жеткізетін ақырғы сатысында жұмыс істейтін еңбеккер жандар айналып келгенде дикторлер мен хабар жүргізушілері. Олардың жұмыс көрсеткіштері арқылы тек бір телекомпанияның ғана емес, бүкіл елдің телеөнерінің даму деңгейі айқындалады.
Жүргізушінің мәдениеті, қарым-қатынасы, білімі мен қабілет-қарымы бағдарлама мен оқиғаның барысын анықтаумен қатар тыңдаушылар мен көрермендерге ықпал ететіндігімен ерекшеленеді. Себебі, тыңдаушы, көрермен қауым жүргізушінің сөйлеу мәнеріне, тіл байлығына, қабілетіне, мінез-құлқына еліктеп, қатынас мәдениетін игереді. Сондықтан, жүргізушілік өнерге оның этикасы, мәдениеті, шеберлігі және денсаулығында ешбір ақаудың болмауы секілді ұғымдар да жатқызылады.
Күні бүгінге дейін елімізде дикторлер мен жүргізушілердің кәсіби ерекшеліктерін, кешегісін, бүгіні мен ертеңін зерттеген ғылыми еңбек атаулы жоқтың қасы. Оқулық жайын тіпті ауызға алудың өзі артық. Мәнерлеп оқу, көркемсөз жайында туындылар баршылық. Олардан алғашқы мағлұматтарды алуға, жалпы ұғымдарды түсінуге болады. Алайда, микрофонмен, камерамен қатынас жасайтын радио, телевизия дикторлеріне, жүргізушілеріне мамандық талабына сай келетін оқулық бүгінде ауадай қажет болып отыр. Қорыта келе мынандай ұсыныстар жасауды жөн көрдік:
- Жүргізушілік өнері мен шеберлік мәселесі кәсіби диктор, жүргізуші, шешен лекторлердің аясымен шектелмейді, әлем журналистикасының қазіргі бағыт-бағдары жүргізушілікті алға шығарып, кәсіби дәрежеге көтеріп, лайықты бағалап отыр. Әр журналистің жүргізуші болуы міндетті болмаса да жүргізушілік шеберліктен мол білімі мен толық мағлұматы болғаны абзал;
- Радио,
телевизия бағдарламаларын
- Елде радио, телевизия арналарының көбеюі жүргізушілерге деген сұранысты арттырды. Телеарналарда жүргізуші болу үшін түрі келісті, даусы жағымды болса жеткілікті деген теріс ұғым қалыптасты да оны оңай санап, кім қаласа сол игеріп кететіндей жеңіл ойлайтын қате түсінік пайда болды;
- Журналист-жүргізуші
мамандығын оқытатын жеке оқу
орнының өзін айтпағанда, арнайы
мамандандыру курс те, жекелеген
пәндер мен оның практикумы
да ЖОО факультеттерінің
- Алдағы
уақытта дикторлік,
«Абай-ақпарат»
Читайте также: