Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2013 в 17:48, курсовая работа
Телевизияда «Реалити ТВ” өмірге келген кезде оған «Реалити – шоу» деген айдар тағылды. Экран туындысы телевизиялық кеңістіктегі шындыққа бағыт ұстанып, бір мезгілде ол көріністегі бейненің сан алуан мазмұндылығы, әрі мінез-құлық үлгісі болып табылады. Ол – көшедегі адмадармен сұхбат, пікірлесу, біздің замандастарымыздың күнделікті тыныс-тіршіліктері жайлы хабар. Кейіпкер де уақыт кеңістігінде өмір сүруші жандар. Реалити – шоу бағдарламасын жасаушылар оны ойын –сауық түрінде ойластырған. Негізгі идея аудиторияны күнделікті шыншыл, боямасыз өмірге жинақтау, жақындату, оны телевизия әйнегі арқылы бақылау болып табылады. Бұл теледидардың рекреативті функциясымен өзектес.
1. Кіріспе
2. Реалити-шоу. Жалпы шолу
3. Реалити-шоудың түрлері
4. Реалити-шоулардың қоғамға әсері. Әлемді алаңдатқан шоулар.
5. «Батыс-Шығыс», қазақ телевизиясындағы шоулардың шетел реалити-шоуларынан айырмашылықтары мен ұқсастықтары
6. «Реалити-2050» немесе реалити-шоудың болашағы бар ма?
Қорытынды
Алайда осындай сәтте «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деген аталы сөзді ойға алғанымызда жөн.
Әлемді алаңдатқан шоулар
«Әлбетте, алпыс жылдың ішінде реалити-шоулардың мәні де, мағынасы да өзгерері хақ. Әйтсе де, қайсыбір бағдарлама белгілі бір мақсатты көздейтіні аян. Бірақ қазіргі таңда телевизия мамандары көрерменді барынша таңғалдыруға талпынып, шоу атаулының сан түрін назарымызға ұсынады. Осыдан тұп-тура 6 жыл бұрын «Терезенің ар жағында» атты реалити-шоу әлемде біраз дау тудырған болатын. Шоу-бағдарламаны ұйымдастырушылар халықты азғындыққа тәрбиелейді деп айыпталған да болатын. Десек те, бұдан сабақ алған ешкім жоқ. Тіпті әлемдік реалити-шоулардың кескіні мен мағынасы тереңдей түсті десек те болады. Реалити-шоулардың сан түрін көрсетіп, көрерменнің зәре-құтын алу жағынан Голландия озық тұр десек, әсте жаңылыспаспыз. Голландиялық көрермендерге «Үлкен донор» атты реалити бағдарлама ұсынылған еді. Аталған жоба көрермендер тарапынан біраз сынға да ұшыраған. Өйтпегенде ше, бағдарлама барысында ми ісігіне тап болған Лиза есімді кейіпкер өзінің бүйрегін үш бірдей үміткердің біреуіне беріп, донор атануы керек еді. Лизаға таңдау жасауға бағдарламаға телефон арқылы хабарласқан көрермендер көмектесуі тиіс еді. Ең қызығы, Лиза өз бүйрегін көзі тірісінде «тапсыруы» керек болатын. Мұндай адамгершілікке кереғар бағдарлама голландиялық билік өкілдерін бейжай қалдырған жоқ, әрине. Голландия билігі бағдарламаны эфирден алып тастау керек деген ұсынысын бірнеше рет білдірген болатын. Алайда шоу-бағдарламаның продюсерлері мұндай жоба алдымен қоғам үшін қажет екенін айтып, міз бақпай қойды. Осылайша бағдарлама ұйымдастырушылары донор мәселесіне қоғамның назарын аудармақшы болған. Әрине, қоғам мұндай көріністерге селт етпей қоймайды. Бірақ адамгершілік тұрғысынан бұл дұрыс қадам ба?
Дәл осы мемлекетте тағы бір анайы шоу көрсетілді қалың көпшілікке. Бағдарлама барысында жүргізушілер көкнәрге тойып, өзара анайы қылықтарға жол беруі керек. Әрине, жан түршігерлік көріністерге голландиялық көрермендер қарсылық білдірді. Бірақ реалити шоудың продюсері Сйорд Ван ден Броек бағдарлама анайы қылықтан гөрі, жастарға ой салады деп ақталып шықты. Продюсердің пайымдауынша, бағдарламаны көрген жастар, әрқилы есірткілік заттардың зиянын санаға түюі тиіс екен. Десек те, тыйым салынған кез келген дүние қызығушылық тудыратынын ескерсек, жастар мұндай «теле-ақылдан» сабақ алудың орнына, керісінше, сол қылықты қайталауы әбден мүмкін еді.
Ал Ұлыбританияда «
Ал Қазақстандағы реалити-шоулар қандай деңгейде?
Қазақ телевизиясындағы реалити-шоулар
жайлы сөз қозғағанда, алдымен
«Ел Арна» телеарнасының "
* Жоба авторы әрі жүргізушісі Асхат Садырбай «Айқын» газетіне берген сұхбатында «Жалпы, соңғы рейтингтер мен сұраныстарға қарасақ жеткен жетістігіміз жаман емес сияқты. Рейтингтік пайызы «0» боп тұрған немесе қыруар қаржы жұмсалып, көңілге қаяу түсірмейтін рейтинг жинаған еліміздегі айтулы жобалардың қасында азғана қаржымен түсірілген «Шіркін, лайф» беделді бәсекелес боп тұр.
- Негізгі ұстаным - ауыл
өмірін насихаттау. Қазақ жастарын
өз салт-дәстүрін ұмытпауға
Бұл жобада да біраз ұрыс-керіс, айқай-шу болды, көп адам осыдан шошынып, жастарға не тәрбие береді деген сияқты пікірлерді де айтты және Ресейдің «Дом-2» көшірмесі деп те жатты. Алайда Батыс пен Ресей секілді көргенсіздік пен тәрбиесіздікті насихаттаған жоқ. Бұл-реалити. Осындай шоуларда дәл қазіргі уақыт, заман талабы айна қатесіз көрсетіледі. Елге танымал өнер адамдарының ауылдағы жұмыстарды атқаруы қарпайым көрермен үшін қызық дүние. Бұл жоба өз көрерменін тапты, жастар психологиясының әрқилы мәселелерін әртүрлі ситуациялар арқылы ашып бере алды.
Әрине, бұл жобаның басты жаңалығы, жүргізуші Маржан Сұлтанбаеваның шашын алғызып тастауы болды. Біреулер мұны ерлікке баласа, біреулер шоу жасады деген пікірлер айтты. Осы бір жағдай бағдарламаның рейтингін жоғарылатты, ары қарай не бола екен деген көрермен қызығушылығын да туғызды.
«Шіркін, life 3 Бурабайда!»
тележобасы — Ақмола облысының
Щучинск қаласындағы «
Бұл маусым алдыңғы екі
бөлімге қарағанда түрлі
Мақсаты:
Қатысушылар құқығы
Шарты
Жоба продюсері Толқын Сейдоллақызы masa.kz порталына берген сұхбатында «Біз табиғаттың көркем келбеті мен өнер жұлдыздарын үйлестіруге тырыстық» дейді. Жобаның ұтқан тұсы, реалити-шоумен қоса, Қазақстанның көркем табиғатын көрсете білгенінде деп ойлаймын.
Сонымен "Шiркiн, life" жобасы 3 маусымнан кейін өз жұмысын аяқтады. "Шiркiн, life" реалити-шоуын ұлттық құндылықтарды, тәрбиені, дәстүрді, білімді дәріптемейді деп айта алмаймыз. «Біткен іске сыншы көп» демекші, сан алуан пікірлер болды, дегенменде қазақ телевизиясында атап айтарлықтай реалити-шоулардың бірі болды деп ойлаймын.
2. Ұлттық құндылықтарды дәрiптеуге ат салысып жүрген "Алматы" телеарнасы да шоу-бағдарламалар аламанынан құр қалмаған еді.. "Алматы" телеарнасы Барыс жылында асабаларды аламанға қосты. Телеарнаның ойын-сауықтық бағдарламасы "Асабалар аламаны" деп аталады. Қазақ – тойшыл қауым. Тойдың сәнi де мәнi де асабаға байланысты. Сөзге шешен асабалар "Асабалар аламанында" өзара сайысқа түседi. Бағдарлама барысында олардың ұшқырлығы, сөзге шешендiгi, өнерi сыналады. Қазақ телеарналарында тың идея жоқ деушi едiк. Кей мамандардың "идея бар, алайда қаражат тапшы" деп байбалам салғаны да бар. Дегенмен "Алматы" телеарнасы тың идеяны шығарған сыңайлы. "Асабалар аламаны" тек қазаққа ғана тән бағдарлама болып отыр әзiрге.
Қазақ телеарнасы көштен қалып жатқан жоқ. Әлемдiк телеарналармен иық тiрестiрмесе де отандық телеарналардың көрермендерге ұсынар өзiндiк жобалары жетерлiк. Спутниктiк телеарналар жаулаған мына заманда бәсекелес болу да қиын шығар, бәлкiм. Дегенмен, отандық телеарналар бiздiң менталитетке сай, бiздiң көрерменге лайық өнiм шығарса мүмкiн бәсекеге де қабiлеттi болар ма едi, кiм бiлсiн?
3. 2008 жылы көрерменге жол тартақан «Қазақстан» ұлттық арнасының «Дарабоз» реалити-шоуы да өз кезегінде көрерменін тапқан болатын. Жоба продюсері- Ләйлә Сұлтанқызы. Қатысушылар: ірктеуден өткен 14 жас қатысушылар. Ұлттық салт-дәстүрді насихаттауда еңбегі айтарлықтай болды, ғұмырының қысқа болағны өкінішті-ақ. Менің ойымша «Дарабоз» реалити-шоуыжаңаша ізденістің жемісі болды.
4. «Мама мия» көңілден шықты ма?
«КТК» телеарнасы да жаңа телемаусымда жаңалықтан құралақан қалмады. Жыл бойы телеарнада «Мама мия» һәм «Бешбармак-шоу» сияқты тың тележобалар көрерменмен қауышады деген ақпарат таратылды. Әрине, жаңалыққа елең етпеген көрермен аз болмады. Жаңа тележобалардан ұлтқа тән ерекшелік һәм жаңалық күткеніміз тағы жасырын емес. Әйткенмен өрекпіген көңіл әп-сәтте басылды. Осыған байланысты «Айқын» республикалық-қоғамдық басылымының «Дидар ТВ» қосымшасында жарық көрген Әйгерім Бақытқызының мына мақаласына көз жүгіртсек:
«Өткен сенбіде «КТК» телеарнасынан «Мама мия» бағдарламасының алғашқы көрсетілімін тамашаладық. «Мама мия» - латынамерикалық «Телемундо» телекомпаниясының «Квенсенера» шоу-бағдарламасының қа¬зақстандық нұсқасы. Музыкалық реалити-шоу ТМД аумағында тұңғыш рет көрсетіліп отыр екен. Тележобада 14-16 жасар бойжеткендер аналарымен қосылып, ән айтып, өзара сайысқа түседі. 12 жұптың арасындағы қызу тартыста үздік атанған анасы мен қызы 3 миллион теңгені иеленеді. Әлбетте ел арасында талантымен тәнті еткен балалар да, аналар да жетерлік. Бірақ «Мама мияны» көріп, іштей қынжылдық. Бағдарлама барысында өмірдің ақ пен қарасын ажырата алмаған жап-жас қыздардың аузынан тек қана жауапсыз махаббат туралы әндерді тыңдауымыз қызық болды. Ән өнерінің төресіне айналған аға-әпкелерімізден әнді жүрекпен айту керек деген кеңесті жиі естиміз. «Мама мияға» қатысқан әнші қыздардың өнеріне баға берген қазылар алқасы да: «Сен әнді дұрыс айтпадың. Әнді сезінбедің. Жүректен өткізбедің» деген сыңайдағы сынды көбірек айтты. Дегенмен махаббаттың мәнісін түсінбейтін 13-14 жастағы бойжеткен жауапсыз сезім туралы әнді қалайша өнбойынан өткізіп, сезінуі керек? Әр адам өзінің жасына, табиғи дамуына байланысты ән айту керек шығар. Бұл - бір деңіз. Екіншіден, ел арасында сәбиқұмар қылмыскерлердің қарасы көбейгенін айтып, дабыл қағып, қынжыламыз үнемі. Бағдарламаны көру барысында «мұндай ке¬леңсіздіктің орын алуына өзіміз кінәлі емеспіз бе?» деген ойға қалдық бір сәт. Қалай дейсіз ғой? Теледидардан өкшесі қазықтай аяқкиім мен етегі қысқа көйлек киіп, бетіне опа-далапты аяусыз жаққан бойжеткенді көрген жас жігіт болсын, ер ағасының болсын ойы бұзылмай ма? Оның үстіне жас қыз махаббат туралы терең тебіреніспен ән айтса ше?!
Тағы бір айта кетерлігі,
бағдарлама тұтастай бір тілде жүргізілмейді.
Қазақ қызы орысша ән айтады, онысымен
қоймай, тілін бұрмалап, орысша сөйлейді.
Әділ қазылар алқасы да қазақтың төл
баласы болғанымен, орысша тіл сындырады.
Әлбетте, жаңалықтың болғаны жақсы.
Бірақ әр бағдарлама ұлттың ерекшелігі
мен менталитетін ескерсе дұрыс
болар еді. Дәл осы жобаны тілін
бұрмалайтын шалақазақтардан
«Мама Мия» біреуге ұнады, ал бәз біреулерге ұнамады. Телевидение болған соң бәрін тәжірибеден өткізіп көру керек. Дегенмен, осындай бағдарламаларды ұлттық менталитетке сай етіп жасаса, халықтың көңілінен шықпай қоймайды.
4. «Фобия»
«Ел арна» теларнасынан көрерменге
жол тартқан бұндай реалити-шоу
бұрын-соңды қазақ
«Фобия» өз атына сай бағдарлама, алайда шоуды бүдан да қорқынышты қылғанда, оданда қызық болар ма еді деп ойлаймын. Жүргізушісі Илхам Ибраһим де жақсы таңдалған, сөйлеу мәнері, көқарасы да бағдарламаның атына сай.
5. «Махаббатқа он қадам»
«Махаббатқа он қадам» бағдарламасы Ұлыбританиядан лицензиямен сатып алынған. Қазір қазақ телевизиясы емес, көршілес Ресей бағ¬дарламаларының 99 пайызы көшірілген туындылар. Дегенмен әрбір ел шетелдік туындыны өз менталитеті һәм көрерменнің талғамына сай дайындайды. «Мәселен, «Махаббатқа он қадам» жобасын біз Ұлыбританиядан сатып алдық. Бірақ біз ағылшындардың жазып берген сценарийі бойынша жұмыс істегеніміз жоқ. Сценарийді өзіміз өңдеп, өзіміз жазамыз. Яки бағдар¬ламаны қазақстандық көрерменнің талғамына қарай бейімдейміз. Екіншіден, бағдарламаның шығармашылық ұжымы да отандық мамандардан құралған. Сондықтан бағдарлама қазақтарға арналып жасалды. Бәрін түгел дерлік қазақи тұрғыда ойлап, қазақи тұрғыдан шештік» дейді Асхат Садырбай «Айқын» газетіне берген сұхбатында.
Қорытынды
БАҚ зерттеу мамандары «ХХІ ғасыр-жаңа дәуір, жаңа дәуір - реалити телевизияның дәуірі» деп сенімді түрде айтуда.
Реалитишоудың болашағы жайлы бір ғана нәрсені айтуға болады: оның болашағын ешкім болжай алмайды. Егерде фильмнің немесе бағдарламаның соңында, басында «шынай оқиғалардың желісімен» деген сөздер тұрса – бұл үлкен жетістік. Көрермен әрқашанда шындықты көргісі келеді.