Шоқан Уәлиханов

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2015 в 01:34, реферат

Краткое описание

Қазақстан мәдениетіне үлкен үлес қосқан қазақтың алғашқы ғалымдарының бірі Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов орыстың әскери мектебінің түлегі еді. Алайда Шоқанды қазақ даласында орыстандыру саясатын жүргізуші деп бағалау үстірт пікір. Арғы атасы Абылайды пір тұтқан Шоқан өз халқының мәдениетін жоғары деңгейге көтеруге тырысты. Бұған негізгі құрал оның ағартушылық әрекеті болды. Қазақ ағартушылығына Еуропадағы ағылшын, неміс, француздардағы сияқты жалпы ортақ белгілер тән. Ең бастысы — білім мен ғылымды адамдарды бақытқа жеткізетін күш деп ұғыну.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ШОХАН УАЛИХАНОВ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ.docx

— 16.42 Кб (Скачать документ)

Шоқан Уәлиханов

Қазақстан мәдениетіне үлкен үлес қосқан қазақтың алғашқы ғалымдарының бірі Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов орыстың әскери мектебінің түлегі еді. Алайда Шоқанды қазақ даласында орыстандыру саясатын жүргізуші деп бағалау үстірт пікір. Арғы атасы Абылайды пір тұтқан Шоқан өз халқының мәдениетін жоғары деңгейге көтеруге тырысты. Бұған негізгі құрал оның ағартушылық әрекеті болды. Қазақ ағартушылығына Еуропадағы ағылшын, неміс, француздардағы сияқты жалпы ортақ белгілер тән. Ең бастысы — білім мен ғылымды адамдарды бақытқа жеткізетін күш деп ұғыну. Алайда қазақ ағартушылығының өзіндік ерекшеліктері де жеткілікті. Мұның өзі Шығыс Ренессансына, тәуелсіз Қазақ хандығына және Ресей империясы құрамындағы бодан халық тағдырына қатысты. Ағартушылық мәдениеттегі негізгі тетік — адам. Шоқан сыртқы әлемге «дала адамын» түсіндіргісі келді. Осы мақсатпен ол қазақ және қырғыз халықтарының миф-аңыздарын, салт-дәстүрін, діні мен тілін зерттейді. Шоқан жазған «Үлкен қырғыз-қайсақ ордасының ескі аңыз әңгімелері», «Қазақтардағы шамандықтың іздері», «Қашқария туралы жазбалар», «Сахарадағы мұсылмандық туралы» және т.б. ғылыми еңбектерде қазақ және басқа түрік халықтарының мәдениетіне энциклопедиялық талдау берілген.

 Шоқанды тек қазақ ағартушысы деп шектеу жеткіліксіз. Ол шын мәнісінде нағыз ренессанстық тұлға. Не бары 30 жыл ғана өмір сүрген ол өзін дарынды тарихшы, тіл маманы, географ, мәдениеттанушы ретінде Еуропа мен Азияға таныстырып кетті. Шоқан туралы айтқанда, алдымен көзге түсетін мәселе — мәдениеттанулық дихотомия: Батыс пен Шығыстың арақатынасы. Патшалық Ресейде білім алған империя офицері ретінде ол, әрине, Черняев экспидициясына қатысты, басын қатерге тігіп, Қашқарияға жасырын барды. Ф.М. Достоевский, С.Р. Дуров, Н.Г. Чернышевский сияқты орыстың озық ойлы ғұламаларымен достасып, алдыңғы қатарлы Еуропа мәдениетінен нәр алды. Шоқанның бар арманы өз халқының төл мәдениетін, тарихын, тілін жоғары деңгейге көтеріп, жалпы адамзаттық мәдениетке тең етіп қосу болды. Осының негізгі құралы деп кейбір зерттеушілер Ресей мәдениетін қазақ сахарасында таратуды айтады. Омбыда оқып жүрген кезінен бастап-ақ Шоқан екі түрлі Ресей бар екендігін сезді: бірі — озық ойлы, адамзатты ардақтаушылар, екіншісі — отаршылар, тонағыштар, итаршылар. Шоқан патша әкімшілігінің Қазақстан туралы саясатына әр уақытта күдікпен қараған. Мысалы, әуелде «жақсы әскербасы және әділ» болар деп ойлаған М.Г. Черняевті Шоқан өз халқының мүддесіне қолданғысы келіп, оның жорығына қатысты. Алайда, орыс әскерінің жантүршігерлік қылмыстарын байқаған Ш. Уәлиханов патша қызметін тастап, еліне қайтып кетеді. М.Ф. Достоевскийге жазған бір хатында Шоқан, отандастарыма пайда тигізу үшін тіпті сұлтан болғым да келді дейді. Алайда, өмір шындығы оның бұл ойының қиял екендігін көрсетті. Даладағы зорлық-зомбылықты жалғыз білімді әкім жеңе алмас еді.

 

 Шоқан Уәлиханов (Ә. Қастеев)

Шоқан араласқан тағы бір мәдениеттанулық мәселе мұсылмандық туралы болды. Қазақтарды жылдам христианға айналдыра алмайтынына көзі жеткен патша әкімдері исламның өздеріне қажетті жақтарын нығайту мақсатымен далаға көптеген татар және Бұхар молдаларын жіберді. Шоқан осы саясатқа қарсы шығып, орыс-қазақ мектептерін көбірек ашуды талап етті. Бірақ бұдан Ш. Уәлиханов атеист болды және исламға қарсы күресті деген пікір тумау керек. Шоқан бұрыннан қазақтар арасында кең таралған тәңірілік дін және шамандықтың (басқылықтың) маңызын көре білді, исламға қарсы шығудан бас тартты; ол: «біз исламды қудалауды ұсынбаймыз, мұндай қадамдар қарама-қарсы нәтиже беруі мүмкін. Бірақ біз үкіметтің қандай да болсын білімге қарсы дінге қамқорлық жасамауын, және далада ұрып-соғу мен қорқытуға негізделген теологиялық заңдарды күштеп енгізбеуін сұраймыз және талап етеміз» (Таңдамалы, 200-бет), — деп жазды. Яғни, Шоқан мұсылмандықтағы мәдени-тұтастық функцияларды көре білді. Ұлы мәдениеттердің тоғысуында дүниежүзілік діндер интеграциялық қызмет атқарады. Қысқаша айтқаңда, Шоқанның қазақ мәдениетіне қосқан үлесінің негізінде Батыстың да (орыстың да), Шығыстың да тигізген әсері емес, өз халқының төл мәдениеті жатыр. Шоқанның өзіне жүгінейік: «Далалық орданың тұрғыны — қазақ өзінің моральдық қасиеті, ақыл-ой қабілеті жөнінен отырықшы татар немесе түркі шаруаларына қарағанда әлдеқайда жоғары тұр... Осынау дала көшпелілерінің ақынжанды болып келетіні, ой-қиялының жүйрік болып бітетіні мұңсыз-қамсыз көшпелі тіршіліктің арқасы болу керек немесе ұдайы ашық аспан астында, шет-шегі жоқ шүйгін дала құшағыңда ғұмыр кешкен соң табиғат шіркінді Тәңірі тұтқандықтан да болар. Түрік атаулы халықтар арасында өзінің ақындық қабілет-дарыны жөнінен қазақтар бірінші орында болса керек».


Информация о работе Шоқан Уәлиханов