Салалық газеттер және журналдар, олардың айырмашылығы неде?

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2015 в 08:19, контрольная работа

Краткое описание

Бүгінгі таңда қоғамдық санаға ықпал ететін бұқараны ортақ мақсатқа жұмылдыратын бірден-бір күш бұқаралық ақпарат құралдарының басты тетіктерінің бірі – баспасөз болып табылады. Баспасөздің қоғамымыздағы алатын орнына жоғары баға берген Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Газеттер мен журналдарға арқа сүйеместен өз саясатыңды қалай жүргізіп, реформа мәнін қалай ұғындыруға болатынын түсінбеймін. Егер ең бұқарашыл саяси мінберден айырылсақ, жұртты өз іс-әрекетіміз туралы, аймақтардың даму преспективасы туралы, мәселені шешудегі көзқарастар туралы қалайша хабардар етпекпіз»,- деп атап көрсеткен

Прикрепленные файлы: 1 файл

сож 10нед журн.docx

— 7.47 Кб (Скачать документ)

         Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы  мемлекеттік университеті

 

 

 

 

 

    cөж

 

Тақырыбы: 3Салалық газеттер және журналдар, олардың айырмашылығы неде? 

 

 

 

 

                                              Тексерген: Хибадуллина Айжан

                                          Орындаған:Камзина Ляззат 

 

 

                                  

 

 

 

 

 

                                 2015-2016 оку жыл

           Салалық газеттер және журналдар, олардың айырмашылығы неде?

   Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алып дүние жүзілік адамзат көшіне жеке мемлекет ретінде қосылған бүгінгі күні, халқымыздың әлеуметтік-саяси, экономикалық және мәдени өмірінде бұқаралық ақпарат құралдарының алар орны, атқарар қызметі өте салмақты болып отыр.

    Бүгінгі таңда қоғамдық санаға ықпал ететін бұқараны ортақ мақсатқа жұмылдыратын бірден-бір күш бұқаралық ақпарат құралдарының басты тетіктерінің бірі – баспасөз болып табылады. Баспасөздің қоғамымыздағы алатын орнына жоғары баға берген Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Газеттер мен журналдарға арқа сүйеместен өз саясатыңды қалай жүргізіп, реформа мәнін қалай ұғындыруға болатынын түсінбеймін. Егер ең бұқарашыл саяси мінберден айырылсақ, жұртты өз іс-әрекетіміз туралы, аймақтардың даму преспективасы туралы, мәселені шешудегі көзқарастар туралы қалайша хабардар етпекпіз»,- деп атап көрсеткен 

   Бүгінгі демократиялық елімізде баспасөздің қоғамдағы рөлі елеулі өзгеріске ұшырады. Ол бұрынғыдай насихатшы ғана емес, сонымен бірге қоғамдық ой-санамыздың сараптаушысы және қоғамдық ой-пікірді қалыптастырушы да болып отыр. Сондай-ақ қазіргі қазақ баспасөзінің рөлі артуда. Әсіресе, ұлттық тіл мен жер мәселесі, еліміздің тәуелсіздік идеясын насихаттау, қорғау, идеология майданында бітпес күрес жүргізу ісінде атқарып отырған қызметін ерекше айтуға болады.

       Салалық басылымдар дегеніміз – тек бір ғана салаға арналған газет немесе журнал. Қазіргі кезде қазақ журналистикасында салалық басылымдардың үлкен шоғары қалыптасып келеді.

Қазақ баспасөзі тарихында білімге, өнерге, тек әйелдерге арналған салалық басылымдар болды. Сол салалық басылымдардың өзіндік мақсат-мүддесі болды. Мәселен, өткен ғасырдың 20-шы жылдарында жарық көрген «Жаңа мектеп», «Ауыл мұғалімі», «Қазақстан мектебі» т.б. басылымдардың басты мақсаты сауатсыздықты жою, ағартушылық қызмет жүргізу болып табылды. Бұл басылымдар қазақ халқының рухани дүниесінде үлкен мәнге ие. Оның үстіне қазіргі уақытта кез-келген сала дамып, күрделене түсуде. Осы салаларды саралап, жіктеп таразылайтын жеке-жеке ғылым салалары пайда бола бастады. Сондықтан да салалалық басылымдарға қажеттілік туды.

     Ғылым мен техниканың дамуы адамдардың барлық салада әмбебап болуын қажетсінеді. Мәселен, күнделікті қоғамдық-саяси басылымдарда жұмыс істейтін адам саясатты да, экономиканы да, қажет болған жағдайда мәдениетті де жазып келуге дағдыланған. Өйткені оған қойылған талап солай. Бірақ олай болуы мүмкін еместігін барлығы біледі. Жан-жақты хабардар болуы мүмкін, бірақ барлық саланы бір адам бес саусақтай меңгеруі ақылға сыйымсыз. Сондықтан да болар қазіргі күнделікті, апталық басылымдар редакцияны тақырып бойынша жеке-жеке топтарға бөліп тастаған. Мәселен, экономика, саясат, әлеумет, спорт т.б.

Жалпы ХХІ ғасырдағы технологияның қарыштап дамуы газеттердің ақпарат көзі ретіндегі ролін едәуір аласартқаны белгілі. Халық өзіне керек ақпаратты радио-теледидар мен ғаламтордан алуға тез бейімделе бас­тағандықтан газетке жазылу күрт төмендеп кетті. Әлем елдері басылымдарының тарихына көз жүгіртсек, баспасөздің басына түскен мұндай күй еш елді айналып өтпеген сыңайлы.Өйткені басты фактор – халық санының аздығы мен қазақ тілді баспасөзді тұтынушылардың көп емес екендігі әсер етеді. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, таралымы көп басылымдар қатарында бұқаралық сипаттағы газеттер алда келеді. Бұқаралық басылымдардың сипатына тоқталсақ, олар ойын-сауықтық, сенсациялық-даурықпа ақпараттарға негізделген. Тілі қарапайым, материалдары қысқа, тақырыптары үлкен қаріппен терілген, суреттері де одағай, талғамы қарапайым, қарадүрсіндеу. Газеттің таралымының көп болуына белгілі бір саяси мүддені көздеген газет құрылтайшыларының да қатысы зор. Олар баспасөзді өз көзқарастарын халыққа жеткізу құралы ретінде жақсы пайдаланады. Одан кейінгі орында салалық газеттер тұрады. Салалық газеттердің таралымының көбеюіне сол салаға қатысты құзырлы органдардың мүдделі болары белгілі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

Омашев Н. Қазақ журналистикасы. 3-ші том. –

Сағымбеков Р. Алматыдан сөйлеп тұрмыз. – Алматы,


Информация о работе Салалық газеттер және журналдар, олардың айырмашылығы неде?