Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 08:37, курсовая работа
Паблик рилейшнз — өз пайдасын емес, қоғамның пайдасын ойлайтын мамандық. Басқаша айтқанда, паблик рилейшнз — қоғамға адал қызмет.
Қоғаммен байланыс мамандары мекемелер мен топтар арасындағы делдал болып табылады. Сондықтан PR-шылар өзі таныстырып тұрған мекеме алдында және көптеген аудиторияның алдында жауапкершілік алады. Мамандар қоғам қажет етіп тұрған ақпаратты нақтылап жеткізуі қажет.
І. Кіріспе.
ІІ.Негізгі бөлім:
1. PR-маманына тән қасиеттер.
2. PR маманының әр салада қызмет атқаруға бейімделуі.
3. PR-дағы этика.
4. Сөйлеу мәдениеті.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Жоспар:
І. Кіріспе.
ІІ.Негізгі бөлім:
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.
PR-дағы этика
І.Кіріспе.
Паблик рилейшнз — өз пайдасын емес, қоғамның пайдасын ойлайтын мамандық. Басқаша айтқанда, паблик рилейшнз — қоғамға адал қызмет.
Қоғаммен байланыс мамандары мекемелер мен топтар арасындағы делдал болып табылады. Сондықтан PR-шылар өзі таныстырып тұрған мекеме алдында және көптеген аудиторияның алдында жауапкершілік алады. Мамандар қоғам қажет етіп тұрған ақпаратты нақтылап жеткізуі қажет.
Басқаша алғанда PR-шылар қоғамдық пікірді зерттеп, мекеме басшысына қоғамдық пікірді тыңдау және көңіл-күйіне қарау керектігі жайында ақпарат береді. Осындай делдалдық қызмет кезінде мекеме мен қоғам арасындағы өзара түсіністік және ұтымды қарым-қатынас қалыптастыратын Паблик рилейшенз институты және мамандары.
PR-маман қоғамның түрлі топтарына БАҚ арқылы байланысытынын ескерсек ол коммуникациялық арналардың тазалығын сақтауға міндетті. Ол БАҚ құралдарын үнемі тек 100% шынайы ақпаратпен қамтамасыз етуі тиіс.
Мекеме мен қоршап тұрған қоғамның арасында орналаса отырып, PR-маман эффективті коммуникатор болуы тиіс, екі арада түсіністік болғанға дейін ақпаратты толыққанды жіберіп отыруы тиіс.
Мекеме мен қоғамды
толғандыратын мәселелерді
ІІ. Негізі бөлім
PR маманына тән қасиеттер
Көптеген мамандар PR-ды ғылым тұрғыдан зерттеумен айналысатындықтан, олар үнемі өз арналарына басқа мамандықтардың белгілі салаларын енгізіп отыруы керек, мәселен адам психологиясы, әлеумет-логикалық, политологиялық, экономикалық және тарихи теориялар.
PR қызметкерлері мәселенің анық-қандығын кризиске дейін алдын –ала біліп, қоғамды ақпараттандырып отырады. Пиар-шылар уақытында пайдалы кеңес береді. PR мамандардың қызметін тек - іс-әрекет этикасы арқылы бағалайды.
Э.Бернайз паблик рилейшнзге
керек 11 қасиеті атап өтті:
1. Мықты мінез, адалдық және бірбеткейлік.
2. Дұрыс ойлау қабілеті және логика.
3.Креативті ойлана білу.
4. Шынайылық.
5. Объективтілік.
6. Мәселенің шешілуіне терең қызығушылық.
7. Үлкен мәдени дайындық.
8. Интеллектінің жоғары болуы.
9. Анализу және синтездей алуы.
10. Ой түйсік.
11. Әлеуметтік ғылым және қоғаммен байланыс
технологияларын білуі.
PR маманының әр салада қызмет атқаруға бейімделуі
Мамандандырылған базалық дайындық PR мамандарын келесі салаларда сауатты қызмет атқаруға бейімдейді:
• Жоспарлау саласында: басшылыққа даму
сұрақтарына байланысты кеңес беру.
• Басқару
саласында: мекемелер жайлы ақпарат жинау,
пиарға арналған бюджет құру. Мекемені
бір орталыұтиан басқаруды оңтайлы ұйымдастыру.
• Жарнама
саласында: қоғамдық пікірді зерттеу жұмыстарын
орындай білу, акционерлерге арналған
методикалық және ақпараттық материалдарды
дайындау
• Аналитикалық
жұмыс саласында: тенденцияларды зерттеу,
түрлі жанжалдарды алдын-ала болжау.
• Экономикалық қарым-қатынас саласында: бәсекелестермен қарым-қатынаста болу, тауарды нарықта жарнамалау.
• Коммуникация саласында: БАҚ арқылы қалай байланысу керектігін білу
• Саясат саласында: қоғамның өтінішін жерде қалдырмау, жергіліктің басқарудың жұмысына араласу.
• Білім саласында: ауқымды қоғаммен жұмыс жасау, басшының сөзін дайындау, мекеменің ішінде білім жүйесін қалыптастыру.
PR-дағы этика
Казақта "Тірі адам тіршілігін жасайды" деген мақал бар. Тіршіліктің қисыны, тірліктің тәртібі, әдебі бар. Әрбір адамның негізгі тірліктері: ұйықтау, ояну, киіну, жуыну, сергу, еңбек ету, тынығу. Әрбір тірліктің өз тегі, қалпы тәртібі бар. PR-маманы соны білуі қажет.
Әрбір адамның сымбатын, әдемілігін киім айқындап тұрады. Сондықтан да киімнің жарасымды, үйлесімді болуы, көбінесе жеке бастың киіне білуіне байланысты. Жазда, күзде, қыста, көктемде киетін киімдерді өз ретімен кимесе, жарасым болмайды. Ал талғамсыз, жарасымсыз сән күллі жұрттың алдында күлкіге ұшыратады. Қыста сәнді деп, жалаңбас жүру - денсаулыққа зиян. Жақсы киіну үшін, сол киімді күте білуді PR маман үйренуі қажет.
Адам болған соң, алдына мақсат қоймаса, оның адамдығы қалмайды. Күллі жан күнде тірлік істеп, алдына қойған күнделікті мақсаттарын орындап, түпкі мақсаттарына жетуге жол ашады, ұлы істерге ұмтылыс жасайды. PR маманы бүгінгі істі белгілеп, оны орындап, ертеңгі ісіне қамдануы қажет. Ол үшін уақыт деген қүдіреттің әрбір минутын есептеу керек: қанша уақыт ұйықтайсың, жаттығасың, еңбек етесің, тынығасың - бәрін есептеп, соған уақыт бөлу керек. Әрбір тірліктің өз уақтысы бар, оған киянат жасаса, өмір ырғағы , тіршілік тынысы бұзылады. Сондықтан кез келген PR маманы уакытты дұрыс пайдалануды үйренуі тиіс.
Халық алдында әдеппен сөйлеу, дөрекіленбеу, дыбырламау PR маманының парызы болып қалыптасқан.
PR маманы келесі нормаларды басшылыққа алуы тиіс:
1. PR маманы берілген билік пен өкілеттікті
қолдана білуі қажет және сонымен қатар
шынайы болуы керек.
2 . Мемлекеттік қызметте
жеке бастың қамы емес, халық игілігі үшін
жұмыс атқаруы тиіс.
3. Кез–келген орында, кез-келген лауазымда
қандай жағдайда болмасын халықтың, өз
елінің азаматтарының сенімін жоғалтпайтындай
қызмет атқару керек.
4. PR маманышынайылық пен
сыпайылықтың үлгісі болып, адамдар арасында
өзін ұстай білуі керек.
5. Ұжымды басқармас бұрын,
оның өзі де бағынуды үйренуі керек, әріптестеінен
нені талап етсе, өзі соны атқара білуі
тиіс.
Сөйлеу мәдениеті
Шешендік, біріншіден, ескіден арылтатын, жаңаға талпындыратын ұмтылыс, жаңаға, жақсылыққа, жарастыққа жұғыстырантын ойлану мен ойжарыстың инновациялық құбылысы, екіншіден, кісілік қабілет-қасиеттің айқыг көрінісі және қызметі, үшіншіден, ұлттық мәдениеттің дәрежесі, шендесі және жемісі, зиялылардың мәдениеттілікке деген серпілісті қызметі, төртіншіден, азаматтық келісім мен қоғамдық ойдың үйлескен дәрежесі, үндескен деңгейі. Шешендіктің шырыны мен ширақтылығы, бәлкім, мұнымен шектелмес.
Шешендік – жеке тұлғалық бастама және бағыт, ондағы тарландық және талғампаздық; жасампаздықтағы талант, талап, тәжірибие көрінісі.
PR маманына арналаған
көпшілік алдында сөйлеуге
Сөйлеуге дайындықтағы басты талаптардың бірі - өзіне-өзі сенімділік қалыптастыру.
Сөйлеу алдында PR маманы өатты толқиды, тіпті тыңдаушылармен кездесуден қорқады, өзіне-өзі сенімсіздік білдіреді.
Неміс зерттеушісі Отто Эрнсттің «Сізге сөз берілді» деген еңбегінде көпшілік алдындағы қорқыныштың себептерін көрсетіп, одан құтылудың жолдарын ұсынады.
Оның пікірінше, қорқыныштың себебі – шектен тыс ойлап қайғыру. Мұндай жағдайда сөздің мазмұнына көңіл аударып, іс жайында ғана ойлауды ұсынады. Көпшілік жағдайда PR маман өзінің мүмкіндіктеріне сенбейді, сондықтан PR маман сөйлеуге жақсы дайындалғанын, тыңдаушыларға маңызжы және пайдалы нәрселер айтатынына өзін өзі сендіру керек дейді.
Тәжірибесі жоқтықтан қорқатындарға мүмкіндік туған сәттердің бәрінде сөз сұрап, сөйлеп жаттығу керектігін айтты.
Бір сөзбен айтқанда PR маманына психологиялық дайындық керек. Сөйлеуші өзінің көңіл-күй мен сезімін билей алуы қажет. PR маманының қорқынышы сөйлеуге жеткілікті дайындалмағандығынан да болуы мүмкін. А.Ф.Конидің сөзімен айтсақ, лекцияға жақсы дайындық болмаған кезде ғана шешен өзіне-өзі сенімді бола алады. Материалды қаншалықты жақсы білсе, соншалықты аз толқиды.
Сөйлеуге дайындық PR маманының қызметіндегі өте маңызды және жауапты іс десек, PR маманының өзінің білімін көтеруі дайындықта маңызды рөл атқарады. Өзінің білімін көтеру дегеніміз: жаңа біліммен толықтыру; ғылым және техника салаларынан мәліметтер жинау; газет-журнал, радио-телеарналардан хабарламалар алып отыру; көркем әдебиетті және ғылыми кітаптарды көп оқу.
Жаңа білім-ғылымға үнемі құштар болу, өзіне өзі үнемі қанағаттанбау – PR маманын табысқа жеткізетін құрал.
Газет-журналдардың қиындылары, оқыған кітаптарыңның көшірмесі, түрлі саладағы энциклопедиялық сөздіктер радио-теледидар материалдары, мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді, өнегелі пікірлерді жинастыру, өзіңе қойылған сұрақтарды жазып отыру – осының бәрі өзіңнің кітапханаңды қалыптастыруға әкеледі. Мұндай кітапхана қиын сәттерде ғана көмекке келеді. Сқйленетін сөз мазмұнды болу үшін осылай ша бірнеше еңбектерді пайдаланған дұрыс. Сөйлеуге дайындық кезінде жергілікті материалдарды, тыңдаушылардың өміріне және қызметіне қатысты деректерді пайдалануды ұмытпау керек.
Күнделікті дайындық – PR маманды шығармашылыққа бейімдейді; ауызша және жазбаша сөйлеудің мәдениетін көтереді. Дұрыс, айқын, дәл, түсінікті, таза және образды, эмоционалды сқйлеуге жаттығу күнделікті дайындықта орын алуы тиіс. Күнделікті дайындық дегенімізге іскер адамдар және білімді топ арасында болатын маңызды әңгімелермен сөйлесулерге қатысу, достар мен әріптестер, туған-тусықандар арасында туындаған мәселелерді талқылауға белсенді араласу, семинар, практикалық сабақтарда жиі-жиі сөйлеу жатады. Осының бәрі адамда дамытады, қажетті сөйлеу дағдысын қалыптастырады, сөйлеу мәдениетін көтереді.
PR маманының сөйлеу әрекетіне талдау жасай білуі – шешендік тәсілді меңгерудің бір жолы. Жиналыс, конференцияларда, лекцияларда сөйлеген немесе радио, теледидардан тыңдаған PR мамандардың сөзінің мазмұнына ғана көңіл аударып қана қоймай, материалдарды беру тәртібіне, тілдік шеберліктеріне, шешендік әдістеріне де көңіл бөлген жөн. PR маманның сөйлеуінде не ұнайды, не ұнамайды, қандай әрекеттер, қандай тәсілдері, қай сөздері сәттілікке жеткізді, қайсысы сәтсіздікке ұшыратты дегенге талдау жасаған дұрыс. Әсіресе, PR маманының аудиториямен, қарым-қатынасына өзін өзі ұстауына назар аударуы керек. Бэои
Көпшілік алдында сөйлеуге дайындықта ескеретін тағы бір нәрсе – сөйлеу мәтінін жазу, жазбау мәселесі. Сөйлеу мәтінін алдын ала жазу немесе жазбау керек пе деген сұрақ ертеден-ақ PR мамандар арасында талас тұрғызған.
ІІІ. Қорытынды.
PR маман өз мәртебесін сырт келбетімен, жан дүниесімен, отбасындағы мінез-құлқымен, әлеуметтік рөлімен көрсетеді немесе көтермелейді.
Пікірталастыру өнері келісімге жетуден, сөйлесу этикасын сақтаудан, қарсыласын көндіру әдісінен, PR маманының жүріс тұрысынан қалыптасады және қолдау табады.
1. Келісім жүргізудің
алуан дәстүрі, үлгісі
Келісім сөздер іскер қарым-қатынастың маңызды түріне жатады. Іскер қарым-қатынастың құрылымдық элементтері мыналар:
таныстыру;
таныстыру
және келістіру үшін
Пайдаланылған әдебиеттер: