Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2013 в 19:42, реферат
Армансыз пенде болмасы анық.Сол секілді әрбір жас жеткіншек бала шағында болашағында кім болатынын армандайды.Мен де ойын баласы шағымда әр қиялдың жетегінде жүретінмін. Арманда шек бар ма?! Әрине,болашақ мамандықты таңдау оңай шаруа емес. Журналистиканы бала кезімнен ақиқатты айтушы мамандық деп елестеттім. Адам өмірде екі нәрсені таңдағанда қателікке жол бермегені жөн: бірі-өмірлік серік болар жар таңдағанда,екіншісі- өміріне көрік болар мамандық таңдағанда. Мен өз болашақ мамандығым ретінде ұлы кемеңгер, дана Абай атамыздың:« Болмасаң да ұқсап бақ » -деген сөзін мәйек етіп, өңірімнен түлеп шыққан журналистердің салған сара жолымен ұлт жанды, көзі ашық, көкірегі ояу қазақтың азаматы болып, еліме- адал қызмет етіп елдің үкілеген үмітін ақтар, халық сөзін сөйлер журналист болуға бекіндім. Және де дұрыс шешім қабылдыдым деген ойдамын.