ХV-XVIII ғасырлардағы қазақ халқының рухани және материалды мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2015 в 14:44, реферат

Краткое описание

ХV-XVIII ғасырлардағы қазақ халқының рухани және материалды тақырыбын бастамас бұрын, жалпы мәдениет туралы түсінік беріп өтсем. Мәдениет – адам еңбегінің ерекшелігі, оның іс -әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды. Мәдениет – бұл тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.

Содержание

І. Кіріспе
Мәдениет дегеніміз не?
Негізгі бөлім:
* Қазақ халқының мәдениетіне жалпы шолу
* Қазақ халқының мәдениеті түрлері
ІІІ. Қорытынды:
ХV-XVIII ғасырлардағы қазақ халқының мәдениетінің маңызы

Прикрепленные файлы: 1 файл

сөж тарих.docx

— 1.06 Мб (Скачать документ)

Шара – қымыз құюға араналған ыдыс. Кей жерлерде тегене деп те атайды. Қымызды дастарқанға апарағанда сабадан осы шараға құйып апарады. Оның ішіне 10-12 литр қымыз сияды. Шараны емен, қайын сияқты қатты, кепкен ағаштардан ойып жасайды. Оның іші шұңғыл, өзі дөңгелек, жиегі тік болып келеді. Шара сырты ою-өрнектермен күміс немесе сүйек әшекейлермен көркем безендіріліеді. Өзіне лайық ағаш қақпағы болады. Ол да әшекейленіп жасалады. Сары қымыз әсем шара ыдысты дастарқан сәні, үйдің көркі, қолы берекелі әйелдің мәртебесі десе де болады.

Қазан – басқа ыдыстарға қарағанда қазақ өмірі мен мәдениетінде алатын орны мүлде жоғары. Өйткені ол күнделікті тіршілік құралы. Қазақ дастарқанына түсетін тағамдардың барлығы да (қымыздан басқасы) ең алдымен осы қазаннан өтеді. Халық жай ғана қазан демей оны «қара қазан» деп қастерлеп айтады. Бұл жерде қара сөзі қасиетті, киелі, берекелі деген ұғымды білдіреді.

 

 

Қазақ халқының материалдық мәдениеті көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның бір ұшығы туысқан Орта Азия халықтарының және орыс халқының қол өнерімен де ұштасып жатыр. Қол өнерінің басты бір саласы — киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес. Олардың кейбіреулерін ескінің көзі қарттар күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін қыз ұзату, келін түсіру тойларында ойын-сауыққа пайдаланады (қалындыққа сәукеле кигізу) , сондай-ақ көпшілігі театрлардың арнаулы заказы бойынша тігіліп жүр. Алматыдағы «Қазақстан» магазинінде, облыс орталықтарында ұлттық киімдер (шапан, мәсі , бөрік, қамзол т. б.) сатылады. Қазақтың ұлттық киімдері - Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі ел қазақтардың басқа халықтарға ұксамайтын киім үлілері табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасы. Қазақы киімнің барша сымбаты мен оюөрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол – біздің ұлттық мәдениетіміз.

Қорытынды:

XV-XVIII ғасырлардағы қазақ халқының материалды және рухани мәдениетімен толық танысып,білімімді одан сайын жетілдіріп. Мәдениеттің даму барысын бүгінгі мәдени жетістіктермен ұштастыра отырып, ол улкен жетістік екендігін айтқым келеді.

 

                                                        


Информация о работе ХV-XVIII ғасырлардағы қазақ халқының рухани және материалды мәдениеті