Халықаралық журналистика тәжірибесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 12:24, реферат

Краткое описание

Бүкіл өлемде болып жатқан қазіргі заманғы зор өзгерістерге байланысты журналистика да жаңа көзқарасты, жаңа үғымды, жаңаша ойлауды қажет етеді. Уақыт өткен сайын ішкі-сыртқы саясат баспасөз, радио мен тележурналистиканың алдына тың міндеттер қояды Ондай міндеттерді орындау үшін бүкіл коллектив болып,ізденістер жасау арқылы жұмыс істеу қажет. Бұл орайда-журналистердің интеллектуалдық тәжірибесін қолданбай болмайды. Әсіресе, бұл салада халықаралық тәжірибелерге ерекше назар аударып отыру қажет. Мәселен, дамыған шетелдерде бүгінгі ақпарат құралдары қалай жұмыс істейді, соған назар аударған жөн. Ол үшін олардың жұмысына, журналистік творчествосына талдау жасап, қорыта білу керек.

Прикрепленные файлы: 1 файл

халпықаралық журналистика.docx

— 28.93 Кб (Скачать документ)

  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА ТӘЖІРИБЕСІ

 

 

Бүкіл өлемде болып  жатқан қазіргі заманғы зор өзгерістерге байланысты журналистика да жаңа көзқарасты, жаңа үғымды, жаңаша ойлауды қажет  етеді. Уақыт өткен сайын ішкі-сыртқы саясат баспасөз, радио мен тележурналистиканың алдына тың міндеттер қояды Ондай міндеттерді орындау үшін бүкіл коллектив болып,ізденістер жасау арқылы жұмыс істеу қажет. Бұл орайда-журналистердің интеллектуалдық тәжірибесін қолданбай болмайды. Әсіресе, бұл салада халықаралық тәжірибелерге ерекше назар аударып отыру қажет. Мәселен, дамыған шетелдерде бүгінгі ақпарат құралдары қалай жұмыс істейді, соған назар аударған жөн. Ол үшін олардың жұмысына, журналистік творчествосына талдау жасап, қорыта білу керек. Мұндай тәжірибе алмасу материалдар, хабарлар дайындауда түр мен стильді жаңартуға, уақыт өзгерісіне сай хабарлар беруге мүмкіндік жасайды. Стандарттан қашып, тапқыр әрі қызықты материалдар беруге пайдасын тигізеді. Газеттің, радио мен телехабардың мазмұны мен характерін, тақырыбын, идеясын түрлендіруге, дамытуға әсер етеді. Қоғамның моральдық-саяси ахуалын жақсартуға, ескі ұғымда қалып қоймауға, жаңалықтарды дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Ой тереңдігіне, сөздің өткірлігіне, тележурналистердің барлық қабілеті мен шеберлігін дамытуға ықпалы тиеді. Халықаралық тәжірибе мен жетістіктерге сүйену, Сонымен бірге әрбір журналистің немесе коллективтің жетістігін онан сайын толықтыруға, дамытуға игі әсер етеді. Демократиялық қоғам құру үшін бұқаралық ақпарат кұралдары көп жүмыс істеуі тиіс. Бұл өмірге тереңдеп ену, шындықты айту, қажетті де, актуальді фактілерді таба білу, оны зерттеп, халыққа ұсыну үлкен жауапкершілікті тілейді. 
 
Әрине, шетел журналистикасына назар аударғанда бәрін бірдей ала беру, үйрене берудің негізі жоқ. Ең жаңашыл, бұрын айтылмаған нөрселерді таңдай білген жөн. Алдымен халыққа не қажет және нені айту керек, соны байқаған дұрыс. Бұл үшін өткен мен жаңаны, сондай-ақ өзімізде не бар, не жоқ соны біліп барып ажырата білу керек. Қажеттісін алып, қажет емесіне сын көзбен қараған дұрыс. Бұрын біздің елмізде шетел журналистикасының төжірибесіне назар аударылмайтын. Ал бүгінде бәрі басқаша. Халықаралық қатынастар бейбіт түрде, бірін-бірі түсінушілік жағдайда дамып келеді. Яғни, сенім мен қауіпсіздік, жер бетінде бірлесе өмір сүру тенденциясы байқалады.

Демек, бұрынғыдай елдердің бір-біріне сенімсіздікпен қарауы бірте-бірте өзара түсінушілік қарым-қатынасқа айналып келеді. Бұл орайда ақпарат құралдары да өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Сондықтан мына жайларды атап айту керек: 
1. Бұқаралық ақпарат құралдары қай елде болмасын, халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста ашық жұмыс істеуі керек. Бұл ретте географиялық, ұлтгық шекаралар шеңбері тосқауыл болмауы қажет. 
2. Әр ел өзінің тарихын, мәдениетін, тілін, ұлтын сақтай отырып, жер жүзілік цивилизацияға үлес қосуы тиіс. Адамзаттық бүкіл құнды қасиеттерге араласу керек. Әділдік, шыншылдық, достық және гуманизмді қадірлеу жөн. 
3. Қоғамдық дамудың объективті заңдылықтарын көрсетіп отыру қажет. Жер жүзілік прогресті дамытуға ақпарат құралдарының белсенді қызметі қажет. 
4. Экология, атом қарулары зардаптарын жоюға және соғысты болдырмауға баспасөз, радио, телевидение ерекше қызмет етуі тиіс. 
5. Әлемдік хабарлардың оперативтілігін жақсартуға ұмтылу керек. Бұл орайда көптеген елдер бірлесе әрі тұрақты жұмыс атқаруы жөн. 
6. Үкіметпен бірге, халықтық дипломатияны дамытуға ақпарат құралдары белсене араласуы қажет. «Дөңгелек үстелдер», «телекөпірлер» арқылы жер жүзілік маңызды оқиғалар мен бейбітшілік инициативаларды дер кезінде жариялап, көрсетіп, насихаттап отырған дұрыс. 
Әрбір елдің ақпарат құралдары өз тәжірибесіне қоса, халықаралық журналистика тәжірибесін біліп, зерттеп, қорытып, одан әрі даму жолында пайдалана білуі керек. Әсіресе, қазір жер жүзі журналистикасында орын алып келе жатқан дамыған елдер — Американың және Еуропаның Англия, Франция, Германия мен баска да елдерінің тәжірибелік жұмыстары назар аударады. 
Радио мен телевидениенің тез дамитынын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Әрісін айтпағанда осыдан 20-30 жыл бұрын ғана түрлі-түсті телевизордың пайдаланылуы бүгінгідей дәрежеге жетеді деп ешкім ойламаған еді. Әрине, мұның қоғамның әлеуметтік қажеттілігінен туатыны белгілі. «Бүгінде телевидение бүкіл әлемде өтпелі кезеңді бастан кешіріп отыр. Ақ-қара түсті телевизордың орнына қазір түрлі-түсті телевизорларды пайдалану көбейіп келеді. Ал мұның өзі телехабарларды беруді жаңа бір сатыға көтеріп отыр. Түрлі-түсті телевидениені айтқанда, қазір бүкіл әлемде бұл орайда радио мен телевидение жүйесінде үлкен өзгерістер болып жатқанын айту керек. Мәселен жаңадан жер серігі (спутниктік) және кабельдік телевидениенің пайда болуы соның айғағы. Бұл радио мен телевидение дамуының стратегиялық мәнін айқындайды.

Әсіресе, Еуропа елдері мен Америкада қоғамдық телевидение  монополиясын бұзып, жаңадан коммерциялық телевидениені еңгізу өріс алып отыр. Алайда телевизиялық ұйымдардың көбеюі телепрограммалардың көбеюіне жағдай жасай ма, жоқ па, оны өмір көрсетпек. Ал анализге жүгінсек, жаңа коммерциялық программалар негізінен жарнама берушілердің талабын қанағаттандырып, қаржы табудың көзіне айналатын сияқты. Олар тек көңілдендіретін хабарлар берумен шектеліп қалатындары да бар. Әрине, көңілді хабарлар да керек шығар, бірақ, қоғамдық телевидение болса мұндай «көңілді» хабарлардың орнына көбіне халықты жаңалық хабарлармен және танымдық, білімдік программалармен қамтуға тырысады. 
Міне, спутниктік және кабельдік телевидениенің өмірге келуі көрермендер аудиториясын жіктеуге әкеліп соқты. Бұл өсіресе, Франция, Ұлыбритания, Германия республикасында орын алып отыр. Осы елдерде бұрын қоғамдық телевидение болса, коммерциялық телевидение тез өмірге келеді деп ешкім ойамаған. Батыс Еуропа елдерінде жағдай дабыл қағарлық. Өйткені олардың телевидениесінде Американың 40 процентке жуық драмалық жанрдағы программалары беріледі. Әсіресе Португалия мен Голландияда ол 80 процентке жеткен. Күн сайын Ұлыбритания, Франция, Германия телевидениесінде кемінде үш сағат АҚШ хабарлары беріледі. Ал, АҚШ-та бұрыннан-ақ кино және телеиндустрия қалыптасқаны белгілі. Бұл салада мол тәжірибесі бар. Біздің заманымызда телерадио каналдары арқылы берілетін программаларда бәрінен де ең көп орын алатыны және берілетіні, сондай-ақ жер жүзі халықтарының күтетіні де күнделікті берілетін жаңалық хабарлар. Бұл қай елдің радиосы мен тедевидениесін алсақ та анық байқалатын тенденция. Сондықтан журналистикада жаңалық хабарлар туралы айту және оның шетелдерде сондай-ақ, өзімізде қалай беріліп жүргені үлкен проблема. Адамзат еш уақытта өмірде, планетамызда болып жаткдн оқиғалардан, жаңалықтардан құр қалмауы тиіс. Бұл өмір тудырып отырған қажеттілік. Сондықтан әлемде осы ғасырдың басында хабар жанрларының берілуі екі есе өспек. Ал спутниктік және кабельдік телевидение арқылы хабар жанрын беру енді 5-6 жылдың ішінде 30 есе ұлғаяды деп есептеледі. Демек, бұл салада қай елдерде айтарлықтай әрі тәжірибесі мол каналдар жұмыс істейтініне тоқталайық. Айталық тәулік бойы жұмыс істейтін АҚШ телекомпаниясы «Си-Эн-Эн» тек жаңалықтар берумен әлемге аты жайылып отыр. Сондай-ақ, Жапонияның телекомпаниясы «Эн-Эич-Кей» де белгілі. Ал Ұлыбританияның, Францияның, Германияның және басқа елдердің телехабарлары көбіне осы жаңалықтар туралы беруге өте құштар екеніне сөз жоқ. Тіпті, бұл. біздің республикамыз Қазақстан мен Россияда да солай. Мұның себебін мына жағдайлармен байланыстырып қараған жөн сияқты. 
1. Глобальды проблемалардың пайда болып, оған тек әрбір ел мен халықтың ғана емес, бүкіл жер жүзі мемлекеттеріне қатысты екені; 
2. Қоғамдық өзгерістердің жүзеге асуы мен тарихи процестердің жаңаша дамуы; 
3. Казіргі адамзаттық интеллектуалды өмір салты мен оның мәдениеті мен ойламының өсу эволюциясы; 
4. Халықтардың саяси сана-сезімінің аса жетілуі; 
5. Жаңа типті, яғни, бүкіладамзаттық ой-өрістің және көзқарастың пайда болуы… 
Міне, осы жайлар күнделікті жаңалықтарсыз адамзаттың өмір сүруі мүмкін емес екенін айғақтайды. Сондай-ақ, демократияның дамып, қай елде болмасын экономикалық және әлеуметтік саясаттың кең еріс алып отырғаны, тіршіліктің, өмір сүрудің мәні тек бір елге немесе бір адамға ғана қатысты емес, бүкіл әлемге байланысты екенін жоққа шығаруға болмайды. Алайда, жаңалықты, фактіні, кейбір өмір құбылыстарын журналистік шеберлік тұрғысынан бере білу де өнер. Оған творчестволық көп еңбек ету керек. Хабарларды оперативті түрде беру және көрермендер үшін жаңалықтың ең қажеттісін таңдай білу керек. Мәселен жер шарының бір жерінде болған оқиғамен екінші бір жақтағы телевизор көрушілерді хабардар ету, соған ортақтастыру, яғни, назарын аударуға күш салу қажет. Бұл ретте кейде хабарды өте боямалап, көп сөзділікке салынбай, нақты жаңалықтың өзін сол болған күйінше көрсете білу адам ықыласына, ойына, санасына әсер етпек. Шындықты, нақты фактіні өзінің бар болмысымен көрсету дұрыс болмақ. Қысқа әрі қызықты, сонымен бірге нақты мағлұмат беретін хабарларды журналистер телекөрермендерге, радиотыңдаушыларға жеткізе білсе мақсаттың орындалғаны. Бұл жерде редактордың, режиссердің, оператордың, еңбегі бірлесуі қажет. Өйткені көрермендер мен тындаушылар әртүрлі талғамдағы адамдар болатыны түсінікті. Сондай-ақ, жаңалық хабарлар тасқынын көріп-тыңдайтын аудитоияда адамдардың жас ерекшелігі, әлеуметгік жағдайы, әйел не ер адам болуын білудің де маңызы зор. 
Қазір жаңалық хабарлар беруде жер жүзі телерадио компаниялары бір-бірімен бәсекеге түсуі заңды. Кім тапқыр, кім жедел қимылдайды, кім ерекше назар аударатын жаңалықгарды таба біледі, сол ұтатыны белгілі. Мысалы, әлемге белгілі АҚШ-тың жер жүзі жаңалықтарын беріп тұратын Си-Эн-Эн компаниясын сол елдің телевизия қайраткері Тернер ұйымдастырған болатын. Расын айтқанда, алғашқыда бұл программага ешкім мән бермей, басқа телекомпаниялар оны тіпті, банкротқа ұшырайды деп ойлады. Бірақ өмір көрсеткеніндей олай болған жоқ, керісінше осы Си-Эн-Эн тек соңғы жаңалықтар берумен ғана ең күшті телекомпанияға айналды.

Демек, кейде осылай батыл ізденістер жасау табысқа жеткізбек. Си-Эн-Эннің хабарлары тұрақты түрде әрі күн сайын беріліп тұрады. Оның тілшілері планетаның кез-келген жерінен хабарлар береді. ОперативтІ жедел түрде жұмыс істейді. Ол басқа елдердің жаңалықтар беруіне қарағанда анағұрлым алда жүреді. Оның тақырыптары да әралуан. Саясат, экономика, табиғат апаттары, терроризм, өкімет басшылары туралы т.б. Сондықтан ол беретін хабарларды жұрт қызыға тыңдайды. Ең ақырында жер жүзінің бүкіл ауа райы туралы күн құрғатпай баяндап тұрады. Әрине, мұндай жұмыс атқару оңай емес, ол үшін көп еңбек, журналистік тапқырлық, техника жетістіктерін пайдалану қажет. Көптеген телекомпаниялар мұндай жұмысты орындай алмайтыны белгілі. Ал, Си-Эн-Эн болса бәріне де үлгереді, соған байланысты табысы да жетерлік, бай компания болып саналады. Си-Эн-Эннің хабарлары біздің Қазақстанда да беріле бастады. Оны республика жұртшылығы көруде. Хабар әрине, спутниктік жүйе бойынша қабылданады. Бұл да болса техника жаңалығын пайдалану деген сөз. Си-Эн-Энннің әсіресе, хабар ұйымдастыру тәсілдері кез-келген елдің телевидениесі үшін үлкен төжірибе бола алады. 
Ұлыбританияда «Би-Би-Сидің» үлкен орны бар екені, оның сапалы программалар беріп, әсіресе, жаңалықтар мен қоғамдық-саяси және деректі хабарлар ұйымдастырып тұратыны, оған жаңадан бастық болып келген Джон Берттің де қалаған нәрсесі еді. Келген бойда ол өзінің жаңа жұмыс жоспарын жариялады. Онда әдеттегідей, бұрынғы эфир арқылы берілетін телевидениенің орнына енді кабельдік жөне спутниктік телевидениеге мән берілетіні айтылды әрі жаңалықтар мен драмалық хабарлар, яғни, телефильмдер мен телеспектакльдер көбірек берілетінін алға тартты. 
Міне, осылайша ақпарат хабарларын ұлғайтуға байланысты, енді корпорация құрамында жаңадан ұлттық радиостанция ашу да көзделді. Ол — «Рэйдио ньюс» деп аталатын болды. Бұдан бұрын 5 радиостанция болса, енді оған тағы бір радиостанция қосылмақ. Бұл радиостанция тәулігіне 24 сағат, яғни, күні-түні бірдей жұмыс істейді деп есептелді. Бүған дейін «Би-Би-Си» «Әлемдік радиохабарлары қызметі» арқылы басқа елдерге тәулік бойы хабар таратуға жеткен еді. Керісінше, өз еліне ғана мұндай көлемде хабар бере алмай келген болатын. Енді тек радио ғана емес, Ұлыбританияның телевидениесі де басқа елдерге хабар таратуды тәулік бойына жүргізуге күш салмақ. Бүгінде телевидениенің алдында жаңа міндеттер тұр. Ол — жаңа жүйе «жоғары айқындық» жүйесі болып табылады. Бұл жөнінде қазір көп айтылып жүр. Соңғы 15 жылдың көлемінде Жапонияның кейбір фирмалары осы «жоғары айқындық» жүйесіне зерттеу жасады. Мұнда 1125 жолдық, 60 өріс қолданылып, экрандағы көріністің сапасы артты.

 Бұл 35 миллиметрлік  пленкадағы кинокөрініске қарағанда анағұрлым жақсы. Осы жүйені жасау үшін Жапония фирмалары 500 миллион доллар қаржы жұмсаған. Әсіресе, «Сони», «Тошива» фирмалары «жоғары айқындық» телевидениесі үшін аппараттар үлгісін жасады Мысалы, кинокамерапар, кинескоптар, бейнемагнитофон, дискілер және т.б. 
1988 жылы Сеулдегі (Оңтүстік Кореяның астанасы) жазғы Олимпиададан Жалонияға спутниктік байланыс арқылы жоғары айқындық телевидениесімен күн сайын 4 сағат хабарлар берілген. Мұндай жаңа жүйе Жапонияда қазір тұрақгы жұмыс істеуде. 
«Жоғары айқындық» жүйесімен телевидение құру қазір АҚШ-та да жүргізіліп жатыр. Олар мұның бірнеше нұсқасын жасады. Жапония сияқты АҚШ- та жүздеген миллион доллар жұмсаған. Ал осы жаңа жүйені жасауда Еуропа аздап артта қалып келеді. Сондықтан олар Жапония мен АҚШ-қа жету үшін бар күштерін салуда. Айталық ФРГ, Ұлыбритания, Швейцария, Бельгия, Франция, Нидерланды, Дания, Италия сияқты елдердің 30-дан астам өндіріс корпорациясы осы жүйені жасау үшін жұмыс істеуде. Сондықтан бұл жүйе енді Еуропада да қолданылуда. Осыған байланысты ТМД елдері де аталған жүйеге көшуді ойластыруда. Қазір бұл ретте мамандар жұмыс істеуде. Демек, алдағы уақытта Қазақстан да бұл жүйені қолға алатын болады. 
Жаңа жүйе әрине, қай елдің телевидениесі болса да тиімді болатынына сөз жоқ. Себебі, біріншіден, халықаралық қатынаста «жоғары айқындық» жүйесін қолдануда бірлесу жағдайы туады. Және әртүрлі телевизиялык жүйелерден гөрі, бірыңғай бейнекөріністердің сапасы артып, бұрынғыдан да анық бола түседі. Қазір Москвада кабельдік сеттің пайда болуына байланысты көптеген программа беруге мүмкіндік туып отыр. 20-дан астам каналда хабар берілуде. Ал Еуропаның көптеген аймақтарында спутниктік байланыс арқылы 40-50 аралығында программа қабылдауға болады. Батыс Еуропада «Астра» деп аталатын жаңа жер серігі ұшырылған. Сол жер серігінен жердегі дыбыс қабылдау аймағында 50 сантиметрлік қана антенна қолдану жетіп жатыр. Ал Шығыс Еуропада оны қабылдау 1-2 метрлік антеннаны қажет етеді. 
Скандинавия елдері ұшырған жер серігі арқылы ТМД-ның Батыс аймағындағы елдер хабарларды әлгіндей жарты метрлік антенналар арқылы қабылдай алады. Міне, бұл да телевидение саласындағы жетістік болып табылады. Спутниктік телевидение жүйе.сі қалай жұмыс істейді дегенге келсек, үшбұрышты схема бойынша жүргізіледі. Хабар беруші (жерден) — спутник орбитада — антенна (жердегі телеқабылдағыш). 
Америкада спутниктік телевидениенің басталуы 1962 жылмен есептеледі. Сол жылы «Телестар» жөне «Релей» деген жер серігі үшырылды.

Сөйтіп алғашқы хабарлар да берілді. Мысалы, Сиетл қаласындағы халықаралық көрме туралы, Джон Кеннедидің (президент) пресс-конференциясы, Канаверал мүйісінен космосқа ұшу репортажы, Біріккен Ұлтгар Ұйымынан репортаж, т.б. Ал Еуропадан Париж, Лондон, Рим қалаларынан хабарлар таратылды. Міне, бұл алғашқы екі континент аралығындағы космос спутнигін пайдалану арқылы берілген хабарлар еді. Екі спутник ретранслятор ролін атқарып, елдердің телехабарларын беруте мүмкіндік туғызды. 
Ал Москвада бірінші рет 1967 жылы «Орбита» спутниктік жүйесі бойынша телехабарлар бере бастады. Қазір жер жүзі космостағы ондаған спутниктің күшімен телехабарлар беріп жүр. Сөйтіп, бұл орайда үлкен дамуға жол ашылды. 
Сонымен бірге кабельдік телевидение де Америкада 1940 жылдардың аяғында қолданыла бастап, кейін 1975-ші жылдары оның екінші кезеңі өріс алды. Телевидениедегі бұл екі сала қазіргі кезде онан сайын даму үстінде. Мысалы, Францияда жаңа техника жетістігі кеңінен пайдаланылуда. Спутниктік байланыс, кабельді телевидениемен бірге, бейнежазу мен телеин-форматика, яғни, компьютерлер қолданылу үстінде. Бұл елде әсіресе, екінші программа А-2 аудиторияны көп қамту мен программаның ұзақтығы жағынан ең бірінші орынға шықы. Бұл — оның зор табысы деуге болады. 
Франциядағы дәстүр бойынша қоғамдық телевидение пайдаланылатын. Соңғы_кезде бұл дәстүр өзгеріп, коммерциялық каналдар ене бастады. Бұған басында жұртшылық қарсы болған еді. Алайда Президент Ф.Миттеран жеке коммерциялық ұлттық программалар құру жөнінде үндеу жасады. Соған байланысты екі коммерциялық канал дүниеге келді. Оның біріншісі — көпшілікке арналған жалпы хабарлар береді де, екіншісі — жастарға арналған музыкалық хабар беретін программаға айналды. Міне, осылайша жер жүзі телевидениесінде жаңа хабар беру тәсілдері жүзеге асырылды. Бүгінде жер жүзінде баспасөз текстерін өндеудің жүздеген программалары жасалған. Ондай программалар текст «редакторлары» деп аталады. Ал олардың көптігіне байланысты іріктеп ала білу және қажеттісін тандай білу керек. Өйткені текст өндеу программалары да әртүрлі операцияларды орындауға арналған. Мысалы, сыйымдылығы 40 мегабайттық қатты дискіге 100 есе көп информацияны жазып, оның кез-келген үзіндісін оңай табуға және қайта қарауға, өңдеуге болады. Текст өңдеу программалары адамның уақытын алатын жұмыс процестерін айталық, тексті жөндеу, жазудың көлемін өзгерту, жөнделген тексті қайта басу т.б. автоматты түрде орындауға мүмкіндік береді. Бүл әсіресе, ұзақ текстерді жазғанда және оны қағазға басуда уақытты өте аз жұмсауға пайдасын тигізеді.

Сондай-ақ кітап  шығару баспаларындағы жұмыстарды жеңілдетеді. Мәселен қолмен басатын механикалық  жазу машинкаларымен журналистер жұмыс  істегенде әрбір грамматикалық, орфографиялық немесе стилистикалық жөндеулер жүргізу үшін біраз уақыт кетіреді. Ал осындай жұмыстарды компьютер арқылы жедел әрі оңай істеуге болатыны белгілі. Әдетте текст өңдеудің принципті түрде екі типі қолданылады. Біріншісі — экрандағы текст бірыңғай көріністе ғана беріліп, оның негізгі бейнесі қағазға түсірілгеннен кейін ғана белгілі болады, ал екіншісінде — экрандағы текст қандай көріністе болса, нәтижесінде де сондай көріністегі текст қағазға басып алынады. Яғни, бұл «нені көрсең, соны аласың» дегенді білдіреді. Тексті өңдеу программаларының негізгі қызметі мынадай жүйеде орындалады. 1. Тексті жадыға жіберу; 2. Редакциялау; 3. Форматқа келтіру; 4. Тексті басу жұмысы. 
Редакциялау жүмысында «мышка» арқылы курсорды жылжыта отырып, командаларды орындауға болатыны түсінікті. Кейбір программалар арқылы текстің жалпы көрінісін, тіпті, типографиялық сапаға дейін көтеруге болатынын өмір көрсетіп отыр. Мұндай жағдайда әртүрлі шрифтілерді қолдануға болады. Машинаның басу құрылысна қажетті арнаулы командалар беріледі. Мәселен, басуды тоқтату, тексті бірнеше дана етіп шығару т.б. Компьютердің жадына информацияны, тексті енгізгеннен кейін, оны автоматты түрде өңдеуге қол жетеді. Бұл ретте автоматтандырылған анықтамалықтарды және автоматтандырылған корректорларды қолдануға болады. Автоматты анықтамалықтар сөздерді дұрыс таңдауға, ауыстыруға мүмкіндік берсе (мысалы, синоним, антонимдерді т.б. табуға), ал автоматты корректор грамматика, орфографияны, тіпті, стилистика элементтерін бақылауға мүмкіндік береді. Компьютер жадындағы сөздіктен әрбір сөздің дұрыс жазылуын салыстырып қарау қиын емес. Редакциялауды автоматтандырғанда текстегі орташа келемдегі сөйлемдерге анализ жасауға да мүмкіндік туады. Бұл орайда программа бойынша текст құрылысының индексі анықталып, кейбір окуға дұрыс келмейтін сөздер мен фрагменттерді бөліп шығару керек және түзету қажет. 
Жалпы бүгінгі журналистикаға қатысы бар тағы бір мәселе — «столдық» баспа жүйесінің пайда болуы екенін бөліп айту жөн. Яғни, бұл баспа жұмысындағы компьютерге қатысы бар жаңа эра деуге болады. Баспа мен типографияға жаңалық ретінде келген осы техникалық жетістік мерзімді баспасөз бен кітап басу ісінде адам еңбегіне көптеген жеңілдіктер әкелді. Компьютерде жаңа арнаулы тіддерді жасап шығару мен лазерлік принтерлердің пайда болуы — типографияға өте жақын сапалы бейнелерді қолдануды қамтамасыз етті.

Бұл полиграфиялық  баспа жұмыстарына да қатысты  еді. Баспа жуйесіне арналған верстка  жасау жөнінде (беттерді қаттау) екі  негізгі программа түрі бар. Оның бірі — иллюстрация, графикаларды қолдана отырып, шағын материалдар дайындауға арналса, екіншісі -үлкен көлемдегі текстер дайындауға, яғни кітаптар басуға арналған. Бұл орайда процессордың көмегімен және версткаға арналған программалар арқылы басылатын нәрсенің макеті жасалып, басуға беріледі немесе фототерімге жіберіледі. 
Столдық баспа жүйесін қолданатындарды үш категорияға бөлуге болады. Оның біріншісі — бір-екі беттік ондаған, жүздеген дана документтер дайындаушылар болса, екінші категорияға — мыңдаған тиражбен басылатын мақалалар жинақтары, авторефераттар, брошюралар шығаратын үкімет мекемелері, жарнама агенттіктері ұйымдарының жұмыстары жатады. Ал үшінші категорияға — осы алдыңғы айтылғандардан күрделі әрі көлемді түрде жұмыстар орындайтын газет-журналдар редакциялары жатады. Олар мыңдаған тіпті, миллиондаған тиражбен баспасөздерді шығарып отырады. Сөйтіп, компьютердің қазіргі замандағы аса зор мүмкіндігі журналистика өмірінде кеңінен пайдаланылу үстінде.


Информация о работе Халықаралық журналистика тәжірибесі