Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 13:41, реферат
Осы Заң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес олардың бостандығына мемлекеттік кепілдіктерді белгілейді.
21-бап. Журналистiң мiндеттерi
Журналист:
1) Қазақстан Республикасының заңдарын
басшылыққа ала отырып, өзi шарттық қатынастарда
тұрған бұқаралық ақпарат құралының қызмет
бағдарламасын жүзеге асыруға;
2) шындыққа сәйкес келмейтiн ақпаратты
таратпауға;
3) ақпарат ұсынған адамдардың авторлығын
көрсету туралы олар жасаған өтiнiштердi
қанағаттандыруға;
4) жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары
мен мүдделерiн құрметтеуге;
4-1) азаматтармен сұхбат жүргiзген кезде
дыбыс- немесе бейнежазбаны пайдалануға
келiсiм алуға;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес өзiне жүктелген өзге де мiндеттердi
орындауға мiндеттi.
Ескерту. 21-бап толықтырылды - Қазақстан
Республикасының 2001.05.03. N 181 Заңымен.
6-тарау. Журналистерді тіркеу
22-бап. Журналистердi тiркеу
1. Бұқаралық ақпарат құралдары
мемлекеттiк органдардың,
2. Журналист тiркелген мемлекеттiк органдар,
қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдар оны
өткiзiлетiн отырыстар, кеңестер және өзге
де шаралар жөнiнде оған алдын ала хабарлауға,
стенограммалармен, хаттамалармен және
өзге де құжаттармен қамтамасыз етуге
мiндеттi.
3. Жабық шара өткiзу туралы шешiм қабылданған
жағдайларды қоспағанда, тiркелген журналистiң
өзiн тiркеген мемлекеттiк органдар, қоғамдық
бiрлестiктер мен ұйымдар өткiзетiн отырыстарға,
кеңестерге және басқа да шараларға қатысуға
құқығы бар.
4. Егер журналист тiркеу ережелерiн бұзса
не өзiн тiркеген мемлекеттiк органдардың,
қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдардың
ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн,
шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi
таратса, оның тiркелуi күшiн жоюы мүмкiн.
5. алып тасталды - 2006.01.10. N 116 Заңымен.
Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан
Республикасының 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1
қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
23-бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарын шет елдерде тiркеу
Егер халықаралық шарттарда
24-бап. Қазақстан Республикасындағы шетел бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң қызметi
1. Шетел бұқаралық ақпарат
2. Қазақстан Республикасында тiркелген
шетел журналистерiнің және басқа да шетел
бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң
құқықтық жағдайы мен кәсiптiк қызметi
Қазақстан Республикасының заңдарымен
және Қазақстан Республикасы бекiткен
халықаралық шарттармен реттеледi.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясын
және осы Заңның нормаларын бұзатын шетелдiк
бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн
таратуға сот тәртiбiмен тыйым салынады.
Ескерту. 24-бап толықтырылды - Қазақстан
Республикасының 2001.05.03. N 181 Заңымен.
7-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарды бұзу үшін жауапкершілік
25-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарды бұзу үшiн жауапкершiлiк негiздерi
1. Азаматтардың немесе ұйымдардың
(мемлекеттiк органның, азаматтардың
қоғамдық, шығармашылық, ғылыми, дiни
не өзге де бiрлестiгiнiң және
заңды тұлғалардың) ар-намысы
мен қадiр-қасиетiне нұқсан
2. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы
заңдарды бұзу үшiн мемлекеттiк органдардың
және өзге де ұйымдардың оған кiнәлi лауазымды
адамдары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат
құралының иесi, таратушысы, бас редакторы
(редакторы), таратылған хабарлар мен материалдардың
авторлары жауапты болады.
2-1. Бұқаралық ақпарат құралының меншiк
иесi, бас редакторы (редакторы) Қазақстан
Республикасының конституциялық құрылысын
күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды,
мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi,
соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни,
тектiк-таптық және рулық артықшылықты,
қатыгездікті, зорлық пен порнографияны
насихаттап, үгіттейтін хабарлар мен материалдарды
таратқаны үшін, олардың алынған көздеріне
қарамастан, Қазақстан Республикасының
заң актілерінде белгіленген жауаптылықта
болады.
3. Журналистiң заңды кәсiптiк қызметiне
кедергi жасау Қазақстан Республикасының
заңдарында белгiленген жауаптылыққа
әкеп соғады.
Ескерту. 25-бап толықтырылды - Қазақстан
Республикасының 2001.05.03. N 181 Заңымен.
26-бап. Шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді тарату үшін жауапкершіліктен босатылатын реттер
Бұқаралық ақпарат құралында
шындыққа сәйкес келмейтін
1) егер бұл мәліметтер ресми хабарлар
мен құжаттарда айтылған болса;
2) егер олар жарнама және ақпарат агенттіктерінен
немесе мемлекеттік органдардың баспасөз
қызметінен алынса;
3) егер олар өкілді органдар депутаттарының,
мемлекеттік органдардың, ұйымдардың
лауазымды адамдарының және азаматтардың
ресми сөйлеген сөздерінің сөзбе-сөз қайталанып
берілуі болса;
4) егер олар алдын ала жазылып алынбай
эфирге шығарылатын авторлық сөздерде
не осы Заңға сәйкес редакциялауға жатпайтын
мәтіндерде айтылса;
5) егер бұл мәліметтер осы Заңның 18-бабына
сәйкес міндетті хабарларда айтылса, бас
редактор (редактор), сондай-ақ журналист
жауапты болмайды.
Ескерту. 26-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан
Республикасының 2001.05.03. N 181 Заңымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті