Қазақстандағы PR-дың болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2014 в 17:58, реферат

Краткое описание

PR тәжірибесінің ұзақ та бай тарихына қарамастан,қазіргі қоғамда оның қызметтері мен институционалдық анықтамасы әлі де болса ашық сұрақ болып қалып отыр,зерттеушілер мен мамандар арасында осыған байланысты көптеген пікірталастар өз жауабын тапқан емес.АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде сонау өткен ғасырда пайдд болған,бұл өнер мен ғылым үйлесуінің санысыз анықтамаларының болғаны да осыны көрсетеді.Дегенмен, PR дамуының қазіргі кезеңіндегі PR ғылымының мәселелерінің өзектілігі қарқынды дамып келе жатқан құбылыстың мәні арқылы айқындалады

Прикрепленные файлы: 1 файл

Баяндама,,Айғаным.docx

— 43.99 Кб (Скачать документ)

Еліміздегі жұртшылықпен байланыс мамандарының саны бес мыңнан асып жығылады. Яғни, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кәсіби тұрғыда жұмыс істей алатын кадрларға деген сұраныс бар.

Жұртшылықпен байланыс саласы біздің елімізде соңғы 15 жылда қызу дамып келеді. Осы саладағы жоғары білімнің болуы әлемнің барлық дамыған елдері үшін заңды құбылыс болып табылады.

Қазақстандағы қазіргі қоғаммен байланыс негізінен 4 салада дамып келеді.Олар:үкіметтік PR,саяси PR,коммерциялық PR, PR туралы білім беру саласы.

Үкіметтік пиар.Біздің елімізде қоғаммен байланыстың батыстық үлгілері 1991 жылдан бастап пайда бола бастады.Белгілі журналист С.Матаев мемлекет басшысының алғашқы баспасөз хатшысы болып тағайындалды.Кейіннен ол Ұлттық баспасөз клубын ашты.Оның бүгінде Астана,Шымкент,Ақтөбе қалаларында филиалдары бар.1995-1997 жылдары премьер-министрдің баспасөз хатшысы қызметін атқарған Ә.Қосанов біздің елімізде бірінші рет Үкімет басшысының баспасөз хатшысы қандай болуы керек екенін өз ісімен танытты.Ел үкіметі соңғы 4-5 жылда қоғаммен байланыстың қажеттігін сезіне бастағандығын «ҚР Мәдениет,ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі» атауынан-ақ көре аламыз.Мұндай басқарма-бөлімдер облыстық және қалалық әкімшіліктерде кездеседі.Бірақ өкінішке орай ,ол әкімшіліктердегі қоғаммен байланыс үшін жауап беретін қызметкерлер өзінің қызметтік функциясын айқын түсінбейді.Себебі,олардың арнаулы кәсіби  білімі жоқ.

Қазақстан Республикасының Парламентінің қос палатасындағы баспасөз қызметінің штатында 3-4 адам ғана жұмыс істейді.Олар өздерінің бүкіл қызметі депутаттардың брифингтері мен баспасөз мәслихаттарын ұйымдастырып берумен ,сондай-ақ ірі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін акредитациялық тіркеуге алып,оларға алдағы күні қаралатын  заң жобалары мен шағын пресс-релиздер таратумен шектеледі деп есептейді.Ал парламент жұмысы туралы қоғамдық пікірді жинау,талдау,болжау жасау қызметтерін басқа бөлімдер атқаруға тиіс деп ойлайды.

Саяси пиар.Қоғаммен байланыстың дамуына ерекше үлес қосатын саяси кезең ол-сайлау науқаны.Біздің елімізде 1999 жылғы 10 қаңтарда өткен ҚР Президентінің сайлауы кезінде ғана пиар технологиялар кеңінен пайдаланылды.Әсіресе сайлау науқанының қарсаңындағы президенттікке үміткерлердің баспасөз бетіндегі  саяси тартыстарды көпшіліктің көңілінде айтулы саяси-шоу ретінде есте қалды.Мысалы,Ғани Қасымұлының  КТК телеарнасындағы саяси ойыны ерекше әрі сәтті шыққан.

Парламенттік сайлаулардың ішінде 1994 жылғы сайлауды мамандар Қазақстан тарихындағы алғаш рет нағыз бәсекелестік жағдайында өткен депутаттық сайлау деп бағалады.Бірақ ол кезде 1999 жылғы өткен парламенттік сайлаудағыдай пиар технологияларын білместіктен пайдаланылмағаны мамандарға түсінікті.1999 жылғы депутаттар сайлауында бірнеше саяси пртиялар өздерінің имиджін БАҚ арқылы әсерлі түрде жасай алды.Әсіресе,жаңадан құрылған Азаматтық партиясы қоғаммен байланыстың  шетелдік үлгілерін сауатты түрде пайдалана білді.

Бір өкініштісі,бұл сайлауларға саяси кеңесші ретінде Ресейдің және жекелеген батыс елдерінің имиджмейкерлері ғана тартылды.Ал отандық сайлау кеңесшілерінің қызметі ойдағыдай пайдаланылған жоқ.Егер бізде кәсіби мамандардың дайындалмағанын ескерсек,бұл түсінікті де.Содан кейін,көптеген депутаттыққа үміткерлердің пиар мамандарының қызметін қажетсінбегенін де айта кету керек.Депутаттыққа үміткерлер  сайлау технологияларына емес,жоғары биліктің өзіне сайлау науқанында қолдау кқрсету туралы уәдесіне  көбірек сенетін көрінеді.Яғни,бізде демократиялық сайлау әдіс-тәсілдерінен гөрі бұрынғы әкімшілік-әміршілдік тәсілдер әлі күнге дейін орын алып келеді.

Саяси пиар біздің елімізде 2001 жылдың қазан-қарашасынан бастап 2002 жылдың сәуір-мамыр айларына дейін созылған үкіметтік дағдарыс кезінде  ақпараттық соғыс нысанында айқын көрініс тапты.

Коммерциялық мекемелердегі PR-ға тоқталатын болсақ,мұнда да өзіндік ерешеліктеріміз бар.Мәселен,1990-шы жылдардың басында Қазақстанда жарнама нарығы қарқынды түрде дамыды,тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары пайда болды,жарнама өнімін өндірушілер көбейді.Осыған орай,жарнама мен пиар тығыз байланыста қарастырылды,екеуі бір мағынада ұғынылатын болды.Сол түсінік әлі күнге дейін кәсіпкерлердің санасында біржола қалыптасып қалғандай.Көптеген жарнама агенттіктері өздерін әрі пиар агенттігі деп таныстырады.Ірі компаниялар мен фирмалардың жарнама бөлімдері қоғаммен байланыс қызметін қоса атқарады.Осыдан болу керек «жай жарнама»және «саяси жарнама»деген ұғымдар қалыптасқан.

Жалпы алғанда,шетелдің инвестор компаниялары болмаса,отандық акционерлік қоғамдар мен фирмалар өнеркәсіп,сауда және қызмет көрсету салаларында қоғаммен байланыс қызметін ойдағыдай пайдаланып отырмағаны байқалады. PR ғылымы туралы сөз етсек,онда сайлау технологияларына қатысты саясаттану ғылымы бойынша бірнеше кандидаттық еңбектер қорғалды.2001 жылы белгілі саясаткер Е.К.Ертысбаев докторлық еңбек жазды.ҚазМҰУ-дің доценті Л.Ф.Адилова еліміздің танымал саясаткерлерінің имиджін зерттеп жүр.Саясаттану ғылымдарының докторы Ғ.Ж.Ибраева БАҚ және пиар байланысы жөнінде ізденіс жасауда.

PR туралы білім беру  саласы.Қазақстанда пиардың қалыптасуы  үшін мына 3 аспект өте маңызды:

-Оқу-ағарту қызметі;

-PR дамуы мекеменің басқару ісіндегі аса маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылуы;

-PR Технологияларының да  және қызметінің де сапасының  артуы.

Осылардың ішінде ерекше атап өтетін қыры,бұл-пиар туралы білім беру саласы.Қазақстанның жоғарғы оқу орнындарындағы пиар жөніндегі оқытушылар кадрын дайындамай тұрып,нарық дамуы табысты болады деп күту мүмкін емес.Білікті маман дайындау-бұл біздің проблемаларымыздың оң шешім табуына жасалатын ең басты қадам.

Пиар пәнін оқыту әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің халықаралық журналистика кафедрасының студенттеріне 1997-1998 оқу жылынан бастап қолға алынды.2000-2001 оқу жылы «қоғаммен байланыс»жеке мамандық ретінде оқу бағдарламасына енгізілді.Осы мамандықтың негізінде біздің факультетімізде 2001-2002 оқу жылының басында «БАҚ менеджменті және жарнама»деп аталатын жаңа кафедра ашылды.Журналистика факультеті аталмыш жаңа мамандық бойынша екі рет оқуға талапкерлерді қабылдады.Бұрын 1990 жылдардың басында бұл мамандық Қазақстанда КИМЭП-те ғана дайындалатын.1998 жылдан бастап Алматы менеджмент мектебінде де оқытылатын болды. PR ғылымы туралы сөз етсек,онда сайлау технологияларына қатысты саясаттану ғылымы бойынша бірнеше кандидаттық еңбектер қорғалды. Қазақстанда қоғаммен  байланыс бойынша мамандар даярлау жөніндегі білім беру бағдарламасы сыннан өткен жүйеге сүйенеді, оған жоғары университеттік білім ауқымындағы іргелі жалпы білімдік пәндер, сондай-ақ үш негізгі бөліктен – жалпы гуманитарлық пәндерден, журналистік және мамандық пәндерінен тұратын, мамандықтың білім кешенін түзуге бағытталған пәндердің қомақты тізімі кіреді.

Оқуды «жұртшылықпен байланыс» мамандығы бойынша тәмамдаған түлектер мемлекеттік мекемелерде, әралуан меншік түріндегі кәсіпорындар мен қоғамдық ұйымдарда баспасөз хатшысы, жұртшылықпен байланыс жөніндегі кеңесші болып жұмыс істей алады. Іскерлігін көрсете білген алғыр жастардың арасында мекеменің бірінші басшысының орынбасары сияқты биік лауазымға жеткендер де бар.

Осы мамандық бойынша білімін тереңдеткен түлектер еліміздің жағымды инновациялық бет-бейнесін қалыптастыру саласында жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады. Бұл, әсіресе, еліміздің экономикалық әлеуетінің артуымен тікелей байланысты. Елбасы жоғары дамыған 50 ел қатарына қосылу міндетін алға қойып отырған қазіргі таңда еліміздің бәсекелестік артықшылықтарын әлемдік деңгейде насихаттай білудің маңызы арта түсуде.

Фирма туралы үгіт материалдарды ақпарат құралдарының иелері өздері де қолдағы пресс-релиз,жылдың есеп,пресс-конференциядан алған,тұсау кесуден алуан болады.Мұны фирмадан қаржы талап етпей-ақ істейді,сондықтан PR ерекшелігі осында.Бірақ әр кезде де фирма ақпарат хабарларға ешнәрсе төлемей ме,жоқ па?Міне,осы жерде журналистика ерекше қиындыққа кездеседі.Өйткені арнайы тапсырыс мақалалары немесе жасырын жарнамалар олармен не істеуге болады?! Ондай кезде журналистика 50-70 % тікелей жарнама үшін төленеді,оны теледидар басшылары да біледі.Төленген ақшаның 40% редакцияның керек-жарағына,творчестволық топқа 20 % беріледі.Бұдан бәріне пайда түседі,тек мемлекет қана бұл жерде зиян шегеді.Жарнаманы шығару үшін газет бетіне фирма 40 мың ақша төлеу керек,оның  орнына журналистке ол 10 мың ақша береді,журналист 5 бет етіп фирманы жер-көкке сыйғызбай мақтап мақала жазады.Фирма 30 мың ақшаны үнемдеп қалады,ал журналист өз мақаласын творчестволық ізденіс ретінде редакциядан қаламақы алады.

“Moscow Times” газетін шығарушы Дерк Сауер былай дейді: “Егер де сіз Ресей газетінде болмаса журналында кәсіпорын мен дүкен туралы мақала 9-ы арнайы тапсырыспен жазылған” [2]

“Тапсырыспен мақалалар” немесе жасырын жарнама (саясат,коммерциялық) басылым тура ма? Қатысқан 55 журналистердің 48% жасырын коммерциялық жарнама деп,28 % жасырын саясат тақырыбы делінген.Ақпарат құралдарындағы коррупцияға қалай қарсы тұруға болады?

1-ден;этикалық ережені қатал заңдармен бекіту керек.

2-ден;Ресей ақпарат құралдарын дамыту арқылы.

3-ден;Агентсвомен PR-дың қалыптасуы мен кеңейуіне жағдай жасау

4-ден;Көптеген фирмаларда,партия,үкімет құрылымында пресс-ақпарат қызметтерін көтеру. [2]

1995 жылы Ресей Президенті  жанында пресс-ақпарат қызметі  құрылды.Бұл қызметте 17 адам істейді,оны  пресс-хатшы басқарады.Президентті қоғаммен байланыс,құқықтық актілер,президенттің жолдаулары,кездесулері,президенттің халық алдындағы сөздері осының  бәрін пресс-ақпарат хабарлап отырады.Пресс-ақпарат заңды түрде федералдық заң бекітеді.Мемлекеттік билік ұйымдарының қызметін көрсету мемлекеттік бұқара хабарларында көрсету тәртібін заңды түрде бекітті.Санкт-Петербургтің губернаторының әкімдігінің  PR-ға қатты көңіл бөлінеді.Қоғаммен байланыс  қызметі бұл жерде баспа мен байланыс Комитеті етіп құрылған.Саяси ақпарат бөлімі бірден ақпарат құралдарындағы “Билік-ашық саясатпен ” күнделікті теледидардан осы тақырыпта акция жүргізіліп отырды.Ал,1999 жылы наурыз айынан губернатор жанында пресс-орталық құрылды.Ал саяси партия жанындағы пресс-қызмет өте баяу қызмет істеді,олар өз жұмысын тек Мемлекеттік Думаға кандидат сайлау кезінде ғана жандандырады.

 PR-дың негізгі құралы газет,теледидар,радиохабар.Осылар арқылы үкімет өздері туралы,нашар пікірлерде қарсы ажуа айту арқылы,халықтың сеніміне кіреді.Осындай жағдайлардан әрине ақпарат хабарлары пайда табады.Бұл біріншіден рухани көмек,яғни беделді фирмалармен,партиялармен,үкіметпен тығыз қарым-қатынаста болып,керек хабарларды тікелей өздерінен алып отырады,екінші жағынан қаржы жағынан ұтыс: газет өзінің бір бөлігін коммерциялық хабарларға беріп отырса,ал радио-компаниялар хабар дайындағанда спонсорлық көмек алып отырады. PR агенттік және қызметтері бірте-бірте күш алып келеді.Өсіп,жетіліп келе жатқан PR тиімділігі,тәжірибелілігі тек қана өндірісте,фирмада ғана емес,сонымен қатар саяси партия,үкімет құрылысында,қоғамдық ұйымдарда да белең алып келеді.

 

Қорытынды.

Қазіргі кезде қоғаммен байланыс яғни, PR өте жақсы жетіліп келе жатыр.Коммерциялық пресс-қызмет,мемлекеттік өндіріс,саяси партиялар,биліктегі қоғаммен байланыс бөлімдері арнайы PR агенттіктерімен тығыз жұмыс істеуде.Осыған қарап бүгінде қорытынды жасауға болады.: PR ең басты орынға шығады,ал жарнама бірте-бірте екінші орынға шығады.Жарнама іс-шаралары және PR акциялары бір-біріне жеке дара да және жалпылама да жарнама және компания имиджі үшін кездесе береді.Коммерциялық және саяси (сайлау алды) компания жоспарлауда бірдей әдіс қолданады,бірақ оны өткізу үшін әртүрлі стратегия қолданады.Олардың тиімділігі журналистермен қарым-қатынаста айқын көрінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. www.topreferat.com

2. В.В.Ворошилов.Журналистика.Учебник-4 издание. 2002. 428 бет,434 бет

3. Wikipedia.ru Паблик рилейшнз

4.Your Vision.kz Қазақстандағы қоғаммен байланыс.

 


Информация о работе Қазақстандағы PR-дың болашағы