Астанада тоғысады сан арман

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2014 в 19:12, сочинение

Краткое описание

Бабамыз Әбу – Насыр әл – Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы» трактатында ең үлкен бақытқа жетелейтін мінсіз қаланы «қайырымды қала» деген екен. Ғұлама қайырымды қаланы барлық мүшесі жетілген, бір- біріне дер кезінде көмек қолын созатын денеге теңейді.
Қазақ халқы үшін Елордасы жайлы әңгіме сонау ғасырлар бойы айтылып келеді. 1920 жылы Қазақ кеңестік автономиясының орталығы етіп Орынбор қаласын белгіледі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Астана туралы шығарма.doc

— 29.50 Кб (Скачать документ)

                                   Астанада тоғысады сан арман

Бабамыз Әбу – Насыр әл – Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы» трактатында ең үлкен бақытқа жетелейтін мінсіз қаланы «қайырымды қала» деген екен. Ғұлама қайырымды қаланы барлық мүшесі жетілген, бір- біріне дер кезінде көмек қолын созатын денеге теңейді.

Қазақ халқы үшін Елордасы жайлы әңгіме сонау ғасырлар бойы айтылып келеді. 1920 жылы Қазақ кеңестік автономиясының орталығы етіп Орынбор қаласын белгіледі. 1924 жылы астана Ақмешітке көшті, ал 1929 жылы Алматы қаласына ауыстырылды. Егемен ел болғаннан кейін 1997 жылы жаңа астанамыз- Ақмола, кейін Астана деп аталған қалаға қоныс аударды.

Астана- Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Ол кең далада көсіле, еркелей аққан Есіл өзенінің жағалауында, қасиетті Сарыарқаның солтүстік бауырын ала орналасқан.

  Астана! Алтын қала, асыл ұғым,

Көркі бол алдағы ұлы ғасырымның.

Қайғыны қақ бөлетін ер қазақтың,

Дәуірден дәуірлерге асыр үнін! – деп, Дүйсенбек ақын жырлағандай, қазаққа алтын діңгек, биік бәйтерек, орнықты Орда болған Астанамыз қалай өсіп келеді дейсіз ғой?! Ғасыр емес, «Елу жылда ел жаңа» деген елу жыл емес, бой көтеріп, іргетасын қалағанына аз уақыт ішінде ерке Есілдің бойында қанатын кең жайып, сәулетті де сәнді ордаға айналуда.

Әрине, бұл өркендеу, болашаққа деген сенімді қадам- барлығы бабалар аманатын арқалап, қазақ елінің ғасырлар бойғы арманына қол жеткізген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегенділігінің, елдің тұтастығын ойлаған, халықтың бірлігін ойлаған кемеңгерлік саясатының аясында жүзеге асырылып жатыр.

Елбасымыз бас қала жайлы: «Астана келбеті- ұлт келбеті. Біздің Астанамыз қай жағынан қарағанда да кісі қызығарлықтай, Шығыстың да, Батыстың да айшықтарын қатар өрнектеген қалаға айналып келеді»- деген- ді.

Елбасымыз Отанымыздың гүлденуі жолында бар қажыр- қайратын аямай, салт- дәстүрін, әдет- ғұрпын сақтап, барша ұлтты бір шаңырақтың астына біріктіре білді. Оның айқын дәлелі- тарих үшін тыс қысқа мерзімде ерке Есілдің жағасында бой көтерген, ерекше сәулеттік ландшафты бар, бірегей мүсіндік нышандары сап түзеген, жоғары технологиялы болашаққа ұмтылған, өзгені сыйлап, өзінің жаңа астанасы мен өз елін шексіз мақтаныш тұтатын көп ұлтты және көп дінді халқы бар әсем де мейірлі елордамыз- Астана қаласы.   Күллі қазақ даласына сұлулық пен үйлесімділік, татулық пен тартымдылық осы Астанамыздан тарайтындай. Ал, Астанамызды ауызға алғанда- ақ, елордамыздың жүрегі «Астана- Бәйтерек» монументі еске түседі. Бұл монумент Тәуелсіз Қазақстанның жас астанасы нышаны ретінде танылып, Эйфель мұнарасы, Бостандық мүсіні немесе Биг Бен тәрізді ғажайып нысандардың қатарына кірді.

Егер қазақ даласына көз салсақ, көз ілестірмес жылдамдықпен өсіп келе жатқан Астана қаласы мен ондағы көк пен жердің арасындағы дәнекердей болып, «Бәйтерек» «мен мұндалап» тұрады. Құдды аспандағы алтын күн көкке «Бәйтеректің ұясынан» шығатындай арайлы, көркем...

Біз- қазақ халқы, қазақ елінің еркін ұрпағы, осындай киелі жерде, Астанадай әсем қаласы бар егемен ел- Тәуелсіз Қазақстанның азаматы мен азаматшалары болып туғанымызды мақтан тұтамыз!

                                                             Әсел Сарқытова

 


Информация о работе Астанада тоғысады сан арман