Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2014 в 13:10, реферат
Love Radio- ресейлік радиостанция. Тәуілікте 24 сағат бойы орыс тілінде хабар береді. Алғашқы эфирі 2000 жылдың 28 шілдесінде ресейлік әншілер Сергей Мазаев пен Наталья Ветлицкаяның «Слова, что ты не скажешь» атты әнімен ашылды. Негізін салушы ресейлік танымал продюсер, композитор Игорь крутой. «Love Radio» радиосы «Радио Дача», «Такси FM» секілді радиолармен қатар «Медиа Холд» холдингінің құрамында. Ресейлік және батыс әншілерінің әндерін таратып, насихаттаумен айналысады. Радионың DJ-лік құрамында Руслан Полянский, Степан Горский, Максим Привалов, Лев Читков, Ольга Мажара, Антон Королев, Тимур Громов, Ярослав Грин, Иван Мартин секілді журналистер жұмыс жасайды. Қазірде радио елдегі көптеген музыкалық фестивальдардың, концерттердің ақпараттық демеушісі мен ұйымдастырушысы ретінде танымал.
Қарағандыда таратылатын радиостанциялар тарихы.
Love Radio- ресейлік радиостанция. Тәуілікте 24 сағат бойы орыс тілінде хабар береді. Алғашқы эфирі 2000 жылдың 28 шілдесінде ресейлік әншілер Сергей Мазаев пен Наталья Ветлицкаяның «Слова, что ты не скажешь» атты әнімен ашылды. Негізін салушы ресейлік танымал продюсер, композитор Игорь крутой. «Love Radio» радиосы «Радио Дача», «Такси FM» секілді радиолармен қатар «Медиа Холд» холдингінің құрамында. Ресейлік және батыс әншілерінің әндерін таратып, насихаттаумен айналысады. Радионың DJ-лік құрамында Руслан Полянский, Степан Горский, Максим Привалов, Лев Читков, Ольга Мажара, Антон Королев, Тимур Громов, Ярослав Грин, Иван Мартин секілді журналистер жұмыс жасайды. Қазірде радио елдегі көптеген музыкалық фестивальдардың, концерттердің ақпараттық демеушісі мен ұйымдастырушысы ретінде танымал. Радионы Ресей, Қазақстан, Қырғыстан, моладвия секілді мемлекеттерде тыңдайды. Потенциалды тыңдармандар саны шамамен 50 млн адамды құрайды.
Русское радио- Ресейдің ірі радиостанциясы. Алғаш рет эфирге 1995 жылдың 2 тамызда шықты. «Русская Медиагруппа» медиахолдингтің құрамына енеді. 1996 жылы «Золотой грамофон» атты өз премиясын тағайындады. Сол уақыттан бастап аталмыш премия салтанаты жылдың аяғында өткізіліп отырады. 2010 жылдың 22 қыркүйек күні радиостанция нон-стоп режимінде үзбей 52 сағат бойы эфирде болғаны үшін әлемдік «Гиннес рекордтар кітабына» енді. Радио ТМД елдерінде таратылады, солардың ішінде Ресей, Украина, Қазақстан, Қырғыстан, Белоруссия, Армения, Молдавия, Латвия, Литва, Тәжікістан, Финляндия және Черногория сияқты мемлекеттер бар. Радио эфиріне «Новости», «Золотой граммофон», «Стол заказов», «Дембельский альбом», «Русские перцы», «Игра без слов», «Русское информ-бюро», «Берегись автомобиля» секілді бағдарламалар шығады. 2011 жылдың 5 қыркүйегінен бастап радио Eutelsat W7 арқылы спутниктік таратуға шықты. Қазірде радионы әлемнің 2 мыңнан астам қаласында тыңдайды.
Наше радио- эфирге 1998 жылдың 14 желтоқсанынан бастап шығатын ресейлік музыкалық радиостанция. Алғашқы демеушісі- Борис Березовский болса, негізін салушы- Михаил Козырев болды. Қазірде радио «Мультимедиа Холдинг» холдингіне кіреді. Кезінде Платон Елегиннің басшылығында болған «Ligovaz News Corparation» компаниясының қарауында болды. Радиостанция Ресей, Украина, Белоруссия, Қазақстан сияқты мемлекеттерде таратылады. Радионың алғашқы эфирі 1998 жылы «Кино» тобының «в наших глазах» әнінен басталған. Радионың форматы ресейлік рок топтарының әндерін насихаттау болып табылады. Кезінде радио көптеген қазірде танымал әншілердің атақты болуына үлес қосқан. 2005 жылдың 1 ақпанынан Михаил Козырев радионың бас продюсерінің орнын босатып радионың саясаты күрделі бетбұрысқа ұшырайды. Бүгінде радионың толқыны 600 қалада қосылып, 2 млн астам ресейлік тыңдарман бар. 1999 жылдан бастап радионың бастауымен «Нашествие» атты фестиваль өткізіліп келеді. Кейін 2009 жылы фестиваль өткізу құқығы жеке ұйымдарға өтіп, «Наше радио» радиостанциясы тек ақпараттық демеуші жұмысын атқарып келеді. 2008 жылы радио өздерінің 10 жылдық мерейтойын атап өтті.
Радио текс- Қарағандылық тәуелсіз коммерциялық радиостанция. Алғаш рет эфирге 15 қыркүйек күні 1998 жылы шықты. Алғашқы күннен бастап радио тәуілігіне 24 сағат бойы жұмыс эфирінде болды, бұл оны басқа радиолардан ерекшелендірді. Қазірде радио Қарағанды және Қарағанды облысы аумағында 100 км радиуста таратылады, шамамен 1 млн- нан астам тыңдарманы бар. «Радио Текс» қазірде Қарағанды қаласындағы Pop-rock форматында таратылатын үздік радиолардың қатарында. Алғашқы жаңалықтар легі 2001 жылдың 10 қаңтарынан шыға бастады. Содан бері тәуілігіне 14 рет, қазақ және орыс тілдерінде эфирге шығады. 2005 жылдан бастап радиостанция Қарағанды облысы бойынша алғашқы болып RDS жүйесіне көшті. Ол жүйе RDS декодерімен жабдықталған радиоқабылдағышы бар тыңдармандарға радионы тек тыңдап қана қоймай, оны оқуға да мүмкіндік береді. Көп уақыт бойы радио «Real time Media» жарнамалық агенттікпен жұмыс істеп келеді. Жарнамалық агенттік радиодағы барлық жарнама үшін жауап береді. Қазірде радионың демеушілері қатарында көптеген ірі банктер, компаниялар мен дүкендер желілері және байланыс операторлары бар.
Информация о работе Қарағандыда таратылатын радиостанциялар тарихы