Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 18:28, курсовая работа
Әлихан Бөкейханов – жұртшылықтың, халықтың қаламгері. Оның публицистік шығармашылығы ұлт тағдыры мен болашағының, оның ғұмырнамасының айнасы. Ол сол жолда, сол бағыт-бағдарда, сол мұрат-мақсатта еңбек етіп келе жатқан публицист. Ол өз буын, өз ғұмырнамасын жазушы ғана емес, сол арқылы тұтастай ұлттың атынан сөз айта алатын дәрежеге көтерілген ірі тұлға. Сондықтан болар оның қаламынан туған кез-келген туындыны оқырман ыждаһатпен қабылдайды. Өйткені ол қай жанрда жазса да барлығын дерлік өзіндік қалыптасқан дара стильмен, көркем шұрайлы тілмен жазады.
Кіріспе....................................................................................................................3
1. Ә. Бөкейханов - өскен орта...............................................................................5
2. Ұлт көсемі – Әлихан Бөкейханов....................................................................10
3. Ә. Бөкейхановтың қазақ жұртшылығына сіңірген еңбегі.............................18
Қорытынды............................................................................................................24 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................26
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................
1. Ә. Бөкейханов
- өскен орта....................
2. Ұлт көсемі – Әлихан Бөкейханов....................
3. Ә. Бөкейхановтың қазақ
жұртшылығына сіңірген еңбегі..
Қорытынды.....................
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі
Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлі орасан зор. Қазір бұрыннан қалыптасып қалған идеологияны бұзып-жарып, жаңа әлеуметтік-саяси көзқарас орнықтырып жатқан заманда ол бұдан да үлкен маңыз ала түскен. Сонымен қатар мемлекеттің өткен тарихына, оның ішінде баспасөз тарихына жаңа тұрғыдан қарау оған түзету енгізуге, қатып қалған идеологиялық схемалардан құтылуға үйретеді. Өткен дәуірдегі таңдаулы публицистердің тәжірибесін зерттей, зерделей қолдана отырып, біздің журналистеріміз жас мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамды әрі қарай демократияландыру және адамгершілік ұрығын себуге ықпал ете алады.
Бүгінгі ақпараттар ағымының үздіксіз өсуі, өмірдің алуан ырғағы,адамның жоғары парасаттылық деңгейі пулицистерден де, журналистерден де әлеуметтік ақиқат пен ақыл-ой құбылысын терең зерделеуді, оған мән беріп, жан-жақты жазуды талап етеді.
Сондықтан, біріншіден, кеше де, бүгін де шындықты бетке ұстаған суреткер Ә.Бөкейхановтың публицистік рухани мұраларын саралап-салмақтау кейінгіге үлгі-өнеге, берері мол дәріс.
Міне, осы жәйттерден тақырыптың өзектілігі айқын аңғарылады.
Зерттеу жұмысының нысаны радиодағы тікелей эфир.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
Зерттеудің негізгі мақсаты - Ә. Бөкейхановтың публицистикасының мәнін ашып көрсету.
Жұмыстың мақсатына қарай төмендегі міндеттер орындалады:
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- жазушы шығармашылығын жан-жақты салыстыру мен талдаулар нәтижесінде қаламгер прозасының идеялық-көркемдік ізденістеріне бүгінгі күн тұрғысынан баға беріліп, жазушының туындыларындағы публицистиканың дамуы қарастырылды.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы.
Зерттеу жұмысы жоғары оқу орындарының журналистика, қазақ тілі және әдебиет мамандығының студенттері мен магистрантарына көмекші құрал бола алады.
Зерттеу әдістері
Сипаттама әдісі арқылы жинақталған материалдар даму жолы тұрғысынан баяндалды. Сонымен бірге, зерттеу барысында мақсатқа сай баяндау, талдау, жүйелеу, топтау әдістері қолданылды.
Жұмыстың құрылымы
Бұл жұмыс кіріспеден, 3 тарау, қортынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Ә. Бөкейханов - өскен орта
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866—1937) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.
1866ж. наурыздың 5 бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, То¬қы-рауын болысының 7-ші ауылында туған. Бұл қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы бұрынғы Қаратал кеңшарының жеріне қарасты, 1992 жылы Ақтоғай аудандық кеңестің шешімімен Ә.Н. Бөкейханов есімі берілді.
Әлихан Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Ата тегі: Бөкей - Батыр - Мырзатай - Нұрмұхамед - Әлихан. Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды канағат тұтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. 1886-1890 жылдар аралығында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны "техник" мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1890-1894 жылдар аралығында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факультетінде оқыды. Мұнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XX ғасырдың босағасын аттағалы тұрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті.
Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Сұлтан Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Сұлтан Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.
Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады.
Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығады. Осыдан кейін он алты жасар Әлихан 1888 жылы Омбы техникалық училищесіне қабылданады. Төрт жыл бойы үздік оқыған алғыр шәкіртіне риза болған мүмкіндік жасайды.
Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, 1894 жылы Ресей империясының елордасы Санкт-Петерборға барып, Орман шаруашылығы институтының экономика факультетіне түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. Оны екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды [1, 55-57бб.].
Оқуын бітіріп, Омбыға оралғанда Ә. Бөкейханов Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады.
«Народная свобода» (Халық бостандығы) партиясының қатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады. Әлиханның саяси көзқарасының пісіп, жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсемі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді.
1905 жылдан бастап Ресей
конституциялық-демократиялық
1905 жылы Әлихан Бөкейханов
Семей облысы қазақтарының
1906 жылы Омбыдан шығатын
кадеттік «Голос степи», «Омич»
және «Иртыш» газеттерінде, 1908 жылы
Санкт-Петерборда жарық көрген
меньшевиктік «Товарищ»,
1909-17 жж. «Дон егіншілік
банкі» бөлімшесінде жұмыс
1911-14 «Қазақ» гәзетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңірді [2,18-27бб.].
20 ғасырдың басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұқар мен Түркістан өлкесіне бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, Ресей империясына қарсы ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді. Сондықтан олар, ең алдымен, халықтың сана сезімін оятатын жағдай жасау керек деп білді.
Бар күш қуаттарын осы мақсатқа жұмылдырады. Бірақ олардың ойдағыдай жұмыс істеуіне жандармерия басқармасының жансыздары мүмкіндік бермейді. Солардың көрсетуімен қуғынға түседі, түрмеге қамалады. Бұдан студент кезінде-ақ сенімсіздердің қара тізіміне ілігіп, бақылауда жүрген Әлихан да тыс қалған жоқ, алдымен, Семей түрмесіне қамалып, кейін Самар қаласына жер аударылып, онда тек ғылыми-шығармашылық қызметпен айналысуға ғана мәжбүр болды.
1916 жылы жер аудару
мерзімі бітіп, Самардан
Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған аяулы азаматтың соңғы демі біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметі сан қилы. Ол Ресей жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің делегаты, Ресейдің I Мемлекеттік думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі болды.
Ол Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа аутономия беруге қарсы болады. Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір аутономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ аутономиясы құрылмақ болады.
Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша, 1917 ж. желтоқсанында бүкіл қазақтардың құрылтайында Алаш аутономиясы жарияланып, Ә. Бөкейханов сол алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы (президенті) болып сайланады.
Ә. Бөкейхановтың қуғын-сүргін кезеңінен 2 жыл алдындағы мен ату жазасының күніндегісі.
1919 жылы большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен кейін Ә. Бөкейханов қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнады [3, 25-27бб.].
Бірақ, ұлттық намыстан жұрдай, жалған интернационалист, жадағай белсенділердің көрсетуімен ол 1926 жылы екі рет тұтқындалып, түрме азабын тартты. Әлихан Бөкейханов Мәскеуге жер аударылады, зор беделінен қорыққан большевиктер өкіметі оны Қазақстанға жолатпады. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 жылы тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен 67 жасында Мәскеуде ату жазасына жазасына кеседі.
1989 жылы мамырдың 14 КСРО
Жоғарғы сотының қаулысы
XIX ғасырдың соңында
Омбы орман шаруашылығы
1904 жылы қазақ даласына
қоныс аудару қозғалысын
1911-14 жж. Әлихан Бөкейханов «Жаңа энциклопедиялық сөздіктің» 4-21 томдарына автор ретінде қатысты.
2 Ұлт көсемі –Әлихан Бөкейханов
Бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысында 1866 жылы дүниеге келіп, қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт- азаттық Алаш қозғалысының жетекшісі деңгейіне дейін көтерілген зерек Әлиханды әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды қанағат тұтпай, қаладағы үш сыныптық сауат ашатын мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886ж. Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқыды. 1886-1890ж. Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны «техник» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1890-1894ж. Санкт – Петербургтегі Орман институтының экономика факультетінде оқыды. Студент кезден-ақ оның саяси көзқарасы қалыптасты, кадеттер партиясының мүшесі болды.
Біз бір мақалада Әлекең жайлы бәрін айту мүмкін болмайтындықтан, осы жерде 1917 жылға ауысып кеткенді жөн көріп отырмыз.
Әлекең 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия беруге қарсы болады. Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір автономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ автономиясы құрылмақ болады. Бірақ, бұл жобаның да іске аспайтыны анықталды [4, 85-107бб.].