Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2013 в 20:06, творческая работа
Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын! Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің Отанымызды әлем таныды. Отан – далаң, орман – тауың, ауылың мен астанаң. Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, тәй-тәй басқан нәрестеде, еңкейген қарияда оның бір мүшесі.
Жүргізуші: - Ал, құрметті қонақтар хош келіпсіздер!
Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын! Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің Отанымызды әлем таныды. Отан – далаң, орман – тауың, ауылың мен астанаң. Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, тәй-тәй басқан нәрестеде, еңкейген қарияда оның бір мүшесі.
Қагша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады. Соның бірі, дүниені дүр сілкіндіріп тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі – 1986жылғы желтоқсан оқиғасы.
Тәуелсіздік жемісті ала келді
Көрінер көкжиектен далам енді.
Кім танымас айтсаңшы, айтыңдаршы.
Қазақстандай егемен байтақ елді.
-Балалар, сонымен бүгін біз
қандай мейрамды тойлағалы
-Қазақстан Республикамыздың Тәуелсіздік алған күні?
-Біздің елбасшымыз кім?
Енді балалар орнымыздан
тұрып әнұранды орындайық.(
Тілек: Егемендік – бұл елімнің елдігі,
Егемендік – барлық ұлттың теңдігі
Ербол менен Қайраттардың ерлігі.
Мұстафа: Жас арудың жанарында – Желтоқсан
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан
Қаралы өмір қайыстырған халқымның
Қара тұман қабағында – Желтоқсан
Тілекқабыл: Желтоқсан айы естесің
Дауыл боп бұрқап ескенсің
Азаттық күні қашаннан
Көкейін елдің тескенсің
Мәдина: Бұрқ етті қазақ баласы
Кеудеде өшіп наласы
Алаңға қарай ағылды
Таусылып барлық шарасы
Раушан: Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту – тәтті халқымызға бақ қонып,
Кетпесін туған жердің берекесі.
Аймир: Бүгін титтей баламын,
Әлі- ақ жігіт боламын.
Ер жеткенде ел сенер,
Нағыз қазақ боламын
Рамазан: Елімді де қорғаймын,
Жерімді де қорғаймын.
Тәртіптімін мен өте,
Жаман бала болмаймын.
Жүрг.:Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда
егеменді ел болсақ деп
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын,
айналайын, жас өркені
Қазіргі бұл күн қазақ халқы үшін ұлы күн әрі қарай қайғылы,әрі бақытты күн. Бұл 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерелістің бірі. Енді міне осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апайларымыздың арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Біз елімізді сүюді сондай тұлғалардан үйренеміз, үлгі аламыз деп айтқым келеді. Ендеше «Айгөлек» тобы балаларының көрінісін тамашалаңыз.
-1986 жыл, 16 желтоқсан. Студенттер «бостандық» плакатын ұстап көтеріліске шығады.Милиция қызметкерлері оларды қуып, Қайрат Рысқұлбеков тұтқынға алады.
Мұса(Қайрат Рысқұлбеков): Аруағыңмен жебей бер
Күнәдан таза басым бар
21-де жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар.
Боз торғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар.
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген атым бар
Еркек тоқты құрбандық.
Атам десең атыңдар!
Ербол, Қайрат, Ляззат сынды аға-апаларымыздың есімдері ешқашан ұмытылмаған. Халқымыздың тәуелсіздігі, егемендігі жолында өз өмірлерін қиған құрбандардың рухына құрмет көрсету қазақ азаматтарының игі борышы, тағзым етіп бір минут еске алайық.
Тігілген соң, Ақ орда – шаңырағың,
Тұғырыңа қонуда сан қыраның.
Отан деген оранып от құшаққа ,
Кәусарыңа шөліңді қондырамын
Сенен ғана өрбиді күш, жыр әнім!
Қазақстан, о, менің құт тұрағым
Жер шарына қазақтың халық атын
Тәуелсіздік туымен ұқтырамын!
Осы көтерілістен кейін аға-апаларымыздың
арқасында Тәуелсіздігімізді
Ойын шарты: 2 топқа бөлініп, бір баладан шығып мына көкпар атқа мініп, анау тұрған белгіден айналып келесі адам жалғастыруға ат беріледі.
Жүрг.: Ізгілікке леп едім,
Жақсылыққа сеп едім
Тәуелсіз елдің ертеңін
Осылай көрсем деп едім,- деп
осындай отаншыл балаларымыз
аман – есен өсе берсін. Олай
болса балалар орнымыздан
Бұл суреті жас баланың
Ақ қағазға салған өзі,
Жазылған бар сөзі.
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін,
Қасымда болсын мамам,
Болайын мен де аман.
Бейбіт өмір керек елге
Отыз беске біз келсек те,
Тұрар жүрек сөз есте.
Балалар ортаға тілектерімен:
Кәусар: «Еліміз аман,
Мұнарым: Жұртымыз тыныш болсын!»
Аянат: «Ынтымақ, бірлік,
Гүлназ: Бейбітшілік болсын!»
Айсұлу: «Аспанымыз ашық болсын!»
Жүрг.: -Ал құрметті қонақтар осындай әдемі тілектермен бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Сіздерге тағыда мейрамдарыңыз құтты болсын! Дәулетіміз шалқып, Қазақстанымыз гүлдене берсін!
«Еркем – Ай» ясли балабақшасы.
«Айгөлек» орта топ
Өткізген тәрбиеші: Утенова А Т
Шагирова Г.У
Құлсары қаласы, 2012 жыл.
Информация о работе Жүргізуші: - Ал, құрметті қонақтар хош келіпсіздер