Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 10:10, реферат
«Қарақытай» атауы тарихи деректерде ҮІІІ ғасырдан бастап кездесе бастады. Бұрын Қидан атанған бұл халық батысқа жылжып, түркілер аймағын жаулай бастағанда Қарақытай атанды. В.Бартольд зерттеушілердің бір тобының бұларды тұңғыстардан шыққан халық деп көрсетсе, екіншілерінің оларды моңғолдарға жатқызатынын айтқан еді. Ал Л.Гумилев Қарақытайларды моңғолтілдес тайпалардың оңтүстік-шығыстағы Сәнби тармағының ұрпақтары ретінде көрсеткен болатын. Қалай десек те, о баста Манчжурияның оңтүстігін мекендеген және Х ғасырдың басында Солтүстік Қытайды жаулап алып, осында өздерінің көсемдері Елюй Амбағанның бастауымен 916 жылы билік басындағылардың Ляо әулетін негіздеген бұл халық түркітілдестердің атажауларының бірі болатын.