Жетісудагы ортагасырлык калалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 16:03, творческая работа

Краткое описание

І. Қазақастандағы орта ғасырлық қалалардың шығуы
II. Қалалардың құрылысы Қалалық мекемелер
III. Қазақстан қалаларының өсу

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жетісудагы ортагасырлык калалар.pptx

— 5.29 Мб (Скачать документ)

 

СӨЖ 

 

Орындаған:Көкебаева  Г

Факультеті:ЖМ

Курс:1

Группа:002-02

Тексерген:Илгидаева  С

 

Оңтүстік  Қазақстан және

Жетісудағы  ортағасырлық

қалалар

 

Жоспар:

 

І. Қазақастандағы орта ғасырлық қалалардың шығуы

 

II. Қалалардың құрылысы Қалалық мекемелер

 

III. Қазақстан қалаларының өсу

 

 

 

Қазақстанның ежелгі қалалары – жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесінде анықталған байырғы қоныс орындары, қала жұрттары. 6 – 9 ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік-Батыс Жетісуда қала мәдениеті жақсы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар түрік әулеттеріне бағынды және реті бойынша Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағандықтарының құрамына енді. Бұл кезеңде көшіп жүретін жер аумағы шектеліп, көш жолдары қалыптасты, тұрақты қыстаулар мен жайлаулар орнығып, егіншілік пайда болды, отырықшы кедейлер тобы бөлініп, жекелеген рулық топтар отырықшылыққа көшті. Мемлекеттік төрешілдік аппарат құрылып, ортақ тіл мен жазу қалыптасты, сауда және дипломаттық байланыстар дамыды. Осындай жағдайда әкімшілік және қолөнер, сауда, мәдениет орталығы ретінде қалалар салына бастады

 

Кең көлемдегі қазба жұмыстары Оңтүстік Қазақстандағы қала мәдениеті ескерткіштерінің типологиясын жасауға мүмкіндік береді. Аумағы 30 га-дан асатын қала жұрттарына Сайрам (Исфиджаб), Шортөбе немесе Қараспан-1 (Осбаникет), Отырартөбе (Отырар), Құйрықтөбе (Кедер), Шойтөбе (Шауғар), Жанқала (Жанкент, Янгикент), Сунақ-Ата (Сығанақ), Құмкент жатады. Аумағы 15 га-дан 30 га-ға дейін жететін қалалар – Бурух, Хурлуг, Жумишлағу, т.б. 15 га-ға дейін жететін қала жұрттарына Шарапхана (Газгирд), Бұлақ-Қоғал (Манкент), Тамды (Берукент), Қазатлық (Будухкет), т.б. жатады. Осы қалалардан басқа Сырдарияның орта ағысында 6 – 9 ғ-лардың бірінші жартысына тән мәдени қабаттары анықталған бір топ қала жұрттары жатыр. Қазақстанның оңтүстігінде жалпы саны 27-ге жететін осындай қала жұрты бар.

 

Солт.-шығыс Жетісу төрткөлдері үш топқа бөлінеді.

 

Біріншісіне:

 

    Антоновка,  Дүнгене, Шілік;

 

Екіншісіне:

 

    Талғар, Сүмбе, Ақмола енгізілген;

 

Үшіншісіне:

 

    Алматы, Лавар, Қапал, Бояулы, Ақтам, Арасан.

 

 Оңтүстік Қазақстандағы алдыңғы орта ғасырлардағы барлық қалалар саны 33 болды.

 

 

 

 

Оңтүстік-Батыс Жетісуда қалалардың өркендеуіне, қолөнері мен егіншіліктің және құрылыс техникасының дамуына Соғды ұрпақтарының елеулі әсері болды. 8 ғ-дың 2-жартысында олар Шу, Талас жазықтарына көптеп қоныстана бастады. Соғдылық саудагерлер Иран мен Византияны Шығыс Түркістанмен жалғастыратын Ұлы жібек жолының бойына сауда қоныстарын салды. Осындағы Тараз және Суяб қалалары Қазақстаннан тыс жерлерге де мәлім болды. Жазба деректерге қарағанда 7 – 13 ғ-ларда осы жол бойындағы Аспара, Шігілбалық, Атын, Семекина, Талхиз, Мерке, Құлан, Исфиджаб, Усбаникет және басқа қалалар да маңызды рөл атқарды. Бұл қалаларда ұсталық, зергерлік, былғары өңдеу, қыштан ыдыс жасау кәсібі өркендеді. Тұрғындары егін шаруашылығымен айналысып, бидай, тары егіп, бақ, жүзім өсірген.

 

13 – 14 ғасырларда бұл қалаларда үлкен құрылыс жұмыстары жүргізілді, мешіттер, медреселер, басқа да қоғамдық архит. құрылыстар салына бастады. Түркістанда теңге соғылды. Мұнда Әмір Темірдің бұйрығы бойынша Қожа Ахмет Иасауи қабірінің үстіне кесене тұрғызылды, қала аймақтың ресми идеол. орталығына айналып, қауырт өсті.

 

Отырарда да теңге соғылғаны туралы деректер бар. Мұнда ‘’Арыстан баб кесенесі’’ салынды. 14 – 15 ғасырларда Отырардың орталығында үлкен мешіт салынып, жұмыс істеген. Отандық археологтар ізденістерінің нәтижесінде 16 ғ-дың аяғы 17 ғ-дың 80-жылдарындағы Отырар қ-ның халқына демографиялық есептеулер жүргізілді. Отырар қ-ның 16 – 17 ғасырлардағы аумағы 20 га-ға тең

 

 

    • 1. Бартольт В.В. Орта ғасырлық қалалар 33 беттер .

 

    • 2. А.И. Малеиндікі .СН.Б.1911 жылы 68-69 беттер.

 

    • 3. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы

 

Қолданылған әдебиеттер:


Информация о работе Жетісудагы ортагасырлык калалар