Жеті жарғы Тәуке хан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2013 в 21:53, курсовая работа

Краткое описание

«Жеті жарғының» әрбір бабы сол кездегі заман талаптарына сай, соған жауап беретіндей дәрежеде жасалған. Ол қазақ елінің ұлттық бірлігін нығайтып, рулар арасындағы алауыздықты тежеуге көп үлес қосты.
«Жеті Жарғы» - елдің елдігін, халықтың бірлігін сақтап, азаттығы мен тәуелсіздігі үшін жанкешті күреске үндейтін, арды шыңдап, намысты қайрайтын, адалдық пен әділетке бастайтын Дала Конституциясы еді.
Қазақтың дала заңдарын, «Жеті Жарғыны» зерттеу, олардың түпнұсқасын қарастыру, табу күрделі де маңызды іс. Бұл жөнінде ашылмаған сырлар әлі де көп. Даналар мұрасын болашаққа жеткізу бүгінгі жас ұрпақтың еншісінде деп ойлаймын.

Содержание

«ЖЕТІ ЖАРҒЫ» НЕМЕСЕ ТҰҢҒЫШ ҚАЗАҚ КОНСТИТУЦИЯСЫ
«Жеті жарғы» жеті заңнан құралуы
«Жеті жарғы» бөлімдері мен баптары
Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Омар Динара ФА 13001-2 Жеті жарғы.pptx

— 2.56 Мб (Скачать документ)

Қазақ халқының әдет-ғұрып заңдар жинағы – "Жеті Жарғы"

 

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ  АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

 

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ  УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ  С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

кафедрасы


 

                                                            Орындаған: Омар Д.Ә.

                                                                              Факультет: Фармация 

                                                                              Курс:1

                                                                              Группа:ФА 13-001-02

                                                            Тексерген:  Тулентаева К.А.

 

 

                                         

                                  Алматы, 2013ж.

Жоспар:

 

    • «ЖЕТІ ЖАРҒЫ» НЕМЕСЕ ТҰҢҒЫШ ҚАЗАҚ КОНСТИТУЦИЯСЫ
    • «Жеті жарғы» жеті заңнан құралуы
    • «Жеті жарғы» бөлімдері мен баптары
    • Пайдаланған әдебиеттер

 

«ЖЕТІ ЖАРҒЫ»  
НЕМЕСЕ  
ТҰҢҒЫШ ҚАЗАҚ  
КОНСТИТУЦИЯСЫ  

    Тәуке ханның «Жеті жарғы» - сы Қазақ Ата заңдары тарихында маңызы зор ірі ескерткіш, рухани мұра болып табылады.

Араб, парсы тілін жетік білетін Тәуке ханның сенімді елшісі Қожабергеннің:

 

             «Шығайдан соң орнына Тәуке қалды,

                 Кезінде Әз Тәуке деп атақ алды

               Қазыбек, Төле, Әйтеке ақылшы боп

             Дейтұғын «Жеті жарғы» заң шығарды»,-

 

    деген өлең жолдары осы Қожабергеннің Тәуке ханға арнап жазған «Жеті жарғы» дастанынан үзінді болатын.

    Тұңғыш қазақ мемлекетінің тарих сахнасында пайда болғаннан кейін екі ғасыр өткен соң әдет-ғұрып құқығының бірінші жинағы және конституциялық құжат ретінде – «Жеті жарғы» қабылданды.

    • Сонымен, көшпелі қазақ халқының ел билеу заңы 

   «Жеті жарғы» - «Қанға қан алу», «Жанға жан алу» бабымен басталады.

    • Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады.
    • Мұнда шариғат жолдары қарастырылды. Онда: "Құдайға тіл тигізген кісі (7 адам куәлік берсе) таспен атып өлтіріледі, кәпір болған адам мал-мүлкімен айдалады", — деп көрсетілді.
    • Дегенмен, Құранда жамандыққа жақсылық жаса деген мақсатта айтылған аяттар көп. Сондықтан, ислам діні кісі өлімін құнмен алмастыруға, кешірімді болуға үндейді. Қазақ билері кісі өлімін тексергенде өлім себептерінің әртүрлілігіне (қасақана, абайсызда, күйзеліс үстінде) қарай жазалап, құн төлеттірген.

«Жеті жарғы» бөлімдері

    • Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдет-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіруарқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты.

Мазмұны жағынан  «Жеті жарғы» үш бөлімнен турады:

    • біріншіден, қазақтың ежелгі әдеп –ғұрып заңдарын қамтыған «Қасым ханның қасқа жолына» негізделген,
    • екіншіден, одан соңғы өзгерістер, соның ішінде «Есім ханның ескі жолына» негізделсе,
    • үшіншіден, Тәуке ханның дәуіріне , саясатына сай енгізілген жаңалықтар.

  
«Жеті жарғы»  
жеті заңнан құралуы  

«Жеті жарғы» жеті заңнан құралды:

 

1. Жер дауы заңы

2. Отбасы — неке заңы

3. Әскери заң

4. Сот заңы

5. Қылмысты істер заңы

6. Құн заңы

7. Жесір дауы заңы

«Жеті жарғы» бөлімдері мен баптары

    •  «Жеті жарғы»  7 бөлімнен, 32 баптан тұрады, олар:

I бөлім. Мемлекет мүддесі

    • 1-бап. Мемлекет тұтастығы мен бірлігіне іріткі салып, бүлік жасаған – өлім жазасына кесіледі.

 

ІІ бөлім. Ұлт тазалығы

    • 2-бап. Жеті ата ішінде қан алмастыру өлімге немесе ағайындар белгілеген жазаға бұйырылады.

 

 ІІІ бөлім. Дін тазалығы

    • 3-бап. Жеті адам куә болып, Құдайға тіл тигізгені дәлелденсе, тас боран қылып өлтіріледі.
    • 4-бап. Өзге дінге кіріп – кәпір болған адам мал-мүлкінен айрылады.
    • 5-бап. Өзіне-өзі қол салғандар бөлек жерленеді.

 

ІV бөлім. Жанұяның біртұтастығы

    • 6-бап. Егер әйелі ерін өлтірсе, өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса, жазадан босатылады, бірақ қарғысқа ұшырайды).
    • 7-бап. Егер ері әйелін өлтірсе, ол әйелінің құнын төлейді.
    • 8-бап. Егер екіқабат әйелді атты кісі қағып кетіп, одан өлі бала туса: 5 айлық бала үшін – 5 ат, 5 айдан 9 айға дейінгі балаға – әр айына 1 түйе төлейді. (1 түйе 3 атқа немесе 10 қойға тең).
    • 9-бап. Әйел зорлау кісі өлтірумен бірдей қылмыс болып есептеледі.
    • 10-бап. Әйелі ерінің көзіне шөп салу үстінде ұсталса, ері оны өлтіруге хақылы. Бірақ қылмысты сол сәтінде жария етуге тиіс. Әйелінен сезіктенген еркектің сөзін төрт сенімді адам дәлелдеп беруі керек. Егер олар теріске шығарса, әйел күнәсіз деп табылып, жазадан босатылады.
    • 11-бап. Біреудің әйелін күйеуінің келісімінсіз алып қашқан адам өлімге бұйырылады немесе ердің құнын төлейді. Егер әйелдің келісімімен әкетсе, күйеуіне қалың төлеп, қосымшасына қалыңсыз кыз беруге тиіс.
    • 12-бап. Ата-анасына тіл тигізген ұлды мойнына құрым байлаған күйі қара сиырға теріс мінгізіп, өзін қамшымен сабап, ауылды айнала шапқылатады. Ал қыз болса қол-аяғы байланып, анасының билігіне беріледі.
    • 13-бап. Ерінің ұрлығын біле тұра хабарламаған әйелі мен баласы жазаға тар-тылмайды, өйткені үлкеннің үстінен шағым айту әбестік саналады.

V бөлім. Қылмыс пен жаза

    • 14-бап. Қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құны төленеді.(Ер адамға – 1000 қой, әйелге – 500 кой).
    • 15-бап.Ұрлық, қарақшылық және зорлық-зомбылық жасаған адам өлім жазасына кесіледі. Жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады.
    • 16-бап. Денеге закым келтірілсе, соған сәйкес құн толенеді (бас бармақ – 100 қой, шынашақ – 20 қой).
    • 17-бап. Ата-анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды. Ал анасы баласын қасақана өлтірсе, өлім жазасына кесіледі.
    • 18-бап. Ұрлық жасаған адам үш тоғызымен қайтаруға тиіс.
    • 19-бап.Ұрлық пен кісі өлтіруді қоса жасаған адам екі бірдей жазаға тартылады.
    • 20-бап. Барымтадан қайтқан мал төлімен қайтарылуға тиіс.
    • 21-бап. Жауынгер атты ұрлаған өлім жазасына кесіледі.
    • 22-бап. Өлтірілген аңшы иті немесе бүркіті үшін иесінің құл немесе күң беруді талап етуге хақысы бар.

VІ бөлім. Адам құқығы және мүлік меншігі

    • 23-бап. Егер әкесінен енші алған ұл баласыз болып өлген болса, онда оның қожалығы өзінің әкесіне беріледі. Жасы кіші балалар жақын туыстарының қамқорлығына беріледі, ал олар болмаған болса, бөтен, бірақ сенімді адамдарға беріледі. 24-бап. Әйелді ренжіткен адам, одан кешірім сұрауға тиіс. Кешірім сұрамаса, арсыздығы үшін айып салынады.
    • 25-бап. Кімде-кім азғындыққа жетелеген немесе зорлықпен бұзықтық жолға салған әйелдің ар-намысы үшін сол адам өлтіріледі немесе азғындығы үшін одан 200 жылқы өндіріліп алынады. 26-бап.Төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді. (Төре мен қожалар сауатты болғандықтан, мемлекеттің ерекше қамқорлығында болған). 27-бап. Құл өмірі құнсыз. Ол қожайынның билігінде (қазақ құлдарды жалшы, малшы ретінде ұстап, кейін бөлек шығарып отырған).

 

VІІ бөлім. Билік тәртібі

    • 28-бап. Үлкен дау-дамайды шешуді және күнәһарға үкім шығаруды хан ше-шеді. Егер ханның өзі болмаса, онда талапкер мен жауапкер тұратын ауылдың билері мен ақсақалдары талдауға, оларға қоса екі жақ сайлаған екі сарапшыны шақыра отырып шешуге тиіс.
    • 29-бап. Егер жауапкердің билерге күмәні болса, онда ол оларды өзгерте алады.
    • 30-бап. Кіші дауларды шешу билер мен ақсақалдарға жүктеледі.
    • 31-бап. Куәлікке кемінде екі немесе үш адам жүреді.
    • 32-бап. Өсиет – ағайындар мен молданың қатысуы арқылы жасалады.

 

    • «Жеті жарғының» әрбір бабы сол кездегі заман талаптарына сай, соған жауап беретіндей дәрежеде жасалған. Ол қазақ елінің ұлттық бірлігін нығайтып, рулар арасындағы алауыздықты тежеуге көп үлес қосты.
    • «Жеті Жарғы» - елдің елдігін, халықтың бірлігін сақтап, азаттығы мен тәуелсіздігі үшін жанкешті күреске үндейтін, арды шыңдап, намысты қайрайтын, адалдық пен әділетке бастайтын Дала Конституциясы еді.
    • Қазақтың дала заңдарын, «Жеті Жарғыны» зерттеу, олардың түпнұсқасын қарастыру, табу күрделі де маңызды іс. Бұл жөнінде ашылмаған сырлар әлі де көп. Даналар мұрасын болашаққа жеткізу бүгінгі жас ұрпақтың еншісінде деп ойлаймын.

Пайдаланған әдебиеттер

 

    • “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
    • Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.
    • Интернет ресурстары:
    1. http://megamozg.kz/index.php?page=view_mt&id=2579&partition=other&subpartition= rticles_historykaz
    2. http://baq.kz/regional_media/post/30883

 

1

 

2


Информация о работе Жеті жарғы Тәуке хан