Желтоқсан жаңғырығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 17:10, сочинение

Краткое описание

1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының ұлттық санасының қаншалықты өскенін көрсетіп берді. Бір ғасыр бойы халықты ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған өктемдік үрдістің алдындағы қорқыныш алғаш рет еңсерілді. Жастар айдай әлемнің алдынды кез-келген ұлтқа тән ұлттық намыс бұдан былай ешқандай баса көктеуге мойынсынбайтынын паш етіп берді. («Ғасырлар тоғысы» кітабынан).
Одан бері талай жаз бен қыс алмасты, талай су ақты, талай оқиғалар тарих парақтарына жазылып қалды, бірақ Желтоқсан оқиғасының ұлттық азаттығымыз жолындағы күресте орны бөлек екендігін уақыт дәлелдеуде. Енді XX ғасырдың еншісінде қалған ереуілге толы екі-үш күннің оқиғасы әлем жұртшылығының назары

Прикрепленные файлы: 1 файл

Желтоқсан жаңғырығы.docx

— 16.99 Кб (Скачать документ)

Желтоқсан жаңғырығы [5 бет]  
1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының ұлттық санасының қаншалықты өскенін көрсетіп берді. Бір ғасыр бойы халықты ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған өктемдік үрдістің алдындағы қорқыныш алғаш рет еңсерілді. Жастар айдай әлемнің алдынды кез-келген ұлтқа тән ұлттық намыс бұдан былай ешқандай баса көктеуге мойынсынбайтынын паш етіп берді. («Ғасырлар тоғысы» кітабынан). 
Одан бері талай жаз бен қыс алмасты, талай су ақты, талай оқиғалар тарих парақтарына жазылып қалды, бірақ Желтоқсан оқиғасының ұлттық азаттығымыз жолындағы күресте орны бөлек екендігін уақыт дәлелдеуде. Енді XX ғасырдың еншісінде қалған ереуілге толы екі-үш күннің оқиғасы әлем жұртшылығының назары Қазақстанға аударғаны кеше ғана сияқты. Ал, міне, Тәуелсіздік алғанымызға 15 жыл толуымен тұспа-тұс Желтоқсан оқиғасының да 20 жылдығы келіп қалыпты. Бұл екеуін бір-бірінен бөлек қарастыру мүмкін болмас, сірә. Себебі, біз Тәуелсіздікке, Азаттыққа, Бостандыққа аңсап, зарығып, қаншама қанымызды төгіп, жанымызды шүберекке түйіп жеткен халықпыз. Ата-бабаларымыз азат күнді тек армандап қана ғұмыр кешкен жоқ, сол жолды жолбарыстай жұлқысып, арыстандай арпалысып күресіп өтті. Ұрпағынан ұрпағына қалар аманат арқалатты. Аманаты – ата-бабаның қаны сіңген қасиетті топырақты, ұлан-ғайыр кең өлкемізді, қазақ жерін қорғау, сақтау. Аманаты – ана тілімізді таза ұстау, ана сүтіндей кие тұту, дінімізді жоғалтпау. Осыған лайық ұрпақ өсіре алған халықпыз. 
Оған дәлел – ең берісі, 1986 жылығы Желтоқсан оқиғасы. Азаттық жолындағы, ұлттық тәуелсіздік жолындағы күрестердің ең бір түйінді тұсы, буырқанған жас күштердің жарға соққан, асау толқыны. 
Кеңес өкіметі өзінің құрамындағы елдердің ұлттық құндылықтарын бірте-бірте жойып, өз саясатын өте әккі шеберлікпен жүргізіп жатқан тұста – тоталитарлық режимнің тас құрсауын бұзу мүмкін еместей болған кезеңде – шет елдік саясат сарапшылары демократиялық дүмпу бір бұрқ етсе Кавказ бойында немесе Балтық өңірінде бұрқ ете қалар деп жорамал жасап жүргенде – Қазақстандағы Желтоқсан оқиғасы бұлтсыз күнгі найзағай ойнағандай әсер еткені анық. 
Бұған алғашында «нашақорлар мен маскүнемдердің бей-берекет тәртіпсіздіктері» деп жала жапқандар да, «ұлтшылдардың ұйымдастырған арандатушылық әрекеті» деп солақай саясатқа сайғандар да болды. Әрбір ұлттық халықтық наразылық қозғалыстар ұзақ жылдар бойы пісіп-жетілетіні, іштей буырқанып ширығатыны, содан соң сәл нәрседен бастау алып, тіпті, стихиялы түрде бұрқ ете қалатыны, оған саяси мән бергенде, жетекшілік тізгінін қолға алғанда үлкен қозғалысқа, халықтық шеруге немесе көтеріліске ұласатыны ескерілмеді. 
Алматыдағы Желтоқсан оқиғасына мыңдаған студент, жұмысшы жастар қатысты. Сол кездегі билік тізгінін ұстаған біреулер пайымдағандай бұл «экстремистік пиғылдағы ұлтшыл элементтер» ұйымдастырған арандатушылық емес еді. Мәскеуден шыққан өктем де озбыр өкім-қаулыға табиғи ұлт наразылығы болатын. Ал ұлттық наразылықты студент, жұмысшы жастардың ештемеден қаймықпай ашық түрде алаңға алып шыққаны тағы да рас. 
Әскер күшімен, милициямен, жасақшылармен басып-жанышталған бейбіт шерудің басты қаһармандары да жастар – Қазақ жастары еді. Тергеу, қудалау, жазалау басталған кезде де бұлар тізе бүккен жоқ. 
Біз бұрын Ресей тарихындағы 1825 жылғы декабристердің патшаға қарсы әрекеттерін аңызға бергісіз әспеттеп айтушы едік.Ал қазақ тарихындағы 1986 жылғы желтоқсаншылардың жүрекжұтқан ерліктері одан бір де кем еместігін, бұл біздің бостандық жолындағы қасиетті күресіміздің тоталитарлық жүйе ...


Информация о работе Желтоқсан жаңғырығы