Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 09:51, реферат
«Вэйчжи» көне қытай тарихи кітабында Ва мемлекетінің географиясы, мәдениеті мен әдебиеті жайында мол мәлімет бар. Ва (Вэй) елінің императоры мен министрлері туралы дерекке қанықтырар шет ел мұрағатындағы бұл ежелгі еңбек Жапонияның байырғы заманғы дипломатиясынан хабар берер алғашқы басылым болып табылады. Ол заманда Күншығыстың әр аймағын әміршілер билеп тұрған.
Дипломатиядағы сенім грамотасын тапсыру рәсімінің тарихы да жапон жеріндегі Ва империясы мен Қытайдағы Хань династиясының елшілерін жіберген кезден басталады. Ва мемлекетіндегі Накоку елінің әміршісі Хань патшасы Гуаньвуға елшісін жіберген. Ал Хань императорының екі ел арасындағы ынтымақтастық кепілі ретінде Ва билеушісіне тарту еткен аса бағалы «Канно Вано Кокюноин» деп аталатын мөрі бүгінге дейін сақтаулы.
1973 жылдың қыркүйек айында шыққан «Ақ кітапта»: «Осы уақытқа дейінгі халықаралық компаниялармен жүзеге асырылған мұнай тасымалдау жүйесіндегі басқару әрекеті бұзылып бара жатыр», - деп айқын жазылды [1]. Яғни, Жапония үшін «1960 жылдарға тән тұтынушы елдердің енжарлық қатынастары болашақта жарамсыздығымен айқындалды». Халықаралық жағдайдың өзгеруіне байланысты, бастапқы американ-жапон одағының кепілдігімен жүргізілген Жапонияның сыртқы саясатында жаңа бағыт пайда болды, ол «Қор дипломатиясы» деп аталды. Оның міндеті - Жапонияның сыртқы саясатының қайта қарастыру арқылы мұнайды тасымалдау жолында кепілдік алу. Бұл бағытты жақтаушылардың ішінде ерекше көзге түскендердің бірі Сыртқы сауда және өнеркәсіп министрі және кейіннен ХХ ғасырдың Жапония премьер-министрі лауазымына ие болған Ясухиро Накасонэ болды. Накасонэ: «Жапония болашақта сөзсіз алдыңғы елдердің қатарына шығады, сондықтан да соқыр сеніммен «біреулердің» соңынан еру қате», - деп есептеді. «Біреулері» сөзсіз АҚШ еді. Сол себепті 1973 жылдың шілдесінде Накасонэ «Мұнай өндіруші елдерге» арналған жаңа саясат жүргізу керектігін мәлімдеді [2]. Осы мәлімдеме Жапонияның сыртқы саясатында «қырғи-қабақ соғысы» жылдарынан-ақ мұнайды өндіруші мемлекеттер, яғни негізгі импорттаушы Таяу Шығыс мемлекеттермен қарым-қатынастардың маңыздылығын айғақтай түсті. Қазіргі кезеңде да Жапонияның сыртқы саясатында Таяу Шығыс аймағы мемлекеттерімен байланыстар алғашқы басымдықтардың қатарына шықты.
Жапонияның Таяу Шығыс
Жапонияның сыртқы саясатында энергетикалық қажеттілікті қамтамасыз ету мәселесінде Сауд Арабиясымен қатар, өзге мемлекеттермен де байланыстар маңыздылыққа ие болып отыр. Жапонияның Таяу Шығыс аймағындағы Сауд Арабиясынан кейінгі екінші сауда-экономикалық саласындағы әріптесіне Израиль айналып отыр.
1991 жылдан бастап қазіргі кезеңге дейінгі жылдарда екі мемлекеттің қарым-қатынастары толыққанды өзгеріске түсіп, Жапонияның Израильге қатысты жаңа ұстанымы қалыптасты. Жапонияның Израильге қатысты жаңа ұстанымының қалыптасуына екі негізгі фактор ықпал еткен болатын. Біріншісі, Ирактың Кувейтке шабуылы Жапонияның араб әлеміндегі бірліктің жоқтығын байқатуымен байланысты болды. «Шөлдегі дауыл операциясының» ерекшелігі араб мемлекеттерінің сыртқы күш, яғни АҚШ-тың ықпалымен саяси және экономикалық жетекшілікке ие болу үшін өзара соғысқандығында еді. Жапон үкіметі араб-израильдік қақтығыс Таяу Шығыстағы тұрақтылыққа қауіп төндіретін жалғыз фактор еместігін бағамдай бастады. Сонымен қатар осы дағдарыс барысындағы және одан кейінгі де Израильдің қандай да бір күш қолданудан оқшаулануы жапондық саясаткерлер және баспасөз тарабынан зор қолдауға ие болды. Жапонияның Израильге қатысты ұстанымының өзгеруіне ықпал етуші екінші фактор Таяу Шығыстағы бейбіт реттеу үдерісінің «Шөлдегі дауыл» операциясынан кейін 1993 жылғы қыркүйектегі Израиль мен палестиналық азаттық ұйымы арасындағы Осло келісіміне қол қойылуынан бастап жаңа кезеңге өтуімен байланысты болды. Екі тараптың бір-бірін мойындауы Жапонияның Таяу Шығыстағы бейбіт реттеу үдерісіне қатысуға және Израиль мен Жапония арасындағы саяси байланыстардың қарқындауына үлесін қосуға мүмкіндік берді. Араб-израильдік бейбіт реттеу үдерісіне Жапонияның қатысуы қажет болды. Себебі - Жапония Таяу Шығысы аймағындағы жағдайдың өз мемлекетінің қауіпсіздігі мен экономикалық дамуына ықпал ететінін «қырғи-қабақ соғысы» жылдарындағы мұнай дағдарыстары мен «Шөлдегі дауыл» операциясынан сабақ алу барысында ұғынған болатын. Сондықтан Жапония үшін Таяу Шығыс аймағында экономикалық қана емес, енді Таяу Шығыстағы бейбіт реттеу үдерісіне де қатысып, саяси белсенділікті арттыруы қажет болды. Сонымен қатар араб-израильдік бейбіт реттеудің Жапонияның экономикалық мүдделері үшін аса тиімді екендігі белгілі болды, яғни аймақтағы бейбіт реттеу үдерісі қандай да бір кедергілерсіз жаңа ірі экономикалық кеңістіктің ашылуына және көптеген жаңа мүмкіндіктердің ашылуына жағдай жасады. ХХ ғасырдың 90-жылдарының басында Израиль де Таяу Шығыстағы «қалыптасушы нарықтардың» біріне айналған болатын. Осындай факторлардың негізінде Жапония Израильмен қарым-қатынастар мәселесінде Таяу Шығыстағы бейбіт реттеуге қатысу арқылы саяси белсенділігін арттырып қана қоймай, экономикалық байланыстарды нығайта бастады. Яғни, Жапонияның саяси белсенділігіне келер болсақ, бұл әрекет оның 1991 жылғы аймақтағы жағдайды реттеуге бағытталған Мадрид конференциясынан кейін көпжақты экологиялық жұмыс тобына жетекшілік етуінде және су қорлары бойынша, аймақтық экономикалық даму және босқындар ісі бойынша жұмыс топтарына қатысуында көрініс тапты. Сонымен қатар Жапония жаңа палестиналық Ұлттық кеңестің сайлауына бақылаушылар жіберді және 1996 жылы да аймақтағы тұрақтылықты қадағалау мақсатында БҰҰ-ның аймақтағы бақылау күштерінің құрамында 45 жауын-герді жіберді. Осы шаралар, негізінен, Жапонияның Таяу Шығыстағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және бейбіт реттеу үдерісіне қатысуға ғана бағытталмай, Жапонияның Израильмен саяси қарым-қатынастарының жақсаруына ықпал етті. ХХ ғасырдың 90-жылдарының басында Израиль мен Жапонияның екіжақты жоғарғы деңгейдегі саяси контактілері жиілей түсті. Әсіресе, 1994 жылғы желтоқсандағы Израиль премьер-министрі Я. Рабиннің Жапонияға іссапары барысында араб мемле-кеттерінің экономикалық бойкотына қатысты өз саясатын қайта қарауды көздеген және Жапония мен Израильдің арасындағы ғылыми ынтымақтастық бойынша келісімнің қол қойылуы мен израильдік қаржы нарығының жапондық инвестицияларға ашылуын қарастырған Жапония декларациясының қабылдануы аса маңызды оқиғаға айналды. 1994 жылдың сәуірінде жапон мен израильдік үкімет екі рет салынатын салықтан бас тарту туралы келісімге қол қойды және осы ХХ ғасырдың 90-жыл-дарында азаматтық авиация туралы келіссөздерді жүргізді. Қазіргі таңда да Жапония мен Израильдің арасында әр алуан деңгейлерде кездесулер өткізіліп, халықаралық және аймақтық мәселелердің екіжақты саяси талқылаулардың негізіне айналып отыр.
Израиль мен Жапонияның арасындағы екіжақты саяси қарым-қатынастардың дамуына ықпал етуші басты фактор экономикалық мүдде екенін ескерер болсақ, сауда-экономикалық байланыстар тараптар үшін негізгі ынтымақтастықтың саласына айнала бастады. Жапониядағы ХХ ғасырдың 90-жылдарының басындағы «экономикалық ғажайып» жылдарымен салыстырғанда экономикалық құлдыраудың орын алуына қарамастан, Жапония мен Израильдің арасындағы экономикалық диалог 1993 жылғы қыркүйектегі Израиль мен палестиналық азаттық ұйымы арасындағы Осло келісіміне қол қойылуынан бастап жақсарды. Жапонияның Таяу Шығыстағы бейбіт реттеуге қатысуы аймақтық инфрақұрылымды дамытуы бойынша әр алуан жобаларға халықаралық компаниялардың дайындығына тұспа-тұс келді. Жапонияның халықаралық сауда мен индустрия министрлігіндегі Ғылым және Технология бойынша Ұлттық агенттігінің делегациясы, Кэйданрен (Жапонияның экономикалық ұйымдарының федерациясы) делегациясының 1993 жылғы сәуірдегі іссапарлары және халықаралық сауда мен индустрия министрлігінің сыртқы істер бойынша министрі орынбасары Хатакэяма мен сыртқы істер бойынша министр Шимон Пэрестің 1992 жылғы қарашадағы саяси кездесулері Израиль мен Жапонияның арасындағы өсіп келе жатқан экономикалық байланыстарды кеңейте түсті. Осындай жапондық компаниялар мен министрліктің белсенділігінің нәтижесінде 1995 жылы Израильдің экспорты 1994 жылмен салыстырғанда 33%-ға өсіп, 1,2 млрд долларға жетті және экспор-тың басым бөлігі жоғарғы технологиялар саласына бағытталды. Сонымен қатар, машина бөліктерінің экспорты 42%-ды құрап, 172 млрд долларға жетсе, электрондық жабдықтарының экспорты іс жүзінде екі есеге 67 миллионға өскен [4].
Жапонияның Израильмен экономикалық қарым-қатынастарын дамытуда Жапондық сыртқы сауда ұйымы, яғни Джетро да өзіндік үлесін қосуда. Жапонияның премьер-министрі Мураяманың 1995 жылдың қыркүйегіндегі іссапарының нәтижесінде 1997 жылға дейін Израильде Джетроның өкілдігінің офисін ашу туралы келісімге қол қойылды. Осы өкілдіктің ашылуы жапондық сауда компаниялары үшін Израильдің жаңа нарықтарын ашуда және өз нарығында да оның үлесін арттыруға ықпалын тигізді.
Жапонияның Иранмен ынтымақтастығы Жапонияның Сауд Арабиясына деген бағынышты-лықты төмендету және энергетикалық қажеттілікті қамтамасыз етуге бағытталып отыр. Осы тұрғыдан, энергетикалық қажеттілікті өтеуге бағдарланған жапон дипломатиясының мүдделестігі Иранды «зұлымдық белдеуі» мемлекеттері қатарына қосқан АҚШ-тың наразылығы сияқты саяси факторларға қарамастан басымдыққа ие болып отыр. Себебі, қазіргі таңда Иранның анықталған энергия қорларының көлемінің ішінде мұнай - 12 млрд тонна (әлемдік мұнай қорының 9%-ы), табиғи газ - 21 млрд тоннаны (әлемдік газ қорының 15%-ы) құрап отыр. Иран Мұнайды экспортқа шығаратын елдер ұйымы мүше-мемлекетерінің арасында мұнай өндірісі бойынша Сауд Арабиясынан кейінгі екінші орынға шығып отыр. Ирандық мұнай мен газ салалары Тегеранға қатысты америкалық назарды ескере отырып, сақтықпен әрекет етуге ұмтылатын трансұлттық компаниялардың ерекше назарын аудартуда. Осы тұрғыдан Жапонияның Иранмен қарым-қатынастары АҚШ-тың назарында болып отырғандығы даусыз.
Иран мен Жапонияның арасындағы экономикалық байланыстарда энергетика саласында біріккен жобалардың рөлі артып отыр. Осындай алғашқы бірлескен шара Иран мен Жапония арасында 2000 кВт-тық Хузестан провинциясының оңтүстік-батысындағы Карун өзенінде Godar Landar электрлік станцияны бірлесіп салу туралы келісімшарт болды. Бұл келісім бойынша 68,8 милн долларлық, екі пайыздық салым көлемінде белгіленді және бұл қаржы 18 жылда өтелуі тиіс.
Жапония мен Иранның энергетика саласындағы ынтымақтастығы елдің өзге де аймақтары бойынша дамытылуда. Жапонияның Иранмен энергетикалық байланыстарындағы негізгі мүддесі тоғысқан аймақ әрі әлемдегі дамытылмаған негізгі мұнай аймағы Азадеган аймағы (26 млрд-тық баррель көлемінде) болып отыр. Осы мұнай аймағы Иран мен Ирактың шекарасында орналасқан және екі мемлекет те табиғи қорларға ене алады. Сол себепті осы аймақ америкалық мүдделестіктің аймағына айналып отыр. Дегенмен, жапон үкіметі АҚШ тарапынан жасалынған қысымға қарамастан, 2004 жылы 20 ақпанда Иранмен келісімге қол жеткізе алды. Жапонияның Иранмен жасалынған келісімшартына сәйкес Inpex Corporation”, “Tomen Corp.” Және “Japan Petroleum Exploration Company Ltd.” компанияларынан құралған жапондық консорциум Азадеган мұнай аймағын 12,5 жылдық мерзімде дамытуға құқыққа ие болды. Келісімшарт бойынша Азадегандағы өндіріс 2007 жылы басталуы және шығындар 6,5 жыл шеңберінде төленуі қажет болды. Жапондық тараптың өкілдері келісімшартқа байланысты келіссөздерді жүргізу барысында олардың Сауд Арабиясындағы мұнай аймақтарын дамыту бойынша құқықтарынан айырылу есебінен болған шығындардың орын толтыруды жоспарлағандығын айтты. Екі тарап келісімнің кейбір шарттары бойынша және техникалық компоненттері бойынша келешекте белгілі бір түзетулерді енгізетіндігін байқатты. Әрине, осы келісімшартқа қол қойылудың өзі Жапонияның АҚШ-тың қысымына қарамастан, Таяу Шығыстағы экономикалық мүдделестік тұрғысынан, яғни мұнай факторының ықпалымен әрекет еткендігін байқатады. Алайда АҚШ тарапынан Жапония басшылығына Ирандағы Азадеган аймағын дамыту бойынша жоспарларын тоқтату туралы да мәлімдемелер жиілей түсті. Жапондық күнделікті баспасөздегі жарық көрген мемлекеттік деректерге сәйкес, АҚШ-тың Мемлекеттік хатшылықтың мүшесі Роберт Зоэлик пен Мемлекеттік хатшының орынбасары Роберт Джозев бейресми деңгейде Жапониядан уақытша Азадеганды дамыту бойынша жоспарларын тоқтату туралы ұсыныс жасады. Жапондық баспасөзде бұл ұсыныс Азадеганды дамыту бойынша Иранға түсетін табыс оның ядролық қаруларды дамыту бойынша жобаларында шығындалуы мүмкіндігіне негізделгендігі және осы жағдайда халықаралық қауымдастықтың Иранға қарсы тұруда біріккен майдан құруда қиындықтар туғызатындығы атап өтілді [5]. АҚШ-тың мемлекеттік департаментімен қатар, 2006 жылдың ақпанында халықаралық қауымдастық шеңберінде, яғни БҰҰ-дағы АҚШ-тың елшісі Джон Болтон Жапонияның қиын энергетикалық қажеттілікке негізделген жағдайын түсінетіндігін, дегенмен ғаламдық қауымдастықтың ядролық қарудың таралуына бірлесе қарсы тұруы бойынша жұмыс істеу керектігіне иландыруға тырысты. Жапондық үкімет болса өзінің сыртқы саясатында Таяу Шығысқа қатысты бағытта ықпал етуші америкалық және мұнай факторын есепке ала отырып, ядролық қаруды таратпау және өзінің энергетикалық қажеттілігі мәселесіне де назар аударатындығын байқатты. Яғни, жапондық кабинеттің бас хатшысы Абэ осы ұстанымның қалыптасқан жағдайда Азадеганның келешектегі бағыты бойынша АҚШ басшылығымен нақты келіссөздерді жүргізіп жатқандығын білдірмейтіндігін атап өтті. Абэ баспасөз өкілдеріне: «Біз осы мәселеде ядролық қаруды таратпау мәселесі мен тұрақты мұнаймен қамтамасыз ету мәселесі де маңызды болып табылатындығын біздің ортақ мойындауымыздың негізінде әрекет етуді қалаймыз», - деп мәлімдеді [6]. 2006 жылы наурызда жапондық үкімет Азадегенды дамыту бойынша мәселеде осы ұстанымға сәйкес АҚШ тарапынан жасалынған ядролық қарудың таралуына қарсы тұруда бірлесу туралы мәлімдемесіне жауап ретінде Ираннан келетін шикізатты сатып алудың мөлшерін 2%-дық деңгейде төмендету бойынша іс-шара қабылдады. Компаниялар ирандық мұнайдың импорт мөлшерін сатушылар үшін төмендетпек, бірақ Иранмен жасалынған тікелей ұзақ мерзімдік келісімшарттар бойынша сатып алу көлемін өзгертпейді. Артынша жапон үкіметінің кеңесі Жапонияның келесі 25 жылда энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде мұнай шикізатының импортын екі есеге арттыру керектігін мәлімдеді. Осы жағдайда жапон үкіметі Иранмен Азадеганды дамытуда АҚШ-тың наразылығына қарамастан, келісімшарт бойынша жоспарларын жалғастыруға мүдделі болып отыр және осы тұста Иранның Жапонияның үшінші ірі мұнаймен қамтамасыз етуші мемлекет екенін ескерген қажет болар. Сауд арабиясындағы жапондық компаниялардың мұнайды игеруі бойынша құқықтарынан айырылған жапон үкіметі үшін тағы да бір энергиялық қайнаркөзден айырылу елдің экономикалық дамуына ірі соққы болып тиюі мүмкін.
Жапония Таяу Шығыс аймағының мемлекеттерімен қарым-қатынастарда энергетикалық қажеттілікті өтеуде мұнаймен қатар, басқа да табиғи қорларды игеруде белсенділігін байқатуда. Жапонияның Таяу Шығыс аймағындағы газды бірлесіп игерудегі әріптестерінің қатарында Катар мен Оман алдыңғы орындарда болып отыр.
Катар әлемдік газ қоры бойынша үшінші орынға ие болып отыр және жанатын газдың негізгі экспорттаушыларының бірі болып табылады. Жапония Катарда 1993 жылы қызметін бастады. Яғни, осы жылы ұлттық Катардың Басты мұнай корпорациясы (63%), америкалық «Mobil» (25%), жапондық Itochu (4%) және “Nissuo Ivai” (3%) компаниялары және Оңтүстік Кореялық «Korea Gas Corporation» (5%) компанияларынан біріккен консорциум құрылған болатын. 2002 жылдан жыл сайынғы газ тасымалдары 4,8 миллиард тоннадан асуда. Консорциум осы уақытқа дейін өзінің өнімін, яғни газды Оңтүстік Кореяға, Үндістанға экспорттау бойынша ұзақ мерзімдік келісім-шарттары бар және Араб монархияларына арналған біріккен газбен қамттмасыз ету жүйесін құру туралы жобалар да ұсынылуда. Жапонияның осы біріккен консорциумымен қатар, Катармен газды игеру бойынша өзге де маңызды іс-шаралар атқарылды. 1997 жылы «Tubu Denruoku» 25 жылға жыл сайын 4 млрд тонна көлемінде жанатын табиғи газдың тасымалданатынын қамтамасыз ету туралы негізгі келісімшартқа қол қойды және осылайша Катардың жанатын табиғи газдың жапондық корпорацияның сатылымындағы көлемі 45%-ға өсті. Басқа жапондық танымал «Tohoku Denruoku», «Tokio Denruoku», «Kansai Denruoku» сияқты компаниялар «Tubu Denruoku» компаниясынан үлгі алып, соның саясатын жалғастырды.
Жапонияның Катармен газды игеру бойынша қол жеткізген жетістіктері және оның алғашқылардың бірі болып әлемдегі газбен қамтамасыз етуде әлемдік жетекші мемлекетке айналу мүмкіндігі бар Катарға алғашқылардың бірі болып келуі екі мемлекеттің келешектегі табысты қарым-қатынастарының берік негізі болмақ.
Жапонияның Катармен қатар,
газды игеру бойынша Таяу
Кувейт және Біріккен Араб Әмірліктері де Жапонияның дәстүрлі әріптестері. Осы мемле-кеттердің мұнай үлестері - 13,3 млн тонна және 12,6 млн. тонна, ал газ қорлары – 1,5 млрд шаршы метр және 5,8 млрд шаршы метр. Жапония осы мемлекеттермен тұрақты кеңес алмасуларды екіжақты деңгейде де және халықаралық форумдар шеңберінде де жүргізеді. Жапонияның Таяу Шығыстағы саясатына әсерін тигізуші факторлардың негізгісі мұнай факторы болып отыр. 90%-дық мұнайды Парсы шығанағынан немесе Таяу Шығыс аймағынан импорттап отырған Жапония үшін осы аймақ мемлекеттерімен байланыстарда энергетикалық қажеттілік, яғни мұнаймен қамтамасыз ету алдыңғы орынға шығып отыр. Сол себепті Таяу Шығыс аймағы мемлекет-терімен соңғы жылдары экономикалық саладағы әр алуан ынтымақтастық бағдарламалары жапондық дипломатияның негізгі міндеттерінің біріне айналды. 2001 жылғы Жапонияның Сыртқы істер министрі Е. Кононың Парсы шығанағы мемлекеттеріне іссапарлары барысында дәстүрлі экономикалық қарым-қатынастарды Сыртқы істер министрлерінің тұрақты кездесулері мен Жапония-Парсы шығанағы мемлекеттерінің одағы форумы бағытында диалогті дамыту сияқты жаңа өзара әрекеттестіктік салалармен кеңейтуге ұмтылыс жасалынды. Әзірше Жапонияның ұзақмерзімдік жоспарлары жүзеге асырылу үстінде, алайда ағымдық мақсаттар да жүзеге асырылуда. Осы мақсаттардың бастысы - Таяу Шығыс мемлекеттерінде жапондық компаниялардың мұнайды игеру бойынша құқықтарын қамтамасыз ету.