Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2014 в 21:52, курсовая работа
Квалиметрия — әртүрлі объектілер сапасының сандық бағалау әдістерін біріктіретін ғылыми сала. Сапа – бұл жалпы ғылыми категория екені белгілі. Оның мағынасы кез келген объектінің мәнді анықтамасын көрсетеді. «Квалиметрия» термині екі сөз түбірінен тұрады, яғни «квали»-бұл сапа болса, ал «мерия» — бұл бір нәрсені өлшеу және сандық бағалау. Олай болса, квалиметрия – сапаны басқару құрамына кіретін жеке бір ғылым. Мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылатын сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің біріне зергерлік бұйымдарды дайындау жатады.
КІРІСПЕ
1 ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАР САПАСЫН ЭСТЕТИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ
1.1 Эстетикалық бағалау сапаны бағалаудың ерекше түрі ретінде
1.2 Зергерлік бұйымдар сапасының эстетикалық көрсеткіштері
2 ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАР ӨНІМІНІҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ҚАСИТЕТТЕРІН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Зергерлік бұйымдарды кешенді бағалау әдістемесінің жалпы тәсілдері
2.2 Зергерлік бұйымдарды әшекейлеу тәсілдері 3 ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРДЫҢ СЫНАМАСЫ ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Эстетикалық бағалау сапаны бағалаудың ерекше түрі ретінде
Соңғы жылдары зергерлік бұйымдардың шығарылуы едәуір өсті. Олардың ассортименті кеңейіп, сапасы мен көркемсуреттік әшекейленуі жақсарды. Әлемнің көптеген зергерлік бұйымдарды шығару зауыттарында бағалы металдарды сапалы балқыту, кесу, үскілеуді қамтамасыз ететін лазерлік техникалар енгізілді. Алмасты қиыршықтау, қарайту, эмальдау, бедерлі сурет салу сияқты жұмыстар сапасы бағалана бастады.
Барлық кезеңнің зергерлері – данышпан шеберлермен жасалған ең үздік бұйымдарға гауһар, зүбәржәт, жақұт, сапфир, меруерт тастары, әлемнің ең таңдаулы мұражайларын безендіріп тұрған алтын және күміс ыдыстары жатады.
Зергерлік тауарларға сәндік үшін жасалған бұйымдар, жеке күтіну құралдары, үстел және тұрмыс сәнділіктері, темекі шегу және сағат бұйымдары, сувенирлер және тағы басқалары жатады.
Жеке бастың әшекей заттары (жүзіктер, сырғалар, алқалар, білезіктер, моншақтар, мойынтұмарлар, медальондар және баулар) түрлері мен фасондарына қарай әртүрлі болады: сыртқы сәнділігі бойынша қарапайым және материалы қымбат, не болмаса әсерлі және қымбат емес – осының барлығы да киімді жақсы сәндейді, және де онымен жақсы үйлесімін табуы керек.
Жеке зергерлік әшекейлермен қоса, бір композициямен орындалатын жиынтықтар да болады. Жеке күтіну заттары тобына опа қалыптары, айналар, иіс сулар шынысы, қалпақтарға арналған түйреуіштер, галстукке арналған қысқыштар және т.б. жатады.
Өнім шығарушы кәсіпорындарындағы зергерлік бұйымдардың сапасын тексеру үшін, оларды әртүрлі сынақтардан өткізеді. Сауда кәсіпорындарында, әдетте, таңдау жолымен өнімнің дайындалу партиясынан 10 данадан кем емес 10%-ға дейін бұйым іріктеліп алынады. Іріктелген бұйымдардың пломбаланған үлгі-эталонына және нормативтік-техникалық құжаттамаға, техникалық үлгіге сәйкес сыртқы түрін анықтайды; этикеткаларының дұрыс ресімделуін (барлық реквизиттерінің болуы және дұрыс толтырылуы); білезіктер мен жүзіктердің нақты өлшемінің таңбалау мәліметтеріне сәйкестігін, зергерлік тастардың болуын және олардың сапасын тексереді, және де зергерлік тастардың шынайы екенін анықтайды.
Зергерлік тастарды қасиеттердің бірімен тексерген кездегі маңызды ақпарат алу көзі болып, ультрафиолет сәулелерінің әсерінен пайда болатын люминесценция табылады. Түсті анықтау үшін, қараңғы бөлмені пайдаланады.
Зергерлік тастардың мықты орнатылғанын, ағаш таяқшамен басып немесе бұйымды сілку арқылы анықтауға болады. Ал бағалы металдардан жасалған бұйымның салмағын 1-ші класты техникалық таразыларда өлшеуме анықтайды. Осы орайда, алтын қорытпаларынан және платина металдарынан жасалған бұйымдарды 0,01 г дейінгі нақтылықпен; күміс қорытпаларынанжасалған бұйымдарды 3-ші класты таразыларында 0,1 г дейінгі нақтылықпен өлшейді.
Егер іріктеліп алынған бақылау үлгілерінің біреуі болсын МЕМ СТ талаптарына сәйкес келмесе, онда екі еселенген үлгі алып (20%-ға дейін), қайталанған тексеріс жүргізеді. Ал егер де осы тексерістің қорытындысында бұйымның біреуі МЕМ СТ талаптарына және таңбаланған үлгі-эталонына сәйкес келмей шықса, онда барлық партия брак болып есептеледі.
Зергерлік бұйымдардың сапасына және де тұтынушылық қасиеттерінің қалыптасуына әсер ететін факторлардың бірі болып материал табылады. Тұтынушылық қасиеттер функционалдық, эргономикалық, гигиеналық, беріктілік, қауіпсіздік, ал ең бастысы – эстетикалық болмақ.
Зергерлік бұйымдарды дайындауға қажетті негізгі материалдар болып, ізгі (бағалы) және түрлі-түсті металдар мен олардың қорытпалары, бағалы, жартылай бағалы және әшекейлеу тастары, янтарь, перламутр, синтетикалық тастар, сондай-ақ шыны, эмаль, сүйек, мүйіз және пластикалық заттар табылады.
Бағалы, жартылай бағалы және дайындау тастарының негізгі мекен орны еліміздің әр түкпірінде орналасқан. Олардың бірнеше жіктемесі бар. Саудада және кәсіпорында зергерлік бұйымдарды салыстырмалы құндылығына қарай бөледі. Бағалы және жартылай бағалы тастар әдетте мөлдір болады, және де жарқырауық тастар деп аталады, ал өңдеу тастары – егелеуге ғана жарамды мөлдір емес немесе әлсіз көрінетін түсті минералдар болып саналады.
Бағалы металдар мен бағалы тастардан жасалған бұйымдарды тек шығарушының бәсіре бедерлемесі мен мемлекеттік сынамалы таңбасы болған жағдайда ғана сатуға болады. Сондай-ақ, шетел өндірістерінің де бұйымдарының міндетті түрде мемлекеттік сынамалы таңбасы болу керек.
Біздің елімізде сатылуға шығарылатын түсті металдардан жасалған барлық бұйымдардың Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігінің сынамалық бақылау инспекциясымен қойылған сынамасы болуы керек.
Мемлекеттік сынамалы таңба – бұйымға бедер салу немесе механикалық емес тәсілмен, мемлекеттік сынамалы бақылау инспекциясымен салынатын арнайы белгі. Бұл бұйымның мемлекеттік инспекциямен тексеріліп, көрсетілген таңбадан кем емес сынамасының бар екенін білдіреді. Мемлекеттік сынамалы таңба куәландыру және сынама белгілерінен тұрады. Олар бірге (бір бейнеде) немесе бөлек қойылуы мүмкін.
Екі жартыдан тұратын (сырғалар, қос қысқыштар және т.б.) бұйымдардың әр бөлігіне таңба соғады. әртүрлі фасонды баулардың бір шетіне таңба салып, екінші шетіне кәсіпорынның бәсіре-белгісін таңбалайды.Бұйымның көркемдік әрленуі мен пішіні олардың тағайындалуына сәйкес келіп, оның пайдалану қолайлылығын қамтамасыз етеді және жаңаша эстетикалық талаптарға сай келеді.
Зергерлік бұйымдардың эстетикалық көрсеткіштері
Қорытпадағы таза алтын мөлшерін сынама деп атайды. Сынама бірнеше жүйеден тұрады.
1927 жылға дейін КСРО-да алтынды сынама болған. Яғни, бұл бір фунт қорытпадағы (бір фунт 96 алтынға немесе 409,5 г тең) таза алтын саны деген сөз.
1927 жылы лигатурлы қорытпаның 1000
салмақ бірлігіндегі химиялық
таза алтын санын анықтайтын
метрикалық сынама пайда
Сонымен қатар, сынаманың карат жүйесі болады (Англияда, АҚШ-та). Карат сынамасы – қорытпаның 24 бөлігіндегі химиялық таза алтынның салмақ бірлігінің саны. Карат сынамасын метрикалық сынамаға аудару үшін, берілген карат сынамасын 1000-ға көбейтіп, 24-ке бөлу керек, ал алтынды сынамаға аудару үшін – 4-ке көбейту керек. Карат сынамасын, карат бірлігіне тиісті бағалы тастардың салмақ өлшемдерімен араластыруға болмайды.
Жасалған бұйым қорытпасындағы алтын мөлшерінің көп немесе аз болуы, металл қасиеттерінің көркемдік суреттелу жағына әсер етпейді. Егер, салмағы және көркемсуреттік орындалуы бірдей бұйымдарды салыстырса, олардың ішінен, алтын сынамасы жоғарғысы қымбат бағаланады. Ресейдің алтынынан 2000-нан астам, ал күміс қоспаларынан 1500-ден астам зергерлік бұйымдарын жасайды.
Зергерлік бұйымдарды шығару өндірісінде, көбінесе, 87,5% күміс пен 12,5% мыстан тұратын күмісті-мысты қорытпасын қолданады. Мұндай қорытпа мүмкіндігінше берік, химиялық төзімді болады.
Күміс бұйымдары 875-ші, және де эмальмен жабылатын 916-шы сынамалы күмістен алынады. Сондай-ақ 800-ші және 750-ші сынамалы күмістен жасалған бұйымдар да кездеседі. Төменгі сынамалы қорытпалардан жасалған бұйымдар, ауаның құрамындағы күкірт сутегінің әсерінен тез қарайып кетеді. Асханалық күміс те тамақтағы қышқылдар әсерінен тез қараяды.
Сынама – зергерлік бұйымдардың сапасына кепіл беретін мемлекеттік таңба болып табылады. Таңбаны жасау заңмен қудаланады.
Зергерлік бұйымдарды дайындау өндірісінде сақина, сырға, алқа және тағы басқа бұйымдырдың сыртын дайындауда, гауһар, меруерт және ашық бояулы тастарды бекіту кезінде платина қорытпаларын қолданады. Платина өндіру кезінде, онымен тығыз байланысқан және қасиеттері бойынша ұқсас келетін платина топтарының металдары – палладий, родий, рутиний, иридий және осмий кездеседі.
Зергерлік бұйымдардың сарапталуы, олардың сапасын анықтайтын органолептикалық және зертханалық әдістермен жүргізіледі: бұйымның физикалық қасиеттерін, химиялық құрамы мен экологиялық қауіпсіздігін анықтау. Бұйымның моделі мен құрылымы бекітілген үлгіге, техникалық талаптар немесе техникалық көрсеткіштерге, сызбаларға, сурет бойынша техникалық құжаттамаға, пішіні мен тағайындалуына сәйкес келулері керек.
Жартылай бағалы тастардан жасалған қосымшалардың сырты жақсы тегістелген және жылтыр болу керек. Ал жасанды өсірілген меруерт тастардың қосымшалары майда және жырық жерлері болмауға тиіс. Ал таза янтарь тасының кейбір бұйымдарында органикалық және органикалық емес қоспалар кездесе береді. Ондағы жарықшалар, дөңестер, қабатталған жерлер, ішкі және сыртқы тотығу учаскелері бұйымның көркемдік бағалануын төмендетпейді.
Бағалы және бағалы емес металдардан жасалған бұйымдарда, меруерт тас пен янтарь тасын желімге және кесілген штифтерге отырғызу жіберіледі. Бірақ бұйымның сыртында желім іздері болмауға тиіс. Қосымшаларды бүгілген тетік арқылы қыстыру және қадау, тек бағалы емес металдардан жасалған бұйымдарда ғана орындалады.
Бағалы металдардан жасалған бұйымдарда майысулар, қылшалар, бұдырлар, жұмыс құралының іздері, жарықшалар болмауы тиіс. 958-ші сынамалы алтын бұйымдарында, олардың сырт пішінін бұзбайтын аздаған ауытқулар болуы мүмкін. Бағалы металдардан жасалған бұйымдардың салмағы бұйымның нақты салмағының +15% көп ауытқымау керек. Барлық бөлшектер жақсы және берік орнатылған болу керек. Сәнділік және қорғаушы-әшекей жамылғысы – бұл бұйымның барлық жеріне бірдей, тиісті бірқалыпты қалыңдықпен, ешқандай ақаусыз, дақсыз, жырықсыз, бөлек қоспаларсыз жабылуы. Бұйымдардың қосылған жерлері мұқият жабылған және оның іздері қарусыз көзге көрінбеуі тиіс. Біріккен жердің түсі бұйым түсінен ажырамағаны дұрыс.
Өнімнің көркемсуреттік әрленуі мен пішіні, олардың тағайындалуына сәйкес келіп, оның пайдалану қолайлылығын қамтамасыз етеді және жаңаша эстетикалық талаптарға сай келеді. Сақиналардың пішіні тас өлшеміне қатаң түрде сәйкес келіп, оның жалғасқан жерлері тегіс, әрі қолды жырмауы керек. Сырғаның жапқыштары, тастары бірдей мөлшерде, түсте болады.
Тастан ойылған көркемсуреттік бұйымдардың сыртқы беті мұқият айнадай етіліп ажарланған болады, бұйымның пішінін бұзатын оң жақ бетіндегі ойықтар, жырықтар, өңдеу іздері, майысулар жіберілмейді.
Сүйек пен мүйізден жасалған мүсінді, бедерлі және оюлы бұйымдардың бұрандасы нық, таза және сурет бойынша нақты және де жақсы ағартылған болу керек.
Сурет салу, оюлау немесе басқа да әшекейлеу түрлері тегіс қабатты боялған, сурет болса бұрмалаусыз және аяғына жейін жеткізілген, сырты айнадай жарқылға дейін ажарланған болуға тиіс.
Информация о работе Зергерлік бұйымдарды кешенді бағалау әдістемесінің жалпы тәсілдері