Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2014 в 17:14, реферат
XI ғасырдың басында бұрынғы кимек, қыпшақ және куман тайпалары қоныстанған аумақта әскери-саяси үстемдік қыпшақ хандарының қолына көшті. Қыпшақтардың билік басына келген билеуші әулеттік шонжарлары оңтүстік және батыс бағыттарда белсенді қимыл асай бастады, мұның өзі оларды Орта Азия мен Оңтүстік-Шығыс Европа мемлекетімен тікелей белсенді қарым-қатынас орнатуға жеткізді.
XI ғасырдың 2-ширегінде қыпшақтардың әскери-тайпалық шонжарлары Сырдарияның төменгі және ортаңғы аңғарынан, Арал өңірі мен Каспий өңірі далаларынан
оғыз жабғуларын ығыстыруына экономикалық та, саяси себептер болған еді. Саяси фактор ең алдымен XI ғасырдың бас кезінде Орталық Азия тайпаларының батыс бағытында қозғалуына ұласқан сыртқы оқиғаларға байланысты болатын.
Этнос ретінде қыпшақтар
Қазақ терминнің еш күмән
Қазақ ұғымының пайда болуы XIII ғасырдан гөрі неғұрлым ертерек уақытқа қатысты деп те санау дұрыс болар еді, алайда хронлогияны анықтатын ешқандай тікелейт деректер әзірше табылған жоқ. Дегенмен де, жазбаша деректемелерде, бұл жөнінде жанама деректер бар.
Институт ретінде қазақтану
Қазақтану институтының
Қазаққа айналудың бұл классикалық сипаттамасы, тегінде, Сырдарияның төменгі ағысын жайлаған оғыз билеушілері жабғудың тарихымен байланысты болса керек, ал оның тарихи тамыры, жанама көрсеткіштерге қарағанда, Xiғасырда жатыр деп айқын анықталады. Ибн әл-Факих қазаққа айналудың арабша «са’лук» терминінің оғызша баламасын келтірмейді. Оның әрекетінің аты - «са’лука» бәдәуилер арасында тайпада өзіне орын таба алмаған, сондықтан топ құрып алып, қарақшылық жасау жолымен бақыт іздеп кеткен кедей болса да, алғыр адамды білдірген. Алайда, терминолгиялық жағынан ерекше болғанымен, қазаққа айналу институтының мазмұны жөнінен әр түрлі (оғыз және араб), бірақ біртектес екі қоғамда сәйкес келтіндігі айқын аңғарылады.
Қай жағынан алып қарағанда да, Ибн әл-Факих арабтың «са’лук» сөзін «қазақ» терминінің орнына қолданған деп зор сеніммен айтуға болады. Төменде көрсетілгендей, оғыз-түрікмен қоғамында IX-X ғасырларда орын алған «қазақ» ұғымы қыпшақтар ортасына сіңісіп кеткен. Мұндай алғышарт оғыздар мен қыпшақтардың кейіннен генетикалық, тілдік, әлеуметтік және шарушылық-мәдени жақындығының қалыптасуына жеткізген сан ғасырлық аса тығыз этникалық-саяси және этникалық-мәдени өзара байланыстардың объективті фактісінен ғана туындамайды, сонымен бірге жазбаша деректемелердің қосымша материалдарына да енгізіледі. Мәселен, XIII ғасырдағы хорасан түрікмендерінің арасында антропоним құрамында «қазақ» термині атап өтілген. «Данишкеде-и Маккул-у Манкул» кітапханасындағы бір қолжазбаның колофонында анық қолтаңбамен былай деп жазылған: «Бұл қолжазбаны алған Біләл бин Жабраил бин Мұхаммед Әли ат-Түрікмени әл-Қазақи, хиджраның 660 жылы», яғни 1262 жылы. Бұл адамның жеке атындағы «әл-Қазақи» деген сөзді, сірә, қай этникалық ортаға жататындығын көрсететін басқа ниабамен қосақтап алынған нисба ретінде қабылдау керек болар.
Қолданылған әдебиеттер:
Қазақстан тарихы 2-ші том.
2. Көшпелілер тарихы 112 бет
«Атамұра» баспасы, Қазақстан Алматы, 1995 жыл
1-2 том Алматы, 1996 жыл.
4. Ақынжанов М.Б. Қазақтың тегі туралы. Алматы, 1957 жыл.
5. Аджиев М. Полынь половецкого поля. Москва, 1994 год.
6. Кумекрв Б.Е. Государство
кимаков IX-XI вв. по арабским источникам.
Алма-Ата, 1972 год.
7. Махмұд Қашғари. Түркі тілдерінің сөздігі. 1-2 том. Алматы, 1996 жыл.
Жоспары
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Қыпшақтардың этникалық жер аумағы
Қыпшақтардың ішкі және сыртқы саясаты
Тайпалық және этникалық құрамы
Шарушылығы
III. Қорытынды