Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2012 в 18:47, курсовая работа
1905—1907 жылдары Ресейде бірінші орыс революциясы болып өтті. Қазақстанда халықтың өкімет билігіне қарсы қарулы қақтығысы бола қойған жоқ. Бірақ қазақтардың, жұмысшылар мен шаруалардың жекелеген баскөтерулері орын алды. Ол жылдардағы маңызды оқиғалардың бірі қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуы болды. Жалпы Қазақстан еңбекшілерінің саяси оянуына, өлкедегі отаршылдық езгіге, әлеуметтік теңсіздік пен қанаудың басқа да түрлеріне қарсы ұлт- азаттық, жұмысшылар мен шаруалардың бостандығы жолындағы қозғалыстардың ерекше серпін алуына, әрине, патшалық Ресейдегі 1905-1907 жылдарда өткен тұңғыш буржуазиялық-демократиялық революцияның ықпалы зор болды. Бұл деректер 5 томдық Қазақстан тарихы энциклопедиясынан және Мусин Чапайдың Қазақстан тарихы кітабынан алынды. Бірінші дүние жүзілік соғыс басталған соң жалпы империяда, ішінара Қазақстанда өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді.
Кіріспе
Негізгі бөлім:
I. 1905-1907 жылдарындағы бірінші орыс революциясының Қазақстанға әсері
II. Бірінші Дүние жүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан.
1916 жылғы көтеріліс
III. Қазақстандағы ақпан революциясы және оның Қазақстанға тигізген әсері
IV. 1917жылғы Қазан төңкерісі және оның Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірге әсері
Қорытынды
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1916 жылғы көтеріліс
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
</h3>
Кіріспе
1905—1907 жылдары Ресейде
бірінші орыс революциясы
Қазан төңкерісі 1917 жылы 25 қазанда Петроградта болған ірі саяси , тарихи оқиға. Қазан төңкерісі
туралы мәліметтер К.Рысбайұлының “Қазақстан
Республикасының тарихы” атты еңбегінен
және Қазақстан тарихы очерктерінен, сондай-ақ
Т.Елеуовтың “Установление и упрочение
Советской власти в Казахстане” еңбегінен
алынған.
1905-1907 жылдарындағы бірінші орыс революциясының Қазақстанға әсері
Бірінші орыс революциясы кезінде патшалық тәртіпке қарсы күрескен ұлттық аймақтардың езілген халықтары да көтерілді. Қазақстан еңбекшілерінің 1905-1907 жылдардағы ереуілдері орыс халқының революциялық күресімен тығыз байланысты еді.
Қазақстан қалаларында өткен жүмысшылар мен қызметкерлердің жиналыстарында Петербургтегі қарусыз жүмысшыларды 1905 ж. 9 қаңтарда аткылауға наразылық білдірді. Ереуіл кезінде қаза тапқандардың отбасыларына көмек үшті қаржы жиналды. Өлкеде жұмысшылардың ереуілдері мен ставкалары, өсірмесе теміржол қатынасы орындарында неғұрлым кен, қанат жайды. Революция жылдарында өлкенің темір жол тораптарында поездары жүрісі талай рет тоқтатылды, теміржолшылар өз еркімен 8 сағаттық жұмыс күнін енгізді. 1905 жылы ақпанда Орал, Перовск, Түркістан, Шалқар теміржолшылары өздерінін экономикалық жағдайларын жақсарту талабын қойған ереуіл жасады. Павлодар мен Перонскіде қала еңбекшілері, Петропавлда темір жол депосының, Жосалы стадиясында құрылыс жүмысшылары ереуіл ұйымдастырды. Ал 1905 жылы қазан - желтоқсан айларындағы революцияның өрлеген кезеңінде құрылған Перовскінін, Петропавлдың, Оралдың және басқа станциялардың теміржол комитеттері өлкедегі жүмысшылар депутаттары Кеңестерімен бірдей іс жүзінде жаңа революциялық өкіметінің бастамасы болды. 1904 жылы пайда болған Сібір социал-демократиялық одағы, оның Омбы, Орынбор, Саратов комитеттері Қазақстан жерінде революциялық жұмысты күшейте түсті. Олар қалаларда, ауылдар мен өс кер кұрамаларында шаруаларды пролетариатпен одақтастыра отырып, патша өкіметі мен оңын жергілікті орғандарына қарсы күреске шақырған листовкалар таратты.
1905 жылы Қазан айындағы
Бүкіл ресейлік ереуілдің әсері
Патша өкіметі 1905 жылы 17 қазанда елдегі революциялық қозғалысты басу мақсатында арнайы манифест қабылдады. Бірақ бұл жоғары мәртебелі манифест жұмысшы қозғалысын бәсеңдеткен жоқ, кайта кейбір жерлерде күшейте түсті. Әсіресе, темір жол жұмысшыларының ереуілі өрістеді. Мәселен, Орынбор - Ташкент темір жолындағы поездардың жүрісі: солтүстік бөлігінде 1905 жылғы 14 қазаннан 20 қазанға дейінгі, ал оңтүстік бөлігінде 15 қазаннан 2 қарашаға дейін тоқтатылды. Мұнда жұмысшылар ереуілдерін Перовск революциялық комитеті басқарды. Комитеттің өкімімен Түркістан станциясынан Қазалы станциясына дейін поездардың. жүрісі тоқтатылды. Теміржолдарды басып-жаншу үшін Ташкентке патша әскерлері жеткізіліп, олар станция мен депоны басып алды. Бірақ жолдың оңтүстік бөлігіндегі қараша айындағы бас көтеру Перовск комитетінің табандылығы аркасында 16 қарашадан 9 желтоқсанға дейін созылды. Осындай тегеурінді ереуіл Орал станциясында да жүрді. 14 желтоқсанда Орал станциясы мен депосын патша әскерлері басып алды, осыған қарамастан жұмысшылар ереуілі 1905 жылдың 22-ші желтоқсанына дейін жалғасты.
Қазақ жұмысшылары мен шаруалары патша өкіметіне орыс жұмысшыларымен және қоныстанған шаруалармен қол ұстаса отырып қарсы шықты. Қазақ шаруалары ең алдымен жер, су үшін, теңдік, бостандық пен тәуелсіздік үшін күресті. 1905 жылы жазда Семей, Торғай және Орал облыстарында жер үшін толқулар болды. Баянауыл және Кереку уездерінен шаруалары ірі феодал Шормановтардың жерін тәркілеуді және оны жері бөліп беруді талап етті. Мұндай бой көтерулер Алтай округінде, Семей облысының - Қарқаралы, Торғай облысының - Ырғыз, Сырдария облысының - Шымкент, Әулиеата, Жетісудың - Жаркент уездерінде кең өріс алды. Патша өкімшілігі бүл аудандарға әскери отрядтар жіберіп басты.
Мөсекеудегі желтоқсан қарулы көтерілісінің әсерімен 1905 жылы 11 желтоқсанда Успен руднигінде жұмысшылардың ірі ереуілі өтті. Ереуіл барысында орыс жұмыскері Петр Топорнин мен қазақ жүмысшысы Әлімжан Байшағыров басқарған «Орыс-кырғыз одағы» құрылды. Жұмысшылар өздерінің жалпы жиналысында қабылдаған талаптарын петиция» ретінде рудник басшысы Н. Фелльге тапсырды. Оның бірде-бір пункті қабылдан бағандықтан «Орыс-кырғыз одағының» шақыруымен рудникте ереуіл басталды. Рудник кеңсесі үстіне қызыл жалау көтерілді. Бұл ереуілді Қарағанды көмір кені орындарының жүмысшылары қолдады. Патша өкімшілігі бұл жерлерге әскери отрядтар жіберіп, ереуілшілерді жазалады. Успен руднигі жұмысшыларының ереуілі 1905-1907 жылдары Қазақстанда болған революциялық қозғалыс тарихында көрнекті орын алады. Яғни, ол өлкеде революциялық қозғалыстың ең жоғарғы шарықтаған кезі деп саналады.
1905 жылы Мәскеудегі
желтоқсан қарулы көтеріліс
1905-1907 жж. болған
революциялық қозғалыстармен ба
Патша өкіметі халықты революциялық қозғалыстан бөліп шығару үшін, олардың өкілдері катысатын Мемлекеттік Дума шақыру жөнінде өзінің шешімін қабылдады. 1905 жылы желтоқсан айында I Мемлекеттік Думаны шақыру туралы патша үкіметінің жарлығы шығып, оған Қазақстаннан 9 депутат, оның ішінде 4 казак сайланды. Олар: Ә. Бөкейханов, А. Бірімжанов, А. Қалменов, Б. Күлманов. I Думаның көптеген депутаттарының патша үкіметінің саясатына қарсы шығуымен байланысты 1906 ж. 8 шілдеде ол қуып таратылды. Сол жылы тамыз айында II Мемлекеттік Дума шақырылды. Оған Қазақстаннан 14 депутат сайланды, оңын алатауы қазақ халқының өкілдері болды. Олар: Ш. Кыршығұлов - Ақмола облысынан, X. Нұрекенов - Семей облысынан, Б. Қаратаев - Орал облысынан, А. Бірімжанов - Торғай облысынан, Т. Алдабергенов - Сырдария облысынан, М. Тынышбаев - Жетісу облысынан.
Екінші мемлекеттік Думада өлкенің социал-демократиялық ұйымынан барған депутаттар қазақ кедейленінін мүдделерін қорғап сөз сөйледі. Олар еңбекшілерден ауыр жағдайының себептерін, жер мәселесін шет аймақтарды отарлау саясатымен шешуге болмайтынын айтты. Мәселен, Б. Қаратаев өзінін мемлекеттік Думадағы сөзінде елдегі аграрлық қайшылықтарды өкімет шаруаларды далалық аймақтарға, соның ішінде Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарына көшіру арқылы шешкісі келеді деп көрсетті. XX ғасырдың басында казак жеріндегі отаршылықтың күшеюі ұлт-азаттық қозғалыстың өрлеуіне өсер етті. Бүл кезде қазақ ұлт интеллигенциясы өкілдерінің арасында Нетербор, Мәскеу, Варшава, Казан, Омбы, Орынбор жоғарғы оқу орындарын бітіргендерден либерал-демократиялық қозғалысы қалыптасты. Оның басында ірі саяси қайраткер, көрнекті экономист-ғалым, «Алаш» партиясының негізін қалаушы, кадет партиясы Орталық Комитетінің мүшесі, Мемлекеттік думадағы мұсылмандар тобынын мүшесі Әлихан Бөкейханов тұрды.
Ұлттық қозғалыстың Ө. Бөкейханов, А. Байтұрсынов бастаған жетекшілері халықтың азаттық қозғалысын конституциялық монархия, либерал-демократиялық реформалар жүргізу үшін күреске бағыттағысы келді. Олар патша өкіметінің аграрлық саясатын қатты сынға алды, Қазақстанға орыс шаруаларын қоныстандыру саясатын тоқтатуды талап етті. 1905 ж. қазанда ұлттық интеллигенция өкілдері Оралда бес облыстағы қазақтардың делегаттарының съезін өткізіп, онда олардың ұлттық мүддесін қорғауға тиісті Ресейдің конституциялық-демократиялық партиясының филиалын құрмақшы болды. 1906 жылы сәуір-мамыр айларында Семейде казактардың екінші съезі болып өтетті. Ол съезд қадет тердікі не жақын бағдарламаны мақұлдады. Оған өлкеге орыс шаруаларының қоныс аударуын тоқтату, Қазақстанның барлық жерлерін бұрыннан тұрғылықты халықтың меншігі ретінде тану, мектептер ашу және тағы басқа да талаптар енгізді. Олар ездерінің дін түту еркіншілігін алу, ұлттық мәдениетін дамыту, Қазақстанда қазақ тілін басқа тілдермен теңестіре жүргізу жөнінде мәселелер көтерді. Қазақ еңбекші бұрасынын 1905-1907 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысы көп жағдайда ұйымдаспаған түрде өтті. Дегенмен жергілікті өкімет пен қарулы қақтығысқа дейін барзған қазақ кедейлерінін жекелеген толқулары еңбекшілердің патша өкіметіне, сондай-ақ жергілікті қанаушыларға қарсы күресте саяси төр бие мектебіне айналды. Сол мектептің тәжірибесін кейін олар ұлттық және әлеуметтік азаттық алу жолындағы күресте пайдаланды.
Бірінші Дүние жүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан. 1916жылғы көтеріліс
XX ғасырдың басында патшалық Ресейдің Орта Азияның шығыс аудандарымен Қазақстанды отарлауы өте күшті кар қынмен жүргізілді. Тек 1907-1912 жылдары империяның Еуропалық бөліктерінен бұл жаққа 2 млн 400 мың адам келіп қоныстанды. Әсіресе, Қазақстанда отарлау кең ауқымда жүргізілді. Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап, 1917 жылға дейін олардың 45 млн. десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды, сөйтіп жергілікті халықтар таулар мен шөл далаларға ығысуға мәжбүр болды. Бүл жерлерде не су, не мал жаятын жеткілікті шабындық болмады.</h4>
XIX ғасырдың аяғы
- XX ғасырдың басында бұрынғы
1914 жылы патшалық
Ресей дүниежүзілік соғысқа
Соғыс жылдары тек Түркістаннан майдандағы әскерлердің қажеті үшін 38 мың шаршы метр киіз, 300 мың пүт ет, 473. 928 пүт балық, 70 мың жылқы, 12 797 түйе күштеп алынып, майдан аймақтарына жіберілді. Қазақ шаруаларын кәсіпорындарға, бай-құлақ шаруашылықтарына жалдап жұмыс істету күшейді.
Дүниежүзілік империалистік соғыс елде өнеркәсіптің қирауына, ауыл шаруашылығының тоқырауына (дағдарысына), халық арасындағы аштыққа алып келді. Жергілікті жерлерде шенеуніктер мен әкімшіліктердің зорлап алым-салық жинауы өсті. Бүл кезде өр түрлі салықтардың 10-ға тарта түрі болды. 1916 жылы 3 миллиард сомға жаңа мемлекеттік заемға жазылу науқаны жүргізілді, ол да қазақ халқының мойнына ауыр салмақ болып түсті. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен байланысты қазақ халқына тағы бір ауыртпалық - әскери салық салды. Оның өр түтінге көлемі 1 сом 84 тиын мөлшерінде белгіленді.
Информация о работе XX ғасырдың басындағы Ресейдегі революциялар және олардың Қазақстанға әсері