XX ғасырдың басындағы Ресейдегі революциялар және олардың Қазақстанға әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2013 в 20:52, реферат

Краткое описание

Жаңа тақырып: Ақ Орданьщ құрылуы, жер аумағы. Қазақ жеріндегі Монғол империясының ыдырауына байланысты, жергілікті этникалық топтардан құрылған мемлекеттер пайда болды. Солардың бірі - XIV ғасыр мен XV ғасыр басында Шығыс Дешті Қыпшақта өмір сүрген Ақ Орда мемлекеті. Шыңғысхан өзінің жаулап алған жерлерін төрт ұлына бөліп бергенде Жошыға берген жері Жошы ұлысы атанған. Бұл ұлыстың жері Оң және Сол болып екі әскери қанатқа бөлінген.

Прикрепленные файлы: 1 файл

§24. Ақ орда.docx

— 31.91 Кб (Скачать документ)

 Күні:______              Сынып: 7           Пәні: Қазақстан тарихы

Тақырыбы: §24. Ақ орда

Білімділік: Ақ орда қай кезде құрылды,қай хандардың кезінде күшейді,этникалық құрамы мен шаруашылығын түсіндіру. 
Дамытушылық: Тарих фактілерге сүйене отырып оқушының көзқарасын қалыптастыру, дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, алғырлыққа, ұжым намысын жоғары қоюға тәрбиелеу.

 Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: Әңгімелесу,венн диаграммасы

Сабақтың көрнекілігі: Карта, кесте

Сабақтың барысы:                                                                                                                                                                          І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың оқулықтарын түгендеу,сабаққа бейімдеу.                                           Үй тапсырмасын сұрау:

ІІ. Сабаққа кіріспе. Оқушыларды сабақтың мақсатымен, талаптарымен және жоспарымен таныстыру.                                                                                                                                                                           ІІІ. Жаңа тақырып:  Ақ Орданьщ құрылуы, жер аумағы. Қазақ жеріндегі Монғол империясының ыдырауына байланысты, жергілікті этникалық топтардан құрылған мемлекеттер пайда болды. Солардың бірі - XIV ғасыр мен XV ғасыр басында Шығыс Дешті Қыпшақта өмір сүрген Ақ Орда мемлекеті. Шыңғысхан өзінің жаулап алған жерлерін төрт ұлына бөліп бергенде Жошыға берген жері Жошы ұлысы атанған. Бұл ұлыстың жері Оң және Сол болып екі әскери қанатқа бөлінген.

  • Жошының үлкен баласы Орда Ежен сол қанатын басқарып, Дешті Қыпшақтың шығыс бөлігінде билік жүргізген. Орда Ежен жері Ақ Орда атанған.
  • Дешті Қыпшақтың солтүстігінен батыс Еуропаға дейінгі басып алған жерлерді Батый билеген. Батый жері кейіннен Алтын Орда атанды

Ақ Орда Қазақстан аумағында монғол шапқыншылығынан кейінгі құрылған алғашқы мемлекет. Орталығы Сырдария өзенінің орта ағысы бойына орпа ласқан Сығанақ қаласы болды.

Ақ Орданың аумағы Жошы ханның екі баласы Орда Ежен мен Шайбан хандардың жерін қамтыды. Ақ Орда Жайық өзенінен Батыс Сібір ойпатына дейінгі, Сырдарияның орта және төменгі ағысы аралығындағы кең-байтақ аумақты алып жатты. Ак Орда жергілікті түрік тілдес ру-тайпалардан құрылған патриархалдык-феодалдық мемлекет болды. Алтын Ордаға қарғанда Ақ Орданың этникалык негізі бірыңғай еді. Оны құраған халық сол өңірде ежелден тұрып келе жатқан қыпшақтар, қоңырат, арғын, алшын, қаңлы, керей, үйсін, найман т.б. тайпалар болатын. Қазақ халқының қалыптасып, мемлекетінің құрылуында Ақ Орда зор тарихи рөл атқарды.

Орданың ішкі-сыртқы саяси  жағдайы. XIV ғасырдың екінші ширегінен бастап Ақ Орда Алтын Ордадан біржола бөліне бастады, Ерзен мен Мірбәрақ хандар тұсында, әсіресе Ұрыс хан кезінде Алтын Ордадан мүлде оқшауланады. Мүбәрақ хан 1327-1328 жылдары өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырған. Алайда бұл жағдайға Алтын Орда билеушілері қарсы тұрады.

XIV ғасырдың екінші жартысынан бастап Өзбек ханның баласы Жәнібек ханнан кейін Алтын Ордада аласапыран төңкеріс басталады. 60-жылдардың өзінде мемлекеттің астанасы Сарайда бір жылдың ішінде төрт хан ауысады. Осы талас-тартысты дер кезінде пайдаланған Орда Еженнің ұрпағы Ұрұс хан Ақ Орда билігін өз қолына алып, мемлекеттің күш-куатын нығайтады. Хан 1368-1369 жылдары өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырады. Ол 1374-1375 жылдары Еділ бойына қарай жорық жасап, Алтын Орданың астанасы Сарайды, Қажы-Тарханды алып, Кама бұлғарларын бағындырады. Бірақ Алтын Орданың уақытша билеушісі Мамайды жеңе алмайды.

Осы кезде Орта Азияда Әмір Темірдің күшеюінен сескенген Ұрұс хан Сырдария бойындағы өз иелігіне оралады. Хан жол бойында өзіне көмектесуден бас тартқан Жошы әулетінің бір тұқымы Маңғыстау билеушісі Түй-Қожаны жазалайды. Оның баласы Тоқтамыс Әмір Темірге барып паналайды. Міне, осы кезден бастап Әмір Темір Тоқтамысты пайдаланып, Ақ Орданы да, Алтын Орданы да басып алуға тырысады. Моғолстанға бірнеше рет шабуыл жасайды. Әмір Темірдің бұл жойқын шабуылына қарсы Ақ Орда мен Моғолстан билеушілері арасында одақ құрылады.

  • Тоқтамыс Ұрұс ханның екінші баласы Темір-Мәліктен Сауран түбінде жеңіліске ұшырайды.
  • 1379 жылғы жорығында Тоқтамыс Темір-Мәлікті жеңіп, Сығанақты біржола өз қолына алады.
  • Тоқтамыс 1380 жылдан бастап Алтын Орданың бірқатар жерін өзіне қаратып, Мамай ордасын басып алады.
  • Ақ Орданың келесі ханы Барақ Сырдария бойындағы қалаларды қайтару үшін әрекеттер жасайды. Темірдің немересі Ұлықбекті жеңіп, көптеген қалаларды өзіне қаратады.
  • 1428 жылы Шығыс Дешті Қыпшақтағы билік Жошының Шайбани әулетінің ұрпағы Әбілқайыр ханға тиеді. Ол Ақ Орданың біраз жерін жаулып, өз хандығын құрады. Ұрыс ханның ұрпақтары XVғасырда Ақ Орда жерінде қазақ мемлекетін құрды.

Шаруашылығы. Ақ Орданың орталығы Сығанақ қаласы тұрған жер диқаншылық пен жартылай көшпелі мал шаруашылығына қолайлы болды. Қаланың төңірегіндегі Сырдариядан тартылған арық-тоғандардың сақталған іздері, үлкенді-кішілі тұрақты қоныс-жайлардың орындары, тарихи отырықшы тұрғындардың жер өңдеу кәсібімен айналысқандарын көрсетеді.

  • Әсіресе Ерзен ханның кезінде Ақ Орданың қалалық мәдениеті дами түседі.
  • Хан Отырар, Сауран, Жент, Баршынкент сиякты калаларда мешіт, медреселер салдырады.

Сығанақ қаласын Орта Азия мен Шығыс Дешті Қыпшақтың арасындағы басты сауда және колөнер орталығына айналдырады.

Көшпелі және жартылай көшпелі мал өсіруде Алтай, Ұлытау, Орал тауларының бөктерлері жазғы жайылым ретінде пайдаланылған. Ал Арал бөйы, Сырдарияның орталық және төменгі ағысы, Шудың төменгі ағысы мен Сыр бойы тұрақты қыстайтын аймаққа айналған. Жердің шқрайлысы ірі билік иелерінің қолында болған.

Біртіндеп шаруашылықтын. жолға қойылуы  жергілікті ақсүйектердің де, қарапайым халықтың да жағдайларын жақсарта түскен. Ақ Орда халқының басым көпшілігі жергілікті түрік тілдес халықтардан тұрған.

IV. Бекіту сұрақтары:

  1. Ақ Орда қай кезде құрыла бастады?
  2. Ақ Орданың аумағына Жошы ханның қай балаларының иелігі кірді? Картадан көрсетіңдер.
  3. Ақ Ордаға Әмір Темір мен Тоқтамыс ханның шабуылы туралы айтып беріңдер.
  4. Ақ Орданың саяси жағдайын неше кезеңге бөліп қарауға болады?

 

V. Бағалау; Үйге тапсырма: §24 оқу,түсінік айту.

 

 


Информация о работе XX ғасырдың басындағы Ресейдегі революциялар және олардың Қазақстанға әсері