XVI- XVII ғғ. Ұлы географиялық ашулар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2013 в 18:59, доклад

Краткое описание

XVI ғасырда және XVII ғасырдың бірінші жартысында бұрынғысынша феодалдық құрылыс үстем болды. Алайда Батыс Европаның алдыңғы қатарлы елдерінде капиталистік кәсіпорындар пайда бола бастады. Ұлы географиялық ашулар капиталистік өнеркәсіптің дамуына маңызды түрткі болды.
Жер шарында Ұлы географиялық зерттеулер XV ғасырдан басталды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ұлы географиялық ашулар.ppt

— 584.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

XVI- XVII ғғ. Ұлы географиялық ашулар

 

 

 

 

  • XVI ғасырда және XVII ғасырдың бірінші жартысында бұрынғысынша феодалдық құрылыс үстем болды. Алайда Батыс Европаның алдыңғы қатарлы елдерінде капиталистік кәсіпорындар пайда бола бастады. Ұлы географиялық ашулар капиталистік өнеркәсіптің дамуына маңызды түрткі болды. 
    Жер шарында Ұлы географиялық зерттеулер XV ғасырдан басталды. Бұл жерде Европа саяхатшыларының мақсаты – аңызға айналған Үндістан жерін ашып , онымен сауда , қарым – қатнас жасау болды. Бірақ саяхатшылар Үндістанның қай жерде екенін білмеді, оған Европалықтар Африканы айналып жүзіп бармақ болды. Бұл ғасырда теңізде жүзу әр елде етек ала бастаған еді. Алысқа жүзе алатын мұхит толқынына төзе алатын кемелер жасалды. Кеме шаруалығын өркендетуде Португалия мен Испания бәсекелесіп , Атлант мұхиты арқылы жүзіп , бірқатар жерлерді , белгісіз аралдар мен түбектерді ашып , оларды өздерінің отарына айналдырды.  
    Ұлы географиялық ашулар кезеңіне қарағанда XVII ғасырда жер шарының географиялық зерттелуі мүлде өзгеше еді. Ұлы географиялық ашулар кезінде мұхиттар мен теңіздер , материктер мен көптеген аралдар ашылды. Бірақ олар әлі түбегейлі зерттелмеген еді. Сондықтан , XVII ғасырдың негізгі географиялық зерттеулері бұрынғы ашылған құрлықты , теңіздерді толық білуге бейімделді. Сонымен қатар бұл ғасырдың өзінде де географиялық зерттеулердің ғылыми тәсілдері әлі де анықталмағанеді. Тек қана XVIII ғасырда анықталып іске аса бастады. Саяхатшылар мен ғалымдардың географиялық зерттеулер кезіндегі жазулары , күнделіктері кейінгі ғасырларға едәуір әсер етті.

 

 

 

 

 

Христофор Колумб

 

  • Колумб Христофор (1451, Италия, Генуя қ. – 1506, Испания, Валядолид қ.) – еуропалықтарға Америка құрлығын ашқан атақты теңізші. Генуяда тоқымашының отбасында дүниеге келген Колумб жастайынан теңіз саудасы жұмыстарына араласып, Жерорта теңізі жағалауы елдеріне жиі сапарға шығып тұрады. Кейінірек Атлант мұхитына өтіп, солтүстікте Англияға, оңтүстікте Африка жағалауын бойлап Гвинеяғадейін сапар шегеді. Португалияда теңіз қызметінде жүріп, корольге Еуропадан батысқа қарай жүзу арқылы Үндістанға жету жобасын ұсынады. Ондай жоба жасауына Жердің шар тәріздес екендігі жайлы ежелгі дүние ғалымдары ілімінің орта ғасырларда қайта жаңғыруы және сол кездегі дүние жүзі карталарында Еуропаның батысы мен Азияның шығыс жағалауларының бір-біріне жақын көрсетілуі негіз болады. Португалия королі жобаны қабылдамағаннан кейін Колумб Испанияға кетеді. 1492 ж. 3 тамызда Колумб кемемен Палос айлағынан шығып, Канар аралдарына беттейді. Одан әрі тура батысқа жүзеді. 1492 ж. 12 қазанда экспедиция Орталық Америкадағы Сан-Сальвадор аралыына жүзіп жетеді (бұл күн кейіннен Американың ашылған күні деп есептеледі). Әрі қарай Куба, Гаити аралдарын ашады. ГаитидіЖапония аралдарры, Кубаны Азия құрлығының шығыс шеті деп ойлайды. Колумб бұдан кейін Америкаға тағы да 3 рет экспедиция жасады. 1493 – 96 ж. екінші экспедициясында Ямайканы, Пуэрто-Риконы және Кіші Антиль аралдарын ашады. Гаити аралдарында Америкадағы еуропалық ең алғашқы қаланың бірі – Санто-Домингоның іргесін қалайды. 1498 – 1500 ж. үшінші экспедиция кезінде Тринидад және Маргарита аралдарына, Пария шығанағы мен Пария түбегін, Ориноко өзенінің атырауын тауып, Оңтүстік Америка құрлығын ашуды бастады. Бұл кезде Васко-да Гама Үндістанға Африканы айналып баратын жол ашып, қисапсыз көп олжамен оралған еді (1498). Енді Колумбтың ашқан жерлерінің бай Үндістанға ешқандай қатысы жоқ екендігі анықталады. Оның үстіне жаңа жер король қазынасына айтарлықтай байлық әкелмейді. Жаулары корольге Колумб тапқан байлығын жасырып отыр деген құпия хабар түсіреді. 1500 ж. Колумб тұтқындалып, аяқ-қолы кісенделген күйде Испанияға жөнелтіледі. Мұнда көп ұзамай ақталып, түрмеден босатылады. 1502 – 1504 ж. Колумб төртінші рет экспедицияға шығып, Орталық Америкадағы Гондурас, Никарагуа, Коста-Рика және Панама жағалауын бойлап жүзеді. Бірақ батысқа қарай өтетін жол таба алмай, кейін қайтуға мәжбүр болады. Колумб соңғы жылдарын Испанияда жоқшылықта өткізеді. Колумбтың төрт саяхатының нәтижесінде Орталық Америкадағы барлық басты аралдар ашылды және Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка құрлықтарын ашу басталды. Колумб Ұлы географиялық жаңалықтарды ашуды бастап берді. Бірақ Колумб ашқан жаңа құрлыққа оны тұңғыш сипаттап жазған Америго Веспуччидің есімі берілді. Кейінірек 19 ғ-да Оңтүстік Америка мемлекеттерінің бірі Колумбия деп аталды.

 

 

 

 

Америго Веспуччи

 

  • 1501 жылы Португалия королінің келісімімен «жаңа жерге» екінші рет барды. Веспуччи Пинсон, одан кейін Кобрал ашқан Бразилия жағалауын зерттеп қайтады. 1503 жылы Веспуччи үшінші рет «жаңа жерге» саяхатқа шығады. Ол енді Бразилия жағалауымен Үндістанға өтпек болады да, 20° оңтүстік ендікке дейін жүзіп барып Колумб ашқан, одан кейін көптеген испания саяхатшылары зерттеген «жаңа жер», «бұл Азия аралдарының тізбегі емес, осы күнге дейін белгісіз материк» деген дұрыс қорытындыға келеді.
  • 1507 жылы космограф Мартин жер жүзін Еуропа, Азия, Африка материктеріне бөліп, жаңадан Америго ашкан жерді оның басқа материктерімен ұксастығына қарай «Америка деп атау керек» дейді.
  • Ол кезде Американы «Тоты құстар жері» дейтін. Сөйтіп жаңа құрлықтың жартысы Америго Веспуччи есімімен аталып кетті. Ол материкті негізінде түңғыш ашқан атақты Христофор Колумб еді, бірақ ол өмірінің ақырына дейін жаңа материк ашқанын білмеді. Ол жердің жаңа материк екендігін дәлелдеген Америго Веспуччи болды. Осыдан кейін еуропалыктар Американың жаңа материк екеніне сенді. Енді отаршылар Америка байлығын иемденуге жанталасып, жергілікті халықты қырғынға ұшыратты, бірсыпырасын Еуропаға апарып құлдыққа сатты. Аралдардың кейбір байырғы халықтарын еуропалықтар осы ретпен құртып жіберді. Бүдан кейін еуропалықтар Мексиканы, Перуды,Оңтүстік және Солтүстік Американың басқа жерлерін өздеріне қаратып, бейбіт халықтарын тонап, олардың ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениетін, салт-сана, әдет-ғұрпын аяққа басты. Сөйтіп Колумб, Васко да Гама, тағы басқалардың белгісіз жерлерді ашуы география ғылымы үшін үлкен жаңалық болса, ал еуропалықтардың одан кейінгі саяхаты басып-жаншуды, отарлау саясатын көздеді.
  • Колумб батыс теңіз жолымен Үндістан, Қытай, Жапон аралдарын ашамын деп барып, жаңа жерді - Американы ашып жүргенде, Васко да Гама Африканы айнала жүзіп, Үндістанды ашты, содан бастап Португалияның Азияны отарлауы басталды.

 

 

 

 

Васко Да Гама

 

  • Васко да Гаманың нақты қай жылы туғаны белгісіз, дегенмен кейбір деректерге қарағанда, 1469 жылы туған деп шамалайды. Ол жасында Португалияның Испанияға карсы соғысында ерлік көрсеткен, бірнеше рет Гвинея жағалауын айнала жүзіп шыққан. 1492 жылы Васко да Гама II Жуан корольдің тапсырмасын орын- дап, оның Францияда қалған алтын тиеген кемесін Португалияға алып келеді, содан оның аты әйгілі болады. 1497 жылы 8 маусымда Васко да Гаманың төрт кемелі экспедициясы Лиссабон портынан шығады. Кемелерді ол мұқият қарап, оған керекті адамды өзі таңдап алады да, әрбір кемеге тәжірибелі адамдарды капитан етіп тағайындайды. Бір апта жүзген Васко да Гама эскадрасы Канар аралдарына келеді. Содан кейінгі сапары сәтті болып, 4 қарашада Африка жағалауына жетіп, зәкір тастайды. Бұл жерді адмирал «Әулие Елена» қойнауы деп атайды. Мұнда саяхатшылар сегіз күн аялдап, айналаға географиялық зерттеулер жүргізеді. Адмирал өз күнделігінде «Африка жағалауындағы тұрғындар құлаққа тағатын мыстан басқаны бағаламайды және өздері шетінен батыл келеді» деп жазады.
  • Бұдан әрі жүзіп, өздерімен бірге келе жатқан Бартоломеудің жол көрсетуімен Африка материгінің оңтүстік нүктесі «Қайырлы Үміт» мүйісін айналып өтіп, Васко да Гама белгісіз теңізбен жүзе береді. Эскадрада ауыз су азайып, екі кемені жөндеу қажет болып, енді бұл ар беймәлім бір жағаға зәкір тастайды. Бұл жердің халқы кафирлер деп аталады екен, олар саяхатшыларды жылы шыраймен қарсы алады. Сондықтан бұл жерді Васко да Гама «жақсы адамдар жері» деп атай- ды. 1498 жылы 23 қаңтарда эскадра Замбези өзені сағасына жетіп, мұнда бір ай бөгеледі. Үнді мұхитынан жүзіп өтуге дайындық жасайды. Кемелерін бүтіндейді, ауырып өлген матростарды жерлейді. Васко да Гама Үндістаннан Португалияға келген соң, король оны Үндістанды жаулап алуға 20 соғыс кемесін беріп аттандырды. 1502 жылы 10 ақпанда Лиссабоннан шыққан бұл әскери экспедиция күзге қарай Каликутке жетеді. Каликут раджасы мұндай жауға қарсылық көрсетпей, олардың айтқанын істеп, сауда жасауға келісім береді. Васко да Гама төрт сағат ішінде қаламаған бағынсын деп раджаға елші жібереді. Ол бұған жауап қайтармайды, өйткені ол бейбіт жатқан елге сауда жасау үшін келген еуропалықтар соғыс ашады деп ойламағанды. Айтулы төрт сағат өткен соң Васко да Гама оның айлақтарындағы бүкіл бейбіт тұрған кемелерді басып алып, бейбіт қалаға зеңбіріктен оқ жаудырады, ғасырлар бойы тұрған сәулетті күмбезді үйлердің күлін көкке үшырып, еркін елді қырғынға ұшыратады. Мұндай озбырлық, еркін елді қанға бояу бөгде елді отаршылардың ежелгі әдеті болатын. Васко да Гама бұдан әрі Цейлон, Суматра, Ява аралдарына дейін барып бейбіт елді қырғынға ұшыратты. Мұны көрген қытай халқы өзіне қарайтын бұл аралдардан португал басқыншыларын қуып шығады. Португалияның географиялық зерттеулері Васко да Гаманың осы екінші экспедициясымен аяқталды. Енді олар біржола отарлау саясатына көшті.1519-1522 жылдары Азияға батыс жолмен жету мақсатымен Испания ірі теңіз саяхатын ұйымдастырды. Экспедицияны ер жүрек, тәжірибелі теңізші, қайтпас жігерлі адам Фер- нан Магеллан басқарды. Бес кемеден құралған экспедиция Оңтүстік Америка жағалауына жетіп, материк пен Отты жер аралы арасындағы бұғаз (қазіргі Магеллан бұғазы) арқылы Оңтүстік Американы айналып өтеді. Одан әрі Тынық мұхитты кесіп өтіп, Филиппин аралдарына жетеді. Осында жергілікті тұрғындармен қақтығыс кезінде Магеллан қаза табады. Оның серіктері Тынық мұхитпен жүзіп, Оңтүстік Африканы айналып, Испанияға жалғыз ғана кемемен қайтып оралады. Осы дүние жүзін айналып өткен түңғыш саяхат Жердің шар тәрізді екенін, дүниежүзілік мұхиттың біртүтастығын және жер бетінің басым бөлігін су басып жатқанын біржолата дәлелдеді.

 

 

 

 

Фернан Магеллан 

 

  • Магеллан Фернан(1480 — 1521) — Португалияның теңіз саяхатшысы. 1519 — 21 ж. Молукк аралдарына апаратын батыс жолдарын іздеуге шыққан экспедицияны басқарды. Африканың батысымен жүзіп, Атлант мұхиты арқылы Оңтүстік Американың шығыс жағалауына жетті. Құрылықтың оңтүстігін зерттеп, 1520 ж. құрылық пен Отты Жер топаралы арасындағы бұғаз (қазіргі Магеллан бұғазы) арқылы Оңтүстік Американы айналып өтті. Тынық мұхит арқылы батысқа қарай жүзіп, Азиядағы Филиппин аралдарына жетті. М. 1521 ж. Мактан аралында жергілікті тайпалармен қақтығыс кезінде қаза тапты. Қалған экспед. мүшелері “Виктория” кемесімен Үнді мұхиты арқылы Африканың оңтүстігін айналып, Испанияға оралды. Магеллан алғаш рет Жердің шар тәрізді екендігін, Дүниежүзілік мұхиттың біртұтастығын дәлелдеді.
  • Магеллан астрономия және навигация бойынша жақсы білім алып шыққан,20 жасында алғаш рет теңізде жүзген саяхатшы. Оның өмір жолы әдеттегі конкистадор ретінде өрбіді - Шығыс Африка жағалауындағы Индостандағы шайқастар, арабтармен болған теңіз қақтығыстары. Португалия патшасымен сөзге келіп қалып, Магеллан Испанияға қоныс аударды. Ол Испания патшасы I Карлосты Молукк аралдары (Дәмдеуіш аралдары) Португалияға емес, Испанияға тиесілі болуы қажет деп иландырды. Оған жету үшін өзіне жақсы таныс шығыс бұғаз жолын ұсынды. 1519 ж. қыркүйегінде бес кемеден құралған теңіз қосыны жолға шықты. Қосын Оңтүстік Америка жағалауларына дейін жетті, бірақ пайдасыз өткел іздеу әрекеті наурыздың аяғына дейін созылды. Қатты суық пен боран басталғаннан кейін, ержүрек теңізшілер Патагониядағы қыстаққа аялдауға мәжбүр болды. 1520 ж. қазанында кемелер қисапсыз аралдар арасындағы бұралаң және қауіпті жол арқылы көптен күткен бұғазға келіп жетті. Теңізшілер кейіннен мұнда жердің төрт бұрышынан ызғарлы солтүстік желі соғып тұратын дегенді айтты. Айналадағы аралдар құнарсыз және елсіз иен мекен болып көрінді, бірақ түнге қарай теңізшілер мыңдаған алауларды көрді, сондықтан шоғыры Отты жер аталып кетті. Магеллан ашқан бұғаз біраз уақыттан кейін оның есімін иемденді. Жағдай ушығып кетті - азық-түлік қоры мүлдем қалмады, бірақ Магеллан Молука аралдарынан оларды 3-4 күндік қана жол бөгеп тұр деген сөзінен қайтпады. Және кемелер еуропалықтар үшін мүлдем беймәлім алапат мұхит арқылы жолға шықты. Бұл мұхитты Магеллан барынша тыныш ауа-райы үшін Тынық деп атады, теңізшілер мұнда тымық күні тап болған еді. Тынық Мұхитпен бойлай жүзу төрт айға созылды және адам айтып жеткісіз тауқыметті бастан кешірді. Ақырында көптен күткен айқай естілді: «Жер!». Және кешікпей саяхатшылардың алдында Филиппин аралы тұрды.

 

 

 

 

 

 

 

Ұлы географиялық ашулар  нәтижелері.

 

  • Ұлы географиялық ашулар нәтижесінде экономикалық өмір орталығы Жерорта теңізінен Атлант мұхитына ауыстырылды. Әлемдік сауданың жаңа орталықтары пайда болды. Олар – Лиссабон, Севилья, Антверпен еді. Антверпен Еуропадағы ең бай қалаға, әлемдік сауда және қаржы орталығына айналды. Осылайша, Ұлы географиялық ашулар нәтижесінде, батыс Еуропаның жекелеген мемлекеттерінде капиталистік өндірістің дамуына қолайлы жағдай туды. Ұлы географиялық ашулар алғашқы капиталдың қорлану процесін тездетті. 
     
    Өнеркәсіптің дамуы, оның ауылшаруашылығынан алшақтай беруі, ауылшаруашылығы саласында айтарлықтай өзгерістер болуына алғы шарт жасады. Ауылшаруашылық өндірісінің тауарлылығы да артты. Жеке қарабас үшін емес, енді айырбас үшін жер өңдеу қарқын алып, мал шаруашылық өнімі артты. Тауарлылықтың өсуімен қатар ауылшаруашылғында да ішкі нарықтың көлемі өсті. Сыртқы нарық тауарлары да ұлғая бастады. Ақша айналысы күрделене түсті, сауда келісімдердің жаңа түрлері ендірілді. Биржа – тауарлар мен құнды қағаздардың операциялары жүзеге асырылатын жерге айналды. Несие мен банк істері дамытылды. XVI ғасырда Батыс Еуропаның өндіргіш күштеріндегі өзгерістер қолөнершілер мен шаруалардың болашақта өзіндік дамуға қабілетсіз екендіктерін дәлелдеп берді. Ұсақ өндіргіш күштерінің жағдайы өзгерді. Бұл қолөнершілердің көпестен экономикалық тәуелділігін орнауын жеңілдетті.  
     
    Ауылшаруашылығында капитализм өнеркәсіпке қарағанда әлдеқайда баяу жүрді. Негізгі себеп: ауылшаруашылық техникасының баяу дамуы, жерге феодалды меншік және шаруалардың жеке тәуелділігі.  
     
    Жалпы алғанда, Батыс Еуропа елдеріндегі капитализмнің даму деңгейі бірдей болмады. Шаруашылық өмірде капитализмнің белсенді түрде дамуына қарамастан, түрлі елдердегі қалыптасқан нақты жағдайларға байланысты әр түрлі болды. XIV-XV ғасырлардың өзінде капитализм белгілері туындаған және басқалардың алдында жүрген Италия XVI ғасырдың өзінің көшбасшылығын жоғалтып, құлдырау кезеңін бастан кешіреді. 
     
    XVI ғасырдың ортасына таман экономикалық дамуда артта қалғандар – Германия мен Испания болды. Ал капитализмнің дамуында бірінші орынға Голландия, Англия мен Франция шықты. Қарастырып отырған кезеңдегі капиталистік өндіріс феодализм шеңберінде дамыған құрылым ғана болды. Капиталистік қатынастың дамуының жалғасуы ұлы географиялық ашулармен тездетіледі.

Информация о работе XVI- XVII ғғ. Ұлы географиялық ашулар