Улы жібек жолы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 16:53, доклад

Краткое описание

Отырар шұратының орналасқан жері, оның тұрғындарының өміріне әсерін тигізіп отырды. А. Н. Бернштам Отырар, Арыстың Сырдарияға құяр тұсында, Бөгенге жақын орналасқандықтан, қолайлы позицияда тұр және жер суару үшін суы жеткілікті деп дәл айтқан. Бөген мен Арыс бойымен Таласқа, үйсін, кейін қарлық иеліктерінің шекарасына дейін жеткен. Сырдария бойымен жолдар Шаш, Ферғана және Соғдыға, солтүстікке қарай Арал маңындағы аландар арқылы Еділ бойындағы далаға, Таулы Оралға және Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін барған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Отырар қаласы.docx

— 49.16 Кб (Скачать документ)

Отырар қаласы

 

 

Шұраттың негізгі су көздері Арыс пен Сырдария. Олардан шығарылған каналдар, қалалар мен мекендерді сумен қамтамасыз етті, егістікті суарды. Тек, судың молдығынан ғана, бұл жерде егіншілік мәдениеті дами алды.  

 

Отырар шұратының орналасқан жері, оның тұрғындарының өміріне әсерін тигізіп отырды. А. Н. Бернштам Отырар, Арыстың Сырдарияға құяр тұсында, Бөгенге жақын орналасқандықтан, қолайлы позицияда тұр және жер суару үшін суы жеткілікті деп дәл айтқан. Бөген мен Арыс бойымен Таласқа, үйсін, кейін қарлық иеліктерінің шекарасына дейін жеткен. Сырдария бойымен жолдар Шаш, Ферғана және Соғдыға, солтүстікке қарай Арал маңындағы аландар арқылы Еділ бойындағы далаға, Таулы Оралға және Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін барған. 

 

Шұраттың солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзындығы 53 километрдей, батыстан шығысқа қарай 54 километрдей. Шұрат территориясында 130 астам ескерткіштер бар. 

 

Отырар, ортағасырлық ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби туған аймақ астанасы ретінде кеңінен танымал. Отырар орнында елдімекеннің пайда болуы біздің дәуіріміздің бірінші ғасырларына сәйкес келеді. Алғаш рет «Отырар» және «Фараб» атаулары жазба деректерде б.д. IX ғ. кездеседі. X-XII ғғ. кезеңі, моңғол шапқыншылығы тамырын шапқан қалалық өмірдің гүлдену кезеңі болды. 1219 жылы Отырар Шыңғысхан әскерінің соққыларынан құлады. Алайда, Отырар қайта түлеп, XIII ғасырдың ортасында Батыс пен шығыс арасындағы жолда ірі сауда орталығына айналды. 1405 жылы Отырар сарайларының бірінде Темірлан қайтыс болады. Отырардағы өмір XVIII ғасырға дейін жалғасты. Қалажұрттың жалпы сипаты Қазақстан мен Орта Азиядағы ортағасырлық ескерткіштердің көпшілігінің сипатына тән. 

 

Тақырып бойынша ғылыми ізденіс өте кең. Отырардағы алғашқы қазбаны Археология әуесқойларының Түркістан үйірмесінің мүшелері А.К.Кларе мен А.А. Черкасов 1904 жылы жүргізді. Олар бірқатар траншеялар салып, материал жинақтады. Кейінгі зерттеулер, тек, ХХ ғасырдың 40-жылдары профессор А.Н.Бернштам басшылығымен жалғасын тапты. 1969 жылы Отырар археологиялық экспедициясы (1971 ж. бастап ҚазКСР ҒА Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы болып аталады) ұйымдастырылып, оны Ақышев К.А. басқарды, ал, 1991 жылдан Байпақов К.М. басқарып келеді. 2001 жылы ЮНЕСКО-Қазақстан-Жапония бастауымен «Ежелгі Отырар қалажұртын консервациялау және сақтау» Қорының халықаралық жобасы жұмысын бастады. Жобаның негізгі мақсаттары: құжаттық база жасау мен консервациялық шаралар болды. 

 

2004-2007 жылдары «Мәдени мұра» және «Ежелгі Отырарды жаңғырту» мемлекеттік бағдарламалары аясында, Отырар қалашығының бірқатар ескерткіштерін (XIV ғ. жұма мешіті, XVI ғ. тұрғын үй орамы, XI-XII ғғ. тұрғын жайлары, қабырғалар, орталық қақпа және «Дарваза-и суфи» («Сопы қақпасы»), стратиграфиялық шурф, XIV ғ. моншасы) зерттеу, консервациялау және музейлендіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді.             Шұрат ескерткіштері Көк-Мардан, Құйрыктөбе, Жалпақтөбе, Уәсиж қалашықтары, Талтақай және Қоңыр мазараттарына кешенді зерттеу жүргізілді. Отырар шұратын аэрофотоқұжаттау іске асырылды, ең жаңа компьютерлік жетістіктерді пайдалана отырып шұраттың ежелгі ирригациясы зерттелді. 8 мыңнан астам аэросуреттер түсірілді. Шұраттың геоақпараттың негізі жасалды. Бұл Қазақстан археологиялық ғылымында жасалған ең ақпаратты және ауқымды жүйе. 

Отырар шұраты – Қазақстан Республикасы археологиясының жауһары. Археологиялық зертттеулерді, консервациялық шараларды жалғастыру, туристік инфрақұрылымды дамыту – шұрат ескерткіштерін Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енгізу процесінің маңызды құрамдас бөлігі.

«Ұлы Отырар – қазақ өркениетінің алтын діңгегі» – деп, еліміздің Президенті Н.Назарбаев айтқандай, тарихқа «Отырар өркениеті» деген атпен енген, тамырын тереңге тартқан Отырар тарихы еліміз үшін ерекше.

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайының 80 жылдық мерекесіне арналған іс-шаралар аясында аталмыш мұражайда Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының ұйымдастыруымен «Көне Отырар жәдігерлері» атты жылжымалы көрменің ашылу салтанаты өтті. Көрмеде Отырар және оның төңірегіндегі бірнеше қалалар мен қалашықтардан археологиялық қазба жұмыстары барысында және кездейсоқ табылған I-XVIII ғасырлар аралығын қамтитын, саздан күйдіріліп жасалған тұрмыстық заттар, ғимаратты әрлеуге арналған құрылыс кірпіштері мен тақташалар, зергерлік бұйымдар, шыныдан, қоладан, күмістен жасалған ыдыс түрлері, қару-жарақтар, алтын, күміс, мыс, қоладан соғылған теңгелермен қатар, ХІХ-ХХ ғасырларға тән этнографиялық зергерлік бұйымдар мен ұстаның зер соғу құралдары сияқты көне жәдігерлер қойылды. Сонымен қатар, Отырар алқабына қарасты тарихи-мәдени ескерткіштер картасы: Отырар маңындағы Көкмардан, Оқсыз, Құйрықтөбе, Алтынтөбе, Қоңыртөбе ескерткіштерінің әуеден түсірілген суреттер және Отырар қала жұртындағы аршылған нысандардың суреттері, Арыстанбаб архитектуралық ескерткішінің суреті мен сызба сипаттамалары және көне кітаптар орын алған. Көрменің ашылу салтанатына алыс¬тан ат арытып арнайы келген Оты¬рар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы директорының орынбасары Серік Ахметұлы:

– Отырар мемлекеттік архео¬ло¬гия¬¬лық қорық-мұражайы Отырар өңіріндегі археологиялық, архитектуралық ескерткіштерді қорғау және ғылыми-зерттеу жұмыс¬тарымен айналысады. Қа¬зір¬гі таңда Отырар қорық-мұра¬жайының мамандары 200-ден астам археологиялық, тарихи ескерткіштерді тауып, оларды қорғау, сақтау секілді мемлекеттік салмақты іспен айналысуда. Қорық-мұражай қарамағында жалпы көлемі 11000 гектарды алып жатқан 4 республикалық, 130 жергілікті дәрежедегі тарихи-мәдени ескерткіш бар. Біздің кеншілер астанасына келудегі мақсатымыз – Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі орталықтардың бірі, аты әлемге мәшһүр ғұлама ғалым Әбу Нәсір әл-Фараби, математик, әрі астроном Аббас Жауһари сияқты тамаша ғалымдар еңбек еткен, он сегіз ғасырдан астам өмір сүрген ұлы қаланың тарихилығын, рухани-мәдени байлығын бүгінгі ұрпаққа жеткізу. Сол тарихтың шынайылығын, тарих сахнасындағы орнын қалыптастыру мақсатында Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы қалтқысыз қызмет етуде, – дейді.

Оқырман қауымға тарихы тереңде жатқан көне Отырар тарихы туралы аздап тарқатып айтып өткеніміз жөн шығар.

Қазақстан мен Орта Азия жерінің өткен тарихын, мәдени құндылықтарын баяндайтын бір-неше ортағасырлық ескерткіштер бүгінгі күні алыстан мен мұндалап тарих беттерінен орын алуда. Әсіресе, қазақ жерінің оңтүстік аумағы көне археологиялық ескерткіштермен қатар ортағасырлық қалалар және сәулет өнерінің үздік туындылары топтасқан өңір екендігі анық. Мұнда ірі қалалар Ұлы Жібек жолы бойында еңсе көтеріп, аса маңызды саяси, экономикалық және мәдени орталық болған.

Тарихи деректерде бірнеше атаумен аталып келген көне Отырар қаласы Арыс өзенінің Сырдарияға құяр сағасында орналасқан. Отырардың түрлі ландшафтар тоғысы мен бірнеше керуен жолдарының ұштасқан жерінде орналасуы оның әрдайым көркейіп, әрі өркендеп тұруына тікелей ықпалын тигізіп отырды. Шығыс елдеріне кеңінен танымал Ұлы Жібек жолы арқылы Қытай, Үнді, Византия және тағы басқа мемлекеттермен үнемі ғылыми, мәдени, экономикалық, дипломатиялық байланыста болып, қалаларында ғылым мен мәдениет және қос шаруашылық қатар дамыған өлке болған. Осы арқылы ортағасырлық қала мәдениеті мен көшпелі қоғам өркениеті тоғысты.

Отырар – ҮІ-ҮІІІ ғасырларда Сырдарияның орта шеніндегі ірі астана ІХ-ХІІ ғасырларда аймақтың бас қаласы, ХІІІ-ХҮ ғасырларда Қазақстанның оңтүстігіндегі аса ірі қалалардың бірі. Шыңғыс хан әскеріне қатты тойтарыс беріп, тарихта елдіктің белгісін сақтаған «Отырар апаты» деген атпен қалған. Ал, ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда қазақ хандығының саяси және экономикалық орталығына айналды. Қала ХҮІІІ ғасырдың орта шенінде қаңырап бос қалып, сол ғасырдың екінші жартысында әбден қирап, құландысын жаңбыр шайған, жергілікті тұрғындар Отырартөбе деп атап кеткен үйіндіге айналған.

Отырардың қираған орны және осы аймақтың басқа да ескерткіштерін зерттеу ХІХ ғасырдың аяғында Ташкентте жұмыс істей бастаған археология әуесқойлары Түркістан үйірмесінің күшімен жүргізілген 1904 жылғы қазба жұмыстарынан басталады (А.Кларе мен А.Черкасов жүргізген). 1947-1948 ж.ж. мұнда шығыстанушы ғалым А.Бернштамның жетекшілігі¬мен Оңтүстік Қазақстан архео¬логиялық экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Кең ауқымды зерттеулер 1969 жылы К.Ақышев басшылық еткен Қазақ КСР Ғылым академиясы тарих, археология және этнология институтының Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы тарапынан басталып, қазіргі Ә.Марғұлан атындағы археология институты мен Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы жүргізіп жатқан қазба жұмыстарымен жалғасып келеді.

Отырар өңірінде ежелгі тас дәуірі ескерткіштері де кездеседі. Аталмыш қорық ескерткіштерге археологиялық барлау және зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Нәтижесі Отырар өңірінде алғашқы адамдар тұрағы болғанын байқатады. Қазақ өркениетінің алтын діңгегі атанған Отырар жеріне қызығушылық танытып, жер жүзінен адамдар келеді екен. Елді қызықтырған көне Отырар жәдігерлері енді біздің облыстық өлкетану мұражайында бір ай бойы көрермендердің назарына ұсынылады. Мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар!


Информация о работе Улы жібек жолы