Тәуесіз Қазақстан 29 – 30 дәріс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 07:56, реферат

Краткое описание

Қазақстанның тәуелсіздік алуы және тәуелсіздік туралы заң. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Сөйтіп, Қазақстан 260 жылға созылған отарлық бұғаудан құтылып, өз алдына дербес мемлекет құруға мүмкіндік алды. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін, әлемдік нормалары қатаң сақтай отырып, әлемдік қауымдастықпен байланысқа көшті. Қазақстан 1992 жылы 2 наурызда Біріккен ұлттар ұйымына мүше болып қабылданды. Қазіргі уақытта Қазақстан дүние жүзінің ірілі-кішілі мемлекеттерімен тең дәрежеде байланыс жасауда. Қазақстанды әлемнің 140-қа жуық елдері ресми таныды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН.docx

— 28.11 Кб (Скачать документ)

Сонымен бірге 1999 жылы елімізде «Отан», Азаматтық партия сияқты жаңа партиялар да пайда болып, саяси  процесстерге белсене араласуда. Бұлардың қатарын 2002 жылы наурыз айында құрылған «Ақ жол», 2003 жылы желтоқсан айында құрылған «Асар» партиялары толықтыра  түсті. Сонымен, Тәуелсіздік алғаннан бергі саяси процестерді қортындылайтын болсақ, ол бірнеше кезеңдерден тұрады.

Бірінші кезең (1991-1993 жж.) бұрынғы  саяси жүйені өзгертіп, жаңа саяси  жүйені қалыптастыруға бағыт алынды. Бір партияның билігі жойылып, көппартиялық жүйе енгізілді. Азаматтардың құқықтары  мен бостандықтары кеңейтілді. Елімізді парламенттік-президенттік басқару  формасы қалыптасты.

Екінші кезең (1994-1995 жж.) саяси  жүйедегі еліміздің саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени, психологиялық, геосаяси, ұлттық ерекшеліктерін қарастыру процессі жүргізілді. Алғаш рет еліміздегі Жоғарғы Кеңеске баламалы түрде  сайлау өткізіліп, жергілікті жерлердегі өкілетті билік өкілдері қалыптасты.

Үшінші кезеңде (1996-1998 жж.) 1995 жылы референдумда қабылданған Конституция, Президенттік басқару формасына  өтуде заңдық тұрғыдан бекітіп, алдағы уақыттағы саяси жүйенің даму бағытын айқындап берді. Елімізде екі палаталы кәсіпқой Парламент және басқа да саяси жүйе институттары құрылды.

Төртінші жаңа кезең 1998 жылдың қыркүйегіне бастау алады. Бұл кезең  Президенттің Қазақстан халқына  арналған жолдауын жария етуден және 1998 жылы күзде еліміздің Конституциясына  және басқа заңдық актілеріне өзгеріс  енгізуден, Парламенттің құқықтарын кеңейтуден басталды. Сайлау жүйесіне реформа  да жүргізілді.

Рухани даму.

Еліміз тәуелсіздікке  қол жеткізгеннен кейін қоғам  өмірінің өзекті салаларының бірі ретінде  мәдениет құрылысы саласына айрықша  назар аударыла бастады. Өйткені, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, бұрын  қағажу көрген тілімізді, өнерімізді, ұмыт бола бастаған салт-дәстүрімізді, жалпы мәдениетіміздің даму деңгейі  көтеріп, қолдау аясын кеңейтуге  мүмкіндік туды.

Мемлекетіміздегі мәдени құрылысының үлкен бір бөлігі – білім саласы. Сондықтан-да, тәуелсіздік  жылдары қазақ балабақшалары  мен қазақ мектептерін ашу  жолында көптеген жұмыстар атқарылды. Мәселен, 1989 жылмен 1993 жыл аралығында 4 жылда қазақ мектептерінің саны 839-ға көбейген.

Сонымен қатар, Республикамыздағы  білім беру саласында проблемалық  мәселелер де болды. Оның себептері  мен кемшіліктері әр алуан болатын. Ең бастысы, Қазақстан республикасы «Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы» заңының 7-бабының 3 тармағының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының 39-тармағының 2,3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік  және білім беру жүйесінің ғимараттарын жалға беруге болмайтындығының өрескел  бұзылғандығы болды. Нарық заңын  сылтауратып, көптеген басшылық орындарында  отырған шенеуніктердің балабақшаларды, орта мектептерді жеке меншікке сатуы  немесе жалға беруі білім беру саласындағы жағдайды ұшықтыра түсті. Президентіміз Н.Назарбаев 1997 жылы Республика активінің жиналысы алдында  сөйлеген сөзінде халыққа білім  беру жөніндегі бүгінгі күні жібертіліп отырған кемшіліктерді дереу  түзетуді, жалпыға міндетті оқумен қамтамасыз етуді, жағдайы төмен  ауыл мектептеріне жәрдем беруді талап  етті. Экономикамыз қиын жағдайда тұрғанына  қарамастан, мемлекет тарапынан мектептерді  компьютерлендіруге 22 миллион АҚШ  доллары бөлінетін және 1988 жылдан бастап мектептердің компьютерлермен  жабдықталынатыны айтылды.

Республикамыз нарық қатынасы өтуіне байланысты, білім беру жүйесі елеулі өзгеріске ұшырады. Нарық  заңына сай мемлекеттік оқу орындарымен  қатар, жеке меншік оқу орындары пайда  болды. Республикамызда оқу жоспары  сан-салалы балабақшалар, мектептер, лицейлер, колледждер, жоғары оқу орындары көптеп ашылды.

Тәуелсіз Республикамыз  білім саласы бойынша шет мемлекеттермен тікелей байланысқа көшті. Соның  нәтижесінде жастарымыздың шетелдерде білім алуына мүмкіндік туды. Осыған сай «Шетелде кадрлар даярлау  үшін Қазақстан Республикасы Президентінің  «Болашақ» халықаралық степендияларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылы 5 қарашада №1394 қаулысы шықты.

Қаулыға сәйкес Президенттің «Болашақ» атты 250 халықаралық степендиясы  белгіленді. Алайда, шетелдерде озық, жетекші  жастарды іріктеп жіберудің алғашқы  кезеңінен бастап-ақ, осы іске жауапты  білім, мәдениет Министрліктері тарапынан  және республикамыздың жоғары оқу орындары басшылары тарапынан елеулі кемшіліктер  жіберілді. Мәселен, Білім Министрлігі  Президенттің қаулысын орындау мақсатында нақты жоспарланған, айқын шаралар қолданбаған. Әрбір степендиятпен келісім-шарт сауатты жасалмаған. Степендияттарды іріктеуде әдеп нормаларына ауытқып, тамыр-таныстыққа жол берілген. Соның салдарынан үш жыл ішінде шетелге жіберген 30 степендият  сабаққа үлгермеуі себебінен оқудан шығарылып, 21-елге қайтып оралмады.

Еліміздегі жүргізіліп отырған  мәдениет құрылысы саласында ғылымның орны ерекше болып отыр. Дүние жүзіндегі  көптеген елдер экономикадағы елеулі жетістікке осы ғылым мен білімнің арқасында жетіп отырғаны белгілі. Қазіргі таңда ел экономикасын көтерудің  бірден-бір жолы ғылымды дамыту, оған айрықша көңіл бөлу болып  отыр. Осыған сай ең бірінші кезекте  республикамыздағы барлық ғылыми-техникалық орталықтар мен мекемелердің ғылыми-зерттеу  жұмыстарын бір жүйеге келтіріп, тәуелсіз мемлекетіміздің мүддесіне қызмет ететін келелі ғылыми орталықтарын құру болды.

Республика Президентінің  жарлығымен: экология және табиғи ұлттық орталығы, радиоэлектроника және байланыстар  жөніндегі ұлттық орталық, информатика  және есептеу техникасы жөніндегі  орталық, биотехнология жөніндегі  ұлтық орталық, механика мен машина жасау орталығы, Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты және басқа  ғылыми мекемелер мен зерттеу  орталықтары құрылды. Салалық ғылым  академиялары жүйесі кеңейтіліп, 1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасы инженерлік және ауыл шаруашылық академиялары жұмыс  істей бастады.

Мәдени құндылықтарымыз  ажырамас бөлігінің бір саласы көркем әдебиет пен өнеріміз тәуелсіздік  жылдары үлкен өзгерістерге ұшырады. Республикамыздың мәдени өміріндегі айтулы оқиғалардың бірі 1992 жылы маусым айында бүкіл дүние жүзілік қазақтардың  бірінші құрылтайы болды.

Осы бастаманың жалғасы бүкіл  дүние жүзілік қазақтардың үшінші құрылтайы 2002 жылы қараша айында Түркістан  қаласында өтті. Тәуелсіздіктің алғашқы  жылдары кеңестік дәуірде жазықсыз жазаланып атылып кеткен А. Байтұрсыновтың, Ш. Құдайбердиевтің, М. Жұмабаевтың, Х. Досмұхамедовтың, М. Дулатовтың, Ж. Аймауытовтың әдеби мұралары жарыққа шықты. 1995 жылы ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша 150 жылдығы  дүние жүзінде аталып өтілді, 1996 жылы ұлы жырау Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерейтойы республикамызда  кеңінен аталып өтілді, ал 1997 жылы қазақтың классик жазушысы Мұхтар Әуезовтың 100 жылдық мерейтойының аталып өтілуі және осы салада біршама істердің атқарылуы нәтижесінде, рухани құндылықтарымыз  молая түсті.

Қазақстанның сыртқы саясаты.

Қазақстанның тәуелсіздік  алғаннан кейін өз шекарасының мызғымастығы және қауіпсіздігін бірінші кезекке  қойды. Сыртқы саясат саласында жас  тәуелсіз мемлекеттің алдында күрделі  міндеттер тұрды. Бұл міндеттер  туралы Нұрсұлтан Назарбаев «Ғасырлар  тоғысында» атты еңбегінде былай  деп жазды: «Біріншіден, біздің мемлекетіміздің  шын сипатын танытуымыз керек  болды. Екіншіден, Қазақстанды халықаралық  дәрежеде мойындатып, оның қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуіміз қажет болды. Үшіншіден, әлемдік шаруашылық жүргізу мен  экономикалық байланыстарға белсене  араласуымыз қажет болды. Біздің сыртқы саясатымыздың қалыптасу  кезеңі осындай өрелі міндеттерді  жүзеге асырудан басталды».

Қазақстан барлық ядролық  зымырандарды Ресейге алып кетуге келісім  берді. Осындай салиқалы саясаттың  нәтижесінде дүние жүзілік қауымдастықтың Қазақстанға деген сенімі артты. Өз кезегінде Қазақстан да ұлы  мемлекеттерден өз қауіпсіздігіне кепілдік беруді талап етті. 1994 жылы желтоқсан  айында АҚШ, Ұлыбритания және Ресей  Қазақстанның шекарасының мызғымастығы және оған қарсы ядролық қаруды қолданбайтындығы  туралы келісімге қол қойды.

Қазақстанды сыртқы саясат саласында  қуаттап дем берген ең алғашқы  мемлекет – Түркия мемлекеті болды. Түбіміз бір, тіліміз бір, мәдениетіміз ұқсас Түркия елі Қазақстанның тәуелсіздігін  бірінші болып таныды. Қазақстан  Түркиямен дипломатиялық және экономикалық қатынасты дамытуға маңыз бере отырып, 1991 жылдың қыркүйек айында қазақ-түрік  іскерлік кеңесін құрды. Кеңес 73 қазақстандық және 183 түркиялық кәсіпорындар ассоциация, фирма, банк, биржалардың басын біріктірді. Олардың қатарында «Қарағанды көмір», «Екібастұз көмір», «Маңғыстау мұнай  өндірістік бірлестікетері» және тағы басқа ірі өндіріс фондары  бар.

Қазақстан Репсубликасы өзінің сыртқы саясат үлкен мемлекет Қытаймен қарым-қатынасқа үлкен мән беруде. Кеңестер дәуірінде Қытаймен арадағы  қатынас ушығып кеткен болатын. Сонымен  бірге Қазақстанның Қытаймен арадағы  шекарасы 1740 километрге созылып жатыр. 1992 жылы тамыз айында Қазақстан мен  Қытай арасында, ұзақ мерзімге арналған келісімге қол қойылды. Қытайда  Қазақстан елшілігінің ашылуы, Қазақстан-Қытай  шекара келісіміне қол жетуі –  Республикамыздың сыртқы қатынастарға зор табысы. 1995 жылғы ақпанда ҚХР-дың  Қазақстан қауіпсіздігіне кепілдік бергені екі елдің қарым-қатынасын  одан әрі баянды ете түсті.

Қазақстан Республикасының  АҚШ, Канада және Батыс Европадағы дамыған  елдермен дипломатиялық және экономикалық қатынасын дамытудың маңызы зор. 1992 жылғы мамырда Президент Н.Назарбаевтың АҚШ-қа барған сапарында Президент  Дж. Буш екеуі үш келісімге қол  қойды. Бұл келісімдер сауда, экономикалық және инвестициялар саласындағы  байланыстарды кеңейту үшін құқтық негіз қалады.

Францияның «Эльф Акитен», Англияның «Бритиш газ», Италияның  «Аджип» сияқты компанияларымен  мұнай және газ өндіру үшін іскерлік байланыстар жасалуда.

Сонымен қатар, тәуелсіз мемлекеттер  достастығы елдерімен Қазақстан  арасында шекараның ашықтығы, азаматтардың жүріп-тұру бостандығы сақталып отыр. 1996 жылы желтоқсан айында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан Республикалары арасында мәңгілік достық қол қойылды.

      Қорыта келгенде, тәуелсіз Қазақстан дүние жүзінің  көптеген елдерімен тең деңгейде  дипломатиялық және экономикалық  қарым-қатынастар орнатты. Тәуелсіздік  жылдары еліміздің сыртқы саясаттағы  күш-жігерінің арқасында орасан  зор тарихи маңызы бар міндеттер  орындалды. Қазақстан дүниежүзілік  қауымдастықта лайықты өз орнын  алды. Егер 1991 жылы әлемдік қоғамдастықтың  іс жүзінде Қазақстанға қандай  да бір ықыласы аумай келсе,  бүгінгі күні Қазақстанды әбден  танып, құрметтеп отыр. Қазақстан  Орталық Азияның көшбасшысына, халықаралық  құрметті әріптеске, халықаралық  лаңкестікке, есірткінің жайылуы  мен ядролық қарудың таралуына  қарсы белсене күресетін мемлекетке  айналды. 

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан  әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, оның бастамалары тәжірибе жүзінде әрқашан кең қолдау тапты  және нақты іс жүзіне асырылып отырды. Бүгін біздің еліміз халықаралық  дәрежеде танылудың жаңа сапалық  деңгейіне көтерілді. Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық  етуі туралы шешім оның сенімді дәлелі болды


Информация о работе Тәуесіз Қазақстан 29 – 30 дәріс