Түріктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 20:48, реферат

Краткое описание

Этникалық ортаның өзгеруіне байланысты біздің заманның 1-ші ғасырында Еуроазия далаларында басымдық түркі тілдес тайпаларға ауысты. Бірінші түрік қағанаты мемлекетінің құрылуымен Қазақстанның орта ғасырлық тарихы басталады.

Содержание

.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
1).Түріктердің шығу тарихы
2). Түркілердің дербес халық ретінде тарих сахнасына шығуы
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

тарих.doc

— 78.00 Кб (Скачать документ)

Жоспар  

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім

1).Түріктердің шығу тарихы

2). Түркілердің дербес халық ретінде тарих сахнасына шығуы

3.Қорытынды

4.Пайдаланылған  әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Этникалық ортаның өзгеруіне байланысты біздің заманның 1-ші ғасырында Еуроазия далаларында басымдық түркі тілдес тайпаларға ауысты. Бірінші түрік қағанаты мемлекетінің құрылуымен Қазақстанның орта ғасырлық тарихы басталады.

1968 жылы Монғолияда  Орхон алқабында түркі руналық  жазуның ескерткіші табылды, әзірше бұл түркі қағанаты дәуірінің алғашқы ескерткіші.

Бұл жазулар  кағандардың билеушілерінің қорған- жерлеу орындарында қойылған. Қағандар билеушілері – Таспара, Бильге және оның ағасы Күлтегін. Міне, осы түркі  жазуларынан біз түркі империясы  – түркі елі (мемлекеті) туралы білеміз.

Ерте ортағасыр  дәуірінде Римнің құлауынан оңала  алмай жатқан Еуропаға қарағанда  Орта Азияда күрделі өзгерістер болды. Санаулы онжылдықта Ұлы Дала кеңістігінде Рим империясының аумағынан кем  емес мемлекет құрылды. Дала империясы  – түркі қағанатының тууы - түркі әлемі туралы ұғым туғызды, Қазақстан тарихында және басқа да Еуроазия елдеріндегі ежелгі түркі деп аталатын жаңа дәуірді ашып берді.

Түркілер тарихы - Қытай жылнамашыларының жазып алған  ежелгі түркі аңызына сүйенсек, Шығыс  Тянь Шань – Турфаннан басталады. Бұл аңызға қарасақ түркілер ата- бабалары жау тайпаларымен түбімен жойылған, тек бір ғана 10 жастағы ер бала аман қалған, оны бір қасқыр өлімнен аман алып қалып, өзі асырыған, кейіннен оған әйел болып, 10 ер бала туған. Олардың бәрі Түрфан әйелдеріне үйленген. Осы Тарланның Ашина есімі бір немересі жаңа тайпаның көсемі болып, оған өз есімін берген. Кейіннен Ашина руының көсемдері өз туысқандарын Алтайға шығарады, онда олар жергілікті тайпаларды игеріп, түркі есімін қабылдайды. Сондықтан да қасқыр - көптеген түркі халықтарының ең қасиеттейті хайуаны. Сол қасқыр терісі - ішінде қолдары мен аяқтары шабылған адам жатқан қасқыр фигурасы каған стеласындағы барельефте бейнеленген.

Аңыз түркілердің  шығу тегін Шығыс Тянь-Шаньмен, Қытай жылнамашылары сияқты байланыстырады. Қытай жылнамашыларының айтуынша кейінгі ғұндар тайпасы ІІІ-IV ғасырда солтүстік Тянь-Шаньға қоныс аударған және Турфан аймағына ығыстырылып, онда 460 жылға дейін мекендеген. Сол жылы оларға монғол тілді жуань – жуань (авар) тайпалары шабуыл жасап, олардың иеліктерін құртып, ғұн тайпаларын Алтайға ығыстырған. Сол тайпалар ішінде Ашина ұрпақтарының тайпасы да болған. Ашина Алтайға қоныс аудармай тұрып жергілікті халықпен араласып кеткен. Олар күштерін жинап аварларды талқандады.

551 жылы түркі  билеушісі Бұмын “қаған” титулын  алды, яғни ол император дегенді  білдіреді. VI ғасыр ортасында тарихи  аренаға жаңа тұлға – Түркі  қағанаты келді.

Мұған қаған (553-572) 553 жылы Оңтүстік Батыс Манчжуриядағы  моңголдардың қидан тайпаларын және Енисайдағы қырғыздарды жаулап алып, түрік елінің Орта Азияның Оңтүстік Сібірдегі өктемдегін біржола орнықтырды. Бірінші Түрік қағанаты атанған осынау мемлекеттік құрылым 630 жылға дейін сақталған.

Қытай жылнамаларының айтуына қарағанда әлгі қағанат  Ұлы Қабырға сыртында жатқан елдердің баршасының зәресін алған. Шығыстан Корей шығанағына дейіңгі он мың км жуық, Оңтүстіктен Алашан Гоби шөлдеріне, солтүстіктен Байкалға дейінгі бес-алты мың км жуық жердегі ұланғайыр кеңістік осы державаның табанында жатты. Ол аздай-ақ Қытайдың Солтүстігіндегі Ци және Солтүстік Чжу мемлекеттерін де өзіне қаратып алды. Міне оның қуаттылығы осындай болған.

Түріктердің Батысқа қарай  жасаған жорықтары да жемісті  болған. 5 ғасырдың 60-шы жылдарының соңына қарай түрік қағанаты сол заманғы ірі де іргелі мемлекеттер – Византияның, сасанидтік Иранның және Қытайдың саяси, сондай-ақ экономикалық қарым-қатынастары жүйесіне кіреді де, Қиыр Шығыс Жерорта теңізі жағалаундағы елдерді жалғастыратын сауда жолдарына бақылау жасау үшін күрес жүргізеді.

555-558 жылдары түркілер  Жетісу мен Қазақстанның Сырдария, Арал, Орал және Жайыққа дейінгі  далаларын иеледі. Түркілердің батысқа  қозғалысы тек жаулап алу болған  жоқ, сонымен бірге ол Орта  Азия түркілер тайпаларының қоныс  аударуы және олардың Солтүстік Шығыс Орта Азия аймақтарына, алдымен қазақ далаларына қоныстанулары болды.

Қазіргі түркі  тілдерінің шығу, пайда болу негіздеріне  сүйенсек, оның негізгі қайнар көзі көне түркі заманынан да әрі басталғанға  ұқсайды. Өйткені, тарихта «тукюэ», «түркі», «түрік» деген атпен пайда болған халықтар өз негізін қайдан алды. Мәселен, кейбір ғалымдар түркі халықтарының негізі шумерлерден басталған десе, ал отандық түрколог, академик А.Н. Кононовтың пікірінше, «ту-кюэ» тұлғасындағы терминді қытайлар шығарған, негізінен бұл сөз «түркут» немесе «түркләр» болуы мүмкін деп мәлімдейді. Себебі қытайлар ертедегі түріктерді, басқа көршілес елдерге қарағанда ерте әрі жақсы таныған. Ертеде Алтай тауының тұлғасы дулығаға ұқсас болған көрінеді. Таудың етегінде Ту-кюэ деген лагерь жайласқан. Ондағы жасаған адамдардың киген шілемі ту-кюэ деп аталғандықтан оны киген тайпаны да Ту-кюэ деп атаған. Ал қытай тілінің маманы И.Бичурин және монғол тілінің маманы Шмидт «Ту-кюэ» монғол сөзі дейді. Себебі монғол тіліндегі «дудулға» сөзі «шлем» деген мағынаны білдіреді.  
Түркі сөзі туралы алғашқы түсінік еуропада б.э.д. VII ғасырда пайда болған. Ол «Троя» аңызының шығуына байланысты «трюк» сөзінің пайда болуы. Бұл жалған этимология болуы да мүмкін, дегенімен бәрібір «түрік» сөзіне келіп тіреледі.  
Этнограф ғалым Д.Айтмұратовтың еңбегінде «түрк» сөзі шығыстың бір ханының аты. Ал «Авестада» болса, ол бір қаһарманың аты. Е.Блоше Тұран жеріндегі жасаушы түрк тайпаларының аты «Turya» деп көрсетсе, кейбір ғалымдар түркі сөзі «тура» деген сөзден шыққан деген пікірді айтады.  
«Шахнама» дастанының дүние жүзіне танулы бұл «Тұран» сөзінің «Тұр» есімінен пайда болғанын, яғни Феридумның аты «Тұр» сөзі, «Түрік» сөзімен байланысты екенін дәлелдейді.  
Ал, түрк халықтарында бұл туралы аңыздар көп. Мәселен, біз М. Қашқаридің еңбегінен, хадистерде жазылған құдайдың сөзі туралы мәліметтерді келтірсек, онда былай көрсетілген «Бізді жаратушы құдай: - «менде күшті әскер бар, мен оларға түрк деген ат бердім және оларды шығысқа жайластырдым. Мен қай кезде, қандай да бір халыққа қаһарлансам сол халыққа «түрк» деген қолданысты беремін деген екен».  
Сондай-ақ «түрк» этнонимі туралы ғалымдар арасында әртүрлі пікірлер бар. Дегенмен бұл пікірдің барлығын «түрк» сөзінің келіп шығуы тарихына байланысты жалған этимологияға қарағанда ғылыми этимологияға негізделген дұрыс.  
Мәселен академик А.Н. Кононов, Н.Я. Марр «түрк» сөзінің шығуы тарихы туралы «Құдайдың атаған «түрк» сөзінің қолдайтынын және өзінің пікірі де осымен мазмұндас екенін айтады».  
Түрк-монғол тілдерінің байланысы қайдан келіп шықты деген пікірге үңілсек, біз ең алдымен түркі-монғолдарының татар-монғол болып бөлінуінен дерек көздерін табамыз. Өйткені, түркі халықтарындағы «оғұз» этнонимінің шығуы тарихы жайлы дерек көздерге сүйенгенімізде. Оғыздың арғы атасы Монғол ханнан тараған. Одан төрт ұл туылып, оның бірі Қарахан болған.  
Қараханнан туған Оғыз, түркі халқын пайда етуші қаһарман, ол осман түріктері, түркмен, әжербайжан халықтарының ата тегі яғни бабасы. Сондықтан түркі халықтары арасында үлкен бір мұра «Оғызнама» дастаны қалған.  
Сондай-ақ Ә. Бахадырханның «Түріктер шежіресі» еңбегінде көптеген деректерді келтіреді. Себебі, түркі тілдерінің негізін оғыз, қыпшақ, қарлұқ тайпалары құрайды. Ал оғыз негізінен монғолдан туылған ұл, дегенімен ол өзінің дүниеге келуінен ерекше болып туылып, бүкіл монғолдарды мұсылман дінін қабылдауға мәжбүр еткен. Оғұз дүниеге келгенде әкесі Қара хан бір жылға дейін өзгеше туылған ұлына ат қоя алмаған. Соңында Оғұз ханның салтанаты Шыңғыс ханнан кем болмағанын шежіреден байқаймыз. Ол өз дәуірінің ханы болған. Түркі халықтарының оғыз тайпасы осы Оғыз ханнан тараған ұрпақ болып саналады.  
Ал «қыпшақ» тайпасы «оғұз» тайпасынан кейін пайда болғанын дәлелдейтін мына пікірлерге сүйенсек, Оғұз ханның батыр, бектерінің бірі соғыста қайтыс болып, оны іздеп келген әйелі, баласын ағаш қуысында туады. Оны естіген Оғұз хан баланың атын Қыпшақ қойды, себебі ежелгі түркі тілінде «Қыпшақ» сөзінің мағынасы «іші қуыс ағаш» дегенді білдірген. Сондықтан қуыс ағаш ішінде туылған деген мағынаны білдіретін «Қыпшақ» сөзі, қазіргі күнде барлық қыпшақ елінің бабасы. Өйткені, Оғұз хан оны тәрбиесіне алып, Еділ жұртына патша етіп дайындаған.  
Осы уақыттағы түркі тайпалары: ұйғыр, киікті, қыпшақ, қалаш, қарлұқ болатын Қыпшақтар Еділ, Жайық бойында, киіктілер түркімендермен бірге, қарлұқтар Сыр бойында еді, - дейді профессор К.Мәмбетов. Біздің пікірімізше Еділ, Жайық бойында сол кезеңде қазақ және қарақалпақ халықтарының қыпшақ тайпалары жасаған. Оны тарихи деректер мен шежірелер дәлелдейді. Ал түркмендермен бірге киіктілер деп отырған тайпалар ысықтар болуы мүмкін. Өйткені, ысықтарды киік сауған, киікті деп те атайды. Себебі Каспий теңізінің жағалауында «ығысықтар» деген тайпалар жасаған. Сыр бойындағы қарлұқтардың негізі қимақтардан тараған, осы күнгі дулаттар болуы мүмкін. Қазіргі дулаттардың өзі қарлұқ тайпасының өкілі екені тілдік ерекшеліктерімен әдет-ғұрып, салт-сана дәстүрлерінен айқын көрінеді.  
Ұйғыр этнонимі бір заттың ұйуынан алынған сөз. Мәселен, сүт құрамындағы заттарды бір-бірінен айыруға болса да,ол ұйығаннан кейін бір –бірінен ажыратып болмайды. Сондай-ақ тоғыз сайда отыратын тоғыз санды ұйғырлар атанған тайпа ұйғыр халықтарының негізін құрайды.  
Ең алғаш рет қыпшақ даласында бірнеше түркі тайпалары жасағаны мәлім. Дегенімен, олардың бірігуі мен тарқауы өте тез болған. Бірігу – бір түрдегі және бір тілдегі халықтарды қалыптастырған болса, ал айрылу көп  
түрлі және көп тілді халықтарды пайда ете бастаған еді. Ал Шыңғыс ханның немере, шөберелері кезінде он бестен астам түркі тайпалары халық болып қалыптасқан. Олардың ең ірілері өзбек, қазақ, түркімен, қырғыз, қарақалпақ, татар және башқұрт хандықтарын құрып, сол халықтардың қалыптасуына негіз болды. Бұл халықтар бірден пайда бола қойған жоқ. Ең алғашқы тілі мен түрі бір-біріне ұқсас болған халықтар одағы түзілді. Ол он сан түрік тайпаны өз айналасына біріктіре алған ХІV ғасырдағы Ноғайлы одағы еді. Одан кейінгі Өзбек ханның тұсындағы өзбектер одағы, өз айналасына өзбек, қазақ, қарақалпақтардан тұратын үш халықты біріктірген болатын. Соңынан бұлардың барлығы да өз алдына халық болып қалыптасты.  
Профессор Н.А.Баскаковтың түркі тілдерін жүйелестірудегі классификациясы осы кезеңге сәйкес келеді. Өйткені, ол қыпшақ-ноғай, қыпшақ-бұлғар, қыпшақ-оғұз, қыпшақ-қарлұқ деп, қыпшақ тілдеріндегі түркі тайпаларын іштей төрт топқа бөледі.  
Осы түркі халықтарының ішінде қазақ, қарақалпақ, ноғай халықтары бір негізден тараған деген пікірге толық қосыламыз. Себебі, оны дәлелдейтін ең алғаш аталған халықтардың қазіргі күнге дейін сақталған тілі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері. Мәселен, Оңтүстік қазақтарының тілі, ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы қарақалпақтарға ұқсас келеді. Өйткені, қазақ халқының дәстүрінде болмаған нәрсенің өзі Оңтүстік қазақтарында ұшырасуы, ол тегіннен-тегін нәрсе емес. Қарақалпақтардың қазақтар мен бірге жасағанын дәлелдейтін көптеген тарихи дерек көздері бар. Мәселен, Ноғай ордасы, Орманбет би өлгенге дейінгі аралықтың өзі біраз нәрсені аңғартады. Негізінде қарақалпақ халқы қазақтармен бірге Еділ, Жайық бойларында, Жетісу өңірінде жасағаны тарихи деректерден айқын көрінеді.  
1596 жылғы Жоңғар шапқыншылығынан кейін қарақалпақ халқы үлкен бүлгіншілікке ұшырап, Хорезм, Түркістан төңірегінде жасап жатырған өз халықтарына барып қосылған.  
Қарақалпақ халқы жайлы мәліметтер ХІV-ХVІ ғасырларда Хорезм, Сарайшық, Түркістан құжаттарында кездесетін болса, ХVІ ғасырдан бастап, Түркістан, Хорезм және Бұхара деректерінде кездеседі.  
ХVІ ғасырдың соңында қарақалпақ халқы Түркістан уәлеятының жергілікті халық болып есептелген және Сығанақта жасаушы халық сипатында мәлім болған. Түркістан бұл уақытта біресе Бұхара ханының, біресе Қазақ хандығының қол астында болып тұрған.  
ХІV ғасырда Алтын Орданың ыдырап кетуіне байланысты, бірнеше түркі халықтары пайда болады. Өзбек, қазақ, түркімен және қырғыз өз алдына халық болып ұйымдасты. Соңынан татар, башқұрт және Сібір мен Кавказдың түркі тілдес халықтары өз ара ажыраса бастаған еді. ХVІІ-ХVІІІ ғасырға келгенде көпшілік түркі халықтары өздерін ұлт ретінде тани бастады.  
ХVІ ғасырға келгенде өзбектер үш хандыққа (Хорезм, Бұхара, Қоқан), онан көп кейін қазақтар жүзге (ұлы, орта, кіші) болып бөлініп, өз хандықтарына ие болған еді.  
Бұл жағадайлардың барлығы да тілде өз көрінісін табады. Өйткені, өзбек тілінің Хорезм диалектісі, Бұхара диалектісі, Қоқан диалектісі болып бөлінуінің өзі де, қазақ тілінің қалыптасуына өз ықпалын жасады. Өйткені жүзге бөлінген халықтың тілінде, әдет-ғұрпында әрине көптеген өзгерістердің болуы, көршілес түркі халықтарының ықпалы дегіміз келеді. Өйткені, қазіргі күнге дейін қазақ тілінде сөйлегісі келмей жүрген қазақтың ата-тегінде, қанында өзге халықтың қаны мен тілінің ықпалы бар деп ойлаймыз.  
Ал қарақалпақ халқының шежіресін жазған профессор К.Мәмбетов, Қарақалпақтардың шыққан тегін сақ және массагет тайпаларымен байланыстырады. Олардың ішінде дәрья бойы сақтарының құрамы нәтижесінде пайда болған деп ой түйеді. Қарақалпақтардың жауынгер халық болғаны жайында көрнекті тарихшы С.П.Толстов жазады, әсіресе ІХ ғасырдағы араб тарихшысы А.Н.Науверий «Сол дәуірдегі Хорезм патшасы Алтын Таштың сахара тайпаларынан таңдап алған атты әскерлерінің аты «қалпақтар», - деп аталатын еді дейді. Бұдан басқа да мәліметтерге қарағанда ерте дәуірлерде ежелгі Хорезмде «қаңлылар» мемлекеті қыпшақтардың бір бөлігі болған «ябырлар» мемлекетінің пайда болуы, түркі халықтарының этнографиясымен байланысты деп есептейміз. Бұл дәуірде Әмудария мен Сырдарияның төменгі ағысында оғыз, қыпшақ және қарлұқ тайпалары бірігіп жасады. Бұлардан оғыздар: түркімен және әзербайжан, қарлұқтар: өзбек пен ұйғыр, қыпшақтар: қазақ, қарақалпақ, қырғыз тайпаларын пайда еткенімен, кейінен оғұз-қыпшақ және қарлұқ-қыпшақ болып араласып кеткендігі белгілі. Бұл уақытта қазақтардың басты бөлігі Жаңакент пен Созақ аралығында, ал қарақалпақтар Арал теңізінің оңтүстік жағаларынан бастап Жаңакентке дейінгі жерді иелеген. Міне, осындай дереккөздерді жинақтай келе,біз түркі тілінің дереккөздерін, туыстас түркі халықтарының тілі, тарихы, әдебиеті мен мәдениетін қарастыра отырып, анықтауымызға болады.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 
1. Ә.Бахадурхан. Түркілер шежіресі. Н.,1988ж.  

2. «Қазақстан тарихы» Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.


Информация о работе Түріктер