Түрік дәуірінің кезеңделуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2013 в 18:22, реферат

Краткое описание

Бұл шығарма ерте ортағасырлық және дамыған ортағасырлық мемлекеттер туралы сыр шертпек.
Сол кезеңдерде өмір сүрген елдердің кейінгі құрылатын мемлекеттердің негізі болғанын және Қазақстан аумағында біртіндеп өркениеттің дамуына септігін тигізді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Реферат Түрік дәуірінің кезеңделуі.docx

— 62.22 Кб (Скачать документ)

 

Қарахан мемлекеті

Хронологиялық шеңбері

(940-1212ж.ж)

 

Аумағы

Мекендеген  жеолері:Қағанатқа шығыс Түркістан,Жетісу,Сырдария,Шуөңірлері кіреді.

Орталығы: Баласағұн қаласы

Діні

960ж. Мұса хан Ислам  дінін мемлекеттік дін деп  жариялайды.

Әлеуметтік -экономикалық дамуы

 

  • Мемлекеттің негізін қалаушы: Сатұқ Боғра хан
  • Негізгі халқы қарлұқтар
  • Билеуші титулы “хан”
  • Елді негізінен шігіл тайпаларынан шыққандар басқарды
  • Ұсақ аймақтарды билеушілер “илақ” немесе “тегін” деп аталды
  • Сатұқ Боғра хан (940 – 955ж.ж)
  • Ел территориясын үлкейтуге күш салды
  • Мұса (955 – 960ж.ж)
  • 960ж басында  Исламды мемлекеттік дін деп жариялайды.Қарахан мемлекетінің астанасы Қашғар болды
  • Арслан хан(960 – 990ж.ж)
  • Тараз бен Баласағұнның да билеушісі болды
  • Насыр(990 – 1004ж.ж)
  • Қарахан мемлекетінде ықпалды әрі күшті екі әулет билік етті: Әли Арслан хан ұрпақтары(Әлилер)
  • Хасан Боғра хан ұрпақтары (Хасанилер)

 

 

Саяси тарихы

  • Хасан Боғра хан  990ж Испиджабты, 992ж Бұхараны ,баласы Жүсіп Қадыр хан Қотан қаласын жаулап алады.
  • Насыр  Орта Азиядағы  Саманилерді ойсырата жеңеді
  • 1004 – 1005 ж.ж  Қарахан хандығы Мәуереннахр  жерін түгелдей жаулап алды
  • Осыдан кейін Қарахан мемлекеті екі қанатқа бөлініп кетті
  • Қарахан мемлекеті  11ғ  30жылдары Батыс және Шығыс болып екі иелікке бөлінді: Шығыс хандық
  • Оңт. Шығ.Қаз,Шығ Түркістан

Астанасы:Баласағұн,Қашқар

  • Батыс хандық
  • Мәуереннахр жерлері

Астанасы:Самарқанд 

 

 

Саяси нәтижесі

12ғ  ортасында қаптаған қарақытайлар  Жетісу мен Баласағұнды,Шығыс  қарахандықтың иеліктерін түгел  басып алады.

Осылайша  құдіретті Қарахан мемлекеті  13ғ басында өмір сүруін тоқтатады.

 


 

Қимақ мемлекеті

Хронологиялық шеңбері

(9 – 11ғ.ғ)

 

 

Аумағы

Қимақ тайпалары  7ғ басында  Монғолияның Солтүстік батысын  мекендеген. 8ғ  ортасында  Алтайдың  солтүстігі мен Ертістің бойына жақындаған. 

Діні

Көк тәңірі ісіне ата баба аруағына табынды.Алғашында қимақтарда өлгендерді өртеп жіберді.Тіпті  мүсінге де табынды.Ертіс өзенін қасиет тұтып,өзен адамның тәңірі деп  сиынды.

Әлеуметтік -экономикалық дамуы

 

Кимек билеушісі  едәуір құдіретті болған.Кимек қағанаты қалыптасқан уақыттан бастап,олардың  патшасы “қаған” деп атала  бастады.

Кимектерде ертедегі түріктердегі :шад, ябғу, кіші қаған,ұлы  қаған  сияқты дәреже сатылары болған.

  • “Худуд әл аламның” кимектердің он бір басқарушысы туралы мәліметтері,сондай ақ әл Идрисидің “кимектер қағанында хаджиб,уәзірлер,әділетті жіне жақсы мемлекеті бар”  деген хабары кимектерде мемлекеттік басқару аппараты болды деуге мүмкіндік береді. Этникалық құрамы : Жазба деректерде кимек этнонимінің уақыты жағынан алғаш рет айтылуы 8 ғасырға  жатады.
  • Кимек федерацясының алғашқы құрамы  Гардизи еңбектерінде келтірілген
  • Бұл одаққа жеті тайпа: эймур,имек, татар,байвндұр, қыпшақ, ланиказ, ажлар тайпалары кіреді.
  • Гардизи еңбегіндегі имек этнонимі 7ғ қытай шежірелеріндегі яньмо деген түрік тайпаларымен бір деп саналады.

Саяси тарихы

  • Әл-Идриси былай деп жазады: “Кимектер патшасы – ұлы патшалардың бірі, өзінің қабілеті жағынан даңқы шыққандардың бірі... Түрік патшалары қаған өкіметінен қауіптенеді,  ол кегін алады деп қорқады, оның күшінен сақтанады, оның шапқыншылықтарынан қашқақтайды, өйткені олар мұндай іске бұрын талай барғанын біледі, оларды өз бастарынан өткізген”

 

  • Ибн Хордабек  кимектерді қыпшақтардан бөлек санайды.”Худуд әл алам” бойынша ,қыпшақтар кимектерден бөлініп  шыққан және тұрмыс салты неғұрлым қарапайым халық. Қыпшақтар кимектерге саяси тәуелді болды.Қыпшақтардың билеушәлерін Кимектер қағаны тағайындап отырды.
  • Ал  Махмұд  Қашқари имекиер мен қыпшақтардың жақындығын айта келіп, қыпшақтардың өздері өзін имектер деп санамайды,қайта оларды өздеріне тегі жақын деп санайтынын атап көрсетеді.
  • “Худуд әл алам” мен Идрисидің деректері бойынша,кимек мемлекетінің ұйытқысы он екі тайпа болған
  • Кимектере қарасты аумақта қыпшақ бірлестігімен қатар кумандар да болғаны айтылады. Қимақтардың астанасы  Имақия қаласы болды.
  • Жазғы ордасы Алакөлдің бойындағы Карантия қаласы болды.
  • Оларда он алты ірі қала болды.
  • Оның он екісі Ертіс өзенінің бойында орналасты
  • Кедейленген халық отырықшылықпен айналысты. Оларды ятуптер деп атады.

 

 

Саяси нәтижесі

10ғ аяғы 11ғ басында  Кимек мемлекеті ыдырайды.

11ғ қарай билікке қыпшақ  тайпалары келе бастайды .Қимақтар  қыпшақ тайпаларының құрамына  еніп қыпшақтар деп атала бастады.  Сондықтан 11ғ басында Қимақ мемлекеті құлады.


 

Қыпшақ хандығы

Хронологиялық шеңбері

(XI-XIII ғасырдың басы)

 

 

 

Аумағы

Қыпшақ хандығы XI ғ  құрылды .

Алтайдан Еділге  дейінгі  аралықты “Қыпшақтар даласы” (Дешті  Қыпшақ) деп атаған.

Діні

Жент пен Фараб арасындағы қыпшақтар пұттық дінді ұстады.Көк  бөрімен көк аспанға табынды.Түркі  тілдес тайпалар Ұмай анаға табынды.

Әлеуметтік -экономикалық дамуы

 

Жалпы қыпшақтардың этникалық құрамы  екі бөліктен тұрады:

  • Батыс бірлестігі

11 тайпадан  тұрады:

елбөрілі,  тоқсоба,

йетиоба,  дурут

  • Шығыс бірлестік

16 тайпадан  тұрады:

8 негізгі , 8 ұсақ  тайпалық бөлімшелер.

Ең беделдісі  бөрілер болған.

Қыпшақ хандары  осы тайпадан шығып отырған.

  • Қыпшақ бірлестігіндегі түрік тілдес тайпалар: Қимақ,Оғыз,Құман,Ежелгі башқұрт
  • XIIғ бастап Арал маңындағы :Қаңлылар,

Қарлұқтар,Жіліктер  қосылған. Қытай тарихшысы Жүзжани  бөрілерді хан әулиетінің тайпасы деп атаған.

Хандық биліктің орталығын  “орда” деп атаған.

Әскери  басқару  жүйесі бойынша оң және сол қанат  болып бөлінді.

Ақсүйек-шонжарларға

Хан , Ханның туыстары , тархандар ,басқақтар  , бектер  ,  байлар, ру-тайпа көсемдері

        Құлды “яланкуг” деп атаған

 

Саяси тарихы

    Қыпшақтар  Хорезм елімен  қатынасты жақсартуға  тырысады.

    Хорезм  билеушілері Текеш пен II Мұхаммед  қыпшақ ханы Қадыр Букехан мен оның жиені Алып-Деректің арасындағы билік үшін таласты пайдаланып,Сығанақ қаласын басып алуды ойластырады. Текеш Отырарды билеп отырған Алып-Деректің әскерін өз жағына шығарып, қаланы жаулап алды.

     Билік  үшін бәсеке тек монғолдар  екі елді де жаулап алғаннан  кейін ғана біржола тынады.

Саяси нәтижесі

Өз ішіндегі билік үшін күрес қыпшақтарды ыдырата басьады.Он үшінші ғасыр басында Қыпшақ мемлекетінің жері толығымен Хорезмшах мемлекетінің қолына өтеді.


 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қарахан және Қарақытай мемлекеті (Қазақстан тарихы І том, 398-408бет, 416-419бет, Алматы «Атамұра» 2010 жыл )
  2. Қимақтар (Қазақстан тарихы очерктер, 67 -70 бет, 1991 жыл, «Дәуір баспасы»)
  3. Қыпшақтар (Жолдасбайұлы, Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан, 119-144бет)
  4. Оғыз мемлекеті (kk.wikipedia.org/wiki/Оғыз_мемлекеті)
  5. Наймандар мен керейлер (kk.wikipedia.org/wiki/Найман,      

                                                     kk.wikipedia.org/wiki/Керей)

6.   Түрік қағанаты (ШЫҢ, 31-41бет, 2010 жыл  )


Информация о работе Түрік дәуірінің кезеңделуі