Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2013 в 16:16, реферат
Баласағүни ғылымның табиғаттану, математика, астрономия, тарих, араб, парсы тілі білімі сияқты салаларымен де айналысқан. Жүсіп Баласағүни, аты-жөніне қарағанда, Қарахандар мемлекетінің көрнекті қаласы және астанасы болған Баласағұн қаласында дүниеге келген. Атақты дастанын Баласағұн қаласында бастап, Қарахандар мемлекетінің шығыс бөлігінің астанасы Қашқарда аяқтаған. Бұл кез Қарахандар мемлекетінің саяси жағынан бытыраңқылыққа ұшырап, екіге бөлінген кезі. Ақын өзінің атақты дастанын Боғра ханға сыйға тартқан. Бұған риза болған хан Жүсіпті сарайдағы уәзірлердің үстінен қарайтын үлкен қызметке сайлаған. ХасХажиб деген үлкен атақ немесе басуәзір деген сөз оның атына осыдан қосылса керек. Жүсіптің басты көңіл бөлген мәселесі — мемлекеттің саяси-қоғамдық және мәдени мәселелері болған.