Тарих толқыныда

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 14:54, реферат

Краткое описание

Ұлтты жобалап жоспарлайтын» балаң уақыт артта қалды. Ұлт дегеніміз жанды организм, оның даму барысы әлеуметтік-биологиялық және мәдени мүмкіндіктермен шектеліп отырады. Ұлтты соңырауқұлақша қаулатып өсірудің пайдасы жоқ, олай етуде мүмкін емес. Түптеп келгенде ұлттық мемлекеттік саясаттың базалық негізі өзін-өзі тану мәселесі болып шығады.Мойындауға тура келеді, сыртқы мәдени ықпал қазақ ұлтының мәдени біртұтастығын көңілдегідей етуге дес бермей отырғаны рас. Мұндай әрекетсіздік бел алса, онда тарихтың тегеуріні біздің тоз-тозымызды шығарады, себебі, қазақ ұлтының ішіндегі әрекеті өзінше толқып, басқаша тартылыс орталықтарына қарай ойысуы табиғи құбылысқа айналмақ

Прикрепленные файлы: 1 файл

назкен.doc

— 57.50 Кб (Скачать документ)

Ұлтты жобалап жоспарлайтын» балаң  уақыт артта қалды. Ұлт дегеніміз  жанды организм, оның даму барысы әлеуметтік-биологиялық  және мәдени мүмкіндіктермен шектеліп отырады. Ұлтты соңырауқұлақша қаулатып өсірудің пайдасы жоқ, олай етуде  мүмкін емес. Түптеп келгенде ұлттық мемлекеттік саясаттың базалық негізі өзін-өзі тану мәселесі болып шығады.Мойындауға тура келеді, сыртқы мәдени ықпал қазақ ұлтының мәдени біртұтастығын көңілдегідей етуге дес бермей отырғаны рас. Мұндай әрекетсіздік бел алса, онда тарихтың тегеуріні біздің тоз-тозымызды шығарады, себебі, қазақ ұлтының ішіндегі әрекеті өзінше толқып, басқаша тартылыс орталықтарына қарай ойысуы табиғи құбылысқа айналмақ. Біз немесе жағымды жағымсыз ықпалдарына қарамастан, әртекті мәдениет тасқынында өзімізді құлықсыз, тұтынушы ретінде сезінеміз, алайда кең ауқымды ақиқаттан басқа біздің өзіміздің ұлттық  мақсат-мүддеміз бар ғой. Ұлттық санадағы бұл сияқты орнықсыздық пен тұрақсыздық  нақтылы әрекет үстіндегі саясаткеріміз біраз мәселемен бітістіреді. Бұл орайда, бері қойғанда елеулі-елеулі үш проблема төбе көрсетеді. Біріншіден, ұлттық стратегиялық мүддесі үшін ахуалды өрбітудің қандай сценариі сай келеді? Екіншіден, нақтылы тарихи үңістің өзегінде ілгері даму үшін тағы да қандай  жолдар? Үшіншіден қалаған жолдың жүзеге асуының нақтылы мүмкіндігі қандай? «Демек, жөнімен қойған сұрақтың қисыны басқаша болса керек:

«Кез-келген ақиқат ахуалға орай қазақтың ұлттық біртектестігін әрі сақтай білуге әрі дамытып  отыруға  қалай қол жеткізуге болады? Рас, бұл мейлінше ауқымды міндет». Келесі бір әлдеқайда кеңірек етек алған ахуал ретінде іспеттелген, есірген идеологиясымақпен қазақ тарихын тұйықтай бастаған талпыныстарды айтуға болады. Тағдыр мен тәңірдің құзырында болған қазақтар алуан түрлі ықпалға құшағын аша отырып, өзінің ұлттық қасиетін сақтай білген, ол қасиетті әсте көшпелілікпен, болмаса дәстүршілікпен шектелген емес. Егер ақиқаттың аясында болғымыз келсе, онда қазақтың өткені мен бүгіні туралы тым жалпақшейлітің де, тым томағай-тұйықтылықтыңда қажеті керек емес. Сонымен отыршылдықпен кеңестік деп аталатын кезеңдегі қазақ ұлтының тіршілігіне қатысты мәселелер де түбегейлі қайта танып түсінуді қажет етеді. Мәселенің мәні, тек патшалық Ресей ғана халықтардың түрмесі болып қойған жоқ еді, сонымен бірге жұмақ болып жарытқаны шамалы деп келетін балаң тұжырымды көлденең тартып, белгілі шындықты сорлата беруде болмаса керек. Біздің ұлттық тарихымызды, әрине, зерттеушілердің ыңғайына және әдістемелік қисынына қарай бұрыннан қалыптасқан үлгі негіз болмақ. Ақырында ұлттық тарихтың соңғы он жылы, ғасырлар бойы мемлекетіміздің тарихқа кеткен есесіне өтеу болған соңғы жеті жыл. Қазірдің өзіне ұлттық санаға өшпестей болып түскен өзіндік ізі бар.

Бұл кезең құқықтық, экономикалық және саяси жаңалықтарға қоса, ұлт психологиясына түбегейлі  өзгерістер енгізіп, тарихтағы орнын танып-білу сезімін орнықтырады. Қазақ халқының небір данышпан перзенттері  мен көсемдері тарихтың қарғыс атқан тұзағында тұншықты, ұлттық амандығы үшін тәлкегіне көнуге мәжбүр болды. Жиырмасыншы ғасырдың соңғы он жылында ғана қазақтар еңсесін тікте арман болған азаматымен қауышты. Қазақ мәдениеті біздің түрік бабаларымыздың мәдениеті сияқты, қандай әсер-ықпалды бастан, кешірсе де томаға-тұйықтыққа берілмеген, ұдайы синкретті  болып отырған. Қазақ даласының мәдениеті мейлінше терең дәстүрі бар аса күрделі және көп қыртысты құбылыс. Тек осы тәсілмен, ғана мәдениет саласында – қазақтың» дегенді топ басып тануға болады. Ұлттың болашағына оның өзіндік «мен» дегізерлік қасиеттерін сақтау мүмкіндіктеріне сеніммен қарау жай әшейін қиял емес. Мұндай сенімнің бізде орнықты негізі бар. Әрі қарай қазақтың ұлттық тұтастануы үшін табан тірейтін негізгі идеялық тұғыр біршама айқын.

Бұл – дербес мемлекеттікті  сақтау және дамыту. Бұл – мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін дамыту және нақтылы әрекетке ұластыру. Бұл – Қазақстанның аумақ тұтастығы. Ұлттық мүддеге қызмет етудің тарихи  ұлы үлгілерін шын мәнінде көрсетіп берген әйгілі тарих қайраткерлердің мемлекет басқарушыларының тұтас легі біздің көз алдымызда. Олар қазақ мемлекетінің дамытудың нысанасын жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде-ақ көрсетіп берген болатын. Қазақтар ұлы өркениеттердің мұрагерлерісан-сапалық құз-қияларынан өзінің ұлтын «мен» дегізерлік қасиеттерін алып шыға алады. Қазақтардың тарихи төл-тамыры мейлінше тереңде. Ондай төл-тамыр алғашқы қазақ хандығы құрылған кезеңмен шектелмейді. Біздің кіндігіміз жеті атамызбен ғана толысып жатқан жоқ, одан әрі Үнді мен Ніл, Еділ мен Дон, жағалауларына қазақ даласының рухын жеткізген бабаларымызбен толысып жатыр. Әлеуметтік – мәдени қыспақтың небір жойқын түрлеріне қарамастан ұлттық мәдениет жаңғырудың тетіктерін тежеу ешкімнің қолынан келмеген. Қазақтардың өз ұлтына деген баға-байламы шын мәнінде қайран қалдырады.

Бұл ретте бір  ғана деректі еске алу керек. Бұрынғы  одақ кезінде біздің үлес салмағымыз өз жерімізде бүкіл тұрғындардың үштен бірін әзер құрай алған кезеңдер болған. Қазақ болмысының келесібір ерекшелігі оның тарихшылдығы. Қара халықтың тарихтан хабардарлығы мейлінше жоғары болған. Қазақтар үшін ұлттық  дәстүрді сақтап-сабақтастырып отыратын мәнді тетік ру болған. Өз руын, тайпасын, ата-бабасын жеті атасына дейін білу әрбір қазақтың ру аясындағы міндеті және сол білігі арқылы өз халқының дәстүрін сабақтастырып отырудың шарты болған.

Жеті аталық ұстаным  әрбір қазақтың, бүкіл халықтың құлағына күн сайын бабалары туралы төл жақсылықты құйып, рухани теңдігін дәріптеп, ұлттық сезімін сынатып отырған. Бір жанұяның балалары жеті атадан кейін, әрқайсысы бір-бір іргелі руға ұласқан. Мәселен, әйгілі қарт батырымыз Қанжығалы Бөгенбайдың кіндігінен тараған ұрпағы 1932 жылы ашаршылыққа дейін 552 жанұя құрған. Бұл шынында да, іргелі бір ру деген сөз. Ру қайшылықтарды пайдаланудағы империялық саясаттың да рөлін елемеуге болмайды. 1822 жылғы «Сібір қазақтарытуралы», 1824 жылғы «Орынбор қазақтарын басқару туралы», реформалар көшпелі жұртшылықтың шабындық жайылым алқаптарын зорлықпен тартып ала бастауға негіз салып беріп, мұндай зорлық тап бір ғасырға созылды. Бүгінгі рушылдық көріністері – бұл қазақ халқының этногенетикалық даму жолындағы артта қалған кезеңдерінің жаңалғаны. Қазақ халқының басым бөлігі әсіресе жалпы әлеуметтік саяси қалыптар мен құндылықтарды парақтауда өкімет туралы және оған ие болу және оның игіліктерін көру жолдарымен ерекшеленеді. Қазақстанның мәдениетінің көкжиегін мейлінше кеңейте түсуде. Осыдан ғасыр бұрын ғұмыр кешкен Абайдың бүгінгі әлемдік мәдениет өрісінен қарағанда мейлінше жан-жақты білімдар болғаны өте қайран қалдырады.

Сондай-ақ Шоқан  Уәлихановтың да әлемдік географиялық ғылым өрісінде болғаны таңғаларлық  құбылыс. Біздің халық үшін бас біріктірудің басталуы ұдайы мемлекеттік идея болып отырған. Осы уақытқа дейін  мұндай идеяның қазақтарекі түрлі орныққан типімен таныс. Бірінші – қазақ халқы қалыптасқан кезден бастап, Ресей империясының құрамына кіргенге дейінгі кезеңде негізделген көшпелі мемлекет болуы. Екіншісі формальді сипаттағы кеңес мемлекеттігі. Бүгінгі таңда қол жеткен жетістіктерге сүйене отырып, жаңа типті мемлекетіміздің атау-терминін 21-ғасырға орнықтыру үшін секілді мүмкіндіктер бар. Біздің алдымызда қос жол тұр: не қазіргі ақиқатты түсініп, жаңа қазақстанды жасақтаймыз, не ғайыпқа кеңіп жоқ болып кетеміз. Біздің таңдағанымыз біріншісі, мәртебелі болашақ  туралы армандай отырып мерейлі өткенімізді де жадымызда сақтағанымыз жөн болар.

Осыдан екі мың  жыл бұрын дерлік біздің жерімізде  дамыған мал шаруашылығы мен  егін шаруашылығын бір-бірімен шебер  ұстастырып өзіндік бірегей андронов мәдениеті пайда болды. Қазақстанның сақ тайпалары андронов мәдениетін жасаушы халықтың «Авестада» айтылатын арий, тур, дох және дойлардың ұрпақтары болып, Қазақ даласын мекендеген тұрғыдан арасында сақ дәуірінен бастап бет-бейне жағынан Орталық Азиядан шыққанын көрсететін манғол тұрпаттағы аралас адамдар пайда болды. Орталық Азиядағы алғашқы көшпелі ірі империя біздің дәуірімізге дейін ІІІ ғасырдың соңында құрылды. VI ғасырда Евразиядағы тарих сахнасына жаңа тарихи тұлға – түркі қағанаты – Түркілердің далалық империясы шықты. Бәрі де бұдан бірнеше ғасыр бұрын басталған болатын. Тарихи деректерде «түркі» терминдік атауы. VI ғасырдың екінші жартысында кездеседі және содан бастапкеңінен таралғаны көрінеді. Түркілердің ұлы жабғысы Бумын 552 жылы ақ киізге көтеріп, орасанзор, алып империяның алғашқы қағаны болды. Отырықшы халықтардың елдеріне баса көктеп кірген көшпелілер тұтас мемлекеттерді өз көсемдерінің шаньюилердің, қағандардың, хандардың , әмірлердің, сұлтандардың билігіне бағындырды. Мысалы; Еділ бастаған ғұндар Батыс империясын біржолата құлатты, ал XI ғасырда Кіші Азияға барып жеткен түркілер өзара қырқысудан титықтап отырған Византияны оп-оңай олжалады. Түркілер әскери сапта болған кезде дұшпанның осал тұсын бірден біліп, іске көшеді. 731 жылы Білге қаған мен Күлтегіннің қызметіне қойылған қалыптастағы ежелгі руникалық жазбаша мәтінде мынадай көз бар:

«Басталу мен  халық бір-біріне сенуден қалғандықтан, Қытайданасып келген алдаушылардың  алдап-арбауы мен арандатуына еніп, олардың ағайын арасына от салып, халық бұған дейінгі елдігінің шырқын бұзды, билік жүргізіп тұрған қағанын өлімге душар етеді». Ежелгі байланыс тәсілдерінің бірі Жібек жолы еді. Ол тұрақты дипломатиялық және сауда-саттық қарым-қатынас жасалатын күре жол қызметін атқарып келеді.

Қытай жібегі тіркелген  керуен түркі лердің жерін басып  өтетін. Көне тарихта көрнекті рөл  атқарған Түркі қағанатының құрылғанына 1450 жыл толарына көп қалған жоқ. Ежелгі түркі өркениетінің әлеуметтік-саяси  саладағы даусыз жетістіктер қатарына қоғамның жаңа әлеуметтік құрылымын қалыптастырғанын қосуға әбден болады. Түркі әліппесі өінің қарапайым әрі жеңілдігі арқасында орасан зор кеңістікте мейлінше тез шапшаңдықпен таралды. Түркілер әлемінің топ ортасында  адам тұрды, олар ең алдымен адамды құрмет тұтты. Адамдар әлемі адамзат түркі рухының қасиетті жиынтығы, міне осылар жыраулыққа, аңыз айтуға бейімі бар ақыл-парасаты мол адам халықтың рухани ақыл-ой қазынасын сақтаушы ақын болған. Тілі өткір шешендер халықтың көкейтесті ой-пікірін ел билеушіге айтып салудан тайынбаған.

Көшпелілердің сана сезімі мен ақыл-парасаты өздері жаулап алған ғажайып өлке атаулының  барлығындағы рухани қазыналарды толық  қамтып, игере білуі. Ерте түркі дәуірінде  Түркілер Шыңғыс хан әскерлерінің бәрін  де қиратқан жойқын шабуылы салдарынан орын алған тіршілік тәлкегі мен алапатты оқиғаларға толы аумалы-төкпелі заманда сол кездегі неғұрлым белсене іс-қимыл танытқан халықтардың бірі болды. X-XV ғасырда Орталық Азия халықтары үшін Шығыс пен Батыстың ұлы мемлекеттері тарапынан пәлендей сыртқы қауіп-қатер бола қойған жоқ. Бұл жағдайда бүкіл аймақта бейбіт өмір орнап, жоғары дамыған күшті мемлекеттердің пайда болуына мүмкіндік туғызды. Араб басқыншылығы Орталық Азия халықтарының әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өміріне күшті ықпал етті. Қоғам өміріндегі аса маңызды өзгерістерінің бірі жаңа мемлекеттік дін – исламның, араб тілімен жазушының кеңінен таралуы болды.


Информация о работе Тарих толқыныда