Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 18:48, реферат
Қонысынан ауған қазақтарды орналастыру жөніндегі ұсыныстардың жобасын әзірлеу үшін РСФСР Халық Комиссарлары Советінің жанынан құрылған комиссияның төрағасы ретінде мен бұл мәселемен жете танысып, қонысынан ауған қазақтарды ВКП (б) Орталық Комитеті тарапынан ерекше нұсқау болмайынша, Қазақстан мен көршілес өлкелерге түгел орналастыру екіталай екенін анықтадым. Сондай-ақ қонысынан ауған қазақтарды орталықтың көмегінсіз Қазақстанның өз ішінде түпкілікті орналастыру Қазақстанның жалғыз өзі үшін, тегінде, қиын болмақ. Сіздің бұл мәселелерді таяу аралықта ВКП (б) Орталық Комитетінің алдына қоятыныңыз өзінен-өзі белгілі.
Т.Рұсқыловтың Сталинге хаты
Қонысынан ауған қазақтар жөнінде Сталин жолдасқа жазған баяндау хатымның көшірмесін хабардар ету үшін осы хатпен бірге сізге жолдап отырмын.
Қонысынан ауған қазақтарды
орналастыру жөніндегі
Осы мақсатпен мен ВКП (б) Орталық Комитетіне осы баяндау хатты жаздым. Ондағы мақсат – бұл мәселеге басшы жолдастардың назарын жете аударып, Қазақстанға көмектесу. Сіз мені Қазақстанның ішкі істеріне қол сұққысы келеді екен деп ойлап қалмаңыз, мен қойылып отырған мәселе тек Қазақстан тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге жалпымемлекеттік тұрғыдан да айрықша маңызды болғандықтан, бұл мәселе жөнінде ВКП (б) Орталық Комитетіне жазып отырмын. Сіз осы баяндау хатпен танысып, онда айтылған ой-пікірлерді ескереді деп үміт етемін.
Коммунистік сәлеммен Т.Рысқұлов
(Ресейдің мемлеттік
саяси-әлеуметтік тарихи
1.Қонысынан
ауған қазақтардың саны және
олардың жағдайы туралы
Қонысын тастап, Қазақстанмен көршілес өлкелерге көшкен қазақтардың мекенжайларынан келіп түскен, шамамен алынған соңғы деректерге қарағанда, қазір Орта Еділде – 40 мың, Қырғызстанда – 100 мың, Батыс Сібірде – 50 мың, Қарақалпақстанда – 20 мың, Орта Азияда 30 мың қазақ бар. Қонысынан ауғандар Қалмақстанға, Тәжікстанға, Солтүстік өлкеге және басқа да осы сияқты шалғай жерлерге көшіп кетті. Байлар бастаған бір қауым Батыс Қытайға ауды.
...Қазақтардың арасында
1932 жылдан бастап белең алған
аштық пен індет – осы
Жергілікті жердің ақпары бойынша, Торғай, Батпаққара өңірінде халықтың 20-30 пайызы қырылып болған, қалғандары көшіп кеткен. Шалқар ауданындағы әлденеше ауылдарда тұрғылықты халықтың 30-35 пайызы қырылып қалған. Осындай аудандар құрамына кіретін Ақтөбе облысы бойынша 1930 жылға дейін өмір сүріп келген.
1 012 500 адамнан 1932 жылы
725 800-і ғана тірі қалған, бұл
– 71 пайыз ғана деген сөз.
Қызылорда аудандық атқару
Аш-арықтар төгілген қоқыстарды ақтарып, тамақтан өтетіннің бәрін талғажау етіп, жабайы өсімдіктердің тамырларын, ұсақ жәндіктерді жеп күнелтуде. Сол маңдағы ит пен мысық атаулы түгел желінген, қазақтар тұратын қостардың айналасында иттердің, мысықтардың, ұсақ жәндіктердің ақкемік болғанша қайнатылған сүйек-саяқтарынан көз сүрінеді. Өлген кісілердің етін жеген оқиғалар жайында хабар жете бастады.
...1932 жылғы мамыр айында
Қарқаралы ауданындағы
Әсіресе балалар арасында өлім-жітім көп. Қазақ әйелдері балаларын мекемелер мен үйлердің алдына тастап кетуде. Қазақ органдары 1932 жылдың аяғында-ақ панасыз қалған. 50 мың қазақ баласының ешқайда орналастырылмағаны ресми түрде хабарланды. Қызылордада панасыз балалар саны қаңтар айында 452-ге жеткен. Аягөз стансысында бір қазақ әйелі өзінің екі баласын бірдей пойыздың астына тастаған, ал Семейде қазақ әйелі екі баласын осылай мұз ойығына тастап жіберген. ...Ашыққан қазақтарға жедел көмек көрсетіп, індетке қарсы күресіп қана қоймай, сонымен бірге осы құбылыстың негізгі себептерінің тамырына балта шабатын шараларды жүзеге асыруды да барынша жұмыла қолға алу керек. Ал мұндай себептердің түп-тамыры неде?
2.Мал басының кеміп кетуі
Қазақтардың қонысынан аууы мен шаруашылығының шайқалуына негізгі себептердің бірі – мал басының кеміп кетуі. Мен 1932 жылы 29 қыркүйекте сіздің атыңызға жазған баяндау хатымда Қазақстанда мал басының кеміп кету салдарын егжей-тегжейлі ашып көрсетіп, оны қалпына келтіру шараларына тоқталған болатынмын. 1932 жылғы ақпан айында жүргізілген (екінші рет қайта тексерілген) бүкілодақтық мал санағының мәліметтеріне қарағанда, Қазақстанда 1928-1929 жылдардағы 40 млн бас малдан санақ кезінде 5 397 мың бас қана мал қалғаны, яғни мал басының 85,5 пайыз кеміп кеткені анықталды.
...Қазақтардың көпшілігінің – төрттен үш бөлігінің әл-ауқаты мал шаруашылығына негізделген, оның өнімдері Қазақстанның ауыл шаруашылығынан алынатын өнімдерінің 60 пайызын құрайды, тұрғылықты халықтың 90 пайызы мал шаруашылығымен айналысатындықтан, бұл мәселе едәуір дәрежеде ұлттық мәселе болып табылады.
...Қазақтардың жерін
тартып алуды кәсіпке
3. Асыра
сілтеушіліктер мен көз
... Қазақ шаруашылықтарындағы
шын жағдайды анықтау
4. Қазақ шаруашылықтарындағы егіс көлемі жөнінде
...1932 жылы бірқатар
қазақ аудандарында егіс
5. Қазақтарды отырықшыландыру жөнінде
ВКП(б) Орталық Комитетінің 1932 жылғы қыркүйектегі қаулысында «200 мың қазақ шаруашылығын отырықшыландыру жұмыстары жүргізілген» деген тұжырым бар. Ал іс жүзінде отырықшыландырылған шаруашылықтардың саны 100 мыңға да жетпеген. Бірқатар отырықшыландыру пункттерінде қазақтар салған үйлерін тастап, қорек іздеп, босып кеткен. Мысалы, Алматы облысында – 2100 үй, Қарағанды облысында – 4100 үй, мақта өсіретін Мақтаарал ауданында 250 үй қаңырап бос қалған.
...Қазақстанда жоспар бойынша,
6. Қонысынан ауғандар мен қазақ жұмысшылары жөніндегі ұлт саясатының бұрмалануы туралы
Қонысынан ауғандардың беталды көшуін және отырықшы жұрттан арып-ашқан қазақтардың мал, азық-түлік ұрлауының етек алғанын пайдаланып, дұшпан элементтер ушықтырған ұлттық шовинизм өрши түсті.
7. Орталық Комитеттің 1932 жылғы 17 қыркүйектегі «Қазақстанның ауыл шаруашылығы және атап айтқанда, мал шаруашылығы туралы» шешімін жүзеге асыру
Бұл аса маңызды шешімді жүзеге асыру барысында сырғытпаға салыну байқалып отыр. ...Тұрғылықты халықтың жеке шаруашылықтарында 8-10 басқа дейін ірі қара және 100 тұяққа дейін қой ұстамақ түгіл (Орталық Комитеттің 17 қыркүйектегі шешімінде осылай деп көрсетілген), көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтардың көпшілігінде тіпті бір-бірден сиыр, екі-үштен ұсақ мал ұстауға да мүмкіндік бермейді, ал бұл аудандарда ең болмағанда осындай аз ғана мал ұстамайынша, күн көрудің өзі қиын. Қазақтардың екі жылдан бері қоныстарынан ауып, олардың арасында аштық пен індеттің тыйылмауының негізгі себептері, міне, осындай.
Ұсыныстар
1.Қазақтар қонысынан ауып барған өлкелер мен республикалардың өлкелік комитеттері мен облыстық комитеттеріне қазақтарды қайтадан Қазақстанға қайтарып жібермей, өнеркәсіп орындары салалары бойынша және сол өлкелер көлеміндегі ауыл шаруашылығына жұмысқа орналастыру (сондай-ақ бірінші кезекте балаларды қамқорлыққа алу) жөнінде ВКП(б) Орталық Комитеті тарапынан шұғыл нұсқау берген жөн...
2.Қазақстан өлкелік партия комитетіне қазақтардың қонысынан ауып, Қазақстаннан тыс жерлерге көшуін тоқтату шараларын қолға алу ұсынылсын, бұл үшін мал дайындау жөніндегі комитетке қалған 400 мың пұт астықты (рұқсат етілген 1 млн пұт астықтың есебінен) наурыз айында беріп бітуді міндеттей отырып, жәрдемге бөлінген азық-түлік қорын халыққа жедел жеткізіп, қонысынан ауғандар мен ашыққандарға жәрдем беруді ұйымдастыруды қолма-қол өрістеткен дұрыс...
3.Үстіміздегі жылға бөлінген қаржыны тек қана қонысынан ауғандарды орналастыруға, сондай-ақ оларды өнеркәсіптік және басқа да кәсіпорындардың төңірегіне қоныстандыру шараларына жұмсауға мүмкіндік беретіндей етіп, қазақтарды отырықшыландыру жоспарын қайта қараған жөн...
4.Қазақстан өлкелік партия комитетіне қонысынан ауған қазақтарды одан әрі орналастыру жөніндегі шаралардың белгіленген жоспарын бір ай мерзім ішінде Орталық Комитетке тапсыру міндеттелсін, сондай-ақ осы мерзім ішінде Қазақстанда мал шаруашылығын өркендетудің жоспарын жасап, табыс ету.
5.ССРО Халық шаруашылығы есебінің орталық басқармасына үстіміздегі жылы негізгі қазақ аудандарында халық санағын өткізу және ондағы шаруашылықтардың жай-күйін сараптау, сонымен бірге егін шығымдылығын анықтау жөніндегі комиссиямен бірлесе отырып, көктемгі егіс аяқталғаннан кейін осы аудандардағы егіс алқабының есебін алу ұсынылсын.
Т.Рысқұлов
(Ресейдің мемлекеттік саяси-әлеуметтік тарихи мұрағаты (РГАСПИ), И.В.Сталиннің құпиясыздандырылған құжаттары, 258-қор, 1-тізбе, 65-іс, 42-52 парақтар; «Қазақстан коммунисі», 1990, №7, 44-65 беттер).
Тұрар Рысқұлов РСФСР Халық Комиссарлары Советіне қызмет еткен жеті жыл ішінде өкімет билігінің ең жоғарғы сатысында отырғандардың бір-бірімен арақатынасын жақсы зерттеп білген болатын. Сталин өз бағытын нық ұстана отырып, оған қылау түсірместен, адамдарды үнемі ауыстырумен болды. Ол осы бағытынан енді жазбаса, Қазақстанға нағыз ақырзаман төнетінін Т.Рысқұлов күні бұрын сезіп білді. Осы хаттың негізінде сол уақытта республикадан басқа жақтарға қаншама адамның кеткенін аз-көп дәлірек білуге болатын. Бұл – шамамен 1,7 млн адам. Осыншама көп халық тарихта бірінші рет туған жерін тастап, бас сауғалап қашуға мәжбүр болды. Рысқұлов саясаткер Сталиннің және оның төңірегіндегілердің назарын барлық айтқаны мен өз байқауларынан шығатын қорытындыларға аударуға мейлінше күш салды. Тұрар Рысқұлов өзінің осы нартәуекелімен өз халқын нардай шөктіріп кеткен «ақтабан шұбырындының» бетін енді жасыруға болмайтынын ұғындырды, Қазақстан партия ұйымының жаңа басшысына Кремльде отырған «құдайдың» өзі ұжымдастыруды тездету жөнінде енді бұйрық бере алмайтындай етіп жолын кесті. Ол-ол ма, Тұрар жан-жаққа таратқан хаттың күшті жаңғырығы Л.И.Мирзоянның республикадағы көп мәселені дұрыс шешуі үшін И.Сталиннің өзін әлденеше шаралар қолдануға мәжбүр етті.