Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2013 в 11:29, реферат
Шыңғыс хан (өз аты – Тэмуджин, Темучин) – Азияда тұңғыш біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері. Ежелгі ру басшысы Есугей батырдың отбасында туған. Өзінің әскери таланты арқасында және дұшпандарының әлсіздігі мен бытыраңқылығын пайдаланып, 1183-1204ж. өкімет билігі үшін күресте негізгі жауларын [Меркіт тайпасының көсемі Тохтадан бастап, Найман тайпасының басшысы Таян (Даян) ханға дейін] талқандады да, кең-байтақ территорияны басып алды, сөйтіп онда мекендейтін көптеген ру-тайпалық одақтардың бірден-бір билеушісі болды.
I. Кіріспе:
Шыңғыс хан өмірбаяны.......................................................................................3
II. Негізгі бөлім:
Шыңғыс хан империясы......................................................................................5
Отырар шайқасы...................................................................................................7
III. Қорытынды бөлім:
Шыңғыс хан туралы тың деректер.....................................................................9
Жоспар:
Шыңғыс хан өмірбаяны..........
Шыңғыс хан империясы.....................
Отырар шайқасы................
Шыңғыс хан туралы тың
деректер......................
Шыңғыс хан өмірбаяны
Шыңғыс хан (өз аты –
Тэмуджин, Темучин) – Азияда тұңғыш
біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының
аса ірі әскери және мемлекет қайраткері.
Ежелгі ру басшысы Есугей батырдың
отбасында туған. Өзінің әскери таланты
арқасында және дұшпандарының әлсіздігі
мен бытыраңқылығын пайдаланып, 1183-1204ж.
өкімет билігі үшін күресте негізгі
жауларын [Меркіт тайпасының көсемі Тохтадан
бастап, Найман тайпасының басшысы
Таян (Даян) ханға дейін] талқандады
да, кең-байтақ территорияны басып алды,
сөйтіп онда мекендейтін көптеген ру-тайпалық
одақтардың бірден-бір билеушісі
болды. Осы жеңістері және тайпа
көсемдерін өз маңына топтастыруға бағытталған
бірсыпыра әлеуметтік шараларды
жүзеге асыруы нәтижесінде Тэмуджин
дала ақсүйектері құрылтайының шешімімен
1206 жылы барлық тайпалардың ұлы ханы
болып жарияланды да, «Шыңғыс хан»
(түрікше «теңіз, мұхит» деген сөзден
шыққан) лауазымын алды. Ішкі саясатта
Шыңғыс хан мемлекетті басқару ісін
бір орталыққа бағындыруға күш
салды, түркі-моңғол тайпаларын «мыңдық»
деп аталатын әскери-әкімшілік бөліктерге
бөлді (өйткені хан талабы бойынша,
бұл бөліктердің әрқайсысы 1000 атты
әскер беруге тиісті болды). Шыңғыс
хан бұларды жайылым жерлерімен
қоса өз туыстары мен нояндарға еншіге
бөліп берді. Ұлы хан жазбаша
іс жүргізуді ұйымдастырды. 1206 жылы
ол әдеттегі құқық (яса) ережелерін бекітті.
Мемлекет ішіндегі наразылықтарды басу
үшін 10 мың адамдық жеке гвардия
(кэшиг) құрды. Әскерде өте қатаң
тәртіп орнатты: сәл кіналы немесе қорқақтық
көрсеткен әскери адамдар өлім жазасына
кесілді. Шыңғыс хан әскери стратегия
мен тактикада мұқият барлау, жауды
жекелеп талқандау, тұтқиылдан шабуыл
жасау, дұшпанды алдау үшін арнаулы
отрядтардан тосқауыл қою, қыруар атты
әскермен маневр жасау, т.б. әдістерді
қолданды. 1207-11ж. Шыңғыс хан Сібір
мен Шығыс Түркістанды (буряттарды,
якуттарды, ойраттарды, қырғыздарды, ұйғырларды)
бағындырды. 1211ж. Цзинь мемлекетіне
жорық жасады. 1215 ж. Пекинді алды.
1217 ж. Солтүстік Қытай түгел Шыңғыс
ханның билігіне көшті. 1219 ж. Корея патшалығы
Шыңғыс хан әскерлерінен тізе бүкті.
Моңғол әскерлерінің Солтүстік Қытай
мен Корея патшалығына
Шыңғыс хан империясы
Шыңғыс хан империясы
– Шыңғыс хан құрған мемлекет. 1189–
1206 ж. аралығында болған қиян-кескі
соғыстардан кейін Шыңғыс хан
Алтайдан Қытай қорғанына дейінгі
аймақта тіртұтас мемлекет құрды
және ол өз мемлекетін әрі қарай
кеңейте бастады.XII ғасырдың аяғы —
XIII ғасырдың басында Орталық Азия
мен Қазақстан далаларындағы
саяси жағдай күшті көшпелі тайпалар
одағы билеушілерінің арасында басқа
тайпаларға өз үстемдігін орнату жолындағы
күрестің күшеюімен сипатталады. Осы
күрестің барысында монғол тайпасының
өкілі Темучин (Шыңғысхан) Орталық
Азия тайпаларың біріктірді, сөйтіп ол
Орталық Азия даласындағы ең құдіретгі
жаулап алушыға айналды. Керейіт- тер
ханының наймандармен, монғол тілдес
татар және меркіт тайпаларымен соғыстарында
Темучиннің атағы шыға бастады, ол соғыстарға
Ван-ханның вассалы ретінде болашақ
Шыңғысхан белсене қатысты. 1207 ж.
ол Сібірдегі орман жұртын бағындырғаннан
кейін, 1207 – 09 ж. Таңғұт (Си Ся) мемлекетіне
үш дүркін шабуыл жасап, жаулап алды. Шығыс
Түркістандағы ұйғырлар мен қарлұқтар
Шыңғыс ханға қарсылықсыз бағынды.
1211 ж. өзінің ежелгі ата жауы Алтын (Цзин)
еліне қарсы аттанып, бес жылдың
ішінде бұл елдің басты бекіністерін
басып алып, мол олжаға батты. Алайда
бұл жорық соңына дейін жеткізілмеді.
Жалайыр Мұқылай ноян бастаған 60
мыңдық әскерді Қытайға қалдырып,
Шыңғыс ханның өзі 1216 ж. Қарақорымға
қайтып оралды. Көп ұзамай батысқа
қарай жорықтар ұйымдастырылды. Жебе
ноян бастаған әскер найман ханы Күшлікті
өлтіріп, Іле, Жетісу аймағын билеп
тұрған Қарақытайлар мемлекетін бағындырды.
1211 жылы Жетісуға монғолдардың алғашқы
келуі сол оқиғалардың
Отырар шайқасы
Содан көп кешікпей Шыңғысхан
Орта Азияға сауда керуенін жіберді.
500 түйеден тұратын керуенде монғол
жансыздарын қоса есептегенде барлығы
450 адам болатын. Көп адамы бар
керуен 1218 жылдың жазында Отырарға
келіп жетті. Отырардың билеушісі
қыпшақ Ғайыр-хан Иналшық көпестерді
тыңшылық жасады деп күдіктеніп, оларды
өлтіруге бұйырып, керуенді тонап алды.
Шыңғысхан Қайыр-ханды ұстап
Отырарға таянғанда
Шыңғысхан оны қоршауға ұлдары
Шағатай мен Үгедей баскарған
әскерлерді қалдырып, Жошы-ханды
Сырдарияның төменгі ағысына
- Жент жөне Жанкент қалаларына
жіберді, үшінші топ
Шыңғыс хан басып
алынған жерлерді өз ұлдарына:
қыпшақ даласын Жошыға, Іле, Жетісу,
Мауераннахр өлкелерін
Шыңғыс хан туралы тың деректер
Қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасу, дербес мемлекет құру тарихында Шыңғыс хан мен оның үрім-бұтағы билеген мемлекет үлкен рөл атқарған. Түркі-монғолдар жауларын санмен емес, сапамен жеңді. Өйткені оларда мықты тәртіп, ғажайып ұйымдастырушылық қасиет болды. Оған Шыңғыс ханның саяси қызметі мен қолбасылық қабілетінің ерекше жоғарылығы қосылды. Ол орнатқан жүйе мен тәртіп далалық өркениетті әрі қарай жетілдірді. Кейіннен бұл жүйе мен тәртіп басқа халықтарда жалғасын тауып, атап айтқанда, қазақтарда XIX ғасырға дейін, яғни олар өздерінің көшпендлік қалпын жоғалта бастаған кезге дейін сақталды.
Монғол шапқыншылығынан кейін тұңғыш рет Шығыс Дешті-Қыпшақтың, Түркістанның, Жетісудың түркі тайпалары бір мемлекетке біріктіріліп, алдымен қазақ хандығының, кейіннен қазақ ұлтының шығуына, яғни қалыптасуына жағдай жасалынды[1]. Сөйтіп Шыңғыс хан империясы құрылғаннан кейін, көп ұзамай қазақ халқының этникалық территориясы қалыптаса бастады. Қыпшақ сахарасының халықтары ертеректе мемлекет құрған түркі текті арғын, найман, керей, жалайыр, маңғыт, онғұт т.б. тайпалармен қосылып, көп этностық «қайнаған қазанда» екі жүз жыл ішінде қазақ этносы болып қалыптасты[2]. XIV—XV ғасырларда түркі-монғол этносы бөлшектеніп, бірнеше ұлттық мемлекеттер пайда болды. Мағжан ақын айтқандай, қазақтар «қара шаңырақтың» иесі болып қалды.
Алтын Орданың құрамында
болған ұлыс Ақ Орда, шын мәнінде, қазақ
мемлекеті болды. Өйткені негізін
Жошы қалаған бұл ұлыс Сырдариядан
Алтайға, Оңтүстік Оралдан Жетісуға
дейінгі қазіргі қазақ даласын
алып жатты[3]. Екіншіден, бұл даланы
ерте кезден-ақ түркі тілді тайпалар
жайлады. Олар монғол шапқыншылығынан
кейін қосылған тайпаларды бойына сіңіріп,
қазақтың этникалық құрамын
Сондықтан Отанымыз тарихындағы
осы бір кезеңді зерттеуге
жаңаша көзқарас туғызып, оған дейінгі
қалыптасқан кері пікірлерден оны
тазарту керек. Ол үшін XII—XIII ғасырларда
өмір сүрген түркі-монғол тайпаларының
саяси-әлеуметтік, экономикалық даму ерекшеліктерін,
әдепті-құқықтық жүйелерін оның негіздерімен
тікелей байланыстыра отырьш зерттеу
қажет. Бұл сол дәуірдегі әлеуметтік-
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Мыңжан Нығмет. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1994. 221 б.
2. Қазақстан тарихы. Алматы, 1996. T.I. 410 б.
3.Аманжолов К.Р., Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. Алматы, 1996. Т.1. – 240-241 бб.
4. http://kursik.kz/qazaqsha-
5.http://referaty-v.kz/шыңғыс-