Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2014 в 08:41, реферат
Шерхан Мұртаза Қамалға арнаған бір хатында «жетпіс деген сөз Жет! Піс! деген екі сөзден құралады, яғни жетілген шағың, піскен кезің деген рас-ау», деген ой білдіріпті. Иә, ол рас, мен бұл сөзге көңіл аудармаушы едім. Осыны оқығаннан кейін маған бір ой келді. Мүмкін, әр санның өз мағынасы бар шығар. Қазір ойланып қарасам, бұл дұрыс айтылған ұғым екен. Рас, бұл жасқа жеткен де бар, жетпеген де бар. Шераға да осы жасқа жетіп қалыпты. Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28 қыркүйекте бұрынғы Әулиеата уезі, қазіргі Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ топырағында дүниеге келген.
Шерхан Мұртаза Қамалға арнаған бір хатында
«жетпіс деген сөз Жет! Піс! деген екі сөзден
құралады, яғни жетілген шағың, піскен
кезің деген рас-ау», деген ой білдіріпті.
Иә, ол рас, мен бұл сөзге көңіл аудармаушы
едім. Осыны оқығаннан кейін маған бір
ой келді. Мүмкін, әр санның өз мағынасы
бар шығар. Қазір ойланып қарасам, бұл
дұрыс айтылған ұғым екен. Рас, бұл жасқа
жеткен де бар, жетпеген де бар. Шераға
да осы жасқа жетіп қалыпты.
Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28 қыркүйекте бұрынғы
Әулиеата уезі, қазіргі Жамбыл облысы,
Жуалы ауданы, Мыңбұлақ топырағында дүниеге
келген.
Әкесі Мұртаза 1937 жылы сталиндік репрессияның
құрбаны болып кетті. Шерхан 1941 жылы Талапты
мектебінде бірінші кластың табалдырығын
аттаған кезден бастап-ақ оқумен бірге
еңбекке де араласты. Балалық шағы соғыстың
қиямет, қиын-қыстау кезеңіне тұспа-тұс
келді.
1950 жылы Жамбыл қаласында интернат үйінде
жүріп, Жамбыл атындағы қазақ орта мектебін
бітірген соң әуелі Мәскеу полиграфия
институтыңда, үшінші курстан бастап Мәскеудің
мемлекеттік Ломоносов атындағы университетінде
оқып, журналистика факультетін 1955 жылы
бітіріп шығады. Сол жылдардың өзінде-ақ
ол башқұрт жазушысы Мұстай Кәрімнің бір
повесін, Л. Лагиннің «Хоттабыч қарт» романын
қазақшаға аударады.
Шерхан Мұртазаның ел, қоғам, мемлекет,
әдебиет үшін істеген еңбектері өте көп.
Оның бәрін бір мақалада қамтып шығу мүмкін
де емес. Алдымен өзі әдебиетке келген
аударма ісінен бастасақ. Шерағаң әлемге
әйгілі қырғыз елінің жазушысы Шыңғыс
Айтматовтың негізгі шығармаларын қазақ
тіліне аударыпты. Иә, Шыңғыстың сан-қилы
пәлсапалық тұжырымдарға толы шығармаларын
аудару кез келген қалам ұстаған адамға
оңай шағыла салатын жаңғақ емес. Осының
өзінен жазушының көп ізденгендігі, әрі
жазушының ойын терең түсіне білгені анық
көрініс береді. Шерағаң Шыңғыс Айтматовтың
«Қош, Гүлсары», «Ботагөз», «Теңіз жағалай
жүгірген тарғыл төбет», «Боранды бекет»,
«Жан пида» атты повесть, романдарын орысшадан
аударды. Осы шығарманың кез-келгенін
екі тілде алып оқып отырсаңыз, шығарманың
шұрайлы тілмен өте көркем аударылғанын
байқайсыз. Мен бұл жерде Шерағаңның тек
жазушы, қоғам қайраткері ғана емес, үлкен
аудармашы екенін де айтқым келеді.
Шерхан Мұртаза өзінің шығармаларында адам
бейнесін табиғаттың сұлулығымен астастыра
өте көркем бейнелейді әрі әр кейіпкердің
ойын терең түсіне отырып, адам мен табиғаттың
тынысы бір екенін көрсете біледі.
Шерағаңның «41-жылғы келіншек» атты әңгімесінде
Хадишаның өмір бойы күткен Мақсұт есімді
жары майданға кеткеннен оралмады. Хадиша
күні-түні Мақсұтты күтумен болды;
«Сорлысың, сорлы, - деп Ақшай ернін шығарды,
ерніңе күйдіргі шыққыр.
- Тағы отыз жыл күт, келеді Мақсұт,- деп
кекетті.
- Күтемін, - дедім. - Жүз жыл күтемін, -дедім.
Сөйттім де, ызаға шыдай алмай, айқай салып
далаға атып шықтым.
- Қайдасың, Мақсұт! – деп айқайладым.
Үйге енді кіріп отырғаным да осы еді,
сен келіп қалдың, Мақсұт. Ақшай енді не
бетін айтар екен, бәлем.
Ол үндемеді. Бәрін үнсіз тыңдап босағада
әлі тұр.
- Неге үндемейсің, Мақсұт?! - деп, Хадиша
сонда шыңғырып жіберді.
- Хадиша өз даусынан өзі шошынып оянды.
(Шерхан Мұртаза. Алты томдық шығармалар
жинағы, Алматы, Қазығұрт, 2002. 41 жылғы келіншек.
301-бет)
Бұндай эпизод Шыңғыс Айтматовтың шығармаларындағы
әйелдер бейнесімен де үндесіп, сабақтасып
жатады. Жазушының адам, әйел бейнесін
жасаудағы шеберлігі, таным, түсінігі
Шыңғыс Айтматовтың шығармаларын қазақшаға
аудару үстінде де үнемі сезіліп отырады.
Бұдан қорытынды: таланттар ұқсастығы,
әдебиеттер байланысы, қазақ-қырғыз әйелдерінің
әдеби толыққанды бейнесі ұқсас екені
анық байқалып отырады.
Жазушының кең құлашты, өзекті шығармасы
- бес кітаптық «Қызыл жебе» эпопеясы.
Қазақ халқының бір туар ұлы Тұрар Рысқұлов
туралы бұл көлемді туынды Тұрар тағдыры
арқылы қазақ халқының басынан кешкен
қилы-қилы кезеңдерін қамтиды. «Қызыл
жебе» халықтың ыстық ықыласына бөленген
шығарма. Тағы бір айта кететін жай, «Қызыл
жебе» романындағы Тұрар Рысқұловтың
туған, жүрген жерін, әсем табиғатын аса
бір шеберлікпен, керемет көркем оймен
шынайы суреттеуі.
Әрбір адам дөңгеленген тарихта әртүрлі
оқиғаларға куә болып қана қоймай, сол
күрделі оқиғаларға тікелей қатысты және
жасаушы болып тарихта қалатынын оқырманның
алдына тартады. Тұрар Рысқұлов сияқты
күрделі тұлғаны әдебиетке әкелу жазушының
үлкен ізденімпаздығы, тарихи оқиғаларды
таразылауы үлкен ерлікке пара-пар деп
айтсақ, асырып айтқандық емес. Шын мәнінде Шерхан Мұртаза Тұрар Рысқұлов сияқты ел тұтқасы
бола білген азаматты әдебиеттендіру
арқылы қазақ әдебиетіне үлкен бір сом
туынды қоса отырып танытып берді. М. Әуезов
«Абай жолы» романы арқылы қазақ халқының
ғасырлық тарихын дүниеге паш етсе, Шерхан
Тұрар бейнесі арқылы қарама-қайшылыққа
тұнып тұрған қазақ халқының тарихындағы
ең күрделі, ең ауыр кезеңін шынайы суреттей
білді.
Ал, проза саласында жазушының әдеби тұлғасын
айқындай түскен шоқтығы биік шығармасы,
көлем жағынан да мазмұны
Шерхан Мұртазаның 70 жылдық мерейтойы
қарсаңында 6-томдық шығармалар жинағы
басылып шықты. Бұл оқиға жазушының 70 жылдық
мерейтойына науқангершілікпен қарау
емес, оның әдебиеттегі еңбегін бағалағандық
деп айтуымыз орынды. Біздің ойымызша,
жазушының аударма туындыларын жеке жинақ
етіп шығарса да, артық болмаған болар
еді. Себебі, аудармашылық қызмет әр жазушының
қолынан келе бермейтін тіршілік. Аудармашылық
- әдеби саладағы үлкен шығармашылық құбылыс.
Оны жеке басылым етіп шығару, оған талдау
жасау, жазушының төл туындысымен қатар
санау, қадірлеу жазушының шығармашылық
тұлғасын аша түседі.
Шерхан Мұртаза 70 жасқа үлкен табыспен келді.
Жазушының еңбектерінде үлкен саналы
да сындарлы ой жатыр, ізденіс жатыр, еңбек
жатыр, талант жатыр. Жазушының 70 жылдық
тойы Тараздың 2000 жылдығымен қатар келіп
отыр. Мұны бекер айтып отырған жоқпын,
Шерағаң жазушы ретінде де, қайраткер
ретінде де ой-санасымен де, жекелеген
ісімен де қаланың, өңіріміздің гүлденуіне,
өсуіне, еңбеккерлерінің рухани жағынан
бай болуына үнемі күш салып келе жатқанын
тараздықтар жақсы біледі. Оған бір мысал,
қаланың орталық Төле би көшесінің бойынан
арнайы өз қамқорлығымен Ш. Мұртаза деген
тараздықтардың жиі баратын кітап дүкенінің
ашылуы. Бұл біз үшін үлкен қуаныш десек,
артық болмас.
Бұл жасқа жазушы үлкен қаламгер, прозашы,
публицист, аудармашы, ірі қоғам қайраткері,
халықтың жанашыры, жоқтаушысы болып келіп
отыр. Шерхан Мұртаза әлі де ізденіс үстінде. Болдым,
толдым деп отырған жағдайы жоқ. Әлі де
туған халқының рухани қажетін етей беруге
қам жасау үстінде. Біз қашанда жазушының
сол мақсаттарына жете беруіне тілектеспіз.
«Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз
адамгершілікпен кіріссеңіздер, сөз жоқ,
жеңіске жетесіздер», деген екен Қаныш
Сәтпаев.
Жазушы да осындай жеңіске жетті.
Шерағаңның ел, халық үшін атқарған еңбегін,
70 жасқа толған мерейтойы қарсаңында мақтанышпен
айтсақ, жас ұрпақ тәлім-тәрбие алар өнегелі
іс болады-ау деп ойлаймын.