Үш жүз

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2013 в 19:13, реферат

Краткое описание

Үш жүздің пайда болуына ертедегі ел билеудің әскери тәртіпке негізделуінің де әсер етуі ықтимал. Қазақтың үш жүзі ешқашанда бір-бірімен жауласып, өзара араздыққа барып көрмеген. Керісінше, олар қазаққа қауіп төнгенде, қазақ халқының тағдыры шешілер сәтте хандары, батырлары, билері, тағы да басқа беделді адамдары арқылы бір жерден табылып, мәселені бірігіп шешіп отырған. Жоңғарларға қарсы соғыста солай болды.

Содержание

I. Қазақ жеріндегі тарихи қалыптасқан байланытар.
II. Үш негізгі этникалық-шаруашылық топ.
1). Ұлы жүз
2). Орта жүз
3). Кіші жүз
III. Қазақтар үш жүздің бірлігін қадірлеген халық.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кіріспе.doc

— 68.50 Кб (Скачать документ)

                                  Жоспары:

 

 

I. Қазақ жеріндегі тарихи қалыптасқан байланытар.

II. Үш негізгі этникалық-шаруашылық топ.

      1). Ұлы жүз

      2).  Орта жүз

      3). Кіші жүз

III. Қазақтар үш жүздің бірлігін қадірлеген халық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             Кіріспе.

        Моңғол шапқыншылық саларынан Қазақстан жеріндегі ру-тайпалар арасындағы тарихи қалыптасқан жағрафиялық ортақтастық пен мәдени-экономикалық байланыстар бұзылды. Моңғол басқыншылары көптеген қалалар мен елді мекендерді, егіншілік ошақтарын талқандап, өлкенің өндіргіш күштерін күйзелтті. Мұндағы экономикалық және мәдени байланыстарды үзді. Көптеген бейбіт халық: егінші, малшы, зергер тағы басқа да кәсіп иелері қырылды. Ірі ру-тайпалардың бірсыпырасы қоныс аударуға мәжбүр болды. Мәселен, қыпшақтардың бір бөлігі Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірге көшті. Моңғол феодалдарының, Шығыс Қазақстан мен Жетісуда таңдаулы жайылымдарды тартып алуы, әсіресе, жергілікті халықтын жергілікті халықтың жиі-жиі ығысуына әсерін тигізді. Моңғол әмірлері өз үстемдігін берік ұстау үшін жаулап алғған елдерді ұлыстарға бөліп, этникалық жағынан туыстас жергілікті халықты бір-бірінен бөліп тастауа тырысты. Қазақстан жерінде қаншалықты жойқын шапқыншылық болғанымен, халық болып қалытасудың негізгі шарты-тіл бірлігі жойылмайды. Қайта керісінше уақыт өткен сайын моңғол шапқыншыларының өздері өз тілдерінен айырылып, жергілікті ру-тайпалардың қалыптасқантүркі тіліне, әдет-ғұрпына, салт-санасына көшіп ХІV ғ. өзінде-ақ толық түркіленіп кетеді. Бірақ бұл кезде бұрыңғы екі үлкен расаның байырғы еуропейдтік және кейін қосылған моңғолойдтық нәсілдердің күрделі араласу нәтижесінде қазіргі қазақ халқы құрамының антропологиялық, этникалық және лингвистикалық негізінде біріңғай тұтас қосындысы келіп шығады. Алайда, бүкіл Қазақстанның жерінде өмір сүрген ру-тайпалар түркі тілінде сөйлегенімен территориялық бөлінуге ұшырап, Моғол, Әбілхайыр, Ноғай, Көшім хандықтарының қол астында өмір сүріп жатты. Олар саяси, мәдени және экономикалық жағынан бытыраңқы болды. Атақты «92 баулы қыпшақ» атты шежіреде көрсетілген бұл ру-тайпалардың барлығы кейін қазақ халқының құрамына кірген. ХІV-XV ғасырларда феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан, Ак орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында толассыз тоқтамай жүріп жатқан феодалдық соғыстар мен тартыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға ұмтылу процестері барған сайын белең алды. Қазақстанның ежелгі тайпалары өз мекендерінің тарихи-жағрафиялық, экономикалық және саяси оқшаулануының тарихи қалыптасқан жағдайларына түрлі тайпалық одақтар мен ертедегі феодалдық бірлестіктерге кіруі байланысты этникалық жағынан біртұтастық пен бүтіндікке ұмтыла отырып, үш негізгі этникалық-шаруашылық топқа бөлінді. Яғни, жағрафиялық жағдайына байланысты үш жүз қалыптасты. Олар: Ұлы, Орта және Кіші жүз.

 

    Ұлы жүздің  орталығы- Жетісу, Оңтүстік Қазақстан,  Орта жүздің орталығы- Орталық  Қазақстанда және Кіші жүздің  орталығы- Батыс Қазақстанда болды.Ұлы  жүз Сырдариядан бастап Жетісу жерін түгел жайлайды. Оның құрамына үйсін, қаңлы, дулат, албан, суан, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, жалайыр, шанышқылы, қатаған, тағы басқа ру-тайпалар кіреді. Бұл тайпалардың басым бөлігі б.з.б. 1 ғ-да Жетісуда, Шығыс Түркістан, қазіргі Қырғызстан жерінде құрылған үйсін мемлекетінің құрамында ерте темір дәуірінде тіршілік еткен болатын. Үйсін мемлекетінде үйсіндермен туыстас бірқатар тайпалар тіршілік етті. Н.Я. Бичурин, Г.Е.Грумм-Гржимайло сынды ғалымдардың еңбектерінде үйсіндер құрамында дулұ тайпасы өмір кешкені айтылады. Бұл мемлекет Қытаймен тығыз дипломат. қатынастар орнатып, алыс-жақын елдерге кеңінен танылды. Белгілі зерттеуші Н.Мыңжанұлы “б.з.б. 3-ғасырдан заманымыздың 10-ғасырына дейінгі 1200 жылдық Үйсін тарихында, Үйсін күнбилері әулетінің тек он ұрпағы жөнінде ғана нақты дерек сақталғанын” айтады. Халқымыздың автохтондық концепциясын қолдайтын ғалымдар көне үйсіндердің қазақ этносында маңызды рөл атқарғандығын жазады. Мұны Қытай ғалымдарының басым бөлігі мақұлдайды. Батыс Түрік қағандығының құрамында да Ұлы Жүзге кірген бірқатар тайпалар болды. Бұл мемлекеттің негізгі өзегін «он оқ бодон» деген он ірі тайпа құрады. Олар өз кезегінде бес тайпалы дулат пен бес тайпалы нүшбелер одағынан тұрды. Екі иеліктің шекарасы Шу өз. болды. Қытай деректемелері бойынша дулаттардың бес тайпасы — түргеш, қойлау, чимойын, ысты, жаныс, ал нүшбелер одағы азғыр, қасо, барысқан ұлыстардан немесе тайпалардан тұрған. Ерте орта ғасырлардағы Қазақстан аумағында болған мемлекеттерде Ұлы жүз құрамына енген көптеген ру-тайпалар болғандығы белгілі. Мысалы, жоғарыда аталған тайпалар арасынан түргештер күшейіп, кейіннен Түргеш қа-ғандығын құрады. Кейіннен бұл мемлекетті қарлұқтар бағындырады. Қарахан мемлекеті тұсындағы жазба деректемелерде де кейіннен Ұлы жүз құрамына енген ру-тайпалардың атаулары кездеседі. Жетісуда қарақытайлар үстемдік құрған кезде мұндағы бірқатар ру-тайпалар солардың билігін мойындады. Кейіннен қидандардың өздері түркі халықтарына сіңісіп кетті. 13 ғ-дың бас кезінде Шыңғыс хан бастаған түркі-моңғол тайпаларының шапқыншылығы кезінде Ұлы жүз тайпаларының құрамы жалайырлар есебінен толықты. Шыңғыс ханның басты әскери күштерін бірі болған жалайырлар осында ілкі замандардан бері мекендеп келе жатқан ру-тайпалармен біте қайнасып, араласып кетті. Жергілікті билеушілердің діни озбырлығына наразы болған ру-тайпалардың біразы Шыңғыс хан әскерлерін азат етуші ретінде қарсы алды. Біраз бөлігі оның әскеріне қосылып, Хорезмді жаулап алу соғыстарына қатысты.

Шыңғыс ханның Орта Азия мен Қазақстанды  жаулап алуы (1219 — 1221) және ол жерлерді ұлыстарға бөлуі нәтижесінде Ұлы Жүзді құраған ру-тайпалардың этн. аумақтары ішінара Жошы мен Шағатайға берілді. Ұ. ж-ге кірген тайпалардың басым бөлігі Шағатай ұлысының аумағында тіршілік етті. Ол ыдырағаннан кейін Моғолстан мемлекетінің құрамында өмір сүрді. Бұл мемлекетте дулат тайпасының әмірлері ұлысбегі лауазымын иемденіп, әскери және әкімш. билікті өз қолдарында ұстады. Ұлысбегілер өздері қалаған адамды хан сайлап, ұнамағандарын тақтан түсіріп отырды. Моғолстан мемлекетінде Ұлы Жүздің шоғырлану үрдісі зор қарқынмен жүріп, ортақ тіл, мәдени дәстүр қалыптасты. XV-XVI ғ-ларда қазақ жүздері, негізінен үш мемлекет аумағында Ноғай Ордасынан бөлінген тайпалардан Кіші жүз, Әбілхайыр хандығынан бөлінген тайпалардан Орта жүз, ал Моғолстанда Ұлы Жүз қалыптаса бастады. Бірақ бұл процесс Қазақ хандығы құ-рылғаннан кейін XVII ғ-дың 2-жартысында ғана толық аяқталып, қазақ халқы қалыптасты. Сөйтіп, ұзақ жылдарға созылған кірігу нәтижесінде қазақ халқының этн. аумағы қазіргі Қазақстан Республикасының аумағын толық қамтыды. Қазақ халқын құраған негізгі үш бірлестіктің бірі болған Ұлы Жүз қазақтары егін шаруашылығымен және мал өсірумен айналысты, көрші елдермен сауда қатынасын орнатты. XVIII ғ-дың 1-жартысында Үш жүз бірлестігінің арасында саяси және экономикалық байланыс нашарлап кетті. 1723 ж. жоңғарлар жойқын жорыққа аттанып, Ұлы Жүзді басып алды. XIX ғ-дың 1-жартысында Ұлы Жүзге қараған оңт. аудандарды Қоқан хандығы басып алды. Әулиеата, Сайрам, Шымкент, Түркістанды мекендеген Ұлы Жүз рулары 1821 ж. қоқан үстемдігіне қарсы бас көтерді. Олар Шымкент пен Сайрамды бағындырғанымен күші басым қоқан әскерлеріне төтеп бере алмады. Қоқан хандығынан қысым көрген Ұлы Жүз қазақтары біртіндеп Ресейдің қол астына өте бастады. 1837 — 47 ж. Ұлы Жүз қазақтарының бір бөлігі Кенесеры Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісті қолдаса, келесі тобы оның жасақтарының озбырлығына қарсы шығып, қырғыздармен болған шайқастан кетіп қалды. Осыдан кейін-ақ патшалық Ресей Ұлы Жүз қазақтары аумағындағы экспанциясын күшейтті. 1849 ж. Іле мен Қаратал аралығын, Балқаш көлінің жағалауын қоныстанған 59 мың Ұлы Жүз қазақтары Ресейдің қол астына өтті. 19 ғ-дың 60-жылдарында Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталды. 1848 ж. 10 қаңтарда патша үкіметі Ұлы Жүз қазақтарын басқару үшін және Жетісу өлкесін бақылау үшін Үлкен Орданың приставы деген қызмет орнын белгіледі. Пристав Батыс Сібір генерал-губернаторлығына бағынды. Ұ. ж. қазақтары Ресейге толық қарағаннан кейін Түркістан генерал-губернаторлығына бағынды да, Сырдария облысы мен Жетісу облысын мекендеді. Бұл облыстардың шекарасы Құрағаты, Шу өзендерінің бойымен өтті. XIX ғ-дың соңы мен XX ғ-дың басында Ұлы Жүз қазақтары, негізінен Жетісу обл-ның Қапал, Жаркент және Верный уездерімен Сырдария облысының Әулиеата, Шымкент және Ташкент уездерін мекендеді. ХХ ғ-дың 1-жартысында болған ұлт-азаттық көтерілістерге, Азамат соғысына, ашаршылық жылдарындағы жағдайларға тап болған Ұлы Жүз қазақтары едәуір шығынға ұшырап, біраз бөлігі көршілес елдерге көшуге мәжбүр болды. Қазіргі таңда Ұлы Жүз ру-тайпаларының өкілдері тек қазақ халқы ретінде ғана танымал.

Орта жүз Орталық  Қазақстан аудандары мен Солтүстік-Шығыс Қазақстанның бір бөлігін қоныс етеді. Оның құрамында қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ  тайпа-рулары бар. Бұл тайпалар өз ішінде руларға бөлінеді. Арғын руы өз ішінде екі үлкен атадан тұрады: бес мейрам (қуандық, сүйіндік, бегендік, шегендік, қаракесек) және жеті момын (атығай, қарауыл, қанжығалы, тобықты, бәсентиін, шақшақ, сарыжетім), қыпшақ: қара қыпшақ, құлан қыпшақ, сары қыпшақ, қытай қыпшақ; найман: терістамғалы, сарыжомарт, төлегетай, сүгірші; қоңырат: жаманбай, аманбай, жетімдер, божбан, саңғыл, байдар, жандар, құлыншақ; керей: ашамайлы және абақ; уақ: жантелі және жангелді деген үлкен аталарға бөлінеді. Кейбір шежірелер алты тайпаға қосымша жетінші етіп тарақтыны қосады. Аңыз бойынша тарақты Орта жүз ноқта ағасы. Ноқта ағасы ретіндегі құрметке Ұлы жүзде жалайыр, кіші жүзде табын руы ие. Ноқта сөзі бұл рулардың жетекші рөлге ие болғанын көрсетеді. Әрі аталған үшеуінің де таңбалары тарақ таңба, яғни төре таңбасымен үндес келеді. 1917 жылға дейін Орта жүз рулары қыста Сырдария, Қызылқұм, Қаратау, Мойынқұм өңірлерінде, Балқаш көлінің солтүстігінде, жазда Тобыл, Есіл, Нұра, Торғай, Ертіс, Сарысу өзендері салаларының алқабында, Орталық Қазақстанның кең байтақ далаларында көшіп-қонып жүрген. Қазақ хандығының нығаюы мен халықтың топтасуында Орта жүз тайпалары елеулі қызмет атқарды. XVI – XVII ғасырларда Қасым хан, Ақназар, Тәуекел, Есім хан, Тәуке хан тұсында қазақ хандығының аумағы күрт кеңейіп, бір-біріне жақын тайпалар бірігіп, аумақтық-әкімшілік бөлік болып қалыптасты. Үш жүздің қалыптасуы жаугершілік уақытта, сыртқы жауға қарсы әскер топтастыруда шешуші рөл атқарды. XVIII ғасырда қазақтарға қарсы Жоңғар хандығының агрессиясы күшейіп, қазақ тайпаларының батысқа қарай ығысуына, көшуіне әкеп соқты. Жеке-жеке бытырай қоныстанған олар жоңғарлардың ұйымдасқан тегеурінді күшіне төтеп бере алмады. Ш.Уәлиханов бұл жайында былай жазады:“Құтырынған жоңғарлар түре қуған Орта жүз қазақтары Самарқанд маңынан барып шықты, олардың бірқатары көмек пен қамқорлық іздеп, Ресей шекарасына жақын қоныстанды”. Жоңғар шапқыншылығына қарсы халықты Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, т.б. батырлар көтеріп, оларға қарсы бірнеше рет соққы берді. Сыртқы жаудан қорғану үшін Орта жүз тайпаларының біразы Ресей бодандығына өте бастады.

1734 жылы 10 маусымда Сәмеке  хан бастаған Орта жүз руларының  бір бөлігі Ресейдің қол астына  өз еркімен өтті. 1740 жылы тамызда Әбілмәмбет хан, 1742 жылы қарашада найман тайпасын билеуші Барақ сұлтан Ресей бодандығын қабылдады. 1754 жылы қазанда қоңыраттардың біраз бөлігі бодандыққа кіргенімен, олардың Ресей қол астына өтуі XIX ғасырдың орта тұсына дейін созылды. Жоңғар шапқыншылығы кезінде жан-жаққа бытырай көшуге мәжбүр болған Орта жүз тайпалары мен рулары XVIII ғасырда өз Орта жүз руларына ежелгі жерін қайтару үшін әскери және дипломатиялық әдістерді қатар қолданды. Қазақтарды іштей ыдыратуды көздеген Ресей өкіметі 1815 жылы Орта жүзде екінші хандық құрып, оған Бөкей хан болды. 1817 жылы Бөкей хан, 1819 жылы Уәли хан өлген соң 1822 жылы орыс патшасының жарлығымен Орта жүзде хандық билік жойылып, 8 сыртқы дуанға бөлінді. “Сібір қазақтары туралы ереже” бойынша әр дуан 15 – 20 болыстан, әр болыс 10 – 12 ауылдан, әр ауыл 50 – 70 түтіннен құралды. Ереже бойынша белгіленген 8 сыртқы дуанның ашылуы жергілікті халықтың наразылығын туғызды. 1824 – 36 жылдары Саржан сұлтан басқарған Қарқаралы және Көкшетау округтеріндегі халық бірнеше рет стихиялы түрде көтерілді. 1837 жылы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс одан да ауқымды болды. Алғашқыда оған Ақмола, Қарқаралы, Аманқарағай, Баянауыл округтерінің халқы қосылса, уақыт өте келе бұл көтеріліс үш жүзді қамтыды. XIX ғасырдың II жартысында Қазақстанға әкімшілік-аумақтық бөлініс енгізілді (1866, 1891 жылғы реформалар). Орта жүз қазақтары Семей және Ақмола облыстарының құрамына енді, олар Жетісу облысы Лепсі уъездінде, Торғай облысы Қостанай және Торғай уъездінде халықтың көпшілік бөлігін құрады. Орта жүз тайпаларының біраз топтары Торғай, Сырдария облыстарының кейбір уъездін де қоныстанған.

Орта жүз құрамына енген тайпалар мен рулар XV ғасырдың II жартысы мен XX ғасырдың басында  негізінен Қазақстанның шаруашылық және географиялық жағынан өзіндік ерекшелігі бар шығыс, орталық және солтүстік өңірлерін мекендеп, қазақ халқының этногенезіне ұйытқы болды. Әр кезеңдегі тарихи оқиғалар салдарынан Орта жүз тайпаларының бұтақтары, рулары мен аталары Ұлы жүз бен Кіші жүздің тарихи аймақтарына, яғни Қазақстанның түкпір-түкпіріне шашырай қоныстанды. Сондай-ақ Орта жүз рулары Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Ресей және алыс шетелдерге көшіп, бүгінде сол елдердегі қазақ диаспорасын құрап, өмір сүріп жатыр. Қазіргі таңда тайпалық одақтардың алғашқы кездегі мәні жойылған. Орта жүз өкілдері тек біртұтас қазақ ұлты ретінде ғана танымал.

       Кіші  жүздің мекені- Сырдарияның төменгі  жағы, Арал теңізінің жағалауы, Каспий  ойпатының теріскей бөлігі. Оның  құрамындағы тайпалар одағы: 12 ата байұлы (адай, алаша, байбақты, беріш, жаппас, масқар, таз, тана, есентемір, ысық, қызылқұрт, шеркеш);

6 ата әлімұлы (қаракесек,  қарасақал, төртқара, кете, шөмекей,  шекті);

7 ата жетіру (табын,  тама, кердері, керейт, жағалбайлы, телеу, рамадан) болып табылады.XV-XVII ғасырларда ру-тайпалық топтар Бұрындық, Қасым, Ақназар, Тәуекел, Есім және Тәуке хандардың иеліктерінде болды. Тәуке хан тұсында Кіші жүзге Әбілқайыр хан сайланды.

1723 ж. Жоңғар шапқыншылығы  қазақ даласын үлкен апатқа  ұшыратып, бұл кезең “Ақтабан  шұбырынды, алқакөл сұлама” аталды. Басқыншылардың шабуылына төтеп бере алмай Кіші жүздің бірқатар рулары Сауранды айналып өтіп, Хиуа мен Бұхарға беттеді. Бірақ мұнда да тұрақтай алмай, Жайыққа қарай ығысты. Ықпалды хан деп саналғанмен, Әбілқайырдың билігі Кіші жүзге түгелдей жүрмеді. Кейіннен Кіші жүзде Нұралы, Ерәлі, Есім, Айшуақ және Шерғазы хандар билік құрды. Қазақтардың Ресей қол астына алынғанына жарты ғасыр өткенде, империялық езгіге қарсы ұлт-азаттық қозғалысы басталды. Оны Сырым Датұлы басқарды. Бұл күрес қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды. Кіші жүз қазақтарының бірсыпырасы Еділ мен Жайық аралығына көшіп, 1801 ж. Бөкей ордасын құрды. Осы уақытта Бөкей ордасына Астрахан маңайын мекендеген ноғайлар Бөкей ханның қолдауымен көше бастайды. Әлі күнге дейін Кіші жүз қазақтарының арасында руға кірмейтін Ноғай-Қазақ руы бар.

1824 ж. патша өкіметі  Кіші жүзде хандық басқаруды  жойып, оның орнына жекелеген  аймақтарды билейтін басқарушы сұлтандар тағайындауға кірісті. 1845 ж. Жәңгір хан өлген соң патша өкіметі Бөкей ордасындағы хан билігін де жойды.Кіші жүз құрамына енген тайпалар мен рулар XV ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында, негізінен, Қазақстанның батыс өңірін мекендеп, қазақ халқының этногенезіне ұйытқы болды. Әр кезеңдегі дүрбелеңді оқиғалар, қоғамдық сілкіністер: жаугершілік жорықтар, “Ақтабан шұбырынды”, Отан қорғау, ұлт-азаттық соғыстар, әсіресе, XX ғасырдағы большевизм асыра сілтеулерінен туындаған қуғын-сүргін, ашаршылықтар мен толқулар салдарынан жекелеген рулар мен аталар Орта жүз бен Ұлы жүздің тарихи аймақтарына, яғни Қазақстанның түкпір-түкпіріне, сондай-ақ, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Ресей және алыс шет елге көшіп барып қоныстанды. Осындай көші-қон, араласулар нәтижесінде тайпалық одақтардың алғашқы құрылған кездегі мәні жойылып, біртұтас қазақ халқының қалыптасуын объективті ақиқатқа айналдырды.

Информация о работе Үш жүз